Іsbn 9965-412-71-5 Иманғазинов М., 2009 кiрiспе а нтика


Фивы Беотияның ең басты қалаларының бiрi, оның Отанында түрлi қызықты оқиғалар мен аңыздар сақталған. Қаланың негiзiн финикийлiк патша Агенордың ұлы Кадм



жүктеу 1,83 Mb.
бет12/20
Дата29.01.2020
өлшемі1,83 Mb.
#27571
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

Фивы Беотияның ең басты қалаларының бiрi, оның Отанында түрлi қызықты оқиғалар мен аңыздар сақталған. Қаланың негiзiн финикийлiк патша Агенордың ұлы Кадм қалаған. Қадм өз отаны Финикияда тұрғанда, оның қарындасы Европаны ақ өгiз кейiпiне айналған Зевс ұрлап әкетедi. Өгiз Европаны арқасына мiнгiзiп, Крит аралына түсiредi. Қайғы-мұңға батқан Агенор ұлдары Фойникс, Киликс, Кадмды шақыртып алып, Европаны iздеуге жiбередi. Қарындастарын ұзақ уақыт iздеп, таппай, үмiттерi үзiлген екi ағасы Фойникс-Финикияның, ал Киликс-Киликияның негiзiн қалап, сол мемлекетте тұрып қалады. Грек тәңіриелерінің бойындағы атрибут-тары, көңіл қойған жануары, заты немесе құс атаулы бейнеде көрінсе, соның ішінде ең құдіреттісі Зевсті көбіне сиыр, өгіз кейпінде көруге болады. Беотия деген сөздің мағынасы “сиыр елі” болса, Зевстің ақ өгізге айналып (Метаморфоза) Европаны ұрлауы әдеби қағида, заңдылыққа сәйкес келетін сюжет секілді. Ақ өгізге айналып Европаны ұрлап кеткен құдірет иесі екені анық. Соны біле тұра Агенор жақсы көретін қызын ұмыта алмай, үмітін үзбей, үнемі ойлаумен болады.

“Кадм қарындасын iздеуге жалғыз өзi аттанады. Ол Европаны сұрастырып, дүниенi ұзақ кезедi. Ақырында, қарындасын табудан үмiтiн үзiп, екiншi жағынан үйге оралуға қорыққан Кадм бiржолата жат жұртта қалуға бел байлайды. Ол қасиеттi Дельфыға барып, жебе тәңiрiсi Аполлоннан қай елге қоныс теуiп, қала салуға болатынын сұрайды. “мойынтұрық салынбаған сиырды көрсең, соңынан ерiп жүре бер, ол қай жерге барып шөп үстiне жатса, сол жерге қала қабырғасының iргесiн қала, ал ол елдi Беотия (сиыр мемлекетi) деп ата”, – деп, жауап бередi. Бұл тәңірдің қолындағы ісі, ал оған көнбеске лаж жоқ еді.

Қала салардан бұрын Кадм құдайларға құрбандық шалу мақсатында, жуынып дәрет алу үшiн су iздейдi. Өзiнiң сенiмдi серiктерiн суға жiберiп, сол орнында ұзақ тұрады. Қызметшiлерi кешiккесiн, бұлақ басына барады. Үстiнде арыстан терiсi, белiнде өткiр семсерi, қолында найзасы бар Кадм тоғай iшiне кiргенде, айдаһар жылан қызметшiлерiнiң бәрiн буындырып өлтiргенiн көредi. Қайғы мен ашу қысқан Кадм айдаһар жыланды өлтiрiп, Афина-Палладаның кеңесi бойынша, жыланның тiстерiн жұлып алып, жыртылған жерге тұқым сияқты себедi (Аргонавтылардың басшысы Ясонның басындағы оқиға еске түседі). Егiстiк жерден сауыт киген, қаруланған жауынгерлер өсiп шығып, бiр-бiрiмен шайқасқа түсiп, араларында аман қалған бесеуi Кадмның сенiмдi көмекшiлерiне айналады. Солардың жәрдемi арқылы Кадмеяны – жетi қақпалы Фивы қамалын салады.

Олимп құдайлары Кадмды Арес пен Афродитаның ғажайып сұлу қызы Гармонияға үйлендiредi.

Өлтiрген айдаһары соғыс тәңiрiсi Арестiң ұлы болғандықтан, кейiн Кадмның отбасына адам айтқысыз қайғы-қасiрет орнайды. Гармония мен Кадмнан төрт қыз бен бiр Полидор деген ұл дүниеге келедi. Үлкен қызы Автоноядан Актеон туады, (Артемида туралы аңызда айтылған) оны өзiнiң төбет иттерi жұлмалап өлтiредi, екiншi қызы Иноны өзiнiң күйеуi есi ауысқандықтан iзiне түсiп, мерт ететiндiктен теңiздегi дельфинге айналады. Гера Ино мен күйеуiнiң Дионистi тәрбиелегенi үшiн жазалайды; үшiншi қызы Семела Дионистiң анасы болғаны үшiн Гераның тегеурiне шыдай алмай о дүниелiк болады; төртiншi қызы Агава жергiлiктi Эхион дегенге тұрмысқа шығып, Пенфей атты ұл табады. Ол кейiн Фиваны билейдi. Пенфейдiң қасiреттi тағдыры жөнiнде Еврипидтiң “Вакханкалар” атты трагедиясында жан-жақты баяндалады. (Ол туралы Еврипидтiң творчестволық бөлiмiнде айтылады).

Бақытсыздыққа ұшыраған отбасының күйгiне шыдай алмаған Кадм, Гармония екеуi Фиваны тастап, Иллирияға қоныс тебедi. Қартайған шақтарында екеуi де құбыжық жыланға айналады, бiрақ өлгеннен кейiн Зевстiң мейiрiне бөленiп, Елисей алаңына көшiрiледi.

Кадм есімі әлемге әйгілі. Ол жөнінде адуынды ақын, ғалым Олжас Сүлейменов “Таңба тiлi” деген еңбегінде атап өтеді. Оның пікірінше, гректердің жазуы осы мифтік бейне Кадмның атымен байланысты. Енді О.Сүлейменовтың 1998 жылы жарыққа шыққан “Таңба тiлi” (Язык письма) деген еңбегiнде: “Древнегреческие историки, увидев сходства своих букв и названий с финикийскими, сочинили легенду о финикийце Адм (Кадм) принесшим алфавит в Элладу. На ней зиждет-ся научная версия о происхождений южноевропейских буквенных систем: финикийское – греческое – этрусское – латинское” – дейді.

Зевстiң сүйiктiсi Антиопа кейiнгi фивандық патшалардың бірі – Никтейдің қызы. Антиопа сонымен бірге, бір деректе амазонкалардың патшайымы да. Антиопа Зет пен Амфион атты егiз ұлды некесіз, ұлы тәңіриесі Зевстен табады (партеногенезис). Олар өздерiнiң шығу тектерiн бiлмей, бақташылардың қолында тәрбиеленедi. Оған себеп – Антиопа, тәңірдің тағажайып ісі өз басына түскенін тағдырдың жазуы деп қабылдап, әкесi Никтейдің қаһарынан қаймығып, Сикионға қашып барып, сол елдің патшасы Эпопеяға тұрмысқа шығады. Тек әкесi қайтыс болғаннан кейiн ғана өз отанына, Фивы патшасы, бауыры Ликтiң қолына келiп паналайды. Бiрақ Ликтiң iшi тар әйелi Дирка Антиопаны күң ретiнде ұстап, қатiгездiк көрсеткенi үшiн, өзінің егіз ұлы мекендеп жатқан Киферон тауына қашып барады. Зет пен Амфион аналарын танымаса да қамқорлыққа алады. Анасы да балаларын танымайды. Басқа вариантында, әкесі Никтей өзінің тұқымының атына кір келтіргені үшін бауыры Ликке Антиопаны жазалауды тапсырады. Лик Сикионды жаулап алып, Эпопеяны өлтіріп, Антиопаны әйелі Дирканың күңіне айналдырады да қамауда ұстайды. Бірер жылдан кейін Зевс қамауда отырған Антиопаны шынжырдан босатып, зынданнан сыртқа шығарғанда, Антиопа орманға қашып барады.

Дионистiң мерекесiнде Дирка мен Антиопа тағы кездесiп қалады, ашу қысқан Дирка өз үйiнен қашқан күң есебiнде жазаға тартпақшы болып, Зет мен Амфионға Антиопаны асау бұқаның мүйiзiне байлап, паршалап тастауды бұйырады. Мерекеде жүрген кәрi бақташы егiздерге өз аналары Антиопа екенi туралы құпияны ашып, патшайымның шешелерiне жасаған қатiгездiктерiн айтқанда, Дирканың өзiн бұқаның мүйiзiне байлап, азаптап өлтiредi. Мерт болған Дирка ағып жатқан бұлаққа айналып, есiмi де сол бұлаққа берiледi. Қазақтағы, “Біреуге ор қазба өзің түсерсің” деген нақылдың кері Дирканың тағдырына дөп келеді.

Римдiк ақын Овидий бұл аңыз туралы мүлдем басқаша баяндайды. Зет пен Амфион шешелерiне жасаған залалдары үшiн Ликтi де жазалап, Фива билiгiн өз қолдарына алады. Фивы патшалығының тағына жайғасқан екеуi қаланы жаудан қорғау үшiн айналасын биiк қорғандармен бекiтпек болады. Кадм тұрғызған Фивыдағы қамал-биiк Кадмея ғана қабырғамен қоршалып, қаланың басқа жерлерiне қорған салынбаған едi. Ағайынды екеуi Фивының айналасына өз қолдарымен қорған тұрғызды. Қуатты Зет бар күшiн салып үлкен-үлкен тас үйiндiлерiн тасып, оларды бiрiнiң үстiне бiрiн үйдi. Амфион болса өзiнiң алтын iшектi кифарасының үнiн тыңдайтын тас үйiндiлерiн музыка ойнау арқылы тасыды. Тастар өздiгiнен қозғалып, бұзылмайтын биiк қабырға болып өздерi қаланады.

Зет пен Амфион қайтыс болғаннан кейiн олардың культы Фивы қаласының қорғаушы, қамқоршысы есебiнде ерекше дәрiптелдi.

Әлем мәдениеті мен әдебиетіне, соның ішінде қазақтың рухани дүниесіне аса танымал шығармалардың бірі – “Эдип патша” болмақ. Шығарма қазақтың драмалық театрында (гректің трагикі Софоклдың – “Эдип патша” трагедиясы бойынша) талай уақыттан бері сахнадан түспей келеді. Антика дәуірінде дүниеге келген әлем мәдениетіне кең танымал шығарманың қысқаша мазмұны адам айтқысыз болжаудан бастау алады.



Лабдактың (Кадмның немересi) ұлы Лаий Иокастаға үйленген-де жантүршiгердiк сәуегейлiк естидi: ұлы өзiн өлтiрiп, шешесiне қосылады-мiс. Осы жайсыз тағдырдан құтылу мақсатында, Лаий жаңа туған нәрестесiн құлына берiп, жабайы аңның жемтiгi болсын деп, иен жатқан Киферон тауындағы орманға апартып тастайды. Бiрақ, құлы пәк нәрестенi аяп, Коринф бақташысына бередi, ол бала сүйiп көрмеген Коринф патшасы Полиба мен әйелi Меропқа ұсынады. Атын Эдип (Эдип деген сөз “аяқ-қолы ісінген” деген мағына береді. Өйткені, бала қимылдамасын деген оймен, оның тілерсегін тесіп, жіп өткізіп, қатты байлап қойғандықтан, нәрестенің аяғы ісініп кетеді. Сондықтан оны алғаш көрген өгей әке-шешесі атын Эдип, яғни аяғы ісінген бала деп қояды).

Бала өзiн Полиб пен Мероптың ұлымын деп есептейдi. Ержетiп, жiгiт болған шағында сәуегейден болашақ тағдырын естiп, екi күнәнi мойыныма артпайын деген оймен, Коринфтен Фивы қаласына сапар шегедi. Жол үстiнде тағдырдың жазуымен өзiнiң нақты әкесiне жолығып, қасындағы серiктерiмен тiл табыса алмай, бәрiн де қырып салады. Олардың iшiнде өзінің туған әкесi Лаийда бар едi.

Сөйтiп, сәуегейдiң бiрiншi айтқаны болжау сөзi дәл келедi. Фиваға жақын жерде құбыжық Сфинкске (жарты әйел, жарты арыстан кейiптi, Сфинкс (Сфинга) гректердің аңызы бойынша, денесі арыстандікі, қанаты бар, басы әйел құбыжық, Ехидна мен Тифонның балалары) жолығады. Сфинкс жол үстiнде бара жатқан кез-келген жолаушыны тоқтатып, оған сұрақ қояды, сұраққа жауап бере алмаса сол мезетте-ақ паршалап тастайды. Сұрағы: “Таңертең төрт аяқтап, түсте екі аяқтап, кешке үш аяқтап жүретін кім?” дегенде Эдип: “Ол адам, яғни адамның тууынан, есейген шағы және қартайған кезіндегі кейіпі” деген Эдиптiң жауабын естiп, дәл тапқанына ызаланып, биiк жартастан құрдымға құлап өледi. Әлем әдебиеті мен мәдениетінде бұл “Сфинкс сұрағы” деген терминмен әйгілі болған. Фивандық азаматтар қаніпезер, жайсыз Сфинкстен құтылғаны үшiн Эдипке ризашылықтарын бiлдiрiп, жесiр патшайым Иокастаға қосады, сонымен сәуегейдiң екiншi айтқаны орындалады. Эдип абайсызда Фиваның патшасы Лайды өлтіріп, білместіктен, өз шешесiнiң күйеуiне айналады. Бұл аңыздағы Эдиптің басынан өткен оқиғасы, Европада психоанализдік “Эдип комплексіне” айналады. Оның негізін қалаған немістің психологі – Зигмунд Фрейд.

“Қазақ әдебиеті” газетінде осы психоанализдік бағыттың қалыптасуы жөнінде Әмірхан Балқыбек былай деп жазады: “Тағы да аңыз дегеннен шығады, бүгінгі Батыста адам жан дүниесін зерттеуде соны жетістік болып табылатын ілімдердің бірі – негізін Зигмунд Фрейд қалаған психоанализ болып табылады. Бұл ілімнің теориясы бойынша адам жан дүниесі оның сәби кезінен бастап түйсік қатпарында байқаусыз бұғынып жатқан жыныстық – сексуальдық бағытта жинақталған мәліметтерге тікелей тәуелді. Бұл ілімде көп қолданылатын термин – түсініктердің бірі “Эдип комплексі” деп аталады. Термин көне грек әфсанасындағы Эдип патшаның есімінен алынған. Иә, сол байқаусызда өз әкесін өлтіріп алып, туған шешесіне білмей үйленетін бейбақтың есімімен. Психоанализ теориясы бойынша кез келген ер баланың бойында туған анасына деген жыныстық құмарлық, керісінше, қыз баланың бойында әкесіне деген нәпсі болады екен. Бұл құмарлық уақтылы оң шешілмесе соңы сорға апарып жығуы мүмкін. Бала амалын тауып, әкесін өлтіруге дейін баруы ғажап емес. Яғни, грек аңызындағы жай кез-келген шаңырақта қайта қайталанып жатса таң қалмаңыз. Бұл түйсік түпкіріңізде жатып қалған ерегеспе “Эдип комплексі” өз дегенін істеді деген сөз. Расында да ғажап. Әрине, бір қарағанда. Сәлден кейін осының өзі миға сиятын дүние ме деп ойланасыз. Шынымен-ақ осылай болса қорқынышты екен-ау деген ой санаңызды көктемде жауған қардай бір мұздатып өтеді” – дейді [167].

Әмірхан Балқыбек Эдиптің оқиғасына орай “Жоямерген комплексін” қарсы қояды. Грек мифіндегі Эдиптің оқиғасына Жоямергеннің шешесі мен қарындасының арасындағы байланысқа орай пікірін былай өрбітеді: “Неге екені белгісіз, менің осы “Эдип комплексіне” “Жоямерген комплексін” қарсы қойғым келеді де тұрады. Эдип патша секілді бұл да аңыз ертегінің кейіпкері. Айырмашылығы, “Қазақ ертегісі екендігі”. Ертегі бойынша ертеде жаны жомарт, төңірегіне қадірлі Құламерген батыр болыпты. Ұлының аты Жоямерген екен. Құламерген аңға кеткенде, әйелі өзенге шашын жуып отырады ғой. Таранып отырғанда бір тал шашы суға ағып кетсе керек. Сол өңірдің қатынқұмар ханы осы шашты көріп қалып шаш иесі сұлумен қалай да көңіл қосқысы келеді. Әйелді көндіреді де, қызы мен баласын бірге ала кетеді. Арттарынан қуа келген Құламерген хан әскерімен біраз қырғын салып, ақыры қолға түсіп қалады. Ханның босағасына әкеліп байланады. Түн ортасында әкесінің қасына қызы келеді. Әкесі қол-аяғымды шеш дейді. Қызы тілін алмай қашып кетеді. Сосын ұлы Жоямерген келген. Ұл әкесін босатып алады. Екеуі бұдан кейін де біраз қиыншылықтар көріп, ақыр түбі мұрат-мақсатына жетеді”.

Эдиптiң болашақтағы өмiрi мен кейiнгi оқиғасы жөнiнде Софоклдың “Эдип патша” трагедиясында баяндалады.

Критте Зевс пен Европадан туған қаһарман Минос әдiлеттiлiк пен заңды қорғау жөнiнен асқан даналық көрсеткенi үшiн халық арасында аса танымал болды. Осы қасиетi үшiн, қайтыс болғаннан кейiн Эак және Радмант деген бауырларымен бiрге арғы дүниеде, яғни Аид патшалығында би-төрешi болған. Минос Пасифаяға үйленiп, отбасыларында Федра мен Ариадна деген балаларымен бiрге, адам етiн жегiш, құбыжық Минотавр (Миностың баласы) атты басы адам, денесi бұқа кейiпiндегi жануар дүниеге келедi. Минотавр Пасифаяның бұқаға сүйiспендiк сезiмi оянуынан пайда болған жануар. Минос құбыжық баласын елдiң көзiнен таса ұстап, бағу үшiн афиндiк мүсiншi, шебер Дедалға кiрсе шыға алмайтын лабиринт салдырады. Лабиринт салынып бiткесiн, Минотаврды iшiне жiберiп, Миностың әмiрi бойынша осы лабиринттi салған әйгiлi шебер Дедал мен өзiнiң баласы Икар да сонда тұрмақ. Дедалдың кiнәсі – Крит аралынан Тесейдiң (Тесей туралы бөлiмде баяндалады) қашып кетуiне көмектескендiгi едi.

Ал Овидийдiң “Метаморфоза” поэмасында аңыздың мазмұны өзгешелеу. Поэмада Эрехтейдiң ұрпағы Дедал Афинадағы аса ұлы суретшi, мүсiншi және сәулетшi ретінде даңқы шыққан. Оның ақ қардай мәрмәрдан жасаған ғажайып мүсiндерiне жан бiтетiн сияқты көрініп, ойған мүсіндері өзiңе қарап, қозғалып тұрғандай көрiнетiн болған. Дедал өзiнiң кәсiбiне қажеттi көптеген құралдардың iшiнде балта мен бұрғыны да ойлап табады. Дедалдың даңқы бүкіл әлемге тарайды.

Осы ұлы iсмердiң қарындасы Пердикадан туған Тал есiмдi жиенi болды. Тал өзiнiң нағашысынан дәрiс алды. Ол жас шағында-ақ өзiнiң талантымен және тапқырлығымен жұртты таң қалдырады. Талдың өз ұстазынан әлдеқайда асып түсетiнi көрiнiп-ақ қалған едi. Дедал жиенiнiң талантын көре алмай, оның көзiн жоймақ болып, шың басындағы Афины акрополiнен итерiп жiбердi. Суретшi өзiнiң бұл қылмысы жазасыз қалатынына кәмiл сендi. Жартастан құлаған Тал күл-талқан болды. Дедал дереу акропольден төмен түсiп, Талдың денесiн көтерiп, оны құпия түрде жерге көмбек бола берген кезде, афинылықтар көр қазып жатқан Дедалдың үстiнен шығып, қастандығы ашылып қалады. Ареопаг оны өлiм жазасына кеседi.

Дедал ажалдан қашып, Криттегi Зевс пен Европаның баласы кұдiреттi Минос патшаға барады. Минос оны шын ықыласымен өз қамқорлығына алады.

Дедал Миностың қолдында ұзақ жылдар бойы тұрды. Патша оны Криттен жiбергiсi келмей, ұлы iсмердiң өнерiн жалғыз өзi пайдаланбақ. Минос Дедалды Критте бейне бiр тұтқын сияқты ұстады. Дедал қалай қашудың жолын ұзақ ойластырып, ақыры Крит қамауынан құтылудың әдiсiн тапты. Ол құс қауырсындарын жинап алып, оларды кендiр жiп және балауызбен бiр-бiрiне бекiтiп, төрт қанат әзiрлеп, баласы екеуi оны арқаларына байлап алып қаққан кезде, жайлап ауаға көтерiледi. Миностың қамауынан құтылған екеуi ұзақ самғап талай жерден өтедi. Балалыққа салынған Икар әкесiнiң ақылын тыңдамай жоғарырақ көкке өрлеп, қанаттары жарамсыз болып, биiктiктен аққан бойы теңiзге құлап түседi. Икардың құлап түскен теңiзiн ежелгiлер Икарийский деп атаған.

Дедал мен Икар туралы миф адамдардың сонау ежелгi замандарда-ақ жер бетiнде жүрiп, суда ғана жүзбей, ауада да ұшуды үйренудi ойластырғанын көрсетедi. Бір ескеретін жай, мифтік суретші Дедал жасаған ең ұлы бұйым оның статуялары мен тұрғызған сәнді сарайлары емес, ол жасаған қанаттар болып есептеледі. Дедал туралы миф ежелгі Грекияның сауда, өнеркәсіп, өнер мен ғылым орталығы Афиныда туды”.

Олидада (Пелопоннес аймағы) Танталдың ұлы Пелопс ерекше құрметтелген. Оның әкесi Тантал адам айтқысыз күнә iстеп, құдайлардың кешiрiлмес жазасына ұшыраған пенделердiң бiрi.

Бiрде олимпиялық құдайлар Танталдың сарайына той тойлауға жиналған едi. Тантал бұлардың көрегендiгiн сынап көргiсi келдi де, құдайларға арнап сұмдық тағам әзiрледi. Өзiнiң ұлы Пелопстi өлтiрдi де, той үстiнде оның етiн сыйлы тағам ретiнде құдайлардың алдына табаққа салып тартты. Құдайлар Танталдың зұлымдық әрекетiн сол сәтте бiлiп, бiрде-бiреуi сұмдық тағамға қол тигiзген жоқ, тек өзiнiң ұрланған қызы Персефонаны ойлап қайғыға шомып, айналасындағы еш нәрсенi де байқамаған әйел құдай Деметра ғана жас Пелопстың иығын жеп қойды. Ал Гермес өзiнiң сиқырлы дуаларымен баланы қайтадан тiрiлтедi. Ол құдайларға бұрынғыдан да сұлу көрiндi: тек Деметра жеген иығы ғана жетпей тұрды. Зевстiң әмiрi бойынша, Гермес Пелопсқа дереу пiл сүйегiнен иық жасап бередi. Пелопстың кейiнгi барлық үрiм-бұтағының оң жақ иығында жарқыраған ақ жолақ сол оқиғадан қалған белгi. Бұл оқиғадан кейін Пелопс ақылы көркіне сай, өжет те батыр болып, жаңа ерліктерге дайын тұрады.

Мифологиядағы адамдардың он екі мүшелерінің ішінде иық турасында айтылған сюжет өте аз кездеседі. Десек те, Пелопстың иығы жөніндегі мотив қазақтың эпостың жырларының бірі “Алпамыста” ұшырасады. Бір ескерер жай – иыққа тәңіриелердің қолы немесе табы тисе, оның бұрынғыдан да сұлу, бұрынғыдан да мықты, тіпті өлмейтін адам болып кететіні аңыз сюжетінде орын алған. Бұл мотивтің қазақ эпосындағы Алпамыстың бойында кездесуі – оның таңғажайып күйде дүниеге келуі, тәңірдің өзінің жаратуы себепкер болса керек. Пелопстың басынан өткен оқиға, Алпамыс батырдың нәресте кезінде иығына Әли халифтың қолының табы тигендіктен, оның суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін, оқ атса өтпейтін, шапса қылыш өтпейтін күйін көріп, еріксізден оны зынданға салады. Шығармадағы екі кейіпкер де ұзақ өмір сүріп, өз дегендеріне жетіп, халық алдында зор қошаметке бөленеді.

Жоғарыдағы Пелопс туралы аңызға қайта оралсақ, сол аңыздағы Пелопстың әкесі Танталдың жабайы қатiгездiгi қайран қалдырады. Ежелгi халықтардың адамды құрбандыққа шалу, оның етін жеу салт-дәстүрлерiнiң сарқыншағы қазiргi күннiң өзiнде Жаңа Зеландия, Австралия мен кейбiр африкалық тайпаларда сақталған. Танталдың бұл қылығынан ежелгi гректерде де адамдарды құрбандыққа шалған кезеңнiң бiр көрiнiсi деп қабылдаған жөн секілді.

Аңыздағы Танталды осы күнәсi үшiн Зевс Танталдың жанын сурып алып, Аид патшалығына тастайды. Онда ол сұмдық жаза тартуда. Мөлдiр судың iшiнде тұрса да оны шөл мен аштық қысып тұрады. Су иегiне дейiн келедi. Қаталаған шөлiн басу үшiн басын сәл еңкейтсе ғана жеткiлiктi сияқты. Бiрақ сол әрекеттi жасағаны сол, су жоғалып кетiп, аяғының астында тек құрғақ қара жер ғана қалады. Танталдың бас жағында ғажайып жемiстер, қып-қызыл алма, анар, алмұрт, зәйтүн жайқалып, жүзiмнiң ауыр сабақтары шашына тиiп тұрғандай болады. Аштық әбден меңдеген Тантал тамаша жемiстерге қолын созса-ақ болғаны, қатты жел тұрып, жемiс толы бұталарды алыстатып әкетедi. Тантал тек аштық пен шөлден ғана азап шекпейдi, оның жүрегi де мәңгi үрейге толы. Күнәһардың дәл төбесiнде әрең iлiнiп тұрған жартас бар, тас әр минут сайын құлап түсiп, өз салмағымен Танталды жаншып тастайтын тәрізді сияқты болып көрiнедi. Сипил патшасы, Зевстiң ұлы Тантал қорқынышты Аид патшалығында мәңгi үрей, аштық пен шөл қысып, осылайша қиналып, азап шегуде. Түрлi халықтардың әдеби сөз қолданыстарындағы “Тантал азабы” деген бейнелеу сөздiң негiзi осы аңыздан бастау алады.

Құдайлардың рақымымен жаны кiрген Пелопс Элида патшалығын билеушi болып, кейiн оның құрметiне Грекияның оңтүстiгiн Пелопоннес деп атап кеткен. Сол аңыздағы атау қазiргi күнге дейiн сақталған.

Пелопс жергiлiктi Эномай атты патшаның көрiктi қызы Гипподамияға ғашық болып, әкесiмен екi аяқты арба жарысына түсiп, Миртилдiң көмегiмен жеңiске жетiп, сол қызға үйленедi. Миртил Эномайдың қызметшiсi, Пелопстың азғыруымен қожайынының арбасының дөңгелектерiн ұстап тұратын шегенi шығарып қойғандықтан, жарыс үстiнде арбасы төңкерiлген Эномай тiл тартпай кетедi. Пелопс осы қызметi үшiн Миртилге патшалықтың жарты дәулетiн беруге уәде еткенiмен, сараңдыққа салынып, иен жерге апарып, Миртилды терең құзға итерiп жiбередi. Өлер алдында Миртил Тантал тұқымын қарғап-сiлейдi. Қарғысының күштілігі сондай Пелопстың кейінгі ұрпақтары адам айтқысыз азапқа түсіп, атасының істеген ісіне назаланып, аруағына наразылық білдіреді.

Миртилдың жаман қарғысы Пелопстың ұлдары Атрей мен Фиестаға ауыр соққы болып тиедi. Атрей Аргос пен Микеныдағы жаңа патшалықтың негiзiн қалаған қаһарман. Оның ұлдары Агамемнон мен Менелай Атридтер (яғни, Атридтiң балалары) Троян соғысының жеңiмпаздары. Фиест Атрейдiң әйелiн азғындық жолға итермелегенi үшiн Микеныдан мүлдем қуылады. Ел-жұртынан аласталған Фиест бауырынан кек алмақ оймен, қулық-сұмдыққа барып, Атрейдiң ұлы Плейстендi өз әкесiнiң қолымен өлтiртедi. Бiрақ Атрей оның зұлымдық әрекетiнен асып түседi. Фиесттiң iстеген қатiгездiктерiн ұмытқандай сыңай танытқан Атрей бауырын үш ұлымен бiрге қонаққа шақырып, балаларын шетке шығарып, қызметшілерімен жабыла кетіп, тiрiдей бауыздап, етiнен қуырдақ қуырып, Фиестке ұсынады. Ойында ештеңе жоқ Фиест, өзiнiң үш ұлының етiне тойып, көңiлi жайланғанда, үш баласының басын көрсеткенде, есi кеткен бейбақ басы ауған жаққа қашып жөнеледi. Фиесттiң кiшi ұлы Эгисф құдайларға құрбандық шалғанда өз ағаларының кегiн қайтару мақсатында түбi Атрейдi өлтiрiп тынады.

Атрей қайтыс болғаннан кейiн, Аргостың патшасы болып Агамемнон тағайындалады. Ал Менелай Еленамен некеге отырғаннан кейiн, оның иелiгiне Спарта тиедi. Оқиғаның жалғасы есебінде Гомердің “Илиада” поэмасында кейінгі ұрпақтарының іс-әрекеттері егжей-тегжейлі түрде суреттеледі.

Грекия аңыздарында аса белгілі батырлардың бірі – Геракл. Римдіктерде оны Геркулес деп атайды. Геракл гректердiң ең даңқты да сүйiктi қаһармандарының бiрi. Ата-анасы Зевс пен Алкмена. Амфитрион Алкменаның күйеуi, Персейдiң немересi, Алкейдiң ұлы, сондықтан Гераклды кейде Алкид деп те атайды. Гераклдың есiмiне орай айтылып жүрген аталмыш дерекпен бiрге, қазақ халқының арғы-бергi тарихын зерттеп, талай құпиялардың бетiн ашқан белгiлi жазушы-ғалым Қойшығара Салғараұлының төмендегi пайымдауларын айтпай кетуге болмайды. Ғалым “Түрiк халықтарының шығу тегi, түрiк атауы жөнiнде бiрер сөз” атты ғылыми-танымдық еңбегiнде, Татарстан ғалымы Мирфатых Закиұлы Закиевтiң тұжырымына былай деп тоқталады:

“Түрiк тiлiнде өзара алмаса беретiн “ж” және “и” дыбыстары грек тiлiнде әдетте “г” арқылы берiледi. Геракл-түрiкше Жерақыл-Йеракл (жер+ақыл, яғни жердегi жанның ақылдысы), ақылды бәрiн жеңедi, соған сай ол батыр, жеңiмпаз. Грекше да Геракл атақты батыр, жеңiмпаз.

Гераклдың бiрiншi ұлы – Агафрис, дұрысы Агадирос. Мұнда ол-гректiң есiм сөзге жалғайтын жалғауы, ир-еркек, кiсi, адам, агад агас-агач-ағаш, орман, сонда агадир-“ағаш адамы, орман адамы” деген мағынаны бiлдiредi. Кейiнiрек бұл атау осы мағынаны бiлдiретiн “акацир” (ағаш-ир) түрiнде кездеседi.

Гераклдың ортаншы ұлы-Гелон, түрiкше-жылон-жылан-иылан. Денесi жартылай жылан, жартылай адам әйелдiң баласының бұлай аталуы заңды да. Гераклдың кiшi ұлы-Скиф, дұрысы Скид-Скит (интер-дентальды д-т орыс тiлiнде о арқылы жазылып, ф болып оқылады, мыс Теодор-Феодор, скит-скиф, агадир-агафир және т.б.). Түрiкше скид (т) сөзi ски-эски-иски және т-ты жұрнағынан құралып “пышақты адам” деген мағынаны бiлдiредi. Мұның сыртында скиф атауының Ассирия құжаттарындағы б.ж.с.д VІІ ғасырдағы Asquz-Iskuz-Ишгуз атауынан шығатынын да есте ұстаған жөн” – дейдi.

Гераклдың түркi халықтарымен байланысы жөнiнде бiз грек халқының “тарих атасы” Геродоттың “Тарих” етты еңбегiнде де ұшырасамыз. Ол деректер Гераклдың жасаған ерлiктерi турасында айтылатын тұста көрсетiледi.

Нәрестесiнiң дүниеге келетiнiн сезген Зевс, өзi белгiлеген уақытта қай баласы туса, айналадағы өңiрдi билейтiн де сол болады ант етедi. Гера Зевстiң Алкменамен байланысын бiлгендiктен, Алкменаның толғағын кешiктiрiп, Сфенелдiң ұлы Еврисфейдi ертерек дүниеге келтiредi. Зевс болса өз ұлына мәңгiлiк өмiр сыйламақ болғандықтан, оның әмiрi бойынша, Гермес Гераға кiшкентай Гераклды әкелiп, емiзбек болады. Баланың сүйкiмдiлiгiне қарап, атын сұрамастан омырауына әкелiп емiрене бергенi сол-ақ едi, Гераклды танып қойып, ыршып түседi. Омырауынан шыққан сүт аспанда “сүт жолы” iспеттi сызат болып, соның өзінде болашақ қаһарманның ернiне тиген бiр-екi тамшысы оған мәңгiлiк өмiр сыйлайды.

Ақжан әл-Машанидың зерттеуінде “сүт жолы” турасында мынадай пікір кездеседі: ”Араб елінің Құс жолына қойған екінші аты тағы бар, ол Дарб-әл-Табан Дарб-дуруб деген сөз жол немесе көше мағынасында. Табан-Сабан деген сөзден алынған. Басқаша айтқанда Құс жолын арабтар Сабан жолы дейді. Гректерше Құс жолы – Галактика яғни Сүт жолы аталады. Орысша Млечный путь, соның аудармасы болып табылады. Осы аталған атаулардың бәрі де Күн жолының айналасын, сонымен байланысты жыл маусымдарын белгілеумен байланысты.

Алдымен қазақшасын алатын болсақ, ол өзі аспандағы ақтаңдақ болып таралған оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатқан жұлдыздар тобының көрінісімен байланысты. Сол ақтаңдақ жұлдыз жолы – аспан жолы – Құс жолы. Күзде қайтып кететін, көктемде қайтып келетін жыл құстары сол ақтаңдақ жұлдыз жолымен ұшатын болу керек. Құс жолы осыған байланысты. Тегінде ойда болсын біздің халқымыздың түсінігінде құс деген сөз ертегіде аспан мағынасында қолданылады. Ерте замандарда ауылда күзді күні қайтқан тырналарды көргенде:
“Арқан тарт, кілем арт.

Соқыр құсқа сәлем айт!”
дейтін ғұрып болған. Кейде Соқыр құс орнына Соқыр қыз деп те айтатын. Оның өзі ертедегі “Каф тауының ар жағында Нұр қызы бар” деген аңызға байланысты.

Ертедегі түсінік бойынша барлық дүниені айнала қоршап қаптап тұрған “Каф” тауы бар. Оның сыртын қоршаған дүние айналған Мұхит бар. Күн батқанда сол Каф тауынан асып кетеді, шыққанда тағы сонан көтеріледі.Қыс болғанда Күн сол таудың қараңғы көлеңкесінде болады. Осымен байланысты қысқа қарсы ұшқан құстар сол қараңғы (соқыр) жаққа барады деп санайды.



Соқыр Құсқа сәлем айт дегені бізге қараңғы (көрінбейтін) жұлдызға сәлем айт дегені. Қыста көрінбейтін жұлдыз бейнесі інге кіретін Тышқан, Жылан сияқты мүшел жануарлары. Тышқан жыл басы ретінде алынған. Арабша оған Хамал (Қой) дәл келеді. Ал Жыланға арабша Әл-ғазірә (Сүнбіле) жұлдыз тобы тура келеді. Европалық зодиак (он екі ай) есебі бойынша Сүнбіле – Жыланға Қыз (Бикеш) жұлдызына дәл келеді. Міне, Соқыр Құс – Соқыр Қыз, Жұлдыз Қыз. Нұр қызы осы аңызға тура келетін түрі бар” – дейді.

Гера Алкидтi туғаннан бастап өмiр бойы қудалаумен болады. Амфитрионның ұлы Ификл екеуi бесiкте жатқанда Гера нәрестелерге екi улы жылан жiбередi. Зәресi ұшып қорыққан Ификл жыласа, Геракл күлiп жiберiп, жыландардың тамақ тұсынан ұстап, күшпен қысқанда, ирелеңдегендердiң ысылдаған үндерi шықпай қалады. Геракл Зевстiң баласы екенiн бiлген Амфитрион оның тәрбиесiне жiтi көңiл қойып, арнайы тәлiмгерлердi жалдап, Гераклге әскери және басқа да ақсүйектiк қасиетке баулуды, үйретудi қолға алады. “Плутарх бір сөзінде жас жігітке кеңес беріп – “Сен қария адаммен сөйлесіп, әрқашан оның көлеңкесінде бол, жұрт мақтайтын ер-жігіт болғың келсе, қарияның тілін ал, сағын сындырма”, – дейді. Алып ер қаһарман жігіт туғызуды ескі гректер да сүйген. Гомер заманындағы сұлу әйел Алкменге Зевс қызыққанда, оның ер бала туатынынан үміттенеді. Алкмен екіқабат болып жүргенде одан алып туатынына жұрттың бәрі сенеді. Бірақ мұны Зевстің қатыны Гера ғана күндей бастайды. Алкмен босанып, одан атақты Геракл сияқты алып туып, кейін оның “Геркулес” деген аты әлемге жайылады. Гераклдың бала күніндегі ерлігін сынау үшін, Зевс оған садақ аттырып үйретеді, ол үшін оны садақшы Ебертке қосып қояды. Атысып үйренсін деп Герместің баласы Абтолик деген палуанға, қобыз тартып үйренсін деп Аполлонға апарады” – деген аңыз-деректі Әлкей Марғұлан өз еңбегінде атап өтеді.

Күрес, садақ ату, қару-жарақты меңгеруде алдына жан салмаса, бiлiктiлiк пен бiлiмге деген ықыласы төмен болған Геракл өз ұстазын музыкалық аспап кифарамен қалай өлтiрiп алғанын да бiлмей қалады. Бір атап өтетін жайт, оның Аполлоннан басқа да ұстаздары болса, соның бірі, музыка мұғалімі, Орфейдің інісі Линді өлтіріп алғандығы турасында айтылған. Бұл кісі өлімі болғандықтан оны сотқа шақырады. Сондағы шәкірттің:

- Соттардың ішіндегі ең әділі Радамант кімде-кім өзін біреу ұрса, ол да соққымен жауап бере алады деген емес пе, – деп ақталады. Оның сол айтқан жауабы оны ақтап жібереді. Бұл оқиғадан кейін Амфитрион Гераклдың бұдан да басқа сорақылық iстеп қояр деген қауiптен, оны Киферон тауына табын бағуға жiбередi. Тау бөктерiнде мал бағып жүргенде, сол маңдағы халық пен патша Тестидiң малына қырғидай тиген Киферон арыстанын өлтiредi.

Аполлонның сәуегейiнен өзiнiң он екi жыл бойы Еврисфейге қызмет ететiндiгiн бiлген соң, Тиринф қаласына келiп, Еврисфейдiң бұйрығымен он екi ерлiк жасайды.

Бірінші ерлігі – Арголидада не найза, не жебеден қорықпайтын айналасына ойран салған


жүктеу 1,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау