9
адамдардың арасында 50-60% кездеседі. Артериалдық қысымның созылмалы
көтерілуі жүректің, мидың, бүйрек пен тамырлардың жұмысын бұзуы мүмкін.
Әр 7-ші қазақстандықта қандай да бір ҚЖА бар. Дүние жүзілік
денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша Қазақстанда 2012 жылы
барлығы 158 000 адам өлім-жітімге ұшыраған, оның ҚЖА салдарынан
болғаны 54%. Бүгінде ҚЖА салдарынан Қазақстанда күн сайын 100 адамға
жуық өлім-жітімге ұшырайды.
1 сурет. Холестеринді түйіндақпен зақымданған қантамырларының
сұлбалық бейнесі.
Қан айналымы жүйесі ағзаларының ауруларын туындатуға себеп
болатын тамақтану және басқа факторлар
1. Жеңіл сіңетін қарапайым (жылдам)
көмірсулар
Қан айналымы жүйесі дертінің пайда болуының басты себептерінің бірі
– қандағы инсулин мөлшерінің артуы. Өз кезегінде, инсулиннің артуының
себептерінің бірі - жеңіл сіңетін көмірсулары мол тағамды тұтыну. Оларға
жататын өнімдер: қант, жоғары және бірінші сұрыпты ұн, тазартылған күріш,
кондитерлік өнімдер, фри-картобы және чипсілер, дайын таңғы астар,
калориялы сусындар (тәтті
газдалған сусындар, зауыттық
шырындар, т.б.).
Қандағы инсулин мөлшерінің артуы организмде кейбір жағымсыз
механизмдерді іске қосады, олар түбінде қантамыр қабырғаларын зақымдап,
оларда холестерин түйіндақтарының түзілуіне апарады.
Күнделікті қантты тұтынудың мүмкін мөлшері – 4-6 қасық, дайын
өнімдердегі жасырын қантты қосқанда.
2. Тағамдағы холестериннің артық
мөлшері
Атеросклероздық түйіндақтарда холестерин қайдан пайда болады?
Холестерин организмге екі жолмен түседі:
10
1)
тағаммен, жануар тектес
өнімдердің құрамында,
2) организмнің өзінде түзіледі, атап айтқанда, бауырда.
Тағамдық холестериннің көздері:
• Жануар майлары (сиыр, қой, шошқа, тауық, сүт майлары, балық пен
жылқы майынан басқа);
• ет, құс етін және балықты қоса;
• жұмыртқа;
• балықтың уылдырығы;
• шұжық өнімдері;
• ми;
• бауыр.
Тағамнан холестериннің артық түсуі «нашар» холестериннің
қалыптасуын және оның қантамырлар қабырғаларында жинақталуын
ынталандырады.
Сондықтан, құрамында холестерин бар өнімдерді аздап тұтынған жөн,
тәулігіне тағамнан холестериннің 300-400 мг мөлшері ғана түсуі қажет.
3. Тұздың артық
мөлшері
Тұзы артық тағам организмнің тіндерінде судың іркілуіне апарады, бұл
артериалдық қысымның артуына және ісінулердің пайда болуына ықпал
етеді.
Сонымен
қатар,
тұздың
артық
болуы
қантамырларының
созылымдылығын нашарлатады және олардың «нашар» холестерин үшін
өтімділігін арттырады.
4. Зиянды майлар
Қаныққан майларды (сиырдың, қойдың, шошқаның, тауықтың) үлкен
мөлшерде тұтыну қандағы «нашар» холестериннің қалыптасуына ықпал
етеді, сәйкесінше, ҚЖА қаупін арттырады.
Мұндай майлардың қорытылуы қиын болғандықтан, олардың
қорытылуына жауапты бауыр мен ұйқыбезіне жүктеме түсіреді.
Бұл майлардды тұтынуды күніне 20-25 гр. асырмау қажет. Бұл
дегеніміз:
• еттегі көрінетін майды сылып тастау қажет,
• құстың терісін сылып тастап, жеу қажет, себебі, еттің өзінде жасырын
майдың жеткілікті мөлшері бар,
• шұжық өнімдерінен алшақ болған жөн, себебі, оларда зиянды май мен
тұздың мөлшері тым көп.
Сары май, негізінен, қаныққан майлардан тұрады, бірақ, ерекше
құрылымды, осыған байланысты жеңіл сіңеді. Ол - салауатты тамақтанудың