"Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет10/17
Дата25.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#16879
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

      166. Сынапты төгіп алған жағдайда оны демеркуризациялау бойынша іс-шаралар жүргізіледі

. Төгілген сынапты аулағышы бар вакуум-тамшуырмен жинайды немесе вакуумдық сорғыға қосылған 

Тищенко сауыттарын, мыстан жасалған қылқаламдарды немесе тілімдерді пайдаланады. Сынаппен 

былғанған бет тұз қышқылымен қышқылданған перманганат калийінің 1%-дық ерітіндісімен 

өңделеді.

      167. Қышқылмен күйген кезде зақымдалған орын судың мол мөлшерімен, содан кейін натрий 

гидрокарбонатының ерітіндісімен жуылады және күйікке қолданылатын жағынды жағылады, сілтімен

күйген кезде мол мөлшердегі сумен, содан кейін сірке қышқылының 1%-дық ерітіндісімен 

өңделеді және күйікке қолданылатын жағынды жағылады.

      168. Уланудың аздаған белгілері байқалған кезде зардап шегушіні ластанған үй-жайдан 

таза ауаға шығарады, жазық бетке жатқызады, қысып тұрған киімдерінен босатады, жылы жауып 

қояды.


      Фосформен уланған кезде асқазанын мол мөлшердегі сумен шаяды. Сүт немесе май ішуге жол

берілмейді.

      169. От-жарылыс қауіпті заттармен жұмыстан кейін жұмыс орнын жинау, асапаптар мен 

аппараттарды су, электр қуаты, тұрмыстық және сығылған газ көздерінен ажырату жүргізіледі.

      170. Жұмыс аяқталғаннан кейін қолдарды сабындап жуады, ауыз сумен шайылады, қорғаныш 

көзілдіріктер дезактивацияланады.

      171. Улы және қатты әсер ететін заттармен ластанған арнайы киімдер және сулық жуу 

алдында дезактивацияланады.

      172. Электрлі қондырғыларды және электрлі жабдықтарды пайдалану бойынша жұмыстарға 

арнайы оқытудан өткен және біліктілік куәлігі бар қызметкерлер жіберіледі.

      173. Әрбір зертханада кесіп алу, күю, улану және басқа да жазатайым оқиға орын алғанда

алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек 

 болуы қажет, сондай-ақ авариялық 

қобдишасы

жағдайларда және қауіпті жұмыстарда қорғауды қамтамасыз ететін газтұтқыштардың жеткілікті 

саны болады.



10-тарау. Токсикологиялық зертханадағы жұмыс жағдайларына және

токсикологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      174. Зертханалық жануарларды орналастыруға арналған үй-жайлар желдету жүйесіне 

қосылған торларға арналған шкафтармен жабдықталады.

      175. Виварийге келіп түсетін барлық жануарлар түскен күні міндетті түрде 

ветеринариялық қараудан өтеді. Дені сау жануарлар мен тәжірибеде қолданылған жануарларды 

бірге ұстауға жол берілмейді.

      176. Улау камерасының үй-жайы қалған үй-жайлардан бөлек орналастырылады және 

сору-сыртқа шығару желдеткішімен және камералардағы арнайы желдеткішпен жабдықталады.

      177. Камераларда жануарларға улау жүргізген кезде зерттелетін затты беру жануарларды 

камераға кіргізгеннен кейін және камераны мұқият тұмшалаудан соң басталады.

      178. Улау үдерісі камерадағы тұрақты теріс қысым (су бағанасы бойынша 5-6 мм) кезінде 

жүргізіледі. Улау аяқталған соң зерттелетін затты камераға беруді жануарларды камерадан 

шығарудан 10-15 минут бұрын тоқтатады, камераны таза ауамен желдетеді және оның тұмшалауын 

ашу және жануарларды шығару жүзеге асырылады.

      179. Жануарлардың әрбір өлген немесе союға мәжбүр болған жағдайы арнайы журналда 

тіркеледі. Тәжірибелік және қолданылмаған жануарлардың өлекселері акті ресімделе отырып, 

әкімшілік бөлген жауапты адамның бақылауымен өртеледі.

      180. Жануарларды виварийден зертханаға жеткізу және кері апару арнайы 

дезинфекцияланған торларда жүзеге асырылады. Егеуқұйрықтар мен тышқандар виварийде 

күтіп-ұсталған торларында тасымалданады. Жарақаттанудың (тырнау және тістеудің) алдын алу 

мақсатында зертханалық жануарлармен барлық әрекеттер арнайы станоктарда және қолғаптарды 

киіп жүргізіледі.

      181. Ауру жұқтырған жануарларды күту кезінде әрбір торды тазалағаннан кейін резеңке 

қолғаптарды қолдан шешпей, дезинфекциялық ерітіндіге батыра отырып залалсыздандырылады.

      182. Виварий қызметкерлері арнайы киіммен (халаттар, алжапқыш, қалпақ, резеңке қолғап)



қамтамасыз етіледі.

      183. Уытты заттармен жұмыс жүргізілетін токсикологиялық зертхананың үй-жайларында 

тамақ ішуге және темекі шегуге жол берілмейді.

11-тарау. Радиологиялық зертханадағы жұмыс жағдайларына және

радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      184. Сәуле көздерімен жұмыс істеуге (А тобының персоналы) 18 жасқа толған, медициналық

қарсы айғақтары жоқ, 

 өткен және қауіпсіздік қағидаларына 

 

нұсқамадан



білімі тексерілген

адамдар жіберіледі. Білімін тексеру нәтижесі журналда тіркеледі.

      185. Радиологиялық зертханалар басқа үй-жайлардан оқшауланып, ғимараттың жеке 

бөлігінде немесе бөлек қабатта орналасуы тиіс. Қабылдауға, дозиметрлік бақылауға және 

сынамаларды бөлуге арналған ортақ үй-жайлар бөлінеді. Жоғары белсенді сынамалармен жұмыс 

жүргізуде зертханалар үй-жайлары «лас» және «таза» аймақтарға бөлінеді.

      186. Лас аймақта:

      1) радиохимиялық зерттеуге (лас аймақ); 

      2) сынамаларды дайындауға, сақтауға және күлдеуге арналған үй-жай;

      3) ыдыстарды, контейнерлерді, жабдықтарды, киім-кешекті және арнайы киімдерді 

дезактивациялауға арналған үй-жайлар орналасады.

      187. Таза аймақта:

      1) радиохимиялық зерттеулер (таза аймақ);

      2) сынамаларды дайындауға, сақтауға және күлдеуге арналған үй-жай орналасады.

      188. Жылыту, газбен жабдықтау, сығылған ауамен, су құбырымен жабдықтаудың жалпы 

жүйелерін басқару және топтық электр қалқандары жұмыс үй-жайларынан шығарылады.

      189. Ауаның радиоактивті ластану мүмкіндігіне байланысты (ұнтақтармен жұмыстар, 

ерітінділерді булау, эманациялаушы және ұшпа заттармен жұмыс) жұмыстар ауа шығару 

шкафтарында және жеке жұмыс үстелдерінде жүргізіледі.

      190. Радионуклидтердің жұмыс үй-жайларына және қоршаған ортаға органикалық түсуі 

статикалық (жабдықтар, үй-жайдың қабырғалары және жабындары) және динамикалық (желдету және 

газ тазарту) кедергілерін қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

      191. Жабдықтар, аспаптар және жиһаздар әр аймақтың үй-жайларына бекітіліп қойылады 

және таңбаланады. Оларды бір аймақтың үй-жайынан екіншісіне беруге радиациялық бақылаудан 

кейін таңбасын ауыстыра отырып жол беріледі.

      192. Құрамында калибрлі жабық сәуле көздері кіретін аспаптарға, иондалған сәуле 

көздерін өндіретін құрылғыларға бөгде адамдардың қол жетімдігіне жол берілмейді. 

Зертханаларда иондаушы сәуле көздерінің сақталуы қамтамасыз етіледі.

      193. Көздерді, радиоактивті заттарды, шыны ампулаларға балқытып жабылған радий 

тұздарының сұйық ерітінділерін, альфа және бета эталондарды зертханаға бұйрық бойынша 

жауапты адам қабылдайды және есепке алады, сейфте сақтайды.

      194. Радиологиялық зертханада мынадай қауіпсіздік қағидалары сақталуы тиіс:

      1) барлық үй-жайларда күн сайын ылғалды жинау жүргізіледі.

      2) радиоактивті препараттармен және ластанған сынамалармен жұмыс істеу кезінде 

манипуляторлар қолданылады, оларға қолмен жанасуға жол берілмейді;

      3) радиоактивті заттармен, ластанған сынамалармен әрекеттер жеңіл дезактивацияланатын 

беттерде жүргізіледі;

      4) радиоактивті ластанған сынамалармен жүргізілетін барлық жұмыстар

      қолғаппен, бахилада және арнайы киіммен орындалады;

      5) радиоактивті заттармен жұмыс істеу кезінде пластикалық немесе полиэтиленді 

үлдірлермен, сүзгіш қағаздармен және бір рет қолданылатын материалдармен жабылған, нашар 

сорғытатын материалдан жасалған астаушалар және тұғырықтар пайдаланылады;

      6) радиоактивті заттарды, ластанған сынамаларды ауыстырып құю, булау, ауыстырып салу, 

сондай-ақ радиоактивті заттардың ауаға түсуі мүмкін басқа операциялар ауа шығару шкафтарында

жүргізіледі. Шкафтағы желдету жұмыс басталғанға дейін қосылады, жұмыс ойықтарындағы ауаның 

жылдамдығы кемінде 1,0 м/сек болады;

      7) радиоактивті заттармен жұмыс аяқталғаннан кейін қызметкерлер қолдарын жылы сумен 

сабындап мұқият жуады, содан кейін қолдарының тазалығына дозиметрлік тексеру жүргізіледі. 




жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау