"Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет8/17
Дата25.05.2018
өлшемі0,49 Mb.
#16879
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

дезинфекцияланады.

      129. Гельминттерді жұқтыруы ықтимал материал жеке тоңазытқышта сақталуы тиіс, ол жұмыс

күнінің соңында сүргіленеді.

8-тарау. Патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдерімен және

гельминттермен жүргізілетін жұмысқа қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      130. Меншік нысандарына, ведомстволық тиістілігіне қарамастан зертхананың (

бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, молекулярлық-биологиялық, 

иммундық-биологиялық) патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен 

жүргізілетін жұмысқа санитариялық қағидаларға 

 сәйкес биологиялық қауіпсіздік 

3-қосымшаға

талаптарын сақтауды бақылау жөніндегі тиісті комиссияның 

 болуы керек.

рұқсаты


      131. Биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауды бақылау жөніндегі комиссия (бұдан әрі

– режімдік комиссия) туралы ережені және орталық режімдік комиссияның құрамын халықтың 

санитариялық-ээпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы 

 бекітеді.

мемлекеттік орган

      132. Патогендігі І-ІV топтардың микроорганизмдерінің сыныптамасы Санитариялық 

қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

      133. Рұқсат мынадай микроорганизмдермен:

      1) патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдеріне және гельминттерге: ғылыми-зерттеу 

институттарына (Ғылыми орталық), облыстық, қалалық (Астана, Алматы) 

санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарына, обаға қарсы күрес станцияларға, 

сондай-ақ республикалық маңызы бар басқа ведомстволардың мекемелеріне – халықтың 

санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органының орталық режімдік

комиссиясы (ОРК);

      2) патогендігі ІІI-IV топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен: облыстар

қалалар мен аудандардың аумақтарында орналасқан зертханаларға – облыстық мемлекеттік 

санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы жанындағы тиісті режімдік комиссия 

ғылыми-зерттеу, тәжірибелік, өндірістік, далалық және диагностикалық жұмыстарды жүргізуге 

беріледі. Режімдік комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама 

орталықтарының мамандары енеді.

      134. Патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс 

жүргізуге рұқсат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан 

Республикасы Заңының 

 1-тармағына сәйкес қағидаларға 

 нысанға сәйкес 

3-бабының

10-қосымшадағы

беріледі:

      1) 10-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

      2) зертхананы оның бейініне сәйкес режімдік комиссия мамандарының тексеру актісі;

      3) зертхананың бейініне сәйкес сарапшыларының қорытындысы;

      4) орындалатын зерттеулер номенклатурасы, материалдық база, кадр құрамы және 

персоналдың кәсіби дайындығы көрсетілген түсіндірме жазба.

      135. Патогендігі I-IV топтардың микроорганизмдері мен гельминттердің қоздырғыштарын 

жұқтырған немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс жүргізуге берілетін рұқсаттың шарттары 

мыналар болып табылады:

      1) мамандардың жұмысқа тұру алдында алдын ала және мерзімдік 

 

медициналық тексеруден



өтуі;

      2) профилактикалық егулер алуы (қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулар 

 бойынша, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы 

тізбесі


мемлекеттік органмен бекітілген егулер жүргізу 

 сәйкес және жоспарлы егуге жататын 

ережесіне

 бойынша);

халықтың топтары

      136. Патогендігі І-ІІ топтардың қоздырғыштарын жұқтырған немесе оларды жұқтыруы 

ықтимал биологиялық материалмен жұмыс істеуге берілетін рұқсаттың шарттары мыналар болып 

табылады:

      1) қызметкерлердің эпидемиология, бактериология, вирусология, паразитология және аса 

қауіпті инфекциялар бойынша маманданудан өтуі;

      2) патогендігі І-ІІ топтардың қоздырғыштарын жұқтырған немесе оларды жұқтыруы ықтимал 

материалмен жұмыс істеу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен қауіпсіздік 

техникасын білуіне, ұйым басшысының бұйрығымен ресімделген мерзімдік (екі жылда бір реттен 



жиі емес) аттестаттаудан өтуі.

      137. Инженерлік-техникалық қызметкерлердің үй-жайларға тұрақты баруына зертханада 

жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша олар 

 өткеннен кейін 

арнайы нұсқамадан

ұйым басшысының өкімімен рұқсат беріледі.

      Олар келген кезде зертханада жұқпалы немесе жұқтыруға күдікті материалмен жұмыс 

тоқтатылады. Инженерлік-техникалық қызметкерлердің үй-жайларды аралауы зертхана 

қызметкерінің біреуі ілесе жүруімен жүзеге асырылады және арнайы журналда еркін нысанда 

тіркеледі.



9-тарау. Химиялық заттармен және улармен жұмыс жағдайларына

қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      138. Зертханаларда арнайы (зақымдалмаған) химиялық ыдыстар пайдаланылады. Химиялық 

ыдыстар таза және құрғақ күйінде пайдаланылады. Суда ерімейтін органикалық заттар ыдыстан 

органикалық еріткіштермен кетіріледі.

      Ыдыстарды химиялық әдістермен тазарту үшін хромдық қоспа, күкірт қышқылы және 

сілтілердің ерітінділері қолданылады. Ыдыстар мұқият тазартылғаннан және жуылғаннан кейін 

арнайы кептіргіш шкафтарда кептіріледі.

      139. Шыны материалдарынан жасалған аспаптарды жинау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде

мынадай талаптар сақталады:

      1) диаметрі үлкен емес шыны түтікшелер шыны кесуге арналған арамен кескеннен кейін 

сынады;

      2) шыны түтікшелердің ұштарын жинауды жеңілдету үшін олар балқытылады және сумен 



немесе глицеринмен ылғалдандырылады;

      3) шыны ыдыстармен жұмыс істеу барысында жарақат алғанда (кесіп алғанда) жараны 

шынының сынықтарынан тазартады, түскен химиялық затты бейтараптандырады немесе теріден 

тиісті ертіндімен немесе суға батырылған тампонмен сіңіріп алынады.

      140. Жабдықтарда жұмыс кезінде мынадай талаптар сақталады:

      1) вакуум астындағы жұмыстар үшін түбі жайпақ құтыларды, сондай-ақ плюс 100  С жоғары 

о

температурада пайдалануға жол берілмейді;



      2) вакуум астынан сорып алу үшін қалың шыныдан жасалған Бунзен құтысы қолданылады. Шар

түріндегі емес, жұқа қабырғалы ыдыстарды вакуумның астына қоюға жол берілмейді. Вакуумның 

астында жұмыс істеуге арналған ыдыстар алдын ала ең көп сұйылтылуға сыналады. Сынақ жүргізу 

алдында ыдысты темір тормен орайды;

      3) жинақталған аспапты оның жарамдылығын алдын ала тексермей пайдалануға және жұмыс 

істеп тұрған аспапты қараусыз қалдыруға жол берілмейді;

      4) жұқа қабырғалы ыдысты тығынмен жапқан кезде тығынға жақын болатын мойнының жоғарғы 

бөлігінен ұстайды. Ысыған ыдысты кептелген тығынмен салқындағанға дейін жабуға жол 

берілмейді;

      5) қайнау температурасы плюс 150  С жоғары заттарды айдау барысында ауамен 

0

салқындататын тоңазытқыш қолданылады;



      6) көгертетін қышқылмен және оның тұздарымен, диметилсульфатпен, алмаспен, фосгенмен, 

хлормен, броммен, азот тотығымен, диазометанмен, күкірт сутегімен жүргізілетін жұмыс резеңке

қолғаптарды және қажет болған жағдайда шаңтұтқышты (газтұтқыш) қолданып, ауа шығару шкафында

орындалады;

      7) натрий азидімен, металлды натриймен және калиймен жұмыс кезінде сумен жанасуға жол 

берілмейді;

      8) металлды натриймен және калиймен реакциялар ауа немесе майлы моншаларды қолдана 

отырып жүргізіледі. Ерітілмеген майлы қатардағы галоидті қосылыстарды диметилсульфоксидпен, 

металлды натриймен және металлды калиймен қосуға жол берілмейді;

      9) реакциялық   қоспаны қайнатуға дейін қыздырған кезде түбі дөңгелек қабырғасы жұқа 

термоқұтылар, сұйықтықтарды айдау үшін арнайы түбі дөңгелек құтылар (Вюрц, Кляйзен құтылары,

екі немесе үш ауызды құтылар) қолданылады;

      10) сұйықтықты түтікте немесе құтыда қыздыру кезінде құтыны арнайы ұстағышпен, оның 

тесігін жұмыс істейтін адамнан басқа жаққа бағыттап ұстайды;

      11) сумен салқындататын тоңазытқышпен жұмыс кезінде судағы токтың үздіксіздігі 



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау