Іске асыру шеңберінде әзірленген



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет14/34
Дата25.12.2019
өлшемі2,14 Mb.
#24920
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34

 
 
40 
 
көптеген мектептерден тыс болуы мүмкін, мемлекеттік және жергілікті білім 
беру  органдарының  құзырына  жатқызылуы  мүмкін.  Дегенмен,  қарапайым 
тәсілді  қолданып,  көптеген  мектептер  нәтижеге  байланысты  кейбір 
мәселелерге  жауап  бере  алады.  Нәтижелерді  бағалау  саясатттың, 
бағдарламаның,  тәжірибенің  қысқа  және  ұзақ  мерзімді  нәтижелеріне  назар 
аударады, оны ішінде, мектеп деңгейіндегі өзгерістерге немесе оқушылардың 
білімінің,  көзқарасының,  машықтар  мен дағдыларының өзгерістеріне немесе 
денсаулыққа салдарына.  
Тамақтану  және  дене  белсенділігі  саласы  бойынша  саясат  пен 
тәжірибені  бағалау  үрдісін  өткізу.  Мектептер  салауатты  тамақтану  және 
дене белсенділігі бойынша өз саясаты мен тәжірибесін бағалауды өткізуі тиіс. 
Мектептер үшін бағалау үрдісі тақырыбына келесілер жатады:   
•  Мектепте мектеп медицинасы Кеңесі құрылды ма, салауатты тамақтану 
және  дене  белсенділігі  бойынша  ағымдағы  саясат  пен  тәжірибені  бағалау 
өткізіледі ме? 
•  мектептер мектеп әкімшілігінің өкілдерімен, мектеп қызметкерлерімен 
және  осы  саясатқа  қатысатын  басқа  тұлғалармен  салауатты  тамақтану  және 
дене  белсенділігі  бойынша  саясатты  дамыту,  іске  асыру  және  мониторинг 
жасау туралы ақпаратпен алмасады ма? 
•  Мектептер  мектептің  таңғы  асы,  түскі  асында,  салауатты  тамақтану 
бойынша  ағымдағы  ұсыныстарда  көрсетілген  өнімдермен  қамтамасыз  етуге 
ықпал  ететін  басқа  бағдардамаларда  қатысуды  ынталандыратын  қарым-
қатынастық және маркетинг жоспарын әзірлейді ме?  
•  Мектепте оқушылардың дене тәрбиесі бойынша сабақтардың көпшілік 
уақытында  белсенді  қатысуына  ықпал  ететін  оқу  стратегиялары  бойынша 
дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау өткізіледі ме? 
 
Салауатты  тамақтану  және  дене  белсенділігі  бойынша  саясаттың, 
бағдарламалардың,  тәжірибенің  нәтижелерін  бағалау  үрдісін  өткізу. 
Бағалау    үрдісі  мәселесіне  қоса  мектептер  саясатты,  бағдарламаларды, 
тәжірибені  іске  асырғаннан  кейін  болған  өзгерістерді  бағалай  алады. 
Нәтижелерді бағалау үрдісінің тақырыптары келесідей болуы мүмкін: 
•  Мектептегі тағам өнімдері мен сусындардың барлығы мектептегі тағам  
өнімдері үшін әзірленген тамақтану стандарттарына сәйкес келеді ме? 
•  Мектепте  қол  жетімділігі  артқаннан  кейін  оқушылардың  көкөністер 
мен жемістерді тұтынуы ұлғайды ма? 
•  Оқу жылы барысында күнделікті демалыста әр сынып оқушыларының 
барлығы қатысады ма? 
•  Дене  тәрбиесі  бойынша  іс-шараларға  қатыса  бастағаннан  кейін 
оқушылардың белсенділігінің деңгейі артты ма? 


 
 
41 
 
Нұсқаулық 1. Оқушыларды сауықтыру бойынша мектеп 
бағдарламасын әзірлеу 
 
1.1.  Оқушыларды  сауықтыру  бойынша  Мектеп Кеңесін  құру.  Әр 
мектепте  оқушыларды  сауықтыру  бойынша  Кеңес  құру  ұсынылады.  Кеңес  - 
оқушыларды  сауықтыру  бойынша  мектеп  бағдарламасын  құруға  жауапты 
топ. Кеңеске мектептің түрлі сегменттерінің өкілдері кіруі тиіс, оның ішінде, 
денсаулық  сақтау  саласының  және  дене  шынықтыру  мұғалімдері,  тамақтану 
қызметінің  қызметкерлері,  оқушылар,  оқушылардың  ата-аналары,  мектеп 
басшылығы,  және  мектеп  мейірбикелері.  Мектеп  Кеңесі  ай  сайын  жиналуы 
тиіс.  
Оқушыларды  сауықтыру  бойынша  Мектеп  Кеңесі  оқушыларды 
сауықтыру  бойынша  мектеп  бағдарламасының  саясатын,  тәжірибелік 
қызметін  және  қорын  басқару  үшін  Үйлестірушіні  сайлауы  тиіс.  Кеңес 
Үйлестірушісінің қызметі: 
●  Оқушылардың  денсаулығы  мен  қауіпсіздігіне  жауапты  мектеп 
қызметкерлерінің бірлескен жұмысына септестік ету; 
●  Аудандарда және басқа мектептерде денсаулық сақтау және қауіпсіздік 
бағдарламасына  жауапты  тұлғалар  мен  мектептің  арасындағы  байланыс 
құралы ретінде болу; 
●  денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы басымдылықтар туралы 
мектеп  директорына,  қызметкерлерге,  ата-аналарға  және  оқушыларға 
хабарлау; 
●  мектептегі  денсаулық  сақтау  және  қауіпсіздік  саласындағы  қызметті 
қолдау  үшін  сенімді  қаржыландыруда  (субсидия  алу)  немесе    басқа  қормен 
қамтамасыз етуге көмектесу
●  сауықтыру  бойынша  мектеп  бағдарламасының  материалдық  қорын 
басқару; 
●  мектептегі 
денсаулық 
сақтау 
және 
қауіпсіздік 
саласының 
материалдарын  дамытуда,  сондай-ақ,  оқу  материалдарын  таңдауда  септестік 
ету; 
●  Оқушыларды сауықтыру бойынша Мектеп Кеңесін ұйымдастыру және 
өткізу; 
●  Мектеп  қызмектерлері  үшін  кәсіптік  даму  бағдарламасын  енгізуге 
септестік ету; 
 
1.2.  Оқушыларды  сауықтыру  бойынша  мектеп  бағдарламасын 
әзірлеу.  Оқушыларды  сауықтыру  бойынша  Мектеп  Кеңесі  оқушылардың 
денсаулығын  нығайтуға  және  сақтауға  бағытталған  мектеп  бағдарламасын 
құруы тиіс. Бұл бағдарламада оқушылардың денсаулығын нығайту бойынша 
мектептің  алған  міндеттемелері  болуы  тиіс.  Оқушыларды  сауықтыру 


 
 
42 
 
бойынша мектеп бағдарламасын табысты іске асыру үшін маңызды:  
●  Осы нұсқаулықтың соңында келтірілген анкетаның сұрақтарына жауап 
беріп, мектептің ағымдағы жағдайын талдауды өткізу. 
●  Осы  нұсқаулықтың  соңында  келтірілген  жұмыс  кестесін  қолданып, 
бірлесе  отырып,  мақсаттар  қою  және  оларға  қол  жеткізу  стратегияларын 
таңдау.  Мақсаттар  іске  асырылатын  болуы  тиіс,  ал  оларға  қол  жеткізу 
стратегияларын таңдау қолда бар қорды қолдануға негізделуі тиіс.  
●  Оқушыларды  сауықтыру  бойынша  мектеп  бағдарламасына  үздіксіз 
мониторинг жүргізу.  
●  Мектеп 
қызметкерлеріне 
оқушыларды 
сауықтыру 
саласында 
біліктілікті арттыру бағдарламасын ұсыну. 
●  Нақты  мақсатқа  қол  жеткізуге  3-4  жыл  арнау.  Оқушылардың 
денсаулығын  сақтау  және  нығайту  бойынша  жұмыс  үздіксіз  жүргізілуі  тиіс, 
бірақ,  бұл  уақыты  жағынан  шектеулі  жоба  емес.  Бұл    -  салауатты  мектеп 
қоғамдастығын  құруға  бағытталған  үздіксіз  өзгеру,  дамыту  және  жетілдіру 
үрдісі.   
●  Атқарылған жұмысқа талдау жасау.   
 
1.3.  Оқушыларды  сауықтыру  бойынша  мектеп  бағдарламасының 
іс-шараларын  бағалау.  Оқушыларды  сауықтыру  бойынша  мектеп 
бағдарламасын бағалау  барысында Мектеп кеңесі іс-шараларды кім, қашан, 
қайда  және  қандай  көлемде  өткізгенін  анықтау  үшін  мәліметтерді  жинап, 
талдайды.  Іс-шараларды  бағалау  үрдісі  Мектеп  кеңесіне  оқушыларды 
сауықтыру бағдарламасын талқылауға және оған қандай жетілдіру шаралары 
қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді.   
Өткізілген  іс-шараларды  бағалау  мектептегі  нәтижелердің  немесе 
телімді  өзгерістердің  сауықтыру  бойынша  мектеп  бағдарламасының  тікелей 
нәтижесі  екендігін  анықтайды.  Нәтижелерге  мектеп  деңгейіндегі  (мысалы, 
мектеп ортасының, нормалардың немесе оқу бағдарламаларының өзгерістері ) 
және жеке деңгейдегі (мысалы, оқушының білімі, қатынасы, машықтары мен 
дағдылары) 
өзгерістер 
жатады. 
Іс 
-шараларды 
бағалау 
мектеп 
бағдарламасының  қысқа  немесе  ұзақ  мерзімдік  нәтижелеріне  назар  аударуы 
мүмкін,  оның  ішінде,  мектеп  деңгейінде  тәжірибе  жүзіндегі  өзгерістерге 
немесе 
оқушылардың 
білімінің, 
көзқарасының, 
машықтарының, 
дағдыларының  өзгерістеріне немесе денсаулыққа салдарына. 
 
 Бағалау 
мектеп  аудитына  немесе  деңгейге  бөлуге,  мектеп 
қызметкерлерін  жазалауға    (CDC,  2005)  қолданылмайды,  ол  мектептерді 
өзгеріс  енгізуге  ынталандыру,  мектептік,  аудандық  және  мемлекеттік 
деңгейде саясатты іске асыруға мониторинг жүргізу үшін қолданылады.  
 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау