«Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі №16, индекс 120000, анықтама үшін байланыс телефондары: 8(724)-2270712, электронды пошта



жүктеу 134,06 Kb.
Дата08.11.2018
өлшемі134,06 Kb.
#18678


29.11.2016 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.








23.01.2017 «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі №16, индекс 120000, анықтама үшін байланыс телефондары: 8(724)-2270712, электронды пошта person.kadr2013@mail.ru «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (E-G-3 санаты, 1 бірлік, №27-4). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай  69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

«Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызмет бабында ауылдық округ әкімінің қызметтік нұсқаулары мен тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындайды;

Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, қала әкімдігінің қаулыларын, облыс, қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық және қалалық мәслихаттардың шешімдерін орындалуын қамтамасыз етеді;

«Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жылдық жұмыс жоспарының жобасын әзірлеуді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;

облыс, қала әкімдерінің, олардың орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмаларын, Тұрақты кеңес мәжілісінің хаттамаларынан туындайтын тапсырмаларды мерзімінде, сапалы орындалуын жүзеге асырады;

ауылдық округ әкімі аппаратындағы барлық кадр жұмыстарын жүргізеді;

мемлекеттік органдармен кадр мәселелері және іс жүргізу бойынша өзара іс-әрекет жасайды;

мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау әдістемесінің «Персоналды басқару» бағытындағы жұмыстарды жүргізеді;

ауылдық округ әкімі аппаратына кадр таңдауға және орналастыруға, ауыл әкіміне қызметкерлердің біліктілігін арттыру, ұсыну, оларды көтермелеу мен оларға жаза белгілеу, кезекті еңбек демалысын беру және қызметтік іс-сапарларға жіберу жөнінде ұсыныстар дайындайды;

аппараттың штаттан тыс қабылданған қызметкерлерін тағайындау және босату жөнінде құжаттарды, жеке құжаттарын рәсімдейді;

ішкі еңбек тәртібін қадағалайды;

аппараттың қызметкерлерін тағайындау және босату жөнінде құжаттарды рәсімдейді, құжаттардың толық болуына жауапты болады;

жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған қызметшілердің құжаттарын арнайы тексеруге уақытылы жіберілуін, қызметкерлердің жеке іс-құжаттарын заңдарға сәйкес жүргізілуін, еңбек кітапшаларының толтырылуын қамтамасыз етеді;

аппараттың қызметкерлерінің еңбек өтілдерін дұрыс есептеуді жүргізеді;

конкурстық және аттестациялық, тәртіптік, еңбек өтілін анықтайтын комиссиясының хатшысы қызметін атқарады, аталмыш комиссиялардың жұмыстарын және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын үйлестіреді;

ауылдық округ әкімі аппаратының жанынан құрылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның қызметін үйлестіреді;

ҚР Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөртабандарды және арнайы мөрқалып бояуларын сақтау жұмыстарын жүргізеді;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген баспа-бланкілік өнімдерді есепке алу, беру, және бүлінген бланкілерді актімен жою жұмыстарын жүргізеді;

Қазақстан Республикасы заңдылықтарының іс-әрекетін зерттейтін нормативтік-құқықтық актілерді, ауылдық округі әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің заңнамаларын сақтау, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлейді;

«Қызылорда облысындағы мемлекеттік ұйымдарға іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы» облыс әкімдігінің 2001 жылғы 13 қыркүйектегі қаулысына сәйкес жұмысты жалғастырады;

ауылдық округі әкімі аппаратының іс-қағаздарын жүргізеді, кіріс-шығыс қағаздарының уақытылы тіркелуін, тиісті орындарға мәліметтердің уақытылы жіберілуін қамтамасыз етеді;

ауыл әкімінің актілерінің, директивалық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді;

облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасымен келісіп, мезгілінде қажетті құжаттарды бекіту жұмыстарын үйлестіреді;

мерзімі аяқталған құжаттардың мұрағатқа өткізілуін ұйымдастырады;

қала әкімі аппаратына кадрлық есептемелерді уақытылы және сапалы өткізілуін қамтамасыз етеді;

қалалық прокуратурадан, облыс әкімі аппаратынан, қала әкімдігінен және т.б. мемлекеттік органдардан келіп түсетін талапнамаларға, наразылықтарға, ұсыныстарға және телефонограмаларға уақытылы, сапалы, толық қанды ақпараттарды ұсынады, заңға сәйкес жауап жолдайды;

І-ОЛ нысанды статистикалық есебі мәліметтерін уақытылы тапсыруды қамтамасыз етеді;

статистикалық есептерге, бөлімге келіп түскен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Қызылорда обылысы бойынша департаментінің сұраныс, хаттары, есептемелеріне жауап дайындайды;

ауыл әкімінің жеке қабылдауының ұйымдастырылуы мен өткізілуін қамтамасыз етеді;

ауылда атқарылған жұмыстар мен іс-шараларды қала әкімінің ресми веб-сайтына толымды ақпараттармен толықтырады;

ауылдың әлеуметтік көрсеткіш есебін (индикаторлық есебін) жүргізеді;

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес, ауылдық округі әкімінің аппаратына келіп түскен арыз-шағымдарға уақытылы жауаптар беріліп, орындалуын қамтамасыз етеді;

ауылдық округі әкімінің аппаратының мәжілістерінің және ауыл тұрғындарының мүддесіне қатысты мәселелердің шешілуіне орай жиналыстарды жоспарлау және өткізуге дайындау жұмыстарымен қоса қабылданған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жүргізіп отырған саясаты туралы үгіт-насихат шараларын өткізеді;

ауыл әкімінің ауыл тұрғындарымен есепті кездесу жиынына дайындық жұмыстарын жүргізеді (баяндама әзірлеу, билбордтар, слайд, мәліметтер және т.б.);

ауылдық округ аумағында ауыл әкімінің қатысуымен өткізілетін іс-шараларға байланысты қажетті құжаттарды, материалдарды, ақпараттарды дайындайды, ұйымдастыру мәселелерін шешуге қатысады және тиісті деңгейде өткізілуін қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелер қарсаңында тиісті іс-шаралар дайындап, өткізу, ауылға мерекелік безендендірулер жасауды жүзеге асырады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, психология, маркетинг) немесе білім (педагогика және психология, құқық және экономика негіздері, кәсіптік оқыту, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, тарих) немесе гуманитарлық ғылымдар (мәдениеттану, филология) мамандықтары бойынша жоғары білім немесе мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы Ы.Жақаев көшесі  №16 үй ғимаратының 3 қабатында қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.

Үміткерлермен әңгімелесу «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы Ы.Жақаев көшесі  №16 үй ғимаратының 3 қабатында өтеді.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Қағиданың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.


«Қызылорда қаласы әкімінің 

аппараты» мемлекеттік мекемесінің

 конкурстық комиссиясы
жүктеу 134,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау