"Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет7/17
Дата25.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#16879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

үлгілерінің банкін" ұйымдастыру үшін жеке бөлме көзделеді. Бөлме 2-камералық минустық (минус

40 С) тоңазытқыштармен жабдықталады, құлыппен жабылады және сүргі салынады.

о

      107. Мицелиалды өсірінділермен зерттеу жүргізу кезінде мынадай шарттар сақталады:



      1) грибоктардың мицелиалды фазасымен жұмыс істеу кезінде себінді бар агарлық 

пластинкалар термостатта 5 тәуліктен асырмай ұсталады (споралардың пайда болғанына дейін), 

себінді бар матрастар, түтіктер бокстың сыртында ашылмауы тиіс. Себінділерді қарау бокстарда

4 типті костюмде мақта-дәке бетпердесімен, бокстағы грибоктардың ашытқы фазасымен жұмыс 3 

типті костюмде, бетпердемен, серологиялық зерттеулер 4 типті костюмде жүргізіледі;

      2) жұмыс басталу алдында 15 минут бұрын бокста бактерицидті сәулелегіштерді және 

сыртқа шығару желдеткіш жүйесін қосады. Боксты тиеген кезде желдеткішті ажыратады. Егер 

бокстағы жұмыс кезінде ауаны сору тоқтатылса, жұмысты жедел тоқтатады. Бокстың ауасына 

бактериологиялық зерттеу тоқсанына бір реттен кем емес, сүзгіштің жұмысына бақылау айына бір

рет жүргізіледі;

      3) жасушалық элементтерді есептеу алдында, грибоктардың жүзгінің автоклавтайды немесе 

оған 10 % формалин қосып, әрі қарай термостатта 37оС температурада 2 сағат ұстайды.

      4) мицелиалды фазадағы өсірінділермен жұмыс бокстан шығатын және кіретін ауаны 

тиімділігі жоғары сүзгіштер арқылы сүзуді қамтамасыз ететін желдету жүйесі бар тұмшаланған 

бокста жүргізіледі;

      5) мицелиалды өсірінділерді себу бокстарда өсірінділерді алдын ала түтіктерге және 

матрастарға физиологиялық ертіндімен немесе сорпамен енгізгеннен кейін жасалады. Өсіріндінің

шайындысы жағдайында сұйықтықты матрастарға ұзын инесі бар шприцпен түтік арқылы енгізеді. 

Себінділерді металл сыйымдылықтарда инкубация жасайды;

5-тарау. Зертханаларда вирустармен жұмыс кезіндегі

қауіпсіздікке қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      108. Зертхананың жұқпалы аймағы бокстарында (немесе БҚБ-да) мыналар жүргізіледі:

      1) жұқтыру және жануарларды сойып ашу;

      2) жасушалар және тауық эмбриондары өсірінділерін жұқтыру;

      3) жүзгіндер дайындау;

      4) инфекция жұқтырған жануарларды күтіп-ұстау;

      5) коллекциялық штаммдарды жүргізу; 

      6) лиофилизацияланған ПБА-мен жұмыс істеу;

      7) центрифугалау, кептіру, дезинтеграциялау, аэрозол түзуі ықтимал басқа да 

операциялар бойынша жұмыс.

      109. Тірі вирустармен серологиялық зерттеу, бастапқы және қайта егілетін тіндер 

өсірінділерінің сан алуан жүйелерін дайындау, клиникалық материалдарды бастапқы өңдеу БҚБ-да

жүргізіледі.

      110. БҚБ-да жұмыс істеген кезде мақта-матадан тігілген пижамалар, стерилді халаттар, 

орамалдар, бетперделер киілуі тиіс. Жасушалық жүйелерді культивациялау және жұқпалы 

материалмен жұмыс істеу резеңке қолғаппен орындалады.

      111. ПБА бар ыдыстар дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған қабатталған салфеткамен 

жабылған дезинфекциялық табаққа немесе астауға орналастырылады.

      112. Адамдардың қан сарысуларын антигендердің болуына зерттеу немесе патогендігі ІІ 

топты қоздырғышқа антиденелерді анықтау кезінде мынадай шарттар сақталады:

      1) жұмыс жеке үй-жайларда (бөлмеде, бокста) жүргізіледі;

      2) инфекциялық емес (құрамында тірі қоздырғыштар жоқ) антигендерді (диагностикумдарды)

қолдану;

      3) центрифугалау арқылы қанның сарысуын бөлу бокста немесе БҚБ-да жүргізіледі.

      113. Патогендігі І-ІІ топтардың вирустарымен жұмыс арнайы арналған барлық зерттеулер 

өзара қатынасатын БҚБ жүйесінде жүргізілетін зертханаларда жүргізілуі тиіс. Жұқпалы 

аймақтардың үй-жайларында есіктері автоматты түрде жабылатын өтпелі автоклав орнатылады.

      114. Жұқпалы аймаққа кіру жуынатын себезгісі немесе шлюзі бар санитариялық өткізгіш 

арқылы жүзеге асырылады, ол жерде қорғаныш киімдері киіледі. Шлюзде жұмыс істеген уақытта 

бактерицидті шам қосылады.

      115. Шлюздерге кіретін есіктер өздігінен жабылатын болуы және құлыптармен қамтамасыз 

етілуі тиіс. Жұмыс уақытында жұқпалы аймақтағы үй-жайлардың есіктері жабық болуы тиіс. Бұл 




уақытта вирусологиялық боксқа кіруге және шығуға жол берілмейді. Басқа үй-жайлармен байланыс

жасау үшін телефон немесе сөйлесу құрылғылары қолданылады.

      116. Биологиялық материалдарды сақтау тұмшаланған, төменгі температураға төзімді, 

сынбайтын контейнерлерде жүзеге асырылады, олар температурасы төмен шкафтарға немесе сұйық 

азот құйылған ыдыстарға орналастырылады.

      117. Биологиялық материалды технологиялық желілер, сақтау қоймасы аралығында 

тасымалдау тұмшаланып жабылатын, ылғал өтпейтін, залалсыздандырылатын контейнерлерде 

жүргізіледі.

      118. Жұмыс кезінде персонал 2 типті обаға қарсы костюмді қолданады, тауық эмбриондарын

, жануарларды, экопаразиттерді жұқтыруды, биологиялық материалды центрифугалау және 

вакуумдық кептіруді 1 типті қорғаныш костюмімен жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін 

гигиеналық себезгі қабылдайды.



6-тарау. Зертханада терең микоздар қоздырғыштарымен жұмыс

кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық

талаптар

      119. Мицелиалды фазадағы өсірінділермен әрекет жасау, грибоктардың өміршеңдігінің 

барлық фазаларын зерделеу БҚБ-да жүргізіледі.

      120. Егер жұмыс кезінде бокста ауаны сору тоқтап қалса, онда жұмыс та бірден 

тоқтатылады. Аптасына кемінде бір рет бокстың ауасына бактериологиялық зерттеу, сүзгіштің 

жұмысына айына бір рет бақылау жүргізіледі.

      121. Мицелиалды фазадағы өсірінділерді егу бокстарда физиологиялық ерітіндімен немесе 

сорпамен түтікке және матрасқа алдын ала енгізгеннен кейін жүргізіледі. Өсірінділер 

шайындысы барысында сұйықтықты матрасқа ұзын инесі бар шприцпен түтік арқылы енгізеді. 

Өсірінділерді металл сыйымдылықтарда инкубациялайды.

      122. Грибоктардың мицелиалды фазасымен жұмыс істеу кезінде агар пластинкаларын 

себінділерімен 5 тәуліктен аспайтын уақытқа (спора пайда болғанға дейін) термостатта ұстайды

, себінділері бар матрастарды, түтіктерді бокстан тыс жерде ашпайды. Бокстарда себінділерді 

қарау 4 типті костюммен, мақта-дәке бетпердесін киіп жүргізеді. Грибоктардың ашытқы 

фазасымен жұмысты бокста бетпердемен 3 типті костюммен, серологиялық зерттеуді – 4 типті 

костюммен жүргізеді.

      123. Грибок жүзгіндерінің жасушалық элементтерін есептеу алдында автоклавтайды немесе 

10% дейінгі формалинді қосады және термостатта 37 С температурада 2 сағат ұстайды.

о

      124. Антигендерді, вакциналарды алу мақсатында өсірілген грибоктарды 30 минут бойы 0,5



атмосфера жағдайында немесе формалинді ақырғы шоғырлануына дейін 0,5% қоса отырып, 

автоклавтау арқылы залалсыздандырады.



7-тарау. Зертханаларда паразиттік аурулардың

қоздырғыштарымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      125. Ішінде стробила, онкосфера, жұмыртқалар, құрттар, ересек гельминттер мен ішек 

қарапайымдылары болуы ықтимал материал тығыз жабылатын қақпағы бар шыны немесе пластикалық 

ыдыста жеткізіледі.

      126. Гельминттердің, ішек қарапайымдыларының және қан паразиттерінің болуына зерттеуді

және дайындауды копроовоскопия, байыту және перианальді қырынды әдісімен ауа шығару шкафында

жүргізеді. Байыту әдістерін қолдану арқылы зерттеуге арналған зертханалық ыдыс кюветте 

орнатылады. Зерттеу үшін дайындалған препараттар арнайы подностарға қойылып, жағындылар бар 

заттық шынылардың астына көлемі үлкен шыныларды салады.

      127. Зерттелетін материалмен, ыдыспен, жабдықпен жасалатын барлық әрекеттер резеңке 

қолғаппен жүргізіледі.

      128. Пайдаланылған тамшуырлар, түтіктер, капиллярлар, заттық және жабынды шынылар 




жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау