Эшф аж-де тіркелу үшін не қажет?



жүктеу 323,26 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі323,26 Kb.
#19315


ЭШФ АЖ-де тіркелу үшін не қажет? 

Заңды тұлғалардың ЭШФ АЖ-де тіркелуі тек бірінші басшының сертификаттарын 

қолдану арқылы жүзеге асады. 

Заңды тұлғаның жүйедегі тіркелуін өткізу үшін бірінші басшы Халыққа Қызмет Көрсету 

Орталықтарында (ары қарай ХҚКО) берілетін Ұлттық Куәландырушы Орталығының (ары 

қарай ҰКО) Жеке және Заңды тұлғаларының сертификаттарын алуы қажет. 



Сертификаттарды қалай алуға болады? 

Сертификаттарды ҰКО сайтынан (https://web.pki.kz/order/legal/create.xhtml) форма 

толтыру арқылы және келесі құжаттарды ХҚКО-на ұсыну арқылы алуға болады: 

Заңды тұлға сертификаттарын алу үшін: 

1.  www.pki.gov.kz ғаламтор-ресурсынан алынған «Қазақстан Республикасы Ұлттық 

куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік 

қызмет стандартының 4 қосымшасының формасына сәйкес және бірегей нөмірге ие тіркеу 

куәліктерін беру туралы мәлімдеме (форма 

http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1400000136#z33

 

сілтемесі арқылы қол жетімді); 



2.  Қызмет қабылдаушы – заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат; 

3.  «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру 

және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызмет стандартының 5 қосымшасының формасына 

сәйкес қызмет алушының өкіліне сенімхат (Сенімхат 

http://www.pki.gov.kz/images/content/doverennosti/doverennost_ul.docx сілтемесі арқылы 

қол жетімді); 

4.  Заңды тұлға үшін қызмет алушы заңды тұлғаның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу 

(қайта тіркеу) жайлы куәлік немесе анықтамалық (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда 

нотариалды куәландырылған көшірме құжат. Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе 

оның міндетін атқарушы үшін сенімхаттың орнына жұмыс орынан анықтамалық құжат 

немесе заңды тұлға мөрімен басылған бірінші басшы қызметіне немесе оның міндетін 

атқарушы қызметіне тағайындау бұйрығының (шешім, протокол) көшірмесі беріледі. 



Жеке тұлға сертификаттарын алу үшін: 

1.  Мәлімдеме берілгеннен кейін (орнатылған үлгіге сәйкес) құрастырылатын мәлімдеме 

нөмірі мен сұранушы қолы бар сұраным. 

2.   Жеке басын куаландырушы құжат  (жеке бас куәлігі, ҚР паспорты, тұруға ыхтиярхаты, 

уақытша куәлік). 

3.   Нотариалды түрде куәландырылған және орнатылған үлгі бойынша – үшінші тараптың 

алушының мүдделерін білдірген жағдайдағы сертификат алушының (жеке тұлға) өкіліне 

сенімхат (форма 

http://www.pki.gov.kz/images/content/doverennosti/doverennost_fiz.docx

 

сілтемесі арқылы қол жетімді). 



Немесе бірден ХҚКО барып, жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынып, форма 

толтырмай-ақ сертификаттарды алуға болады. 




Толығырақ ақпаратты ҰКО сайтынан  табуға болады: 

http://www.pki.gov.kz/index.php/ru/fizicheskie-litsa

 и 

http://www.pki.gov.kz/index.php/ru/yuridicheskie-litsa 

Өздігінен кілттер деген не? 

Әрбір тұлғаға екі кілт ұсынылады: авторизациялау және қол қою кілттері. 

Жеке тұлға үшін: 

 



Авторизацияға арналған кілттің атауы AUTH_RSA_..... деп басталады. 

 



Қол қоюға арналған кілттің атауы RSA_….. деп басталады. 

Заңды тұлға үшін: 

 

Авторизацияға арналған кілттің атауы AUTH_RSA_.... деп басталады. 



 

Қол қоюға арналған кілттің атауы GOSTKZ_..... деп басталады. 

Берілген кілттер жүйеде авторизациялану үшін және ЭШФ құру, ұйым қызметкерлеріне 

өкілеттіліктер тағайындау, тіркеу кезінде келісімге қол қою және т.б. сынды әрекеттерге 

қол қою үшін қажет. 

Жүйеде қалай тіркелуге болады? 

1. 


Заңды тұлғаны ЭШФ АЖ тіркеу үшін 

https://esf.gov.kz:8443/esf-web/login 

бастапқы 

бетін ашу қажет. 

2.  Тіркеу формасын ашып, «регистрация» батырмасын басу қажет. 

3.  «Руководитель Юридического лица» кірістіруіне өту қажет. 

4.  Заңды тұлғаны авторизациялау сертификатын таңдау қажет. 

5.  Берілген форманы толтырып, «Отправить» батырмасын басу. 

6.  Берілген электрондық пошта мекен жайына келісім жайлы сілтеме жіберіледі. 

7.  Екі келісімге де қол қою маңызды:  

 

Жеке тұлға келісімін жеке тұлғаның қол қою сертификаты арқылы (RSA…) 



 

Заңды тұлға келісімін заңды тұлғаның қол қою сертификаты арқылы 



(GOSTKZ…) 

8.  «Отправить» батырмасын басып, осымен заңды тұлғаны тіркеу әрекеттері 

аяқталады. 

Заңды тұлғаның есепшісіне өкілеттіліктерді қалай тағайындауға 

болады? 

Есепші жеке тұлға сертификаттарын алып, ЭШФ АЖ-де жеке тұлға ретінде тіркелуі 

қажет. 

Заңды тұлғаның жетекшісі есепшіге ЖСН бойынша шақырту жібереді. Есепші 



шақыртуды қабылдағаннан соң басшы электронды сенімхатқа қол қоя отыра 

өкілеттіліктерді тағайындайды. 

Жоғарыда көрсетілген әрекеттерден кейін есепші ЭШФ АЖ-де тағайындалған 

өкілеттіліктеріне сәйкес жұмыс жасай алады. 



жүктеу 323,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау