Зертханадан шығатын
кезде шешілген қолғаптар, бахилалар, арнайы киімдер арнайы кір жуатын
орынға жіберіледі.
195. Радиоактивті ластанған сынамаларды зерттегеннен кейін барлық сұйық немесе қатты
қалдықтар арнайы ыдыстарға жиналады. Қолданылған зертханалық ыдыс ағынды судың астында
мұқият жуылады және дезактивациялық ерітіндімен (5% лимон қышқылының ертіндісімен, 10% тұз
немесе азот қышқылының, этильді спирттің ертіндісімен) өңделеді, содан кейін қайтадан ағынды
сумен жуылады. Мұқият тазартудан және жуудан кейін ыдыстар кептіргіш шкафтарда кептіріледі.
Ыдыстарды дезактивациялау радиациялық бақылау арқылы жүргізіледі.
196. Радиоактивті заттар, сақтау барысында радиоактивті газдар, булар немесе
аэрозолдар бөлуі мүмкін құрамында көп мөлшерде радиоактивті заттар бар сынамалар ауа
шығаратын шкафтарда, бокстарда, камераларда өртенбейтін материалдан жасалған жабық ыдыстарда
сақталады.
197. Радиоактивті сұйықтық құйылған шыны сыйымдылықтар металл немесе пластмасса
ыдыстарға орналастырылады.
198. Қалдықтарды жинау және тасымалдау үшін мыналар қолданылады:
1)
үшін контейнерлер, пластикалық немесе қағаз қаптар;
қатты радиоактивтік қалдықтар
2)
үшін контейнерлер және арнайы цистерналар.
сұйық радиоактивтік қалдықтар
Контейнерлердің сыртқы бетіне радиациялық қауіпсіздік белгісі қойылады және
радиоактивті қалдықтың түрін, олардың радионуклидтік құрамын және белсенділігін көрсететін
бирка бекітіледі.
199. Контейнерлерді, аспаптарды, ыдыстарды, жабдықтарды дезактивациялау үшін арнайы
үй-жай бөлінеді. Дезактивация радиациялық бақылау арқылы жүргізіледі.
200. Радиоактивтік қалдықтарды уақытша сақтау және ұстау үшін қолданыстағы нормативтік
құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін арнайы үй-жайлар бөлінеді және жабдықталады.
201. Лас және таза аймақтарда жұмыс орнына нәтижелері журналда тіркелетін дозиметрлік
бақылау және персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізіледі. Лас аймақта сынамалармен жұмыс
кезінде үш негізгі қорғау қағидалары сақталуы тиіс: «уақытпен», «қашықтықпен», «экрандаумен»
қорғау.
Радиоактивтік заттармен жұмысты жалғастыруға кедергі
болатын денсаулық жағдайында
ауытқу анықталған кезде осы адамдар иондалған сәуле көздерімен жанаспайтын жұмыстарға
уақытша немесе тұрақты ауыстырылады.
202. Зертханада дезактивациялайтын заттардың авариялық қоры болады.
12-тарау. Биологиялық материалмен жұмыс уақытында
аварияларды жою кезіндегі іс-әрекеттерге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
203. Патогендігі I-II топтардың қоздырғыштарымен жұмыс жүргізетін әрбір ұйымда,
қызметкерлерде ауруға күдікті симптомдар анықталған және аварияға жол берілген жағдайда
қызметкерлерге арналған оқшаулағыш болуы тиіс.
204. Оқшаулағышта өмірлік көрсеткіштері (кардиологиялық, шокқа қарсы, антидоттар)
бойынша көмек көрсету үшін негізгі және резервтегі ерекше дәрілік препараттардың және
дезинфекциялық құралдардың қоры көзделеді.
205. Биологиялық материалмен жұмыс уақытында авария болған жағдайда тез арада
тоқтатылады және авариялық дабыл қосылады.
206. Жұқпалы материалдың шашырауы арқылы авария пайда болған жағдайда бөлмеде
жүргізілетін барлық жұмыстар тоқтатылады. Қорғаныш киімдерін (орамал немесе шлемнен бастап)
дезинфекциялық ерітіндіге батырады немесе бикске (бакқа) автоклавтау үшін орналастырады.
Көзге, мұрынға қоздырғыш сезімтал болып келетін антибиотик ертінділерін тамызады. Терең
микоздардың қоздырғыштарымен жұмыс кезінде авария болған жағдайда көзге және мұрынға 1% бор
қышқылын тамызады, ауыз бен тамақты 70 этил спиртімен шаяды.
о
207. Ботулиндік уыттармен авария кезінде көзді және ауызды сумен және 1 миллилитрде 10
халықаралық бірлікке дейін ерітілген уытқа қарсы сарысумен жуады. Ботулиндік уыттар терінің
ашық учаскелеріне түскен жағдайда оны көп мөлшердегі сумен сабындап жуады.
208. Егер авария белгісіз қоздырғышпен жұмыс кезінде болса, кең спектрлік әсері бар
антибиотиктермен профилактикалық емдеу жүргізіледі.
209. Егер авария биологиялық материалдың шашырауынсыз өтсе, биологиялық материалмен
жанасқан жабдықтың бетіне дезинфекциялық ерітіндімен тампон (салфетка) қойылады.
210. Егер авария бокста (немесе БҚБ-да) өтсе – жұмысты тоқтатады, материал түскен
жерге дезинфекциялық ерітіндіге молынан батырылған салфетканы жабады. Бокстың ішінде 30
минутқа бактерицидті шамдарды қосады, авариялық дабылды қосады, содан кейін дезинфекциялау
жүргізеді. Ауа шығаратын желдеткіш авария және дезинфекциялау кезінде қосылып тұрады.
211. Егер авария жарақат алумен немесе тері жабыны тұтастығының басқа да бұзылуына
байланысты болса:
1) АИТВ-мен жұмыс кезінде жараны және сілемейді өңдегеннен кейін зардап шегушіге 72
сағаттан кешіктірмей, профилактикалық антиретровирустық терапия (АРВТ) тағайындалады және
жазатайым оқиғадан кейін 12 ай бойы бақыланады. Зардап шегушіге ол инфекция көзі болуы
мүмкіндігі ескертілуі тиіс. Авариялық жағдайдан кейін 6 айдан соң, 12 аптадан, 6 айдан және
1 жылдан кейін АИТВ-ға теріс нәтижелер жағдайында бақылау тоқтатылады;
2) жұмысты тоқтатады, қолдарын дезинфекциялық ерітіндімен өңдейді, қолғапты шешеді
және жарадан дезинфекциялық ерітіндіге қанын қысып ағызады, жарақат орнына 4-5 минутқа
дезинфекциялық ерітіндіден немесе 70 этил спиртінен компресс қояды;
о
3) күйдіргі қоздырғышымен жұмыс кезінде жарақат орнын сумен сабындап мұқият жуады және
дезинфекциялық ерітіндіні қолданбастан йод жағады;
4) терең микоз қоздырғыштарымен авария кезінде жарақат орнын тиісті дезинфекциялық
ерітіндімен өңдейді, сумен сабындап жуады, йод жағады;
5) патогендігі I-II топты вирустармен жұмыс кезінде қанды құрғақ стерилді салфеткаға
қысып ағызады және дезинфекциялық ерітіндіні қолданбастан йод жағады.
212. Егер авария материалды (автоклавқа және бөлімшелер арасында) тасымалдау кезінде
болса, персонал тасымалдаудағы сыйымдылықтарды сол жерге қалдырып, қауіпті аймақтан кетеді
және болған оқиға жайлы бөлімше бастығына хабарлайды. Аварияның болуына себепші болған
адамдар санитариялық өңдеуден өтеді. Авария кезінде үй-жайды өңдеу обаға қарсы 1 типті
костюмде жүргізіледі.
213. Патогендігі I-IV топты микроорганизмдерді зертханалық жұқтырудың барлық
жағдайлары туралы ақпарат ұйым басшысына дереу беріледі.
13-тарау. Материалдарды (микроорганизмдерді) сақтауға және
тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
214. Барлық микробиологиялық зертханаларда оларды тасымалдау кезінде жеке және
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ оларды рұқсатсыз беруді және
есепсіз сақтауды болдырмайтын микроорганизмдерді сақтауға, беруге қойылатын бірыңғай
талаптар орындалады.
215. Су құбырларына, тағам объектілеріне, медициналық мақсаттағы өнімдерді өндіретін
ұйымдарға қызмет көрсететін өндірістік зертханаларда патогендігі I-IV топтардың
микроорганизмдерінің мұражайлық өсірінділерінің болуына және оларды зерделеуге байланысты
зерттеулер жүргізуге жол берілмейді.
216. Патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдерімен жұмысқа режімдік комиссияның
рұқсатын алған микробиологиялық зертханаларда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның режімдік комиссиясы берген рұқсат болғанда
мұражайлық өсірінділер коллекциясының болуына жол беріледі.
217. I-IV топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істеуге рұқсаты жоқ зертханаларда
диагностикалық және өзге де зерттеулер кезінде бөлінген микроорганизмдер режімдік
комиссияның тиісті рұқсаты бар зертханаға беріледі.
218. Патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдерімен жұмысқа режімдік комиссияның
рұқсаты бар ұйымдарда, зертханаларда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы уәкілетті органның режімдік комиссиясы берген рұқсат болғанда мұражайлық
өсірінділер коллекциясының болады.
219. Патогендігі I-IV топтардың бөлінген микроорганизмдері ұйым, зертхана басшысының
рұқсатымен жойылады.
220. Коллекциялық штаммға берілген белгі (нөмір, код) оны берген кезде өзгермеуі тиіс.
Штамм өлген (жойылған) жағдайда оның белгілерін жаңадан келіп түскен штаммдарға беруге жол
берілмейді.
221. Патогендігі I-II топтардың микроорганизмдерінің штаммдарын жою Санитариялық