Орындаған студент: Балғабай Аружан
Тобы: ЖМ21-033
Факультет: Жалпы медицина
Тақырып қаралды, күні
|
_________________ оқытушының қолы
|
Ішкі сөліс бездерін зерттеу әдістері:
Эктомия немесе экстирпация әдісі. Белгілі бір безді алып тастау арқылы, өзгерістерді бақылау
Гормональдық препараттарды кәдімгі немесе безі алынып тасталған жануарға енгізу.
Трансплантация арқылы жануарға безді алмастырып тігу.
Парабиоз әдісі арқылы. Екі жануардың қан айналым жүйелерін біріктіріп, бірінің эндокриндік безін алып тастау арқылы өзгерістерді бақылау.
Эксплантация әдісі. Безді немесе оның кішкене бөлігін қоректік ортада өсіру арқылы ондағы гормон өндіру саны мен сапасына әртүрлі процестердің әсерін зерттеу.
Биологиялық сұйықтықтардағы оның мөлшерін зерттеу арқылы
Радиоактивті изотоптар арқылы бездерге әсерін зерттеу
Гистохимиялық зерттеу әдістері
Клинико анатомиялық зерттеу
Осы жақынға дейін эндокриндік жүйе ОЖЖненде жоғары жүйе ретінде саналған, алайда ол тек гумаральдық реттелудің бір жүйесі екендігі және ОЖЖне бағынатыны анықталған. Мұны спортшылар мен экзамен тапсырушы студенттерден байқалған. Қобалжу мен уайым әсерінен оларда гипергликемия, тіпті глюкозурия байқалған.
ЭЖны вегетативті жүйке жүйесі орап, бақылап жатады. Бұған тәжірибе ретінде Кеннон мысықтың диафрагмасының жүйкесін оның қалқанша безіне жалғай отырып, біршама күннен кейін мысықтан гипертриоз анықталған. Кезбе жүйкесі әр тыныс алған сайын диафрагманы тітіркендіру керек болатын, алайда қалқанша безіне жалғанғандықтан оны тітіркендіру нәтижесінде гормон көп бөлініп ауруға шалдықтырған.
Менің клавиатурамен теруім өте баяу секілді, сондықтан сәл осы қабілетімді дамытып, сессияда қиналмасамба деген ойым бар.
Менің түсінуім бойынша + гипоталамус түзетін заттар прогормондар болып табылады. Олар гипофиз аяқшалары арқылы гипофиздің артқы бөлігінде пісіп жетіліп қанға бөлінеді. Мыс паравентрикулярлы және супраоптикалық ядролардан бөлінген прогормондар артқы гипофизде жиналып қанға бөлінетін.
Ал гипоталамустың басқа ядроларынан бөлінген гормондар алдыңғы және ортаңғы гипофизге Вилизев шеңберінің тармақтарынан түзілген біріншілік қылтамырлар арқылы гипофиз аяқшаларынан өте отырып екіншілік қылтамырларға өте отырып, гумаральдық реттелуге тікелей қатысады.
Гипаталамустың нейросекреторлары гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдеріне рилизинг факторларды бөледі. Олар либириндер мен статиндер болып табылады. (7 либерин: самотолиберин, меланолиберин, тиролиберин, пролактолиберин, кортиколиберин, фоллилиберин, люлиберин. 3 статин: самотастатин, меланостатин, пролактостатин )
Жалпы ІСБ ОЖЖ және гумаральдық реттелу арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар бездер мен нысана мүшелер арасында тура және кері байланыс арқылы реттеледі. Гипоталамуста баро+ хемо+ глюко+термо+осмо рецепторлары болады. Олар гомеостаз өзгерістерін сезу арқылы, соған сай керек гормондарды бөлу арқылы реттейді. Мысалы: қанда натрийдің артуынан альдестерон гормонын рефлексті түрде тежейді. Соның арқасында артық натрий несеп арқылы сыртқв шығарылады.
Қанда Са артуынан паратгормон бөлуі тежеліп, тирокальцитонин бөлінуі артады.
Тироксин гормоны артса гипофизден тиретропты гормон бөлінуі тежеліп, гомоестазды реттейді.
Жүйкелік реттелуге сыртқы ортаның экстремалды жағдайларында гипофиз+адренал жүйесі арқылы реттелу зор қызмет атқарады. Қолайсыз жағдайлар мен қобалжудың барлығы адамға стрессор ретінде әсер етеді.(эвстрессор және дисстрессор) Дәл осы жағдайлардад гипофизден АКТГ көптеп бөлінеді. Сәйкес бүйрекүсті безінің қызметі, әсіресе глюкокортикоидтар бөлінуі артады. Мұның салдарынан жалпы адаптациялық синдром пайда болады. Алайда бүйрекүсті безінің адам төзімділігін қалай арттыратыны әлі күнге дейін белгісіз.
Бұл адаптацияға тек бір ғана без жауап береді деген сөз емес, өзгеде бездер белгілі бір рөл ойнайды. Сонымен қатар бездер бір+біріне синергист және аноганист болып келеді. Мыс: адреналин мен инсулин антогонист, ал глюкагонмен синергист(әсерінен гипергликемия п.б.) болып табылады.
Соңғы кездері гипоталамус+гипофиз жүйесіндегі нейрондарды реттейтін пептидтер тобы ашылды: энкефалин, эндорфин, нейротензин және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |