Іsbn 9965-412-71-5 Иманғазинов М., 2009 кiрiспе а нтика


Отырса, бұрынғыдай жау бола ма?



жүктеу 1,83 Mb.
бет15/20
Дата29.01.2020
өлшемі1,83 Mb.
#27571
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Отырса, бұрынғыдай жау бола ма?



Соны ойлап, қызыл жеміс мен таңдадым,

Берсеңіз, жемек болып бел байладым.

Топа-торсақ бұл сөзді айтқаным жоқ,

Басында-ақ ойлап тегін абайладым”дейді.
Осы оқиғадан кейін, Қызыр баба Масғұттың жауабына риза болып, оған бата беріп, хош айтысады. Көп ұзамай Масғұттың тасы өрге домалап, халық ішінде сый-құрметке бөленіп, халифаға үәзір болады. Біраз уақыт өткен соң, Масғұттың түсіне Қызыр баба еніп, оған аян береді. Пәлен күні жаңбыр жауып, сол жаңбырда үлкен кесапат барын, сол суды ішкен адам жеті күн жынды болып, жеті күн өткесін оңалатынын, сен ертерек таза суды толтырып ал деп ескертеді. Қызырдың сөзін құп алған Масғұт пен халифа таза суды алдын-ала дайындап, жауар жаңбырды күтеді. Үәделі күні жаңбыр жауып, соны ішкен адамдардың бәрінің есі ауып кетеді. Хан мен үәзіріне келгенде “бір кеселге, байғұстар жолығыпсың, үйлеріңе барып, ұйықтаңдар!” деп, шығарып салады. Жиналған көпшілік ханы мен үәзірі ақылдан айырылыпты, енді екеуін өлтірейік деп шешеді. Оқиға соңында, Қызыр баба алдын-ала ескерткеніне қарамастан, халиф екеуі де аспанннан жауған жаңбырдың суын ішіп, ел-жұрт секілді естерінен адасып, ақылсыз күйде өңкей жындының ортасына түседі.

Екі поэманың авторлары Парис пен Масғұттың алдында таңдау тұрғанда әйел затын таңдап алулары оқиғаны шиленістіреді. Егер екеуі байлық пен билікті таңдап алғанда, оқиға желісі басқа бағыт алар еді. Екеуі де бақытты өмір кешіп, финалы да негізгі кейіпкерлердің пайдасына шешілер еді. Бірақ авторлардың алдына қойған мақсаты бұл емес еді. Олардың ойы – адамзат жаралғалы бері әйел затын, асыл махаббатты жоғары қоятындықтан, материалдық жағдайдан гөрі, осы сұлулықтың символы мен сүйіспеншілікті алдыға қойып, сол үшін күрестің зая кетпейтінін, тіпті өмірді қиып кету қиын емес деген идеяны алдыға тартқан болса керек.

Енді Абайдың “Масғұт” мен Гомердің “Илиада” поэмаларының оқиға шиленісіне көңіл қойсақ, негізгі идея – әйел затының төңірегінде топтасады. Біріншіден – “Илиада” поэмасының бастауында соғыс өртінің тұтану себебі – Менелайдың әйелі Еленадан басталса, ол үшін бүкіл ел, мемлекет, ағайын-туыс, тіпті Паристің өзі де мерт болса, “Масғұт” поэмасында Масғұттың әйелді таңдап алуы, қаншама билігі мен байлығы болса да, оны бақыт жолына апармай, ел-жұртпен бірге есі ауып, солардың жетегінде кетеді.

Әрине, “Илиада” мен “Масғұт” поэмаларының идеялары мен композициялық – тақырыптық желілерінің әрқилы екені, түсінікті жайт. Бірақ кей ортақ бейнелеулер мен мазмұндық оқиғасының, кейіпкерлердің ортақ түсініктері, ішкі ой-толғаныстары, авторлардың алдына қойған бағыт–бағдарының ұқсас екендігін айқындау еді.

Енді “Илиада” поэмасына қайта келер болса, осы оқиғадан кейiн Парис қалаға келiп, Приамның ұлдары Гектор мен Геленнен отарынан алған қозыны алып қайтпақ болғанда, қарындасы, сәуегей Кассандра бауырын танып қояды. Приам мен Гекуба ұлдарының үйге келгенiне қуанып, сәуегейдiң айтқан сұмдықтарын ұмытып, Паристi патша сарайында қалдырады. Өйткені, Гекубаның ұзақ жылдар бойы, өзінің жаңа туған баласын айдалаға тастап кеткені үшін қамығып, ойлап, көз жасын тый алмай жүргені Приамға да ауыр тиетін. Бірақ, қарындасы Кассандра Паристің сарайға оралуына үзілді-кесілді қарсы болып, алдағы сұмдықты болжап айтса да, оның сөздеріне ешкім де мән бермейді. Көп ретте Кассандраның болжауына ел-жұрт сене бермейтін.

Афродита берген уәдесiн орындамақ болып, Париске кеме салдырып, Грекияға Спартаның патшасы Менелайға баруды ескертедi. Кеме салынып бітіп, Парис досы Энеймен бірге Спартаға аттанбақ болғанда, алдыларынан Приамның көреген ұлы Гелен шығып, көсе-көлденең тұрып, оларды осы сапардан айнуларын сұрайды. Бірақ, Афродитаның құдіреттілігінің әсерінен олар қиын да қатерлі жолға шығады.

Жоғарыда “Масғұт” поэмасында Қызыр баба Масғұтты үнемі қауіп-қатерден сақтандыру үшін, аян беріп, жанын аман сақтап қалуды ойласа, Афродита керісінше, махаббат, сүйіспеншілік үшін Паристің болашығына немқұрайлылық көрсетеді.

Менелай Спарта патшасы Тиндарей (Тиндариус) мен әйелi Леданың қызы Еленаға үйленген едi. Еленаның сұлулығында шек жоқ еді. Ол Зевстің қызы. Бірақ Тиндарейдің отбасында өсіп, бой жетеді. Поэма желісінде Зевс Ледаға аққу құс кейiпiнде келiп (партеногенезис), ыстық құшағына алады, одан Елена мен Полидевк атты ұл-қызды сүйедi. Зевстің Ледаға аққу құс кейіпінде келуі айырықша мифтік мотив. Олай деуімізге себеп – қазақ мифология-сында осы аққу құсы жиі ұшырайтынын мифтік бейне. Аққу жөніндегі аңыздар ертегіде, жырда, поэзиялық туындыларда жиі қолданылады. Мәселен, ерте кездегі қазақ ауыз әдебиетіне үңілсек, аққулар қыздар бейнесі, су мақұлығы ретінде пері қыздары түрінде кездеседі. “Қорқыт ата” кітабының сегізінші жырында Аруз қожа бұлақ басында, аққу түріндегі перінің қызымен кездесіп, онымен көңіл қосады. Пері қызы кетерінде “аманатыңды келесі жылы осы жерден тауып аларсың” деп аспанға ұшып кетеді. Одан келесі жылы Төбекөз дүниеге келіп, Аруз қожа оны асырап алып, бағады. Есейген Төбекөз нағыз жаламауыз болып, ел-жұртқа, малға қырғидай тиеді. Түбінде Аруз қожаның баласы Бисат батыр оны өлтіріп тынады.

Бұл турасында В.М.Жирмунский: “Осындай сюжеттер (құс кейіпті (көбіне–көп аққу кейіпті) арудың киімінен айырылып қалып, күйеуге шығуға мәжбүр болуы, күйеуге шығар алдында болашақ күйеуіне белгілі бір шарт қоюы, осы шарт не әдейі, не абайсызда бұзылғаннан кейін оның қайтадан құсқа айналып ұшып кетуі) оғыз эпосындағы Сары шопан мен періден туған Төбекөз дәу туралы жырда да, Еуропа мен Азияның бірқатар халықтарының озал-аңыздарында да кездеседі” – дейді.

Асан қайғы – Саятшы Сәбитұлы турасындағы аңызды алсақ, сәуегейдің айтуынша, төрт өзен – батыста Еділ, Жайық, Сыр өзендері мен шығыста өр Ертіске қармақ сал, сол өзендерде қармағыңа ілінетін пері қызы сенің жан жарың болмақ, дейді. Перінің қызы тек өр Ертістің жағасында қармағына ілігеді. Сол перінің қызы да аққу құс еді. Сұлулығы мен ақылдылығында шек жоқ, тек бір айыбы – тілі жоқ еді. Асан пері қызының қойған шартын орындай алмағандықтан, аққу құсқа айналған қыз, аспанға ұшып, ғайып болады. Осыған қапа болып, азап шеккен Асан “қайғы” атанған екен деген халық арасында аңыз бар. Әдеби мұраларда оның басқа де себептері айтылады.

Байқағанымыздай – аққу құс көбіне қыз бейнесінде көрінеді. Ал Зевс ер адам болып, Ледаға аққу құс түрінде келіп, қосылған. Одан жоғарыда атап өткеніміздей – Елена мен Полидевк дүниеге келген.

“Арғықазақ мифологиясының” төртінші кітабында: “Мифологияда аққу – үш кеңістікте, яғни, суда, жерде, аспанда қозғала алады, сондықтан да үш кеңістікті жалғастыру қабілетіне ие аққуды мифтік медиаторлар қатарына жатқызады. Ең алдымен, аққу – су мақұлығы, оның төменгі дүниеге тікелей қатысы бар, сондай-ақ су, яғни ана-әйел бейнесі ретінде ол барлық арғықазақтық дәуірде белгілі бір шежірелік ана роліне ие болған, су текті бейнелерден бұл сипатқа барынша көп ие болған мақұлықтар екеу – аққу мен жылан, екеуі де түп – ана, екеуі де қыз бейнесімен ұштасып жылан-қыз, аққу-қыз бейнелерін береді”.

Аққу құсты негізге алып, оның айналасында сөз қозғауымыздың басты себебі – Зевстің аққу құсқа айналып, Ледаға қосылу мотиві, біздің етене қазақ мифіндегі сюжеттерде орын алғандығын атау орынды.

“Аққу – қыз мотивін негізге алып салыстырар болсақ, грек мифіндегі нақты “аполлондық оқиғалардағы” Зевсті қазақтағы Баба-түкті-шашты-әзіз бейнесімен салыстыруға болады” – дейді, де ой-пікірін мынадай мәселелермен толықтырады: “Бұл жағдайда Летоның бейнесі қазақы мысалдардағы аққу-қызға, яғни, пері қызына сәйкес болып шығады. Баба-түкті-шашты-әзіз өзіне қойылған шартты бұзған соң, пері қызы аққуға айналып ұшып кетеді де, кетерінде не біраз уақыт өткен соң ішіндегі (құрсағындағы) баласының қай жерде (дарияның жанындағы ағаштың үстіндегі самұрық құстың ұясында, тоқсан жолдың торабында, т.б.) болатындығын айтып кетеді. Летоның кетіп қалып, Аполлонды “аралда” тууы оқиғасы да осы сарындас. Яғни, эпостық “пері қызынан туған” Едіге мен Аполлон бірдей болып тұр. Егжей-тегжейлік ауытқулардың болуына қарамастан, Аполлон оқиғасы да, қазақы пері қыз оқиғасы да бір архетиптік сюжетті қайталап тұр”.

Мифтік сюжеттердегі Зевс пен перінің қыздарынан дүниеге келген пенделер адамзат үшін көп ретте жайсыздық әкелетінін байқау қиын емес. Зевс жөнінде мифте жоғарыда сөз еткеніміздей, Зевсті “Қазақ әдебиетi” газетiндегi Бақыт Әбжеттiң “Дию, перi, мыстан” атты зерттеу мақаласында оны “дәу” сөзiмен байланыстырады. Қисынды пiкiр болғаннан кейiн, оның қысқаша мәтiнiн берудi жөн көрдiк: “Бұл атау Еуразия халықтарының барлығында кездесетiн жалпылама атау. Мұның ең ежелгi адамдардың санасында пайда болғаны дау тудырмайды. “Дәу” сөзi түркi халықтарында дәу, дию деп аталса, Авестада daeva, пехлеви тiлiнде dev, ескi үндi тiлiнде deva болып айтылады. Барлығының да бастапқы мағынасы Құдай дегендi бiлдiредi. Ол жайлы Иран ғалымы Әли Әкбар Деһода былай дейдi: “Дию-шайтан мен iбiлiстiң бiр түрi. Бұл сөз ежелде арийлықтардың құдайларының тобынан бөлiнiп шыққан. Кейiн зоратуштра дүниеге келiп және жалғыз құдай Ахура мазда белгiлi болған соң, ескi дәуiрдiң құдайлары тура жолдан тайдырушы немесе адастырушы шайтандар деп ұғындырылған. Алайда, “дию” сөзi ирандық тайпалармен тығыз қарым-қатынаста болған Үндi мен Еуропаның көпшiлiк халықтарында сақталып қалған. Мысалы, deva үндiлерде әлi де құдай мағынасында қолданылады. Devs латындардың құдайының аты.

Zevs гректерде үлкен құдайдың есiмi. Diev сөзi француздарда да сол мағынаны бередi” – дейдi.

Бұл дерекке қарғанда, Зевс дәу, дию іспеттес тұлға. Одан дүниеге келген Елена үшін қаншама ахейлік, трояндық жауынгерлер, небір халықтар қырылады. Ал қазақ мифіндегі періден туған Төбекөз оғыздардың сан мыңдаған адамдарын жеп, малдарын қырғынға ұшыратады.

“Илиада” поэмасының келесі сюжетінде, Елена мен Полидевкке дейінгі уақытта Тиндарей мен Ледадан Клитемнестра мен Кастор дүниеге келедi.

Клитемнестра – Грекияның алтын қақпалы Микены қаласының патшасы, Грекия жауынгерлерін Трояға бастап барған қолбасшы, Менелайдың ағасы Агамемнонның әйелі. Менелай Еленаға қосылған соң, Агамемнонның бажасына айналады. Бұған дейінгі оқиғада Тиндарейдің сарайында өсіп, бой жеткен Еленаның сұлулығы мен сүйкiмдiлiгi сондай, оған бүкiл Грекияның даңқты қаһармандары ғашық болып, оны жар етiп алғылары келедi. Одиссейдің кеңесі бойынша,Тиндарейдiң көңiлi Менелайға бұрылып, Еленаның қолын батырға ұстатып, басқаларға қызғанышқа бармай, екеуiнiң басына iс түссе жәрдем етулерiң керек деп ант-су iшкiзедi. Көп жылдар өтіп, Тиндарей қартайып, қайтыс болған соң, оның орнына Менелай патша болып тағайындалады. Біраз жыл отасқан Елена екеуінен көркіне көз тоятын Гермиона атты қыз дүниеге келеді. Осы тұста Парис өзінің досы Эней екеуі серіктерімен Лакония жағалауына келіп түседі. Менелай Паристi аса қонақжайлылық көрсетiп қарсы алады. Парис үй иесiнiң көрсеткен құрметiн аяқ асты етiп, Менелай шаруасы болып (Бір вариантында әкесі Атрид қайтыс болуына байланысты), Крит аралына кеткенін пайдаланып, Еленаны азғырып, онымен бiрге, жарты дәулетiн түнде кемесiне тиеп, Трояға бет бұрады. Елена бiр ғана Парис үшiн күйеуiн де, туған мекенi Спарта мен өзiнiң туған қызы Гермионаны да ұмытып, теңіз бетіне шығады.

Бүкiл Грекия трояндық қонақ Паристің iстеген iсiне қатты назаланып, намыс отын тұтатады. Менелай мен Еленаның басына қиын-қыстау күн туғанда, бүкiл күш-қуаттарымен көмек көрсетпек болып бiр кезде ант-су iшкен Грекияның маңдай алды ерлері – Диомед, Идоменей, Паламед, Филоктет, екі Аякс, Одиссей, Ахилл, Патрокл, Феникс және тағы басқа да батырлар түгел жиналып, Трояға қарсы соғысқа аттануға Авлида қаласында бас қосады. Бас қолбасшы болып Менелайдың бауыры, микендiк патша Агамемнон тағайындалды.

Он жыл қатарынан гректер (“Илиадада” оларды ахейлiктер немесе данайлар деп атайды) Илионды қоршап тұрады, тек оныншы жылы ғана Итака патшасы, ақылды, айлакер Одиссейдiң асқан қулығы мен айлакерлігі арқасында қаланы алады.

Одиссейдiң кеңесi бойынша, гректер орасан зор ағаш ат жасайды. Iшiне - Неоптолем, Филоктет, Менелай, Идоменей, Диомед, кiшi Аякс, Мерион, Одиссей және бiрнеше батыр орналасады. Троялықтар ғажайып мүсiндi көрiп неге жорырын бiлмей дал болады. Лаокоон ат iшiнде жасырынып грек жауынгерлерi отырғанын, бұл Одиссейдiң тағы бiр әскери айласы екенiн бiрден ұққан. Одиссейдiң туысқаны Синон жау жағына берiлген сатқын сияқты болып, троялықтардың қолына барып, тұтқынға түседi. Приам тұтқынның қолын шештiрiп, гректер жұртқа тастап кеткен мынау ағаш аттың не екенiн түсiндерудi сұрады. Синонның күткенi де осы сұрақ болатын. Ол өз сөзiнiң шындығына құдайлар атын куә ретiнде тартып, ағаш атты гректер Троядан палладийдi (Афина - Палладаның бейнесі) ұрлап әкеткенi үшiн кәрiн төккен әйел құдай Афина-Палладаның мейiрiн түсiру ниетiмен қалдырып кеткенiн айтты. Бұл ағаш ат, Синонның сөзi бойынша, егер қалаға кiргiзiп алса, Трояның мықты қорғанышы болмақ, әйел құдай Афина-Паллада қаланы өз қамқорлығына алмақ. Троялықтар Синонға сенедi. Троялықтардың Синонның сөзiне мүлтiксiз сенуiне Афина-Паллада жiберген мына бiр керемет айрықша жайт себепкер болған едi. Теңiзде түрiнен адам шошырлық екi жылан көрiнедi. Олар Лаокоонның екi ұлына тура атылып, денесiмен орап алады. Балаларын құтқармақ болған Лаокоон тұра ұмтылғанда, жылан оны балаларымен бiрге орап алып, сүйектерін қытырлатып сындырып, буындырып, қинап өлтiредi.

Лаокоонның ажалына себепкер, оның ағаш атты Трояға кiргiзбеу керектiгi туралы айтқаны түрткi болды. Афина жыланды Лаокоонның осы сөзi үшiн жiберген, әрине бұл оқиға ағаш атты қалаға алып кiру керек деген троялықтардың сенiмiн одан әрi арттыра түседi. Лаокоон мен балаларының қайтыс болуы-құдайлардың трояндықтарға қаһар төгуi деп түсiнген олар, ағаш атты бiр қабырғаны бұзып қалаға кiргiзедi. Акропльге әкелiнген ағаш атты көргенде сәуегей Кассандраның зәресi ұшып, байбалам салады. Ол Трояның құлайтынына осы ағаш ат кiнәлi болатыны жөнiнде айтқанда, троялықтар бұл сөзге күледi де қояды, өйткенi оның көрiпкелдiлiгiне ешкiм де ешуақытта сенбейтiн.

Ақыры түн болып, қала ұйқыға кеткенде, ағаш аттың iшiнен шыққан Одиссей бастаған әскер мен Синонның от жағып берген белгiсiнен, қалаға құлаған қабырғадан кiрген гректер Трояның iшiне қырғын салады. Трояны отқа бөлеп, ұйықтап жатқан еркектердiң бәрiн қырып салып, әйелдерiн күңдiкке Грекияға айдап әкетедi. Осы түнде Ахиллдың ұлы Неоптолемнiң қолынан қарт Приам мерт болады. Гректер Гектордың ұлы Астианаксты ержетiп, әкесiнiң кегiн қайтаруы мүмкiн деген қауiптен оны Трояның биiк қабырғасы үстiнен лақтырып жiбердi. Парис Филоктеттiң улы жебесiнен жараланып, Ида тауына жетiп, сол жерде қайтыс болады. Тек Анхис бен Афродитаның батыр ұлы Эней ғана кәрi әкесiн арқалап, Ида тауына барып, тығылып, жаны аман қалады. Энеймен бiрге оның ұлы Асканий да бiрге кетедi. Эней көп жылдар бойы теңіз бен құрлық жолымен ұзақ сапар шегіп, Италия жағалауларына жетіп, сол жерде тұрақтап қалады. Кейінгі ұрпақтары - Ромул мен Рэм Рим “мәңгілік қала” қабырғасының іргесін қалап, атақты империяның негізін салады.

Жорық соңында, ұзақ уақыт жолда болған Менелай Еленамен Спартаға оралады, Агамемнон “алтын қақпалы” Микеныға жетiп, өзiнiң туысқаны Эгисф пен әйелi Клитемнестра екеуi “көзiне шөп салып” жүргенiнiң куәсi болып, түбi сол әйелiнiң қолынан шейiт болады. Неоптолем Фтияға Гектордың жесiрi Андромаханы тұтқындап алып кетедi. Теңізге шыққан Диомед, Идоменей, Нестор, Филоктет және тағы басқа да қаһармандар аман-есен отандарына оралады. Тек Одиссей ғана отанына ұзақ уақыт орала алмай 10 жыл бойы сенделiп жүредi. Оның басынан небiр қиындықтар мен шытырман оқиғалар тізбегі Гомердің “Одиссей” поэмасында жырланады. Трояның іргесінен Итакаға қайтып келе жатып, төбе көздi киклоп Полифемнiң көзiн ағызып жiбергенi үшiн, әкесi Посейдонның қаһарына iлiккен Одиссей, ұзақ уақыт бойы туған жеріне жете алмай, азапқа түседі.

“Одиссей” поэмасының оқиғасы басты кейіпкердің қасындағы сенімді серіктерінен айырылып, ақыры Огигия аралындағы (Огигия аралын элладалықтар оны теңіздің дәл ортасында, Грекияның батыс жағалауында деп есептейді) нимфа (үр қызы) Калипсоның қолына барып түсетін сәттен бастау алады. Калипсоның құдіреттілігі сондай ол адамға мәңгілік өмір сыйлап қана қоймай, сиқырлықтың түрлі құпиясын меңгерген әккі әйел еді. Ол Одиссейді сегіз жылдай еліне жібермей қолында ұстайды, тек құдайлар кеңесіндегі, Афина-Палладаның өтініші бойынша, Посейдонның ұлы Полифемді соқыр қылғанына қарамастан, оны Итакаға қайтару жөнінде шешім қызу қуатталады. Гермес Зевстің хабарын көзді ашып-жұмғанша Калипсоға жеткізеді. Калипсо сегіз жылдың ішінде жан-тәнімен Одиссейді жақсы көріп қалғандықтан, оны азғырып, Огигия аралында мәңгілік ғұмыр кешуін өтінеді. Бірақ отанын сағынған Одиссей қайткен күнде де Итаканың жағасын көріп, сүйікті Пенелопасын, ержеткен ұлы Телемахты беттерінен бір сүйсе армансыз өлер едім деп жүрегі қарс айырылады. Одиссей Калипсоның рұқсаты бойынша, төрт күн бойы бөренеден сал құрастырып, жолына азық алып, 8 жыл бойы тұрған аралмен қош айтысып, ашық теңіз бетіне шығады.

Каллипсо есімді қыздың тегі кавказдық деген пікір бар, егер олай болса, оның есімі сақ-скифтерге таныс болуы әбден мүмкін. Өйткені, сақ-скифтердің тайпаларының бірқатары кавказ жерінде өмір кешкендігі туралы дерек жоғарыда айтылған. Сонымен бірге қазақ ішіндегі ислам дінінің таралуына байланысты Калипсоның есімі және оның өзгерген түрін кей сөз құрамынан көруге болады. Мәселен, “қалып”- “қалғу”, “қалыс”, “қалысты” және т.б. сөздердің түбірі Калипсоға келетін болса, Калипсоның елі “өлілер елі” немесе “өлілер дүниесі” болмақ. “Қалғу”- есінеу, ұйықтау мағынасында болса, ұмыт болу, “естен тану”, өзінің, яғни Одиссейдің Калипсо аралында болған-да есінеп, ұмытып, қалғып жүріп 8 жылдың қалай өткенін білмей-сезбей жүрген жайын осы сөзбен байланысты болуы әбден мүмкін.

Ал “Мұсылман мифологиясында “Гул” деген кейіпкер бар. Ол әйел кейіпіндегі жын-пері кейпінде суреттеледі, адам баласына зияндық істеуші зұлымдық иесі болып табылады. Гул образдық генезис тұрғысынан мұсылман діні таралғанға дейінгі арабтікі делінеді. Осы атау мен “хал” сөзі бір текті болуы әбден мүмкін. Әрине бұл сөздердің сырттай ұқсастығы (гул-хал) мен екі бейненің де әйел кейіпінде болуына қарай айтылып отырған еркін жорамал ғана. Қалай болғанда да осы сөздердің бір бастаудан шығу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды, өйткені осыған ұқсас мифтік есімдер мен сөздер ежелгі шумер-аккад мифологиясында да бар, солардың бірі – Гула…”

“…Кал” негізгі есімдер қатарына грек мифологиясындағы Калипсо, Каллиопа, Каллироя, Каллисто образдарын жатқызуға болады, олардың барлығы да грек мифтік танымындағы “нимфа” (шартты түрде – су перілері) категориясына, яғни сумен байланысты кейіпкерлер қатарына жатады. “Одиссей еліне қайтар жолда Калипсо нимфаның қиыр батыстағы Огигия аралдарына тап болып, сол жерде жеті жыл (басқа вариантында 8 жыл) тұтқын-қонақ болады”. Бұл арал – о дүние, “ұжмақтың” бір варианты. Осында тап болған адам өткенін ұмытып кетеді. “Калипсо” есімі “жасырып қалушы әйел” деп жорамалданады, яғни оның “өлілер дүниесімен” байланысты екендігін толықтай қолдай отырып, тек оның есімінің кавказдық “Кал” праформасының өрбігендігін (Кал-абас > Кал-ибос > Калипсо) көрсете аламыз, өйткені есім де, мифтік функция да нақ осыны көрсетеді. Грек мифологиясындағы эллиндердің түп-атасы болып табылатын Девкалион есімі де “кал” (калион) негізінде жасалған, бұл оның және ол туралы мифтің кавказдық тегін көрсетеді”.

Калипсо аралынан шығып, теңізде он сегіз күн жүзген Одиссей феакийліктердің (мифтік халық, ежелгі гректердің түсінігінше, теңіздің батысындағы арал тұрғындары, теңізде аса жылдам жүзудің асқан шеберлері саналады) аралын көреді. Сол аралға салын бағыттап жүзбек болғанда, эфиоп елінен қайтып келе жатқан Посейдон Одиссейді көзі шалып қалып, адам айтқысыз дауыл тұрғызады. Алып толқындармен үш күн алысқан Одиссей, Афина-Палладаның мейірімі мен теңіз тәңірісі Левкотеяның көмегімен Феакия аралының жағасына жетіп, құрғақ жапырақтардың үстіне барып құлап, қалың ұйқыға кіріседі. Афинаның құдіреттілігі арқасында, жағада Феакия патшасы Алкинойдың қызы Навсикая әбден қалжыраған Одиссеяны тауып алып, тамақтандырып, үстіне киім беріп, тек қамал қақпасынан бөлек кіруін ескертеді, өйткені ұзатылмақ қалыңдықтың бұл қылығын айналадағы адамдар дұрыс қабылдамауы мүмкін. Ал сарайға кіргенде, шешесі, ақылды Аретаға тағзым етіп, көмек сұрауы керектігін айтып, өзі алдыға шығып кетеді. Көп ұзамай, артынан ерген Одиссей сарайға кіріп, Навсикаяның айтқанын орындап, Алкинойдың зор қошеметіне бөленіп, басынан өткен оқиғасын патша сарайында ортаға салады. Алғашқы оқиғасы – кикондар мен лотофагтар еліндегі қиян-кескі шайқастары, талай серіктерінен айырылуы, ұзақ жүзіп, өзінің сенімді адамдарымен мейірімсіз циклоптардың еліне жеткендігін баяндайды.

Енді осы циклоп Полифемге тоқталар болсақ, мұны Әлкей Марғұлан күн шығыс елдерінен алған деген дерек келтіреді. Бұған Қорқыттың хикаясындағы Төбекөз туралы аңызды келтіреді. Қорқыттың хикаясындағы (Дрезден, 86) айтылатын “Төбе көз” әфсанасын өткен ғасырда бірінші зерттеуші герман ғалымы Диц болған. Төбекөзді ол Гомердің Одиссейінде айтылған Полифеммен салыстырып, бұл әфсананы гректер күншығыс елінен алған деп дәлелдейді.

Бұған ашық дәлел болатын Енисей бойынан табылған жалғыз көзді дәудің мүсін тасқа түсірген суреті. Зерттеушінің анықтауынша “образ циклопа исконна бытует среди тюрко-монголских племен”.

Қорқыт хикаясында таң қаларлық етіп айтылатын “Төбе көздің” әфсанасы қазақ пен қырғыздардың ескі дәуірден келе жатқан қария сөздерінде, ертегілерінде өте көп кездеседі. Қазақтар оны “Жалғыз көзді дәу”, “Маңдайында жалғыз көзі бар дәу” деп те атайды.

Ежелгі заманның асқан алып ері Бисаттың Төбе көзге айтқан сөздері қазақтың эпос жырларында кездесіп отырады. Ұлы бақсылар “Менің тұрағым Көк тәңірі, күн емен ай, анам ағаш, жер мен су”, дейді. Төбе көз жеп қоятын Бисаттың ағасы Қиян – қазақ әфсаналарында көп айтылады, сол аңыз бойынша барлық қиян (қият) елі осыдан тарайды. Қиянның әкесі атақты Домбауылдың досы, Қорқыттың замандасы (VІ-VІІІ ғғ.).

Төбе көздің сюжеті қазақ аңыздарында әсіресе “Аушар хан” ертегісінде әдемі сақталған. Мұның варианттарында Төбе көз кейде дәу, кейде айдаһар, кейде тажал түрінде айтылады. Айдаһар Аушар ханның еліне салық салып, олардан жұма сайын жеп тұруға көптеген адам, топтаған қой әкеліп тұруға міндетті қылады. Егер бұл міндетті өтеп тұрмасаң еліңді тегісімен жұтамын деп үрейін ұшырады. Бұл міндеттен қалай құтылудың есебін таба алмаған Аушар ханның елі қатты күйзеледі. Жылаған адам мен шулаған малдың дауысы жер дүниені жаңғыртып, даңғаза көтереді. Осы кезде Төбе көзді жеңген Ер Бисаттың орнына Қазақ аңызында Аушар ханның ұлы “Жанды батыр” шығады. Ол айдаһар дәумен жекпе-жек шығып, көп уақыт аянбай алысады, ақырында қырық құлаш семсермен оны кескілеп өлтіріп, елін зор қуанышқа кенелтеді.

Қорқыт жырында айтылатын “Жалғыз көзді дәудің” екінші бір суретін біз “Жайық пен Еділ” деген әфсанадан көреміз. Бұлар екеуі де аңшы, даланы, тау-тасты кезіп жүретін адамдар. Бір күні олар бөлініп кетеді. Жайық үш күн бойы табылмайды, оған інісі Еділ қапаланады. Бір күні Еділ қасына бір жігітті ертіп алып таудың қия тасын кезіп жүргенде оның алдынан маңдайында жалғыз көзі бар бір алып кездеседі. Дәу айтады: – Жайықты мен алып жедім, енді сендердің біріңді сойып, біріңді асамын, – дейді. Бұлар түні бойы алысып бірін-бірі ала алмайды. Таң ата Еділ дәуді атып өлтіреді. Оның бар қойын айдап еліне келеді. Еділ: “Жайықты жеген Жалмауыздың үйін барып көрейік, оның қалған дүниесін алайық” дейді. Ел қорқып барғысы келмеді. Ақырында жалмауыздың өлгеніне ел қуанып, халық тыныштық тауып, мал құралып ел болады.

Екінші бір “Жағыз көзді дәу” (Көкшетаудағы Бурабай көлінің маңындағы “Жеке батыр” тау-бөктер бар. Бұл сол аңыздан қалған жұрнақ) әңгімесінің сюжеті мына түрде айтылады: “Жеке батыр тау ішінде аң аулап жүріп бір үңгірге келеді. Ішіне кіріп қараса, төбесінде жалғыз көзі бар бір жойқын дәу отыр. Дәу айтты: сені маған құдай өзі алып келді, бері кел, дейді. Маңайында аяқ-қолы байлаулы екі кісі жатыр, өлтіріп жеуге дайындаған екен, біреуін темір қазанға салып қуырмақшы. Үңгірдің түпкірлері толған қой. Бұлар бірімен-бірі аңдысып, әлден уақытта дәуді ұйқы басты, жеке батыр ұйықтап жатқан дәудің жалғыз көзін отпен күйдірді, өзін қылышпен кескілеп өлтірді. Дәудің басын кесіп алып, қойын айдап кетеді.

Бұл аңыздардағы суреттеліп отырған алып ерлер, Еділ мен Жеке батыр, екеуі де Қорқыт жырында айтылатын алып ер, Бисаттың варианттары үшеуі де адам жейтін жалғыз көзі дәуді не Төбекөзді өлтіріп, еліне қуаныш, тыныштық келтіреді”деп осы жалғыз көзді дәулердің тұратын үңгірлердің қазақ жерінде өте көптігін атап өтеді.

“…Демек, Жалғыз көзді дәу әңгімесінің де (Төбекөз) “Қорқыт” жырынан орын алуы осы аңыздан, асыл түбі ескі дәуірде Қазақстан жерінде туғанын сипаттайды” дәлелін келтіреді.

Осы сюжеттердегі Төбекөзді дәу, циклоп әлем әдебиетіндегі танымал мифтік кейіпкер. Оны кейде киклоп деп те айтылады. Маңдайында жалғыз көзі бар дәудің атап өткеніміздей, көне түркілер-ден шыққан десек, ол ежелгі халықтардың мифологиясында жиі ұшырасатын кейіпкерлердің бірі. Циклоп гректерде микен дәуірінен бастап, мифологияда, ірі құрылыстағы үйлердің қабырғаларына бедерлеп салынатын ескерткіштердің біріне айналды. Мәселен, гректердің түсінігінше, Арголида, Беотия, Эпир, Аркадия сияқты ірі қалаларда салынған циклоптық құрылыс (Ликиядан келгендер кик-лоптарға зәулім плиталар салған, соған байланысты сол құрылыс-тарды “циклоптық құрылыстар” деп атайды) бейнелерге қарап, осы қалаларда өз уақтысында киклоптар тұрған болуы керек деген түсінік қалыптасқан. Гомердің поэмасында Киклоп үңгірде тұратын, алып денелі, төбесінде жалғыз көзі бар, жер өңдеуді білмейтін, олим-пийлік құдайларды мойындамайтын құбыжық түрінде бейнеленеді.

Гесиодтың “Теогония” поэмасында киклоп бейнесіндегі адамдар Уран мен Геяның балалары, олар үшеу: Бронт, Стероп және Арг дегендер. Уран оларды жер астында ұстаған. Тек Кронос киклоптардың көмегімен жер әлемді жеңіп алған соң, олардың алып күштерінен қорқып, жер астында темір құрсаумен ұстап отырған. Зевс оларды босатып, Гефесттің көмекшісіне айналдырып, өзіне найзағай отын тұтатып, қаһармандарға қару-жарақ соғу үшін пайдаланған. Басқа аңыздарда, Аполлон өз ұлы Асклепийді Зевстің өлтіргені үшін кектенгендіктен, киклоп тайпасын түгелімен қырып салған.

Қазақтың көне дәуіріндегі аңыздарында киклоп, яғни жалғыз көзді дәу “Оғыз батыр” жыры мен “Қорқыт ата кітабында” айқын суреттелген. “Оғыз батыр” жырында оны Қат немесе Қият деп атайды. Ол еңгезердей дәу, қорқынышты, үрейлі аң еді. Малдарды, ел-жұртты жеп, халықтың зәресін алатын. Оғыз батыр Қиятты найзамен түйреп өлтіріп, басын кесіп алады. Ал “Қорқыт ата кітабындағы” Төбекөзге (Қорқыттың 8-жырында Дөпе-Гөз деп аталады) келсек, киклоп Полифеммен ұқсас жайттар мол кездеседі. Біріншіден, екеуінің дүниеге келу жайына келсек, “Одиссей” поэмасындағы Полифем теңіз тәңірісі Посейдон мен теңіз патшалығының қызы нимфа Тоостың баласы, яғни құдіретті құдай мен нимфадан туған перзент. Ал “Қорқыт жырындағы” Дөпе-Гөз де су перісінің баласы (әкесі Аруз (Абыз) қожаның қойшысы). Екеуі де жаратушы құдіреттің тілегімен дүниеге келген бала болғандықтан, жер басып жүрген пенделерден өзгеше дене бітімі алып, күшті, төбелерінде жалғыз көзі бар құбыжық түрінде бейнеленеді. Екінші ұқсастығы – адам етін жейтін жалмауыздығы, мешкейлігі. Үшінші ұқсастығы – екеуі де жаратушы құдайларды көздеріне ілмейтіні. Бірақ соған қарамастан, “атса оқ өтпейтін, шапса қылыш кеспейтін” болмысты қасиетті шешелері нимфа, су перісі бойларына дарытады. Төртінші ұқсастық – “Одиссей” жырында, Одиссейдің алты серігін жалмап, өзін ешкім де өлтіре алмайтынына сенімді Полифем ұйқыға кетсе, “Қорқыт” жырында Дөпе-Гөз де сол сенімде болып, ұйқыға кеткенде, Одиссей Полифемнің, Бисат Дөпе-Гөздің істік ағашпен көздерін ойып алады. Бесінші ұқсастығы – екеуінің де ел-жұрттан қашық, үңгірде тұрулары.

Осы сюжетке байланысты Шәмшиябану Қанышқызы Сәтбаеваның “Шоқан Уәлиханов-филолог” атты еңбегінде төмендегідей қызғы-лықты тұжырым келтіреді: “Мысалы “Грек әдебиетінің тарихы” деген кітаптан мынадай тұжырымды оқимыз: “Гомер эпосы әлем әдебиеті қорында жеке тұрған жоқ. Ол басқа халықтардың да эпостық шығармаларымен сабақтас. Сондықтан да қай халықтың болмасын батырлық эпосының тууы мен сипаты туралы мәселені басқа халықтардың эпосынан бөліп, жекелеп зерттеуге болмайды”.

Ш.Ш.Уәлихановтың “Манасты” зерттеуде Гомер поэмаларын еске алуы, олардың кейбір сипаттарымен ерекшеліктерін басқа елдер эпостық шығармаларының туу процесіне де тән кейбір жалпы белгілерді анықтауы, салыстырулар келтіруі кейінгі зерттеулерде жалғаса түсуі – қазақ ғалымының ой-тұжырымдарының тереңдігімен қатар өміршеңдігін, бағыттылығын аңғартады. Соңғы бір зерттеуде былай деп жазылған: “Манас” Гомердің “Илиадасындағыдай”, карело-финдік “Калеваладай”, огуздардың ортағасырлық эпосы “Қорқыт атаның кітабындай”, өзінің негізінде халық өмірін суреттейді”.

“Жоңғария очерктері” еңбегінде Ш.Ш.Уәлиханов көптеген халық-тардың аңыздары, легендалары, олардың кейбір өзара ұқсастықтары туралы айта келіп, “Одиссея” поэмасының жекелеген бөлімдерін тағы да еске түсіре кетеді. “Азия көлемінде, – дейді Шоқан – бір жерден бір жерге ауысып жүретін аңыз-ертегілер, жырлар өте көп. Соның бірі “Одиссея” жырында кездесетін жалғыз көзді дәу, яғни циклоп Полифем. Бұл аңызды қазақ даласы да біледі. Жалғыз-ақ мұнда циклоп адам жейтін дәу түрінде суреттелсе, Одиссейдің ролін Батырхан атқарады”.

“Жалпы грек мифологиясына” – деп жазады Ш.Қ.Сәтбаева, Полифем жиі ұшырасатын кейіпкер, ол теңіз тәңірісі Посейдон мен теңіз патшалығының қызы нимфа Тоостың баласы, ол адам қорқар нұсқынсыз, маңдайында жалғыз көзі бар қанішер алып, тұратын мекені – үңгір, жейтіні шикі ет, ішетіні – ешкі сүті. Ш.Ш.Уәлиханов атақты фин ғалымы Кастрен Лапландиядан осы тәріздес аңызды естігенін де жазған да, “Одиссеядағы” циклоп Полифемді еске алған. Жырдың бұл бөлімі филологтарға белгілі, дегенімен қазақ ғалымы әдейі еске түсірген осы аңыздың мазмұнына тоқтала кету артық болмас.

Троя қаласының жеңілісінен кейін Одиссей батырдың және оның қасындағылардың еліне қайтуы он жыл шамасына созылады, көптеген қиындықтарға, уақиғаларға кез келеді.

Одиссей оның қасындағы жолаушылардың басынан кешірген қым-қуыт оқиғаларын суреттеуге “Одиссея” жырының бесінші өлеңінен бастап он үшінші өлеңе дейінгі бөлімдері арналған да тоғызыншы өлеңі Одиссеяның Полифем үңгіріндегі әрекеттерін әңгімелейді”.

Көптеген уақиғаларды бастан кешірген Одиссея мен қасындағылар жоғарыдағы аталған киклоптар-циклоптар еліне тап болады. Грек мифологиясында маңдайының ортасында жалғыз көзі бар дәу алыптар тағылар елі бар да, олардың ең ірі әрі адам жегіш күштісі – жалғыз көзді дәу Полифем. Полифем Одиссеяның қасындағыларының алтауын жеп, қалғандарын да жою, жеу мақсатында болып, оларды қиын жағдайда ұстайды. Бір күні Одиссея Полифем тұтқынынан өзін де, қалған жолдастарын да құтқару мақсатымен Полифемге фракий шарабын ішкізіп, мас қылады да қызған темірмен оның жалғыз көзін ойып алады. Қатты айғайға басып, жер-дүниені ойран-асыр қылып, Одиссеяның өзін және серіктерін үңгірден шығармай бәрін де жалмамақ болады. Тұтқындағылар Полифем үңгіріндегі қой мен ешкілердің терісін жамылып, кейбірі жануарлардың астына жасырынып, еңбектей жөнеліп, әупірімдеп, әрең үңгірден сытылып шығады. Жалғыз көзден айырылған Полифем бақырып, зарлап, дауыстап басқа циклоптарды шақырады, көзін алған “біреуді” ұстап, өлтіруді өтінеді. Полифемнен Одиссея өз атын айтпай жасырып, атын “біреумін” деген болатын. Кемеде кетіп бара жатқан Одиссеяны циклоптар көріп, ұстай алмағандарына өкінеді, бірақ Полифем өзінің әкесі Посейдоннан көзін ағызып алған Одиссей мен оның серіктеріне қаһарын төгуді, дауылды күшейтіп, олардың еліне қайту жолын бөгеуді, қиындықтар мен кедергілерді көбейтіп, жойып жіберуін сұрайды. Полифемнің жалынышты үні теңіз тәңірісі Посейдонға жетеді. Теңізшілер жол бойында бірде-біреуі қалмай, Аид патшалығына аттанады. Тек Одиссей ғана, Афинаның қамқорлығы арқасында еліне жеткенше талай қиындықтар мен кедергілерге ұшырап, солардың бәріне төзіп, ақыл-айласы мен күш-қуатын жұмсап, аман-есен еліне келеді. “Одиссея” жырында уақиға одан әрі қарай жалғаса түседі.

Грек мифологиясында Полифем туралы басқа да миф, легенда бар. Мысалы, соның бірі грек жазушысы Феокрит Полифемді жалғыз көзді момын бақташы ретінде суреттейді. Ол нимфа Галатеяға ғашық болғанын естіп қыздар мазақ етеді. Галатея орман тәңірісінің баласы Акидті ұнатады. Полифемде кек алу, қанқұйлы кек алу сезімі пайда болады да Акидті аңдып жүріп, үстіне үлкен тастар құлатып, езіп өлтіреді. Қайғыға ұшыраған Галатея өзінің бақытсыз ғашығын ғажап, мөлдір өзенге айналдырады да оны есіне алып өзен жағасына оның мөлдір тазалығына сүйсініп келіп жүреді.

Жоғарыдағы деректерде көрсетілгендей, қазақ мифологияларын-дағы ертектерде, аңыздарда жалғыз көзді дәу, адам етін жейтін жалмауыздардың жиі ұшырасатыны анық. Мәселен, “Қазақтың мифтік әңгімелері” атты еңбектегі “Жезтырнақ” аңызында мерген Шора батырдың сауық құрып жүріп, ақ нарға мінген, тап маңдайында бір көзі бар бір адамға кезігеді.

Аңыздағы сюжет Одиссейдің басынан өткерген оқиғасына дөп келетін жайттар ара-тұра кездеседі. Айталық, Полифемнің жейтіні - қой мен ешкінің, адамның шикі еті болса, мұнда да Жалғыз көзді адам қой мен ешкінің, адамның етімен коректенеді. Жалғыз көзді адам Полифем сияқты үңгірде тұрып, Шора батырдың қасындағы серіктерін бірінен кейін бірін жей бастайды. Полифем Одиссейді ең соңынан жемек болса, Жалғыз көзді адам да Шораны соңында жеу үшін қалдырады. Циклоптың көзін Одиссей ұшы үшкірленген ағашпен шығарса, Шора батыр Жалғыз көзді адамның көзін сүймен темірді отқа күйдіріп, әбден қызарғанда көзіне екпіндетіп салып жібереді. Көздері ағып кеткен дәулер өзіне залал келтірген адамды ұстап алып, өлтірмек болғанда екі сюжетте де, сыртқа жайылымға шығатын қой-ешкілердің терісін жамылып немесе астына жабысып, аман-есен далаға шығады. Екі сюжетте де Полифем де, Жалғыз көзді адам да көздері ағып кетсе де жандары аман қалады.

Полифем мен Жалғыз көзді адамдардың қазақ ішінде ерте кезде-ақ белгілі болғандығы туралы төмендегі фольклористер мен зертеушілер-дің еңбектері дәлел бола алады. Мысалы, Л.С.Бергтің 1915 жылы “Этнографиялық шолулар” журналында “Циклоп туралы қазақ әңгімелері” атты мақаласы мен Н.О.Остроумовтың “Этнографиялық шолулар” журналында “Полифем (жалғыз көзді) туралы сюжеттің жаңа варианты “Қазақтар әңгімелері” деген еңбектері жоғарыдағы ойымызды қуаттайды.

“Одиссей” поэмасындағы Полифем турасындағы аңыздарды көптеп келтіруіміздің басты себебі, бұл аңыз қазақ ішінде өте ерте кездерден белгілі болып, оның түрлі вариантта айтылып, кең таралғандығын және оның гректің “Одиссея” жырына тікелей әсері болғандығын жеткізу еді.

“Одиссей” поэмасының келесі сюжеті, басты кейіпкердің Алкинойға әңгіме түрінде айтылуымен жалғасады. Айтушының әңгімесі енді Одиссейді өз серіктерімен Эол аралына түсіреді. Эолдың алты қыз, алты ұлы бар. Оның басты қасиеті – теңіздегі желдің тәңірісі. Арал иесі Одиссейді жақсы қарсы алып, оны қонақ етіп, бір ай ұстайды. Қоштасарда аузы күміс жіппен байланған үлкен тері – көрік береді. Онда тек Зефир желі ғана жоқ еді. Ол Одиссейдің кемелерін Итакаға айдамақ. Итака жағалауына дейін он күн сапар шеккен Одиссей кемесін тағы да қырсық шалады. Ұзақ уақыт дем алмаған Одиссей осы тұста қалың ұйқыға кетеді. Соны пайдаланған серіктері жол бойы көріктің аузын аштырмаған Одиссейге Эол мол алтын-күміс сыйлаған болар деген оймен тері-қаптың аузын ашып жібереді. Сол кезде еркіндікке шыққан басқа желдер, сұрапыл дауыл тұрғызып, кемені Эол аралына қайтадан айдап әкеледі. Одиссей қанша жалынса да Эол кемені Итакаға қайта айдап апарудан бас тартады. Салы суға кеткен Одиссей, қайта кемесіне отырып, ашық теңізге шығады.

Поэмадағы мифтік бейне жел тәңіриесі Эолға келетін болсақ, қазақ мифологиясында ол көбіне Ебі желі деген атпен белгілі. Халықтың түсінігінше, Жел иесі Тарбағатайдағы Ор Қашар деген таулы жерде өмір сүреді-міс. Орыс мифологиясында оны Ветрогон деп атайды. Академик Мұхтар Әуезовтің “Әр жылдар ойлары” атты еңбегінде мұндай ғажайып күш пен құдіретке ие құбыжықтарды былайша бейнелейді: “Жоғарыдағы аталған заттар ғана емес, орыс ертегісінде кездесетін “Таусоғар” (Горокат), “Көлжұтар” (Опивало), неше алуан мешкейлер (объедало), “Желаяқ” (Ветрогон) сияқтылар қазақ ертегілерінде аумаған ұқсас қалпында кездесіп отырады. Қазақ ертегісіндегі “жалмауыз кемпір” – Баба яга болып кеп көрінуден басқа және қазақ ертегісіндегі “жалғыз көзді жалмауыз”, орыс ертегісіндегі “Лихо одноглазие” болып аталады. Әрине осы тұста аталған, орыс ертегісіне қазақ ертегісінің ұқсастығы сонау көне замандар кезінде туған жоқ. Шамасы ХVІІІ ғасыр ортасынан, соңынан бастап: Россия мен Қазақстанның шаруашылық-саясаттық, мәдениеттік қарым-қатынастары дами түскен көбейе түскен ұқсастық болады”- дейді. Сол Жел Иесінің “ел ішіндегі әңгімелерге қарағанда, бұл ебі Ор Қашар тауындағы “Қара пұшық” деген үңгірден шығады. Ол үңгірдің ішінде ауық- ауық үрлеп, ебі соқтыратын Жел иесі бар екен.

Ерте кезде бір әкім осы үңгірді бітеп тастап, желден біржолата құтылмақ болады. Әскеріне елден тоқсан өгіздің терісін жинауға және үлкен-үлкен тастарды домалатып, бір жерге үюге бұйрық береді. Сарбаздарын саты арқылы “Қара пұшық” үңгіріне шығарып, әлгі өгіз терілерін оның аузына шегелетіп, сыртынан тастармен бастыртады. Ел жұмысты тындырдық деп масайрап отырғанда, үңгірдегі Жел Иесі оянып кетіп, қаһарлана үрлеп қалыпты. Сонда тастар аспаннан жауған бұршақтай, терілер қаңбақтай ұшып, адамдарды төбесінен жай түс-кендей жайратып, жым – жылас етіпті” – деген аңыз ел аузында жүр.

“Одиссеяның” сюжеттік жалғасында алты тәулік жүзген кеме адам жегіш, қаніпезер лестригондар әміршісі Антифаттың аралына жетіп, он бір кемесіндегі серіктерінен айырылып, жалғыз өзінің кемесімен әрең қашып, құтылады. Ұзақ жүзіп, ақыры, күн құдайы Гелиостың сүмбіл шашты сиқыршы Кирка мекендейтін Эеи аралына жетіп, сонда бір жыл тұрады. Аралда серіктерінің шошқаға айналып, Одиссейдің Кирканы өлтірмек болғанда ғана өз қалыпына түскен серіктері туралы әңгіме өте тартымды шертіледі. Кирканың кеңесімен Одиссейдің Аид патшалығына түсіп, сәуегей Тиресиймен кездеседі.

Одиссейдің жер астына түсу аналогі Алпамыстың зынданда, яғни жер астында тұтқында болу сюжетіне сәйкес келетіні айта кету орынды. Өлілер патшалығына түсу қанша жайсыз болса да сиқыршы Кирканың кеңесі бойынша, Тиресийдің болжамын білуі аса қажет еді. Өйткені, қаншама жыл еліне жете алмай, әбден зарыққан Одиссейдің жер астына түсуден басқа амалы қалмаған-ды. Гректердің наным-түсінігінше, өлілер патшалығына түскен адам ешқашанда жер бетіне шығуы мүмкін емес. Мифтік шығармаларда өлілер патшалығына барып, тірі келген пенделер ілуде біреу ғана, олар – Геракл, Тесей, Орфей және Одиссей. Афина-Палладаның құдіретті өкімі мен тілегіне орай Одиссей аман-есен жарық дүниеге оралады.

Ал қазақ эпосында Алпамыстың да жер астына түскісі жоқ еді. Бірақ Мыстан кемпірдің тәтті сөзі мен бал үйірер шарабына әбден тойған батыр, қалың ұйқыға кетіп, кейін алданғанын біліп, жеті жыл бойы жер астында азап шегуге мәжбүр болады. Одиссейді Афина қолдап-қоршағанындай, Алпамысты үнемі Ғайып-ерен қырық шілтен-нің қамқорлығында болып, күнде бір таба нан әкелетін мысық арқылы жан сақтайды. Кейін Тайшықтың қызы Қаракөздің көмегімен, Байшұбардың беліне байланған қырық құлаш арқан арқылы зынданнан Алпамыс жер үстіне түседі.

Бұл сюжет В.М.Жирмунскийдің “Салыстырмалы әдебиеттану” атты таңдамалы ғылыми еңбегінде Одиссей мен Алпамыстың жер асты патшалығына түсу жайы салыстырмалы түрде егжей-тегжей қарастырылған. Онда былай делінген: “Можно предположить, что скитания сказочного героя в подземном царстве (по типу сказки №301 и некоторых других) лежат и в основе рассказа о двадцатилетних чудесных странствованиях Одиссея в поэме Гомера и связанный с мифологическими представлениями о посещении героем загробного мира. “Путешествие Одиссея в загробный мир, его любовный плен на острове Калипсо, его приезд в царство злой волшебницы Кирки и, наконец, последнее местопребывание Одиссея перед его возвращением – лежащий далеко в море, счастливый остров Феаков, все это, – как справедливо утверждает советский исследователь “Одиссей” акад. И.И.Толстой, – реплики единого мифологического образа, тесно связанного с представлениями о стране смерти”. К тем же сказочным (более глубокой своей основе – мифологическим) представлениям восходит в конечном счете и рассказ о семилетнем пленении Алпамыша в глубокой яме или в подземной темнице (зиндане) калмыцкого шаха или бека гяуров, а также и все другие разнообразные случаи пленения или скитании героя в заморских странах, который встречается в западных вариантах сказания о “Возвращении мужа” как различные формы его позднейшей исторической конкретизации. Неслучайно поэтому все версии этого сказания сохранили (как и сказка № 301) характерный сказочный мотив чудесного возвращения из чужой страны с помощью волшебного помощника – демона, святого, волшебного коня и т.п.

В “Одиссее” чудесный характер имеет ночной переезд героя во время сна на волшебном корабле феакийцев. В сказании об Алпамыше и героя спасает из подземной темницы его сказочный богатырский конь (как в сказке № 301 волшебная птица Симург или другие чудесные помощники). Позднее его заменит в этой роли дочь врага, влюбленная в героя чужеземная красавица.

Эти древние сказочно-мифологические черты сказания об Алпамыше наиболее отчетливо выступает, как уже было сказано, в алтайской богатырской сказке “Алып - Манаш”. Ее герой, сказочный богатырь (“алп”), отправляется в брачную поездку в страну, откуда нет возврата (“назад следов нет”); путь туда лежит через широкую реку, которую “на крылатом коне не перелететь, на семивесельной лодке не переплыть”; фигура старого перевозчика напоминает Харона, перевозчика в царство смерти античной мифологии, едва переступив границы этой страны, герой засыпает магическим сном и спящий попадает в плен к врагам; враги эти – богатыри подземного мира (злобный Ак-кан, семиглавый великан Делбеген, пожирающий людей); пленника чудесным образом спасает его волшебный богатырский конь.

В международном репертуаре волшебной сказки нет сюжета, который можно было бы считать прямым сказочным источником эпического сказания об Алпамыше, рассказа о возвращении Одиссея и родственным ему сказаний. Сказка № 301 и другие названные дают лишь общие представления о типе сказочного сюжета, который послужил основой для сюжета эпического. Реконструкция этого сюжета скорее возможна на основе анализа его разнообразных эпических и фольклорных отражении и приводит нас к богатырской сказке, основные мотивы которой хорошо известны в сказочном эпосе тюркских и монгольских народов”.

Одиссей жер асты Аидтің өлілер патшалығынан шыққаннан соң, сәуегей Тиресийдің айтуынша, сиреналар аралында әсем әндерімен баурап алып, арбап, азаппен өлтіретіндігінен хабардар болады. Осы айтылған қауіп – қатерден сақтанған Одиссей арал әншілерінің жанды баураған әуенін естімес үшін серіктерінің құлағын балауызбен тығындап, өзін кеменің діңгегіне байлатып, сиреналар жерінен аман-есен өте шығады.

Келесі қауіпті сын – алты мойында алты арандай ауызы бар, сол ауызда үш қатар тістері бар құбыжық Сцилла мен аузын ашса теңіз суы жұмырына жұқ болмайтын жалмауыз Харибданың жанынан өту. Сцилла мен Харибданың ажал тілеген арандарынан өту мүмкін емес еді. Асқан қорқыныш пен азапты басынан өткерген Одиссейдің серіктері алты адамынан айырылады.

Қайғы құшып, өздерінің қасындағы қимас серіктерінен айырылған теңізшілер көп ұзамай кемелерін Гелиос құдайдың аралы Тринакрияға бағыттайды. Гелиос – күн құдайы. Оның құдірет-тілігінде шек жоқ. Көне түркілерде Гелиостың аналогі Қолақсай, яғни “Күн-патша”, жоғарғы әлемнің әміршісі саналады.

Тринакрия аралына (алғашында гректер қазіргі Италиядағы Сицилияны осылай атаған) түсу қауіпті еді. Соны сезінген Одиссей қанша өтінсе де серіктері аралға түсіп, біраз тынықпақ болады. Дем алып, таң сәріде теңізге шықпақ болғандардың жолы болмай, үзіліссіз бір ай соққан желдің кесірінен аралда көп уақыт аялдауларына тура келеді. Осы уақыт ішінде азық-түліктері таусылып, аштыққа ұрынған жолдастары Одиссейдің жоқтығын пайдаланып, Гелиостың қасиетті өгіздерін жайратып салып, қаужауға кіріседі. Істеген бассыздықтары үшін теңізге шыққан серіктерінің кемелері қирап, өздерін су жалмап, соңында тек жалғыз Одиссей ғана қалады. Қираған кеменің діңгегі мен жаңқаларын құрап, ұшы-қиыры жоқ теңізде тоғыз күн жүзген Одиссей Калипсоның аралына жетеді. Одиссей оқиғаның осы тұсына келгенде әңгімесін доғарады.

Поэманың келесі оқиға желісі – Алкинойдың патшалығында феакийліктердің Одиссейге мол сыйлық жасап, оны жолға дайындауға кірісуімен жалғасады. Ымырт үйіріле Одиссей кемеге көтерілгенде, феакийліктер кеме тұмсығын Итакаға қарай бағыттайды. Қырандай құйындатқан феакийліктердің кемесі қалың ұйқыға кеткен Одиссейді әп-сәтте туған жеріне жеткізеді. Ұйықтап жатқан Одиссейді теңізшілер ақырын көтеріп, құмдауыт жағалауға әкеліп жатқызып, сыйлықтарын қасына үйіп, қайтар жолға шығады. Құдай әміріне құлақ аспай, Одиссейді еліне жеткізіп салған феакийліктерді Посейдон адам айтқысыз жазаға ұшыратып, кемесімен бірге тас жартасқа айналдырады.

“Одиссей” поэмасы оқиғасының келесі желісі қазақтың атақты батырлық эпосының бірі – “Алпамыс батыр” жырының сюжеті мен “Қорқыт ата кітабының” Бамсы-Бәйрек турсындағы жырмен сюжеті дәл келетін жолдар мол кезігеді.

“1956 жылға дейін “Алпамыс батыр” жыры туралы әр түрлі пікірлер болды” – дейді, профессор Әуелбек Қоңыратбаев. “Бұл дастанды жете зерттеген В.М.Жирмунский “Алпамыс” пен “Одиссея” сюжеттерінің арасында ұқсастық бар екенін айтады. Одиссей жаудан қайтқанда, оның әйелін он жеті батыр алмақшы болып, баласы Телемахқа қорлық көрсетеді. Алпамыс болса, он бес жыл зынданда жатып, Ұлтанқұл алғалы жатқан әйелі мен баласы Жәдігерді құтқарады. Бұл ұқсастық тегін болмаса керек. Біздің дәуіріміздің жыл санауына дейінгі VІ-V ғасырларда гректер Орта Азияны билеп, сақтармен көп соғысқан. Олардың ертегі, аңыздарын, географиясын хатқа түсірген” – дейді.

Жырдың қазақ вариантының хронологиясына көңіл қойсақ, “Алпамыс батыр” жыры сақ дәуірі емес, сақтардың бергі ұрпақтары оғыз дәуірінде дүниеге келсе керек. Десек те, екі жырдың ішіндегі ұқсастықтарға қарап, “Алпамыс батыр” жыры бұдан ерте дәуірде келуі ықтимал деген пікірді ұстанамыз. Оған төмендегі сюжеттік параллелдер көп ретте дәлел бола алады. Мысал ретінде, Одиссейдің өз отаны Итакаға келгенде, Афинаның құдіреттілігімен, бет-бейнесі мен түр-тұлғасы қайыршыға айналып, тура үйіне бармай, шошқа бағушы Эвмейге жолығып, сарай маңындағы жайды анықтайды. Троядан аман-есен оралған Нестор мен Менелайға әкесінің жайын білу үшін Спартаға аттанған баласы Телемахты күтіп, онымен кезіккен соң, сағынышын басқан Одиссей, дүниесін талан-таражға түсірген күйеусымақтардан қалай кек алуды жоспарлайды. Қайыршы күйде жүріп, сарайына барып, ондағы қызметшілерінің кімнің қандай екендігін байқап, көптен ойлаған жоспарын іске асырады. “Алпамыс” жырында өз отанына келген Алпамыс бірден үйіне бармай, жол бойындағы керуеншілерге жолығып, түйе бағып жүрген кәрі түйешісі, өзін бала кезінде тәрбиелеген Құлтай мен оның ұлы, жылқы баққан Тортайдан Қоңыраттағы жайды сұрап біледі. Сұрап-білгенін өзінің көзімен көру үшін қоржынындағы диуананың киімін киіп, үйіне аттанады.

Аса көңіл қоятын ұқсас детальдар – Одиссейдің сарайында өзін бала кезден күтіп-баққан кәрі күтушісі Эвриклея мыс шылапшынға су құйып, аяғын жумақ болғанда, аяғындағы білеуленіп біткен тыртық арқылы Одиссейді танып қояса, “Алпамыс” жырында кәрі түйешісі, өзін тәрбиелеген қызметшісі Құлтай жауырынындағы қалынан таниды.

“Одиссей” поэмасында Пенелопаға ие болу жарысында күйеу-сымақтар Одиссейдің садағын атпақ тұрмақ, екі басын иіп әкеліп, кернеуін тарта алмай тұрғанда, қайыршы күйдегі Одиссей садақты қолына алып, иіп, асқан еппен кернеуін тартып, айбалтаның ұстар тұсындағы 12 сақинадан жебе оғын дәл атып өткізеді. “Алпамыс” жырында тек Алпамыс батыр ғана 14 батпан қола садақты қолына алып, кернеуін тартып, жебе оғын жамбыға дәл тигізеді.

Одиссей қартайған әкесі Лаэрттың бейшара күйде құлдардың арасында тіршілік етсе, Алпамыстың әкесі Байбөрі де Ұлтанның айтқанын орындап, құл болып жүріп, ауыр жағдайды басынан өткеруде. Одиссей Троя түбіне аттанғанда дүниеге келген ұлы Телемахты күйеусымықтар намысына тиіп, әбден өлермен күйге ұшыратса, Алпамыстың ұлы Жәдігерді Ұлтан сәті келсе өлтірмек ниетін жасырмайды.

Жиырма жыл алыс сапарда жүрген Одиссейді тағатсыздана күтіп, әбден қалжырап, шаршаған Аргус атты иті иесі қайыршы бейнесінде болса да иісінен танып, иіскеп, құйрығын бұлғаңдатып келіп, сол мезетте өліп кететін сюжет “Алпамыс” жырында да бар. Тайшықты жеңіп, Жиделі-Байсынға жеткен Алпамыс Тортайдың жайып жүрген жылқысының үйірінің үстіне түскенде, жеті жыл бойы алыста жүрген иесін, астындағы Байшұбар арқылы иісін сезіп, Алпамысты айналшықтаған жылқыларды көреміз.

Екі жырдағы ұқсас детальдардың ішінде екі батырға үнемі қамқор, қолдау жасап жүрген құдірет иелері жырдың әр-әр жерінде кездеседі. Мәселен, Одиссейге бірде Зевс көмек етсе, бірде Гермес қолдап отырады, бірақ солардың ішінде аса мол рухтық, қиын-қыстау ауыр жағдайда қол ұшын беретін әйел-тәңіриесі Афина-Паллада. Афина-Паллада Зевстің басын жарып шыққан құдірет иесі. Үнемі Одиссейдің тілеуін тілеп, қиын-қыстау шақта қасынан табылатын құдай – әйел, тіпті өлермен күйге жеткен тұста, оны ажалдан аман алып қалады.

“Алпамыс” жырында Байбөрі мен Аналыққа, Алпамысқа қамқор болған құдіретті күш иелері – Тәңір, Баба түкті Шашты Әзіз, Ғайып-ерен қырық шілтен үнемі басы–қасында болып, қолдау көрсетіп отырады. Тәңір мен Ғайып-ерен қырық шілтен “Алпамыс” жырында сирек кездесетін мифтік образ болса, Баба түкті Шашты Әзіз Алпамыстың дүниеге келген уақыттан бастап, өз еліне аман-есен келгенше желеп-жебеп жүретін құдірет иесі.

Сонда “Баба түкті Шашты Әзіз? Бұл өзі кім шынында? Адам ба, пір ме, пері ме, жын ба, әлде әулие ме, жоқ әлде жай ғана сөздердің тіркесі ме? Ол туралы бала күнімізден естіп, оқып келеміз. Бірақ ешқайсымыз да жарытымды ештеңе айтып бере алмаймыз. Япыр-ау, бұл неліктен?!” – деген сұраққа Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай Тіл ұшындағы тарих (“Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы”) еңбегінде жан-жақты сөз етеді: “…Олардың бәрінде де осы бір киелі есім батыр бабаларымызды желеп-жебеп жүрмеуші ме еді?! Желеп-жебегені былай тұрсын, тіпті олардың дүниеге келуіне де тікелей себепші болатын-ды. “Алпамыс батыр” жырының бір нұсқасына көз жүгірте кетелік:
Сол арада Байбөрі

Тыныштық көңілі тіледі.

Су ішкелі бұрылып

Бұлаққа таман жүреді.

Қатарынан өткізбей

Иіліп келіп ақ шеңгел

Етегінен іледі.

Ырым қып іші сүйініп

Миығынан күледі.

Бұл жерге келіп орнаған,

Көпке мағлұм болмаған,

Бабай түкті Шашты Әзіз

Білсеңіздер бұл еді.

Өзбек пенен қазақтың

Қысылған жерде жар болған

Ақиқат кәміл пірі еді.

Енді өлемін дегенде,

Бейшара шалға кез болып,

Етегінен бұрап ап,

Жібермей тартып тұр еді”. (56.ІІ.197)
“Өзбек пенен қазақтың қысылған жерде жар болған ақиқат кәміл пірі” Баба түкті Шашты Әзіз – Қобыландының да қолтығынан демеуші…”

“… Бағзы заманда Баба Ғұмар деген кісі әулиелік қылып жүрген шағында бір қызға көзі түсіпті. Баба Ғұмардың көзі түскен қыз құдайдың құдіретімен жүкті болып қалады да, ұл туады . Ұлына Баба түкті Шашты Әзіз деп ат қояды.

Баба түкті Шашты Әзіз де жиырма бес жасқа келгенде әулиелік жолға түседі. Бір күні Ағұн (бұл кейде Ніл дариясы деп те айтылады. Әсілі, Ағынды өзені болса керек) дариясының жағасынан алтын шашын алдына алып тарап отырған аруды көреді ол. Баба түкті Шашты Әзізді байқап қалған қыз дереу терең суға шомып кетеді. Оның артынан әулие де суға сүңгиді.

Дарияның түбінде қаз-қатар тігілген алпыс отау бар екен. Баба түкті Шашты Әзіз алпыс ақ отауды аралап жүріп, әлгі ару қызды тауып алады. Ол ай десе аузы, күн десе көзі бар, үстінен жұпар аңқыған, бұлықсып бойжеткен пері қызы екен. Баба түкті Шашты Әзіз қызды көріп көңілі тояды. Оны өзіне де қимай, келген жерінен кері қайтып кеткісі келеді. Бірақ перінің қызы әулиенің етегінен тартып жібермейді. Ол: “Егер мені алып кетсең, он бестегі күнәмді мойныңа жүктеймін!” – дейді. Баба түкті Шашты Әзіз: “Олай болса мен сені алайын”, дейді келісіп.

Екеуі үйленіп, некесін қидырады. Некелескен күні періштенің қызы Баба түкті Шашты Әзізге: “Мен етігімді шешкенде, аяғыма қарамайсың; көйлегімді шешкенде, қолтығыма қарамайсың; басымды жуғанда, шашыма қарамайсың”, деп шарт қояды.

Күндердің күнінде Баба түкті Шашты Әзіз әйелінің етегін шешкенде, аяғын көреді – ол ешкі тұяқты екен; көйлегін шешкенде, қолтығына қарайды – қолтығының астында өкпе тәрізденіп қанат көрініп тұрады; шашын жуғанда, бас терісін сыпырып алдына алып жуады екен. Мұны сезіп қойған әйелі: “Әулие, шарт бұзылды, мен енді сенің қасыңнан кетемін. Ішімде алты айлық ұлың бар. Мені енді іздегенмен таппайсың. Балаңды Ағұн дариясының жағасындағы Құмкент шаһарының маңына тастап кетемін. Өзің іздеп тауып аларсың”, – дейді. Осыны айтады да, перінің қызы аспанға ұшып кете барады.

Баба түкті Шашты Әзіз пері қызынан туған перзентін іздеп, Ағұн дариясының жағасындағы Құмкент шаһарына келеді. Шаһар маңынан жібек жөргөкке ораулы баласын тауып алады. Баласына Едіге деп ат қойып, оны бағып-қағып өсіреді. Әкелік парызынан құтылған Баба түкті Шашты Әзіз баласы Едігені ер жеткен соң Ноғайлы жұртының ханы Тоқтамысқа әкеп табыстайды да, ел-жұрттың алдында көзден ғайып болады…” – деген аңызды Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай өзінің Тіл ұшындағы тарих (“Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы”) еңбегінде атап өтеді.

Мұндағы аңыздың Афинамен ұқсастығы екеуінің таңғажайып жағдайда дүниеге келулері. Мәселен, Афина – Паллада Зевстiң өз басынан жарып шыққан сүйiктi қызы. Афина дүниеге келмес бұрын, сәуегейлердiң (мойралардың) болжауынша, бас құдайдың күшi мен айласына төтеп беретiн, оның тағын тартып алатын, ақыл тәңіриесі, океанида Метидадан (кейде Метис деп те атайды. Зевстің бірінші әйелі, грек мифологиясында океанида, яғни Океанның қызы, шешесі Тефида) бір ұл және қыз туатынын бiлген Зевс, әйелін тәттi сөзбен алдап – арбап кiшiрейтiп, жұтып қояды. Бiрақ, ана құрсағындағы (Метиданың) бала аман қалып, Зевстiң өз басында өсiп – жетiледi. Басы ауырып, құлағы шуылдап, әбден мазасын кетіре бергеннен кейін, құдайдың өтiнiшi бойынша, Гефест (бiр аңызда Прометей) балтамен Зевстiң басын қақ ортасынан шапқан тұста, әскери киiм киген, қаруға мұздай құрсанған Афина атып шығады.

Метиданың қызы Афина “Полиметида” (кемел ақыл иесi, себебі шешесі дана тәңірие болған) аталып, ақылдың құдайы, саналы түрде соғыс жүргiзу иесi болып танылады. Мәселен, Арес жанкештiлiкпен қанiшер, қырып – жою соғысын жүргiзсе, Афина соғысқа мейлiнше адами, әділдікпен жүргізетін соғысты қалайды (Сақтардағы “Кім қылышпен келсе, сол қылыштан мерт болады” деген принцип). Тіпті, Гомер поэмасында Афина құдайлардың у жалатқан жебенi пайдалан-ғаны үшiн жазалайтынын ескертетiндігін өлең жолдарында айтып өтеді. Ал Баба түкті Шашты Әзіз болса, өзінің дүниеге келуі, тәңірдің қалауымен болған іс. Өз әкесі Баба Ғұмар қарапайым қызға көзі түскеннен қыздың ішіне бала бітіп, Баба түкті Шашты Әзіз туса, Зевстің қалауымен океанида Метиданы кішірейтіп жұтып қойған соң, Афина дүниеге келеді. Бұл жоғарыдағы академик В.М.Жирмунскийдің партеногенезис теориясы, яғни гүл искегеннен, жұтып қойып, қайта дүниеге келтіру, немесе физиологиялық қатынассыз-ақ жүкті болу тео-риясы бойынша пайда болған тәңіриелер, құдіретті күші бар жандар.

Одиссей мен Алпамыстың діттеген жеріне, ойлаған мақсатына жетуде осы құдіретті күш иелері айналадағы қауіп-қатерден аман алып шығады да үнемі қолдап-қоршап жүреді.

Илиада” мен “Одиссеяның” шыққан орны мен уақыты. Цицерон мен Павсиний және басқа антикалық авторлардың мәлiмдеуiнше, афиндық тиран Писистрат Гомердiң шығармашылығын арнайы қарастырып, “Илиада” мен “Одиссеяның” шашыраңқы бөлiктерiн ретке келтiру үшiн ғылыми комиссия құрады. Бұдан б.д.д. VI ғасырда гомерлiк поэманың жазылған нұсқасы бар болғанын растайтын факт екенi, поэма б.д.д. VІІІ-VІІ ғасырда шыққан әдеби мұра екенiн толық сенiммен айтуға негiз бар. Жырдағы бейнеленген қоғамдық қатынас пен материалдық мәдениет кезеңдерiне сараптама жүргiзген сарапшы ғалымдар мен зерттеушiлердiң пiкiрiнше, поэмада орын алған әр деңгейдегi сан түрлi оқиғалардың бұдан да ерте кезеңде болуы мүмкiн емес дегенге саяды. Гомерлiк қоғам тап қоғамына дейiнгi рулық қауымдастықта өмiр кешкен. Ру басындағы көсем, патша есебiндегi ақсақалдар, әскербасы да абыз және билердiң қызметiн бiрге атқарса да, олардың үкiм-билiктерi шектеулi болды.

Мәселен, “Илиаданың” бiрiншi кiтабында Хрисейданы әкесiне беру мәселесiне орай туындаған шешiмдi патша Агамемнон қанша разы болмаса да, халықтық жиналыс өз қорытындысын шығаратын-дығы туралы айтылады.

Патшалардың өмiр-тiршiлiгi демократиялық жүйеге жақын, олар өздерiн қарапайым адам ретiнде ұстайтындықтан, оларды сынап-мiнеуге ешкiм де қаймықпайды. Мәселен, “Илиаданың” ХIХ кiта-бында Троя жорығының қолбасшысы Агамемнонға Одиссей: “Агамемнон, сен алпауытсың, iрiсiң, басқа ахейлiктiң алдында өзiң әдiлеттi бол, өзiң өкпелеткен ер адамнан кешiрiм сұрау, билiгiңе нұқсан келмейдi!” деп дүрсе қоя бередi.

Трояның патшасы қарт Приам баласы Гектордың мүрдесiн алып қайту үшiн, ашуға мiнiп, тепсiнiп, кек қайтару үшін жаудың жағасын алудың орнына Ахиллге жалынышты, тiптi мүсәпiр күйiнде келгенi-жоғарыдағы ойымызға қуат берерi анық.

Қоғам өмiрi мен хронологиялық уақыт өлшемi сәйкес келмесе де, қазақ жұртында да хан алдында қаймықпай “бетiң бар жүзiң бар демей” тура айтатын демократиялық белгi беретiн халықтық мұралар мен кей үлгiлердi атап өтудiң еш артықтығы жоқ.

Бiрi – Махамбеттiң Жәңгiрханға “Хан емессiң қасқырсың” өлеңi, “Баймағамбет сұлтанға айтқаны”, немесе “Бұхар жыраудың Абылай ханға айтқаны”, “Шәлгездiң би Темiрге айтқаны” өлеңдерi нағыз демократтық қарым-қатынастың өз тұсында қазақ жерiнде де берiк орын алғандағын айғақтайтын жанды факт. Мұның барлығы да екi халықтың руға, жүзге бөлiну кезеңiндегi бастарынан өткен ортақ қоғамдық белгiлерi мен iздерiн көрсететiн тарихи болмыс. Гомерлiк тұста рулық қоғам ыдырап, құл иелену қоғамына аяқ басқанда жеке меншiктiк пен әлеуметтiк бiркелкiлiк жойылып, жарлылар мен дәулеттiлер арасы айқындалып, құлдық болса да, бiрақ патриархалдық ой-сана сақталып қалған кезең де айқын суреттелген. Жырдағы құлдар көбiне бақташылар мен үй қызметшiлерi, ал олардың арасында патша отбасына әбден кiрiгiп, сенiмiне ие болған адамдар да кездеседi. Бұл – Одиссейдiң тәрбиешiсi Евриклея мен бақташысы Евмей. Евмей құлдан гөрi, Одиссейдiң досы iспеттi көрiнедi. Жыр соңында Евмей Одиссейдің ұлы Телемахты құтқарып қалғаны туралы көркем түрде жырланған.

“Алпамыс” эпосындағы Кейқуат құл Евмейге жақын келетiн образдардың бiрi. “Жырда Кейқуат та құл деп аталады. Бiрақ халық жыры Кейқуатты жағымды кейiпкер етiп суреттейдi. Өйткенi, Кейқуат iсi үшiн күрескен Алпамысқа көмектеседi, батырдың досы, жәрдемшiсi болады. Сондықтан да Кейқуат зор дәрежеге көтерiледi”, – дейдi, М.Ғабдуллин Кейқуат образы жөнiнде.

Сауда-саттықтың бұл қоғамда бар болғаны анық, бұл жайт жыр арасында там-тұмдап болса да көрiнедi, бiрақ автордың ойында ол аз орын алған. “Илиада” мен “Одиссеядағы” жазылған оқиға iшiнде материалдық мәдениеттiң көрiнiсi есебiнде, автордың сол тұстағы темiр өңдеу өнерiмен етене таныс болғандығын көрсеткенiмен, көнелiкке жақындығын айғақтайтын жайт-жауынгерлердiң үстiндегi сауыт-саймандары қоладан жасалған деген сөз орамдары жиi қолданылады. Ал троялықтардың сауыт-саймандары темірден соғылғандығы жөніндегі өлең жолдарынын аңғарсақ, темір өңдеу сақ-скиф жерінде ерте кезден дамығанын, сол темір бұйымдар Скифия елінен келгенін жазбай тануға болады. Сонымен бірге троялықтар қатарында сақ-скиф әскерінің ахейліктерге қарсы соғысқанын жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, “Көне Грек тарихы” деген еңбекте, “Гомердің “Илиада” мен “Одиссея” ахейлік гректердің Трояға б.д.д. 1240 жылы жасаған жорығына байланысты жырланған” деген дерек берілсе, онда б.д.д. ХІІІ ғасырда Троя патшалығымен Қазақстан жерінде мекен еткен сақ-скифтердің сол қан майданда болуы кәміл. Мәселен, Троя соғысының сол тұста аса үлкен тарихи оқиға есебінде белгілі болса, оған Таяу Шығыс, Месопотамия, Кіші Азия, Балкан, Қара теңіз, Мысыр мен Азов теңізінің маңында өмір сүрген халықтардың бірқатары қатысқандығы жөнінде тарихи фактілер бар.

“Ер Төстік” әңгімесі, жоғарыда айтқандай, қазақ елінде айтылатын ең ескі әңгіме. Ол ең мағыналы, ең сұлу жыр”, – дейді Ә. Марғұлан.

Демек, мұнда бір жағынан фантазия күшті болса, екінші жағынан кәрі заманның мифі. Кең сахарада бақташылық тұрмыспен күнелткен тайпалардың жүйрік қиялы “Ер Төстік” жырын өте әдемі суреттеген. Бұл сияқты ғажайып миф ескі шумерлерде, гректерде көп болған. Жер астында Ер Төстікке ерген алыптар, ескі гректің “Илиада”, “Одиссеясында” айтылатын алыптармен бірдей. Ер Төстіктің өзі де Одиссея сияқты ұлы батыр.Одиссея Троя қаласын бұзып, кемесіне отырып еліне қайтқанда, жолда сұрапыл қара дауыл соғып, Одиссейдің кемесін толқын айдап, жалғыз көзді дәу Полифемнің ордасына алып келеді. “Ер Төстік” жырында Ер Төстік жалмауыз кемпірден егеуін алып, Шалқұйрықпен жосытып келе жатқанда, жер қақ айырылып, жер астындағы жылан патшасының қолына барып түседі. Мұндағы айырма – Одиссей теңіз стихиясында кемемен жүзсе, Ер Төстік даланың жүйрігіне мініп, сар даланың құба жонымен жортады. Одиссейдің кемесін Полифем (жалғыз көзді дәу) жүргізбей, дауыл соқтыра бергенде, Одиссей жел тәңірісі Ауелден (Жоғарыда айтылған Эол) бір көрік жел алып, теңізге тыныштық орнатады. Ер Төстік жер үстіндегі дәумен алысқанда, жол соқтыратын алып қара құс оған бір тал қанатын беріп: қиындық көрсең осы қанатты тұтат, сонда саған болысуға барамын дейді. Ер Төстіктің қасындағы тауды тауға соғатын, көлдің суын бір-ақ ұрттайтын жайын алыптары – гректің Тезей, Зевс, Уран сияқты алыптарымен бірдей. Уран теңіз дәуі Кроноспен соғысса, “Ер Төстіктегі жайын алып – теңіз түбінде жататын Долман алыппен алысады. Зевс жұртқа тыныштық бермейтін дәулерді құрту үшін Олимп тауында жұртты шақырып жаумен соғысады. Соғыста Зевс Олимп тауының басына шығып, барлық дәуді жеңіп, олардың сүйегін отқа өртейді. Ер Төстік жалмауыз кемпірден туған Шойынқұлақ дәуді жапан түзде жеңіп, оның бесікте қалған баласын теңізге тастайды. Осы сияқты ұқсастыққа қарағанда “Ер Төстік” грек мифтері сияқты, ең ескі заманның жыры. Оның үстіне, бір сатыдағы тұрмыс бірыңғай салт-сана туғызатын болғандықтан, ескі грек дәуіріндегі (арғы заманның ІХ-VІІ ғғ.) қоғамның ой-өрісі ғұн, үйсін, қаңлы қыпшақ кезіндегі салт-санамен ұқсас болғанын көрсе-теді”, – дегені, көп ретте көнеліктен қалған әдеби мұралардың біріне-бірі әсері өте күшті болғандығын танытады.

Тағы бір дерек көзіне сенсек, “Илиада”, “Одиссея” поэмалары көбiне Иондық диалектiде, Эолилiк пiшiн қосылып жазылған. Бұған қарағанда, эпостың шығу тегi – Эгей теңiзiнiң аралдары немесе Кiшi Азия жерi болуы әбден мүмкiн. Мәселен, Түркия жерінде болып, зерттеу жүргізген Әлия Хамзина өзінің “Қазақ әдебиеті” газетінде жариялаған “Түрік баспасөзі: Тарих, Мәдениет және Оқу-ағарту мәселелері” атты мақаласында: “Анадолы жерінің грек аңыздары мен мифтеріне қатысты тұстары да баршылық” – дейді. “Ұлы Гомердің “Илиадасындағы” Троя қаласының қазіргі түрік жерінде болғанын білеміз. Қазақтың көрнекті қаламгері Ә.Т.Әлімжанов Шлиманның (1822 жылы туып, 1880 жылы 26 желтоқсанда Трояны ашқан ұлы неміс археологы Генрих Шлиман қайтыс болды. Шлиманға дейін зерттеушілер Гомердің “Илиадасы” мен “Одиссеясының” оқиғалары өтетін Трояны табудан үміт үзіп, сондағылардың бәрін тек ақын қиялының жемісі деп санауға бейімделе бастаған болатын (Қазақ календары, 26.12.2005) қазба жұмыстары туралы айта келіп, ол қазынаның түркі халқына, түріктік мәдениетке қатысы барлығын мақтанышпен атап өтеді. (Ә.Т. Әлімжановтың осы пікірді айтуына негіз болған дерек Генрих Шлиманның Қазіргі Түркиядағы Гиссарлық даласында 1873 жылы “Илиада” поэмасында айтылған Троя қаласының қираған үйіндісін, одан мол дүние-мүлік көмбе табады. Бұл көмбе Трояның патшасы Приамның Трояға қауіп төнген уақытта, өз сарайының маңына тыққан деген жорамал бар. Ал 1876 жылы Микенда кремльдің қалдығын табады). Нұқ пайғамбардың кемесі қалған деп, христиан жұрты аңыз ететін Арарат тауы да түрік территориясында.

Дегенімен, біздіңше, бүкіл түрік жамағатына ортақ тарих әлі жазыла қойған жоқ. Оның тереңдей зерттеп, иісі түркі жұртының әлемдік өркениеттен алатын орнын көрсетер іргелі еңбек жазу – болашақтың ісі. Осы игі шаруаға бүкіл түркі тектес халықтардың ғалымдары белсене атсалысуы қажет” – деген ой білдіреді.

Кiшi Азия қалаларының поэмада орын алмауының себебi – автор ежелгi Трояның архаикалық ерекшелiгiн көрсетудi басты назарға алғандығы айқын. “Шын мәнiнде Троя соғысы жөнiндегi миф Кiшi Азияда сақталған, – делiнген, “Ежелгi дүние тарихы” еңбегiнде. “Сөйтiп кейiн, халық жыршыларының көмегiмен “Илиада” және “Одиссея” сияқты эпикалық тамаша поэма туды. Сондықтан да, кiшi азиялық гректер, ежелгi крит-микена мәдениетiнiң элементтерiн сақтай отырып, кейiнгi ұрпақтар халықтарының iшiнен әлеуметтiк және мәдени жағынан едәуiр өркендеген ел болып шықты”.

Эгей теңізінің маңында өмір кешкен гректер теңізде жүзу өнерін б.д.д. 2-ші мыңжылдықтың орта шенінде меңгеріп алған. Теңізде жүзу бір жағынан өнер болатын болса, екінші себеп – шаруашылыққа аса қажет шикізат темір мен қола және басқа да қажетті дүниені табу үшін, аса қызықты да қауіпті сапарға шығатын. Қауіпті сапар деуіміздің себебі – Гомер кезеңіндегі гректер мен көршілес жатқан финикийліктердің кемесі оң мен солға бұрылудың қуатты механизмі жетілмеген еді. Ол кемелер көбіне бағытталу жағы биік, құйрық тұсы төмендеу келген, бағыт өзгертетін негізгі тетігі екі ескек арқылы оң-солға бұрып, жүзе алатын. Мұндай кемелермен жүзу өте қауіпті болатын. Қатты дауыл соққанда ескекпен бағыттау аса көп күш-қуатты талап ететін, кейде кемені бағындыру мүлдем болмай кететін. Мұндайда кеме дауылдың соққан бағытымен жүзіп, негізгі жолдан адасып, көз көрмеген, ел естімеген жаққа барып, не адасып, биік тас құздарға соғылып, кеменің парша-паршасы шығатын. Халық арасындағы аңыздарда теңізшілер жөніндегі мұралардың батырлық жырлармен байланысты екені сондықтан.

Ал Гомердің “Илиада”, “Одиссея” поэмаларының ішіндегі сюжеттердің көне сақтар мен аландар, аримаспылар арасында кеңінен орын алуы – элладалықтардың троялықтармен он жыл соғысқан кезде, ата-бабаларымыздың Троя елі жағында болып, сол елдермен қоян-қолтық араласқаны, сол соғыста бірге соғысқаны еш талассыз екені жоғарыда көрсетілген тарихи және әдеби мұралар жоққа шығармайды.


жүктеу 1,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау