Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары



жүктеу 1,06 Mb.
бет4/4
Дата21.11.2017
өлшемі1,06 Mb.
#1252
1   2   3   4
. ҚК 12 бабында қылмыстар жиынтығының анықтамасымен қатар квалификация ережелері де келтірілген қылмыстар жиынтығын қылмыстық құқықта екі түрге, нақты және идеальдық жиынтық деп бөледі. Нақты жиынтық ретінде әр түрлі қылмыс құрамдарын кінілінің жеке іс-әрекеттер арқылы орындауы алынса, ал идеальдық жиынтық-бұл екі немесе одан көп қылмыстардың бір іс-әрекет арқылы жасалуын білдіреді. Сырттай қарағанда нақты жиынтықпен идеальдық жиынтықтың арасында өзгедей айырмашылық жоқ болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл екеуінің құқықтық салдары немесе қылмыскердің қоғамға қауіптілігін анықтауда елеулі ролі бар деуге болады. Анығырақ қарағанда бір әрекет арқылы бір неше қылмыс жасаған адамға қарағанда жеке-жеке әрекеттер арқылы әр түрлі қылмыс жасаған адамдарды қауіптірек деуге болады, себебі мұндай адамдар қылмыстық жолға бейімделген немесе қылмыстылықты көсіп еткен адамдарға ұқсайды. Сондықтан нақты және идеальдық жиынтықтар бойынша квалификация жүргізуде айырмашылықтар байқалмағанмен, жауаптлық белгілеу кезінде қылмысты нақты жиынтық тҹрінде жасаған адамдарға қаталырақ белгілеуге негіз бар. әдетте қылмыстар жиынтығында қылмыстардың бір-бірінен айырмашылығын көрсететін әр түрлі қылмыстың объектілері, объективтік жақтың белгілері орын алады және кінә нысандары да бірдей болуы да, болмауы да мҹмкін. Мысалы бір қылмысты қасақаналықпен жасаса, екінші қылмысты абайсыздықпен жасауы мҹмкін. Кінәнің абайсыздық және қасақаналық нысандарының кездесуін тек нақты жиынтықта ғана емес, идеальдық жиынтықта да келтіруге болады. Мысалы кінәлінің қасақаналығы бөтеннің меншігін жоюға бағытталып, бірақ адамның өліміне соқтыратын зардаптың болу мүмкіндігін көре білуге мүмкіншілігі бола тұрып, абайсыздықта осындай зардап келтіруі де мүмкін. Демек мұндай бір әрекетпен жасалған қылмыстарды қасақана бөтеннің мүлкін жою және абайсыздықта қаза келтіру қылмыстарының жиынтығымен бағалау керек. Көптік қылмыстардың өзге түрлеріндегідей сиқты құрам элементтерінің ішінен тек қылмыс субъектісі ғана қашанда өзгермей, ол бір адамның бойындағы қылмысты әрекеттердің көптілігін көрсетеді. Бір неше қылмыстарды жасау уақиғаларында қылмыс субъектісі бір адам болғанмен, қылмыс рецидиві мәселесінде бұрын сотталған адамның қайтадан қылмыс жасауы басқа құқықтық мағынаға қарай ол адамды өзгертеді. Идеальдық жиынтықты білдіретін қылмыстарды анықтаушы белгілер, көбінесе жасалған бір іс-әрекетте әр түрлі объектілердің бұзылуы мен әр түрлі зардаптардың туындауы болып табылады. Бір іс-әрекет жасала отырып, ол қылмыстық заңның бір бабымен қамтылмаған әр түрлі қылмыстық зардаптарға соқтырады және соған сәйкес әр түрлі баптармен қорғалатын қоғамдық қатынастардың бұзылғандығы көріс береді. Идеальдық жиынтықтың орын алғанын анықтаудың кілті де бір неше зардаппен қоғамдық қатынастың бұзылуы және бұл зардаптармен қоғамдық қатынастарды бір баптың толық қамтымауы болып табылады. Нақты жиынтықта осындай белгілер негізінде анықталғанмен, идеальдық жиынтықтың орын алып отырғанын анықтау көбінесе қиындық тудырады. Себебі нақты жиынтықта әр қайсысы аяқталған және әр түрлі қылмысты білдіретін бір неше әрекеттердің жасалуы арқылы қылмыс жиынтығының орын алғанын білуге бірден мүмкіндік болса, ал идеальдық жиынтықта бір әрекеттің өзінде бір неше қылмыстың белгілері бар екендігін анықтау қажет болып, ол үшін квалификация кезінде қолданылып

отырған баптың осы әрекетті, туындаған зардаптарды, бұзылған қоғамдық қатынастарды толық қамти алатынына немесе алмайтынына көңіл аударамыз. Көпшілік қылмыстық құқықтық нормалар бір неше зардаптарды немесе заңмен қорғалатын бір неше объектілерді бір қылмыстың көлемінде келтіреді. Жасалған іс-әрекет бір неше зардаптарға соқтырғанмен немесе өзге қылмыстың негізгі объектісін білдіретін қоғамдық қатынастарға нұқсан келтітіргенмен, бұл объектілер бір қылмыстың белгілері ретінде қарастырылған болса, онда идеальдық жиынтық емес, бір қылмыс ретінде түсіну керек. Мысалы абайсыздықта адам өліміне соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзуға квалификация жасағанда бірден 152 баптың 2 бөлімін қолдану керек, абайсыздықта қаза келтіргендікті арнайы қарастыратын 101 баппен қосып квалификациялау керек емес. Идеальдық жиынтықта бір неше қылмыстың жасалу уақыты бірдей сияқты болып көрінеді, өйткені бір неше қылмысты жасайтын әрекет біреу ғана болғандықтан олардың жасалу уақыты да бірдей болып анықталуы керек сиқты. Идеальдық жиынтықта қылмыстардың жасалу уақыты бірдей бола ма дегенде, бір іс-әрекетпен жасалған қылмыстардың аяқталу уақытын ескеру керек. Кейбір қылмыстардың әрекет жасалысымен бірден аяқтала бермейтіні белгілі, бұл әсіресе аяқталу уақыты үшін тиісті зардаптың туындауы қажет болып табылатын материальдық құрамдарға байланысты кездеседі. Соған орай мұндай жиынтық түрінде жасалған қылмыстардың бірі әрекет жасалу уақытымен бірден аяқталса, басқа қылмыстар кейін, белгілі-бір уақыт өткеннен кейін аяқталуы мүмкін. Идеальдық жиынтықтың орын алуының басты негізі бір іс-әрекетте әр түрлі баптармен қарастырылған қылмыс құрамдары белгілерініңкездесуі болып табылады. Жасалған бір іс-әрекетте бір баптың әр түрлі бөлімдерінде келтірілген белгілердің кездесуі қылмыс жиынтығы емес, бір қылмыс ретінде бағаланатын кездер болады. Мұндай жағдайдың, яғни баптардың бір неше бөлімдерден құралуының басты себебі, ол заң баптарының бөлімдерінде осы қылмыстың ауырлататын белгілермен жасалғандығын немесе ауыр белгілер болмағанда осы қылмыстың жеке көріністерін бейнелеуге байланысты. Сондықтан бір қылмысты әрекет баптың бір неше бөлімдеріне сәйкес келгенде, іс-әрекет бір неше бөлімдермен емес, олардың ішіндегі мазмұны, мағынаса кең құрам немесе жауаптылықты ауырлататын құрам түрі қолданылады. Мысалы ірі мөлшерде ұрлық жасау мақсатында тұрғын-жайға кіріп жасалған ұрлық бір қылмыс деп бағаланып, 175 баптың 3 бөлімімен ірі мөлшерде жасалған ұрлық деп танылуы керек. Бір қылмысты жасау әрекеті Ерекше бөлім баптарының бір неше бөлімдерінің белгілеріне сәйкес келгенде, барлық кезде жоғарыдағы сияқты іс-әрекет баптың бір бөлімімен ғана квалификациялана бермейді.

Мысалы ұрлық қылмысы алдын ала келісіммен пайда болған топ адаммен және үй-жайға кіру арқылы жасалғанда да бір қылмыс ретінде бағаланады, бірақ іс-әрекет 175 баптың 2 бөлімімен «а» және «в» пункттерімен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша және үй-жайға кіріп жасалған ұрлық деп квалификацияланады. Себебі бұл «топ адам болып қылмыс жасау» және «үй-жайға кіру» деген белгілер бір бірімен өз-ара байланысты немесе бір-бірінің арасында бағыныштылық жоқ белгілер болып табылады. Басқаша айтқанда осы сияқты белгілердің қайсысы мағынасы, қауіптілігі бойынша ауыр, кең белгі екендігі белгісіз болуы мүмкін. Сондықтан қылмыстың жасалуын, оның көрінісін сипаттау үшін заңда бейнеленген елеулі белгілерді квалификация кезінде қолдану қажеттілігі туындайды. Жасалған бір іс-әрекетті баптың бір неше бөлімдерімен квалификация жасай отырып және мұны бір қылмыс ретінде тану-мұнан бұрынғы бөлімдерде айтқандай «бап бір неше бөлімдерден құралғанда оның әр бөлімінде осы қылмыстың жеке құрамдары келтірілген» деген түсінікке қайшы келеді. Негізінде заң шығарушының Ерекше бөлім баптарын бөлімдерге бөлуі бір неше себептерге байланысты деп түсінген дұрыс. Біріншіден, Ерекше бөлім баптары блімдерге бөлінгенде бір- біріне бағынышты емес және бір қылмыс болып табылмайтын ұқсас екі қылмысты бір бапта қарастыру негізінде пайда болады. Мысалы 117 баптың 1 және2 бөлімдеріндегі заңсыз абортты тиісті медициналық білімі жоқ адамның жасауы және тиісті білімі болғанмен абортты заңсыз жасау, 194 баптағы мемлекеттік несиені мақсатсыз жұмсау және осындай несиені заңсыз алу. Екіншіден, Ерекше бөлім баптары бір неше бөлімдерге бөлінгенде осы қылмыстың жасалуында кездесуі әбден мүмкін ауырлататын немесе аса ауырлататын, сондай-ақ кінәні жеңілдететін белгілерін қарастыруды көздеген. Мұндай ауырлататын белгілерді баптың жекелеген бөлімдерінде келтіре отырып, заң шығарушы «осы қылмыстың ауырлататын құрамы» ретінде тануды ұсынады. Мұндай бөлімдердің заң баптарында өмір сүру себебі, ол негізгі бөліммен қарастырылған қылмыс ауырлататын белгілермен жасалғанда, жауаптылықты қатал белгілеуді іске асыруға байланысты деп түсіну керек. өйткені баптар бөлімдерге бөлініп, ауырлататын құрамдарды қарастырмаса, онда қылмыс бәрібір негізгі бөліммен квалификацияланып, сол негізгі бөлім бойынша жаза тағайындалады. ҚК 54 бабы қоғамға қауіптілікті, кінәні ауырлататын белгілерді келтіргенмен, ол жалпы бөлім нормасы болуына байланысты онда жаза қарастырылмаған.

Бірнеше рет жасалған қылмысты квалификациялау.

Қылмыстық кодекстің 13 бабына сәйкес, «Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады». Қылмыстық заң қылмыстың қайталануының үш түрін келтіреді: жай, қауіпті және аса қауіпті. 13 баптың 1 бөлімінде қылмыстың жай қайталануының түсінігін бере отырып, жалпы қылмыстың қайталануының да анықтамасын осы түсінік көлемінде қарастырған. Ал бұл түсінікті кеңірек мағынада қарастырсақ, онда қылмыстың қайталануы дегеніміз, бұрын қасақана қылмысы үшін соталған немесе соттылық мерзімі өтпеген адамның қайталай қасақана қылмыс жасауын білдіреді. Қылмыстық құықық теориясында қылмыстың қайталануының тҹсінігі және оның түрлері даулы мәселе болып саналады. ҚК 13 бабының 2 және 3 бөлімдерінде қылмыстың қауіпті және аса қауіпті қайталануы түрлерін анықтау негізі ретінде қылмыстардың қоғамға қауіптілік санаттары алынған. Қылмыстық құқықта қылмыстың қайталануының басқа да түрлері келтірілген. Мысалы жалпы және арнайы қайталану, пенитенциарлық қайталану деген ұғымдар кездеседі. Жалпы қайталану ретінде бұрын қасақана қылмыс жасаған, соттылығы бар адамның кез-келген қасақана қылмысты жасауы алынады. Яғни қылмыстың қайталануының бұл түрі кез-келген қасақана қылмыстардан құрала алады. Арнайы қайталану дегеніміз, қылмыс жасағаны үшін сотталған адамның кейіннен қайтадан сол қылмыс түрін немесе соған ұқсас қылмыс түрін жасауы болып табылады. Пенитенциарлық қайталану дегеніміз, бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген адамның, кейіннен тағы да қылмыс жасағандығы үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталуы болып табылады. Яғни екі рет бас бостандығынан айыру жазасын өтеген адамдар пенитенциарлық рецидив деп танылады.

Қылмыстың қайталануының қылмысты квалификациялауға әсері қылмыстық заң нормаларының осы белгіге арнайы бөлім арнауына немесе жауаптылық белгілеуіне қарай болады. Сондықтан ҚК 13 бабы жоғарыда айтқандай қылмыстың қайталануын жай, қауіпті, аса қауіпаті деп үш түрге бөлгенмен, қылмыстық заңның Ерекше бөлім нормаларында өзге де қайталану түрлері, мысалы арнайы қайталану кездеседі. Мысалы талан-таражды білдіретін қылмыстар үшін жауаптылық қарастыратын баптардың 3 бөлімінің «в»пункттерінде «ұрлық немесе қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан көп рет сотталған Адам жасаған болса» деген кінәні ауырлататын құрам түрі кездеседі. Баптың осы бөлімінің осы пунктімен квалификация жасау үшін қылмыс жасаған адам бұрын осындай талан-таражға жататын немесе қорқытып алу қылмыстарын кем дегенде екі рет жасаған адам болуы керек. Бұрынғы жасаған қылмыстарын қайталағандығы үшін арнайы жауаптылық басқа баптарда да кездеседі. Арнайы қайталанудың қылмысты бір неше рет жасаудан айырмашылығы, бір баппен, оның бөлімімен қарастырылған қылмысты бір неше рет жасауда кінәлі адам жасаған қылмыстары бойынша жауаптылық өтемеген немесе жауаптылыққа тартылмаған болса, ал арнайы қайталауда бірдей немесе бір тектес қылмыстарды жасаған адамның бұрынғы осындай қылмыстары бойынша сотталған адам деген атағы болады.



Бір айта кететін жәйт, ол бұрын сотталған адамның ҚК 77 бабында белгіленген соттылық мерзімдері өтіп кеткеннен немесе алынып тасталғаннан кейін, қайтадан қылмыс жасаса, онда қылмысты қайталау деп бағаланбайды. Бұл тіпті бұрынғы жасаған қылмысымен байланысты немесе ұқсас болғанда да осы ереже сақталып, бұрын сотталған Адам деп танылмайды. Мысалы жалған ақша жасағандығы үшін бұрын сотталып, кейін соттылық мерзімі өтіп кеткеннен кейін осы қылмысты қайтадан жасағанда, бұл адам бұрын сотталмаған деп бағаланады. Мысалы Б. өз ара жанжал ҹстінде А-ның кеудесіне қасақана пышақ ұрып, нәтижесінде оның денсаулығына ауыр дәрежелі зардап келтіреді. Келесі күні Б. бұрын талан-тараж қылмыстарын жасағандығы үшін екі рет сотталған бола отырып, С-тің пәтеріне заңсыз кіріп

74770 теңге сомаға ұрлық жасаған. Жаңа өзен қалалық сотының үкімімен Б. ҚР ҚК 103 бабының 1 Бөлімімен, 175 баптың 3 бөлімінің «в» пунктімен сотталған. Маңғыстау обылыстық сотының қылмыстық істер бойынша алқасы сот үкімінен қылмыскердің әрекеттерін қауіпті қайталану деп тану туралы бөлімді алып тастап, үкімнің қалған бөліктерін өзгеріссіз қалдырған. ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы соттың үкімін және кассациялық қаулыны өзгертіп, Б.-ның ұрлық жасау әрекеттерін 175 баптың 3 бөлімі «в» пункітінен 175 баптың 2 бөлімінің «б,в» пункттеріне ауыстырған. Сонымен қатар Жоғарғы Сот өзінің жасап отырған өзгерісін былай негіздеген. Б.-ның ұрлық қылмысы үшін бірінші соттылығы оның кәмелетке толмаған кезінде 1990 жылдың 25 қазанынан басталған және 1993 жылы 15 наурызда жазадан шартты түрде ерте босатылған, ал жазаның толық аяқталуы осы жылдың 12 тамызында болған. Осыған байланысты Б.-ның бұрын сотталған адам деген атағы 1994 жылдың 12 тамызында өткен. Сондықтан Б. бұрын талан-тараж қылмыстары бойынша екі рет емес, бір рет сотталған деп танылып, 175 баптың 3 бөлімінен 2 бөлімінің бір неше рет қылмыс жасағандықты және тұрғын үйге кіріп қылмыс жасауды білдіретін «б,в» пункттерімен қайта квалификацияланған.1 Бұл мысалда төменгі соттар 11 баптың 3 бөліміндегі адам бұрын жасаған қылмыстары үшін жауаптылықтан босатылған немесе соттылығы жойылған болса, кейін осындай қылмысты жасағанда бір неше рет жасағандық ретінде танылмайтынын ескермеген. Қылмыстың қайталануын абайсыздықпен жасалған және 18 жасқа толмай тұрып жасаған қылмыстары құрамайтынын өткен білімде ескерттік. Мұның себебі қылмыстың қайталануы деген құқықтық бағалау түрі, адамның кінәсі мен жауаптылығын ауырлататын белгі болып табылады. Бұл белгі ҚК 54 бабында жауаптылықты ауырлатушы белгі ретінде келтірілген және бұрын сотталғандық Ерекше бөлімнің баптарында ауырлататын немесе аса ауырлататын құрам ретінде кейбір баптардың арнайы білімдерінде қарастырылған. 18 жасқа толмаған адамның ақыл-есі әлі толық жетілмеуіне, оларда ұшқалақтық, жеңілтектік мінез көп кездесуіне байланысты, сол сияқты абайсыздықпен қылмыс жасаған адам мұқият, тыңғылықты немесе сабырлы болмауына байланысты қылмысты әрекеттер жасаған адам болуы мүмкін. Мұндай адамдардың жалпы қоғамға қауіптілік дәрежесі 18 жасқа толғаннан кейін немесе қасақанана қылмыс жасаған адамдарға қарағанда ауыр немесе қауіпті деп бағаланбайды. Қылмыстың қайталануы бойынша квалификация ережесі қарапайым деуге болады, өйткені қылмыстың қайталануы Ерекше бөлім баптарының бөлімдерінде арнайы келтірілгенде және қылмыскердің бұрынғы қылмыстары бойынша соттылығы болғанда ғана квалификацияға әсер етеді. Ал егер қылмыскердің бұрынғы қылмыстары бойынша соттылығы болғанмен, ол айыпталып отырған баптың бөлімдері қылмыстың қайталануын жауаптылықты ауырлататын құрам түрінде қарастырмаса, онда қылмысты квалификациялауға әсер етпейді және іс-әрекет негізгі бөлім бойынша бағаланады, бірақ жаза, жауаптылық белгілеу кезінде кінәні ауырлататын белгі ретінде қолданылуы мүмкін. Мүмкін деп отырған себебіміз, адам кінәні жеңілдететін жағдайда қылмыс жасаған болса, (мысалы бұрын сотталған адам қажетті қорғану шегінен шыға отырып қылмыс жасағанда) сот жазаны немесе жауаптылықты жеңілдетіп белгілеуге құқылы. Нормалар бәсекелестігінің түсінігі және түрлері. Қылмысты квалификациялау кезінде сақталуға жататын ереженің бірі, нормалар бәсекелестігі байқалғанда заң нормасын дұрыс, яғни бәсекелес нормалардың қажеттісін қолдану болып табылады. Нормалар бәсекелестігі дегеніміз, бір қылмыстың Ерекше бөлімде қарастырылған бір неше нормалардың диспозицияларындағы белгілерге сәйкес келуі болып табылады. Демек, қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарының әр қайсысы басқа қылмыстардан айырмашылығы бар, жеке қылмысты уақиғалардың түсінігін беруге және олар үшін жауаптылық белгілеуге арналған дегенмен, заң қолдану жұмысында қиындық тудыратын жағдай болып табылатын нормалар диспозициялары мазмұнының қайталануы кездеседі. Нормалар мазмұнының қайталануы кездескенде қай норманы қолдана отырып квалификация жасау керек деген сұрақ туындайды. Бұл мәселені қарастырмас бұрын нормалар бәсекелестігінің орын алу себептерін анықтаған дұрыс. Нормалар бәсекелестігі орын алуының басты себептерінің бірі, ол қылмыстық заңның кейбір баптарының құрылымы күрделі болуына байланысты бір неше қоғамдық қатынастарды қорғаумен айналысатындығы және осы міндетті іске асыру үшін бір баптың өзінде қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің кең көлемін қамтитындығы болып табылады. Қылмыстық заң нормалары диспозицияларында өзге қылмыстың объектілері болып табылатын қоғамдық қатынастардың кездесетіні бұған дейін де айтылды және мұның себебі кейбір қылмыстардың жасалуы кезінде кінәлінің асыра сілтеуі немесе осы қылмысты жасай отырып қасақана басқа қылмыстың белгілерін білдіретін әрекеттерді де жасауы болып табылады. Мысалы адамды кепілге алу, қарақшылық, әйел зорлау сияқты қылмыстарды жасау кезінде жәбірленушіге қасақана немесе абайсыздықта қаза келтіру. Мұндай кезде қылмыстық заңда жеке-жеке қарастырылған екі немесе одан көп қылмыстың объектілері, яғни қоғам қауіпсіздігі, жеке адамның бостандығы және адамның өмірі деген тәрізді объектілер бір қылмыстың жасалуында орын алады және бұл объектілер бір қылмыстық құрамның белгілері ретінде кездеседі. Көріп отырғанымыздай, адамның өміріне зардап келтіру кез-келген қылмыстың жасалуы кезінде бола бермейді, бұл зардап түрі көбінесе зорлық-зомбылықпен, күш қолданумен жасалатын немесе экологиялық, көлік саласындағы, адамзатпен бейбітшілікке қарсы қылмыстарда көрініс алады. Кейбір баптарда өзге қылмыстардың объектілерінің де кездесуі, бұл қылмыстық заң нормаларының бір бірімен жай ұқсастығын ғана емес, олардың арасында іштей байланыс бар екендігін көрсетеді. Шындығында бұл байланыстар заң нормаларының бір бірімен байланысын көрсетпейді, ол әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде бағаланатын қылмыстылықтың кейбір түрлерінің арасында байланыс бар екендігін көрсетеді. Дәлелдей кетейік. Мысалы қызмет саласындағы қылмыстардың, айталық мемлекеттік қызметкердің кәсіпкерлік қызметпен айналысуы, пара алуы сияқты әрекеттерде адам өміріне, денсаулығына зардап келтірудің орын алуы мүмкін емес. Себебі бұл қылмыстардың бағыты, орындайтын іс-әрекеттерінің сипаты мүлдем басқа, олар адамның жеке басына қарсы белгілерді иеленбейді. Ал адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы немесе қарулы шабуыл арқылы жасалатын қарақшылық, бандитизм сияқты қылмыстардың жасалуы кезінде жәбірленушінің денсаулығы мен өміріне зардаптар келуі мүмкін. Қылмыстық заң нормаларының диспозициялары көбінесе қылмыстың объективтік жағының белгілерін келтіретіндіктен, заң баптарына қарай отырып кейбір қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің, елеулі зардап түрлерінің бір неше қылмыс түрлеріне ортақ екендігін байқауға болады. Мысалы жалған құжатты жасауды білдіретін әрекеттер, адамның ар намысына келтірілген зардаптар бір неше баптарда кездеседі. Сырттай қарағанда қылмыстық заңда қанша қылмыс түрі келтірілген болса, соншалықты әрекет түрімен қылмыс жасалатын сияқты көрінеді. Шын мәнінде қылмысты әрекеттердің көлемін заң баптарының санымен лшеуге болмайды, себебі кейбір қылмыс түрлері объективтік жағы бойынша бір неше немесе бір бағыттағы әрекеттермен жасалса, кейбір қылмыстарға бір іс-әрекет түрі тән немесе ортақ болып табылады. Мысалы Қылмыстық кодексте парақорлық қылмыстар 224,231,311,312,313,349 баптарда қарастырылған. Бұл қылмыстардың объективтік жағының белгілері ұқсас бейнеленген. Субъективтік жағы бойынша да қылмыстар бірін бірі қайталайды деуге болады, себебі міндетті белгі болып табылатын кінә нысандарының тек қасақаналық және абайсыздық болып бөлінетініне байланысты бұл екі кінә нысандарының бірінсіз жасалатын қылмыс жоқ. Қылмыстық заң нормаларының субъективтік жақ бойынша қайталануын негізінен кінәнің қос нысанымен жасалатын қылмыс түрлері бойынша келтіруге болады. Себебі кінәнің аралас нысанымен жасалатын қылмыстарда екі кінә нысаны қосылып бір қылмыстық құрамды білдіргенмен, қасақанлықпен жасалған әрекет осы баптың негізгі біліміндегі әрекетті ғана білдірсе, ал абайсыздық басқа қылмыс тҹріне тән зардаптың туындағанын көрсетіп тұрады. Қылмыстық заң нормаларының қайталануы субъективтік жақтың қосымша белгілері ретінде танылатын ниет және мақсат түрі бойынша да кездеседі. Мысалы 164 баптағы ұлттық, нәсілдік, діни, рулық әлеуметтік ерекшеліктеріне қарай өшпенділік тұтату және 96 баптың «л» және 103 баптың 2 бөлімінің «з» пункттеріндегі осындай ниет бойынша өзге адамдардың денсаулығы мен өміріне зардаптар келтіру.

Қылмыстық заң нормалары көпшілік жағдайда қылмыстың субъектісі бойынша да бірін-бірі қайталайды деуге болады. Бұл әсіресе бір тараудың ішінде қарастырылатын қылмыс тҹрлері бойынша жиі кездеседі.



Демек, қылмыстық заң нормаларының бірін-бірі қайталауы құрам элементтерінің белгілері бойынша көрінеді. Бірақ қылмыстық заң нормалары бірі-бірі толық қайталап, кейбір нормалардың бір-бірінен айырмашылықтары болмайды деп айтуға болмайды. Себебі ерекше бөлім нормаларының әр қайсысы жеке қылмысты білдіруге, нақты бір қылмысты уақиғалардың негізгі бейнесін көрсетуге арналған. Номалар бәсекелестігінде кейбір баптардың олардың бөлімдерінің басқа баптармен ортақ белгілері кездесетіндігі айтылады. Бір айта кететін жәйт, ол заң нормаларының ұқсастығы қылмыстық құрам элементтері бойынша квалификация жүргізу деген тақырыптарда да қарастырылды. Бұл тақырыптың ерекшелігі, ол нормалар бәсекелестігі байқалған жағдайда олардың ұқсастығы кейбір құрам элементтері бойынша ғана емес, одан жақынырақ, тығыз байланыс байқалатын жағдайлар болып табылады. Тығыз, жақынырақ байланыстар ретінде ҚК белгілі бір бабында келтірілген қылмыстың басқа бапта қарастырылған қылмысты толық қамти отырып, өзіндік жеке сипатқа, жеке қылмыстық құрамға ие болуын ескереміз. Мысалы 344 бапта көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе 345 бапта қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату қылмыстары қарастырылған және бұл қылмыстардың орындалғанын білдіретін негізгі белгі қылмыс жасамаған адамды жауаптылыққа тартуға соқтыратын немесе жауаптылықтан заңсыз босатуға негіз болатын тергеу құжаттарына жалған мәліметтер қосу болып табылады. Осыған ұқсас немесе құжаттарға жалған мәлімет енгізуді 314 баптағы қызметтік жалғандық қылмысынан да кездестіруге болады. Бұл баптар бірін-бірі толық қайталамаса да негізгі белгілері болып саналатын қылмыстың объективтік жақ белгілері, кінә нысандары, сонымен қатар субъектісі және объектілері де ұқсас анықталған. Сондай-ақ қылмыстық заңның бір нормасының осы қылмысқа тән белгілерді келтіре отырып, басқа норманың белгілерін толық қамтып, бір қылмыстық құрамды көрсетуін мынандай баптар бойынша келтіруге болады. Мысалы қинау қылмысы үшін жауаптылық қарастыратын 347- 1 бабының 2 бөлімінің «в» пунктінде денсаулыққа орташа зардап келтіруге соқтырған азаптау, ал осы баптың 3 бөлімінде денсаулыққа ауыр зардап келтірумен ұштасқан немесе жәбірленушінің абайсыздықта өліміне соқтырған қинау әрекеттері келтірілген. Егер осы баптың мазмұнына назар аударсақ, онда бұл қылмыстың құрамында 107 баптағы азаптаудың барлық белгілері бар екендігін байқауға болады, сондай-ақ жоғарыда аталған бөлімдерде 103, 104 баптардағы денсаулыққа орташа және ауыр зардап келтірудің, сонымен қатар 101 баптағы абайсыздықта қаза келтірудің құрамы толық қамтылғанын көруге болады. Мұндай жағдайда 347-1 бабы 101, 103, 104, 107 баптардағы қылмыстың құрамын қайталайды деуге болады. Қылмыстық заң нормаларының осындай бір-бірімен жақындығын және олардың бірін-бірі қайталайтынын немесе бәсекелестік көрсететінін білгеннен кейін жасалған қылмыс қандай норма бойынша квалификациялануы керек немесе барлық бәсекелес нормалар қолданыла ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұраққа жауап беру ҹшін алдымен қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі бәсекелес нормалар мағынасы Және көлемі бойынша бір-бірінен ажыратылатынын білу керек. Б.А. Куринов бәсекелес нормаларды 1) жалпы және арнайы нормалар, 2) арнайы нормалар, 3) бүтін және бөлік нормалар деп үш түрге бөледі, бірақ оның пікірінше барыншаанық бөлінетін нормалар 1) жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі, 2) арнайы нормалардың бәсекелестігі болып табылады.1 В.Н. Кудрявцев қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі нормалардың арасында 1) жалпы және арнайы 2) бүтін және бөлік нормалардың бәсекелестігі кездесетінін келтіреді.


Қорытынды.

Қорыта айтқанда, құқықтық қатынастар адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиеді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғам-дағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде мақсаттары түрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым қатынастарға шектеу қойылды.



Құқықтық қатынастардың өмірге келуінің, өзгеруінің, ескіруінің, жаңаруының, дамуының заңды себептерінен басқа үш бөлімнен тұратын негізі болады: нормативтік актілер, заңды себептер, субъективтік кұқық. Осы күрделі үш негіздер арқылы құқықтық қатынастар дамып, нығайып қоғамның объективтік даму процесін реттеп, басқарып отырады. Құқықтық қабілеттілік пен әрекеттілікке заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса, ешкімге шектеу қойылмайды. Адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады: Реттейтін құқықтық қатынастар субьектілердің заңға сәйкес мінез-құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соған сәйкес мінез-құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тәртібінің негізін құрайды. Бұларға жататындар: мемлекеттік, мүліктік, отбасы, еңбек т.б. құқықтық қатынастар.

Қорғайтын құқықтық қатынастар субьектілердің заңсыз әрекетінің салдарынан пайда болады. Оның мақсаты қоғамдық тәртіпті қорғау, кінәліні жазалау, сөйтіп әділдік орнату.

Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі) болады. Басқалардың барлығы міндеттітарап болып саналады. Мысалы, бұларға меншікке байланысты қатынастар жатады.

Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі (сатушы мен сатып алушы) болып келеді.

Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс қатынастар моральдық, әдет-ғүрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.

Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Құқықтық қатынас мемлекеттік кепіддіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан белгілері:

Құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің кұқықтары мен міндеттері, дүрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының кұқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады. Субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды. Егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер
қүқықтың жүйе саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді:
мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.

Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.

Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, саудасату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.

Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына қарай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын кұқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның қүқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады.

Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді. Құқықтық қатынастар құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде иайда болады. Құқықтық қатынас бұл субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар, мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіптерді жақсартуға мүмкіншілік жасайды. Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, занды міндеттер.

Субъективтік құқық бар жерде сонымен бірге занды міндеттер болады. Бұл екеуі бір-бірінсіз бола алмайды. Себебі қатынастардың көпшілігінде екі жақты субъектілердің құқықтары бар және соған сәйкес екі жақты субъектілердің міндеттері бар. Олардың дүрыс орындалуын қамтамасыз ету субъектілердің өздерінің іс-әрекетіне, жұмысына байланысты. Егерде әр субъект өзінің тиісті міндеттерін дұрыс, уақытында орындаса, онда сөз жоқ құқық та дұрыс уақытында орындалады деуге болады. Жекелеген субъектілермен ұйымның құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігінің айырмашылығы мақсаттары мен міндеттеріне байланысты тежеледі, себебі сол үшін құрылып қызмет істейді. Әр түрлі ұйымдардың қызметі заңдармен не болмаса олардың меншік ережелерімен белгіленеді. Ережелер мемлекеттік билік органдармен рұқсат етілген және оның құқықтық негіздеріне қайшы болмауы қажет. Әржақты осындай қызметтеріне қарамай ол жалпы не болмаса жекелеген адамдардың мүдделерін құқықтық қатынас субъектілері ретінде қанағаттандыруға бағытталған. Ұйымдардың құқығы және міндеттері қатаң түрде олардың атқаратын қызметтеріне қарай анық белгіленген. Сол қалыпта ұйымдардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі іске асырылады. Ұйымның әрекеттілігі тікелей ұйымның атынан шыққан өкілдер лауазымды адамдардың белгілі қимылдарынан көрінеді.

Құқықтық қабілеті бар субъектінің жасына байланысты. Барлық мемлекеттердің заңдары азаматтың кәмелеттік жасын анықтайды, себебі сол жасқа толғаннан кейін жеке адам әрекеттілік жағдайда болады, яғни өзінің қимылымен толық көлемде азаматтық құқыққа ие болады және өзі үшін азаматтық міндеттерді белгілейді (азаматтық әрекеттілік). Тең жағдайда адамның заңмен саяси есейгендік жасы белгіленеді, сол арқылы азамат саяси құқыққа ие болып, соған сай міндеттерді атқарады (мысалға, мемлекеттік органдарға сайлауға және құқығы бар, депутат болса халықтың алдыңда есеп беруге міндетті). Барлық елдерде тұрмыс құру жасы белгіленген. Субъектінің жасына байланысты оның әрекеттілігі толық не болмаса тежеулі болады. Мысалы, кәмелетке толмағандар келісімді тек ата – аналарының рұқсатымен жасайды. Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушыларының субьективтік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормаларымен заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге) сәйкес туындайтын, ерік ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық субьектісінен, субьективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас обьектісінен (затынан) тұрады.


Құқықтық қатынас


Құқықтық-қатнас мемлекеттік кепілді құқықтық норма арқылы басталатын екі жақты құқығы мен міндеті бар қоғамдық қатынас



Құқықтық қатынастың басталу себептері



Құқықтық

норма







Құқықтық қабілет және әрекеттілік




Заңды шарттар себептері



Қоғамдық қатынастың тек құқықтық нормамен реттелуі






Құқықтық қатынастың белгілері




Қоғамдық қатынастың субъектілерінің екі жақты құқығы мен міндетінің болуы









Субъектілер қоғамдық қатынасты өз еріктерімен бастауы







Қоғамдық қатынастың мемлекеттің бақылауында болуы және ерікті орындалмаса, еріксіз орындатылуы

Құқықтық қатынастың құрлымы




Құқықтық қатынастың құрымы төрт элементтен тұрады





Субъект




Объект




Субъективтік құқық



Заңды тұлға; мемлекеттік органдар, заңды тіркелген бірлестіктер, одақтар, ұжымдар , ұйымдар




Адамдар, азаматтар жеке тұлғалар




Заңды міндет


Құқықтық қабілет-адамның туған күннен бастап құқығы мен міндеті болуы




Әрекеттілік-адамның қолынан іс келетін, қоғамдық қатынастың субъектісі болып, құқығы мен міндетіне өзі жауапты болуы



Діншілдік





Жалпылама әрекеттілік




Арнаулы әрекеттілік




Әрекеттіліктің шектеулері





Кәмелеттік жасқа толмаса





Денсаулығы нашар болса




Туысқандық қандас болса

Құқықтық қатынастың субъектілерінің құқығы мен міндеттері


Құқықтық қатынастың субъектілерінің

Құқықтары





Қатынасты өз еркімен бастау құқығы





Екінші субъектіден міндетін дұрыс орындауды талап етуге құқылы




Құқықтық қатынас дұрыс орындалмаса мемлекеттік органнан жәрдем сұрауға құқылы

Құқықтық қатынас субъектілерінің міндеттері





Белсенді міндеттер:

Құқықтық қатынасты, нораьивтік актіде көрсетілгендей, бұлжытпай орындау






Сылбыр міндеттер:

нормативтік актіде көрсетілген шектеу-тыйымдарды болдырмауға тырысу






Құқықтық қатынастың субъектілері өздерінің құқығын және мідеттері орындау барысында басқа азаматтардың құқығымен бостандығына нышан-зиян келтірмеуге міндетті




Құқықтық қатынастың обьектілері



Құқықтық қатынастың объектісі




Қоғамдық қатынаста субъектілердің өздерінің құқығы мен міндеттерін орындау барысындағы іс-әрекеттері



Затпен байланысты қарым-қатынас




Затсыз құқықтық қатынас

Субъектілердің өз мүддесін материалдық мақсатын орындау барысындағы іс-әреті, жұмыстары т.б.

Басқару органдардың, бірлестіктердің, адамдардың т.б. қоғавмдық қатынаста өздерінің құқығы мен міндеттерін орындау бағытында іс-әркеттері.


Құқықтық қатынастың мақсат-мүддесі




Адамдардың, ұйымдардың материалдық, рухани, саяси, әлеуметтік т.б. заңды мүдде-мақсаттарын орындау, дамыту нығайту



Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеудің механизмі

Түсінігі




Қоғамдық қатынасты құқық жүйесінің дұрыс реттеу механизмі



Құқықтық норма қатынасты заңды реттеудің нормативтік негзі






Құқықтық қатынас-қоғамдық қатынас субъектілерінің құқығы мен міндеттері туралы заңды норманың жалпы нұсқауын анықтау шаралары


Жеке құқықтық аккт нақты өмірлік жағдайда ресми мемлекеттік органның заңды норманы қолдану актісі




Құқықтық тәртіп-қоғамдық қатынаста адамдардың өздерінің құқығы мен міндеттерін орындауы



Құқықтық сана-сезім, оның қоғамдық қатынасты құқықтыққ реттеуге тигізетін әсері



Қолданылған әдебиеттер


  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995.

  2. ЌР Ќылмыстыќ кодексі. 2008.

  3. ЌР Азаматтыќ кодексі. 31 шілде 1997.

  4. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егеменділік туралы Декларациясы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1990.№44.

  5. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Жаршы. 1991.№51.

6. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 16 қазан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса Парламент Жаршысы, 1995. №10; 1999. №5; 2008№8.

  1. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса Парламент Жаршысы,1995. №12; 1999. №5.

  2. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса Парламент Жаршысы,1995.№12; 1999.№5.

  3. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жыл Егемен Қазақстан, 2000. 30 желтоқсан.

10.Ағдарбеков Т. Мемлекет жєне құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

11. Баймаханов М.Т. и др. Заимодействие правового сознания с моралью и нравственностью в обществе переходного периода. Алматы 1995.

12. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ., Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет біліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды 2001.

13. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы 2001.

14. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 2005

15. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996

16. Есімқұлов С.Т. Мемлекет және құқық теориясы. Шымкент 2006.

17. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999


18. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құық теориясы. Алматы, 1998.

19. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

20. Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998

21. Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

22. Лазарев В.В.. Общая теория права и государства. Москва, 1996

23. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

24. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва,1996 , 1998.

25. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы 1998.

26. Шынтемірова Б.Ғ., Шайхиев Т.Т. Құқық теориясының негіздері. Алматы 1999.






жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау