14
1) Қант, ақ ұн және басқа жеңіл сіңетін көмірсулардың көздері
(кондитерлік өнімдер, т.б.). Жылдам көмірсулар неғұрлым аз мөлшерде
тұтынылуы қажет, себебі, олар организмдегі түрлі қабыну үрдістерін
қолдайды. Қантты қатерлі ісіктердің тыңайтқышы деп санайды, себебі,
қатерлі жасушалар глюкозамен қоректенеді.
2) Құрамында Омега-6 майлардың мөлшері мол болатын өнімдер.
Омега-6 май қышқылдары организмге белгілі мөлшерде қажет, бірақ,
шамадан артық тұтынғанда олар орагнизмде қабыну заттегінің өндірілуіне
апарады. Омега-6 майларын тұтынуды азайту үшін жүгері және мақта
майларын тұтынбаған жөн (олар негізінен, омега-6 майынан тұрады).
Күнбағыс майын қолданумен қатар зәйтүн майын жиі тұтынған жөн, себебі,
күнбағыс, соя, жержаңғақ майларындағы басты май – омега-6.
3) Маргарин, аспаздық тоң май, фаст-фуд, «жеңілдетілген» сары майлар
(спредтер) транс-майлардан тұрады. Олар организмде қабыну реакцияларын
туындатып, уыт секілді әрекет етеді, сондай-ақ, сау жасушалардың қатерлі
түрге ауысуына ықпал етеді, сондықтан, оларды тұтынбауға тырысу қажет.
4) Баяу еритін жануар майлары мен баяу қорытылатын ет
сұрыптарының (сиыр, қой, шошқа еттері – «қызыл ет» аталады) артық
мөлшері. Бұл өнімдер артық мөлшерде қабыну үрдістерін қолдайды.
Сондықтан, майсыз ет сұрыптарын таңдап, көрініп тұрған майларын сылып
тастаған жөн. Жануар майларын, оның ішінде, сары майды күніне 20-25 г-
нан аспайтын мөлшерде тұтынуға болады, Қызыл ет пен ішектің қатерлі
ісігінің арасында айқын байланыс бар екендігі анықталған. Сондықтан, қызыл
етті – аптасына 500 г-нан кем мөлшерде, күніне 200 г-нан асырмай тұтыну
қажет. Басқа күндері ас мәзіріне құс (терісін алып тастап), жылқы еттерін,
балықты қосқан жөн.
5) Алкоголь артық мөлшерде қатерлі ісік ауруларын туындатады, себебі,
этил спиртінің артық мөлшерінің жасушалық деңгейде зақымдайтын әсері
бар.
Құрамында канцерогендік заттектер бар өнімдер
Сау жасушалардың қатерлі ісік жасушаларына ауысуына ықпал ететін,
сондай-ақ, қатерлі ісік алды жасушаларын ынталандыратын заттектерді
канцерогендер деп атайды. Олар жасушалардың құрылымдарын зақымдайтын
әрекет етеді, осының нәтижесінде түбінде қатерлі ісіктер пайда болуы
мүмкін. Құрамында канцероген бар өнімдерді ұзақ уақыт бойы және көп
мөлшерде тұтыну онкология қаупін арттырады.
1) Қуырылған тағам. Қуыру кезінде қатерлі ісік алды жасушаларын
белсендіретін канцерогендер түзіледі. Бір майда қайталап қуыру қауіпті,
себебі, қайта қуырған кезде канцерогендердің шоғырлануы артады.
15
2) Гриль-еті, ашық отта қуырылған, әсіресе, қарайған қабықшаға
дейін күйдіре қуырылған. Оның ішінде, кәуаптар, себебі, оларда асқазан
мен ішектің қатерлі ісігін туындататын түрлі қауіпті заттектер түзіледі.
3) Консервілер, консервіленген етті қоса. Өнімдерді ұзақ мерзімдік
сақтау үшін түрлі сақтауыштар қолданылады, олар канцероген болуы
ықтимал.
4) Ысталған және сүрленген өнімдер (шұжықтар, ет, т.б.). Оларда ет
өнімдеріне қызғылт түс беретін және өнімнің сақтау мерзімін ұзартатын
сақтауыш - натрий нитриті болады. Ыстау кезінде өнімдерді өңдейтін түтінде
улы заттектер (формальдегид) болады.
5) Зауыттық сусындар (айс-ти, лимонадтар, кола, т.б.). Сусындар ұзақ
уақыт бойы сақталып, бұзылмас үшін өндірушілер оларға сақтауыштар
(мысалы, натрий бензоаты) қосады. Жасанды сақтауыштар қатерлі ісіктер
мен басқа аурулардың дамуына жағдай жасайды. Олардың денсаулыққа
зиянды әсер ету механизмдерінің бірі – жасушалардың генетикалық ДНҚ
аппаратының қызметін өзгертуі.
6) Көгерген және бұзылған өнімдерде канцерогендік уыттар болады.
Темекі түтіні. Көптеген мәліметтерге сай, жанып тұрған темекі
түтінінде 4 мыңнан астам түрлі химиялық қосылыстар бар, оның ішінде, 40-
тан астам канцерогендік және қатерлі ісіктердің дамуына ықпал ететін,
кемінде, 12 заттек (коканцерогендер) бар.
Алдын алу
Қатерлі ісік ауруларын
зерттейтін
Халықаралық
орталықтың
ғалымдары
онкологиялық
аурулардың
үштен
бір
бөлігі
дұрыс
тамақтанбаудан болады деген
пікірге келді. Рационнан қатерлі
ісіктерге ықпал ететін өнімдерді
алып тастау, және қатерлі ісікке
қарсы қасиеті бар өнімдерді
тұтыну ауруға шалдығу қаупін
азайтуға мүмкіндік береді.
Қатерлі ісіктерге қарсы қасиеттері бар өнімдер
Ғалымдар онкологиялық аурулардың алдын алу саласындағы
зерттеулер барысында қатерлі ісіктерден қорғанысты қамтамасыз ететін және
пайда болған ісіктердің өсуін тежейтін, қатерлі ісіктерге қарсы қасиеттері бар
өнімдердің қатарын анықтауда.
1) Балғын көкөністер мен жемістер. Олардың қорғаныс әсері көп жақты,
антиоксиданттарға (жасушалық құрылымдарды бұзуы салдарынан қатерлі
16
ісіктерді туындатуы мүмкін, жойқын молекулалар – бос радикалдарды
бейтараптандыратын заттектер) бай келеді.
2) Көк шәй. Ол қатерлі ісікті қоректендіретін қантамырлардың пайда
болуына кедергі келтіретін полифенолдарға бай келеді. Көк шәйді 10 минут
бойы демдеп, күніне 3-6 шыныаяқ ішу қажет. Демдегеннен кейін 1-2 сағаттан
соң көк шәйдің емдік қасиеттері жойылады. С дәрумені мол (күшті
антиоксидант) болғандықтан, лимон қосып ішкенде, көк шәйдің әсері күшейе
түседі.
3) Қырыққабат. Қырыққабаттың барлық түрлері қатерлі ісіктердің
дамуына ықпал ететін гендердің белсенділігін тежейтін, сондай-ақ, кейбір
канцерогендерді бейтараптандыруға қабілетті заттектерге бай. Құнды
қасиеттерін сақтау үшін оны ыдыстың қақпағын жауып, буда өңдеу немесе
табада зәйтүн майымен сәл қуырып, әзірлеген жөн. Қайнатқанда
қырыққабаттың құрамында болатын антиоксиданттар бұзылуы мүмкін.
4) Куркума және зімбір. Зімбір, куркума, карри татымдығы (оның басты
құрамбөлігі - куркума) – қабынуға қарсы табиғи құралдар.
5) Пияз бен сарымсақ кейбір канцерогендердің әрекетін азайтады,
қатерлі ісік ауруларында ісіктің өсуіне кедергі келтіреді.
6) Қызанақтың қатерлі ісікке қарсы әсері құрамындағы ликопинге
байланысты, ол көптеген онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін
азайтады. Ликопин қыздырумен өңдеуден кейін бөлінеді, бұл заттек зәйтүн
майымен бірге тиімдірек сіңеді.
7) Жидектер. Құлпынайда, таңқурайда, қарабүлдіргенде және анарда
эллагин қышқылы бар, ол ісікті қоректендіретін қантамырлардың өсіп-өнуіне
кедергі келтіреді, сондай-ақ, организмнен уыттарды шығаруға ықпал етеді.
Шиенің құрамында глюкар қышқылы болады, оның уытсыздандыру қасиеті
бар. Қызыл және күлгін жүзімде антиоксиданттық және қабынуға қарсы
әрекет ететін ресвератрол болады.
8) Бірінші суық сығымдау арқылы алынатын зәйтүн майында
онкологиялық аурулардың дамуын бәсеңдететін антиоксиданттардың мол
мөлшері бар. Оны тұтыну нормасы күніне 1-2 ас қасық.
9) Омега-3 май қышқылдарына бай өнімдер. Омега-3 майларының
қабынуға қарсы қасиеттері бар. Олар зығыр тұқымында, кейбір жаңғақтарда,
балықта және теңіз өнімдерінде мол кездеседі.
10) Бұршақ тұқымдастар. Бұршақ тұқымдастардың гликемиялық индексі
төмен, бұл қатерлі ісіктің алдын алуда және науқастардың емдік
тамақтануында маңызды. Оның үстіне, фитохимиялық заттектер ісіктің
өсуімен күреседі.
Салауатты өмір салтын ұстану (темекі мен алкогольден бас тарту), сәйкес
емдәм, көкөністер мен жемістерді мол мөлшерде тұтыну, дене белсенділігінің
жеткілікті деңгейі арқылы қатерлі ісіктердің 40-80% жағдайының алдын алуға
Достарыңызбен бөлісу: |