Құқықтары: ұлттық заңнаманы, халықаралық стандарттар мен құқық қолдану



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
бет11/19
Дата25.11.2017
өлшемі0,55 Mb.
#1766
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

24

қызметіне қатысу жолымен іске асырылады. «Қоғамдық бірлестіктер туралы»

55

 1996 жылғы 



31 мамырдағы № 3-1 Заңға сәйкес кәсіптік одақтар құруға Қазақстан Республикасының аза-

маттары ғана ұйтқы бола алады. Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен еңбек миг-

ранттары, егер ұйымның жарғысында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар-

дың


56

 мүше болуы тікелей көзделген болса, тіркелген кәсіптік одақтарға мүше бола алады. 

Бұған қоса, елде басқа мемлекеттердің кәсіптік одақтарының қызметіне, сондай-ақ кәсіптік 

одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық 

ұйымдардың

57 


қаржыландыруына жол берілмейді. ХЕҰ-ның №87 Конвенциясының орын-

далуын  бақылау  аясында  ХЕҰ  Сарапшылар  Комитеті  кәсіподақты  қызметкерлердің 

халықаралық бірлестіктері тарапынан қаржыландыруға тыйым салатын заңнама Конвенция 

қорғайтын құқықты бұзатынын анықтап, Қазақстан Үкіметіне сәйкес ережелерге түзетулер 

енгізу туралы сұрау салды

58



Сонымен  бірге,  еңбекші-мигранттардың  ұжымдық  келіссөздер  жүргізуге  құқығы 

жағдайында,  негізгі  мәселе  олардың  кәсіподақтарға  қатысу  құқығының  шектеулілігі 

емес,  жұмыспен  қамтылуының  уақытша  сипаты  болса  керек.  Бұған  қоса,  Қазақстан 

Республикасының  Еңбек  кодексі  белгілі  бір  жағдайларда  кәсіподақтарға  ұжымдық 

келіссөздер  жүргізу,  ұжымдық  шарттар  жасасу  және  олардың  ережелерінің  орындалуын 

бақылауға қатысты шектеулі құқықтар береді, мәселен, ұжымдық еңбек дауларына бастама 

көтеру  құқығы  негізінен  кәсіптік  одақтарға  емес,  қызметкерлердің  жалпы  жиналысына 

берілген


59

. Уақытша қызметкерлерге қатысты ХЕҰ-ның Бірлестіктер Бостандығы жөніндегі 

Комитеті уақытша қызметкерлердің ұжымдық келіссөздер жүргізуге мүмкіндіктері болуы 

тиіс деген қағиданы ұстанады

60



55  10-бап. 



     56  Қоғамдық біолестіктер туралы  Заңның 11-бабы. 

     57  Қазақстан Республикасы Конституциясы 5-бабының 4-тармағы. 2000  жылғы 7 маусым-

да қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің № 4/2 “Қазақстан Республикасы 

Конституциясының 5-бабының 4-тармағының ресми түсіндірілуі туралы” қаулысында былай көрсетілген: 

“Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабы 4-тармағының “...саяси партиялар мен кәсіптік 

одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шетелдік мемлекеттер мен халықаралық 

ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді” делінген нормасын саяси партиялар мен кәсіптік 

одақтардың ақша қаражаттары мен басқа да материалдық құралдарды алуына құқықтық тыйым ретін-

де түсінген жөн ”. 

     58  Конвенциялар мен Ұсынымдарды қолдану жөніндегі Сарапшылар Комитетінің есебі, Ескерту, 

КҰҚСК 78-ші сессиясы, 2007. 

     59  Еңбек кодексінің 288-бабының 1-тармағы.  

     60  ББК Шешімдер Дайджестінің 906-параграфы, 2006 жылғы редакцияда.


2

V. ЕҢБЕКШІ-МИГРАНТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК 

КІРІГУІНЕ ЖӘРДЕМДЕСУ

Еңбек  көші-қоны  жөніндегі  қабылдаудан  соң  мемлекеттік  саясат  еңбекші-мигранттар-

ды жал бойынша жұмыс еліне әлеуметтік кіріктіру шараларын әзірлеу және іске асыруға 

бағытталады. Еңбек көші-қоны уақытша жағдай ретінде түсінілетін Қазақстанға қатысты, 

бұл  тәсіл  негізінен  «ұзақ  мерзімді»  мигранттар  мен  елге  тұрақты  мекендеуге  келген 

мигранттарға бағдарланған. Алайда, әлеуметтік кірігу, кемсітушіліктердің алдын алу және 

отбасылардың қайта қосылуы мәселелерін уақытша және маусымдық еңбекші-мигранттар 

қатысында да шешу қажет әрі маңызды. 



5.1. Кемсітушілік мәселелерін шешу

Кемсітпеушілік қағидасы (нәсілі, этникалық тегі, жыныс, діни және т.б. белгілері бойын-

ша) Адам құқықтары туралы халықаралық биллде (Адам құқықтарының жалпыға ортақ де-

кларациясы, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакті, Экономикалық, 

әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар  туралы  Халықаралық  пакті)  және  түрлі  тақырыптағы 

адам құқықтары жөніндегі бірқатар халықаралық келісімдерде бірдей қолданылады және 

танылған. Ол еңбекші-мигранттардың әлеуметтік бірлесуі және кірігуі жөніндегі саясатты 

іске асырудың негізгі шарты болып табылады.

Жоғарыда, 1.2 - және 3.1 -тарауларында көрсетілгендей, Қазақстан кемсітпеушілік ере-

желерін қамтитын бірқатар халықаралық конвенциялардың тарапы болып табылады. Бұған  

қоса, бұл қағида конституциялық норма ретінде мойындалған. Қазақстан Контитуциясының 

14-бабының  2-тармағында  «ешкім  де  шығу  тегі,  әлеуметтік,  лауазымдық  және  мүліктік 

жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, діни көзқарасы, сенімі, тұратын жері немесе кез кел-

ген  өзге  де  жағдаяттар  уәждемесі  бойынша  кемсітушілікке  ұшырауына  болмайды»  деп 

көрсетілген. Кемсітушілікті болдырмау мәселесі көші-қонды реттеу қағидаларының біреуі 

ретінде көші-қон туралы ұлттық заңнамада да көрініс тапты. Халықтың көші-қоны тура-

лы Заңның 3-бабына сәйкес көші-қонды реттеу басқалармен бірге, шығу тегі, әлеуметтік, 

лауазымдық  және  мүліктік  жағдайы,  жынысы,  нәсілі,  ұлты,  тілі,  діни  көзқарасы,  сенімі, 

тұратын жері немесе кез келген өзге де жағдаяттар уәждемесі бойынша қандай да болмасын 

кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді. Жоғарыдағы уәждер бойынша адамның (азаматтың) 

құқығы мен бостандықтарын тікелей немесе жанама шектеу Қазақстанда қылмыстық жа-

заланатын әрекет

61

 деп танылады. Жалпы, кемсітпеушілік қағидасын қамтамасыз ету елде, 



ең  алдымен,  тиісті  заңнамалық  тыйымдарды  белгілеу,  оларды  бұзушылықтарға  қатысты 

сот және соттан тыс қорғау құралдары, сондай-ақ кемсітушілікке қарсы ережелерді бұзған 

адамдарды қылмыстық қудалау арқылы жүзеге асырылады.

61  Қылмыстық кодекстің 141-бабы.



жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау