Гормоны
|
Физиологиялық әсердің
|
ТТГ
|
5,2
|
СТГ
|
1,4
|
АКТГ
|
9
|
Окситоцин
|
11
|
Интермедин
|
12
|
ГТГ
|
3,10
|
Вазопрессин
|
8
|
№
|
Гормондардың физиологиялық әсері
|
1
|
Мүшелер мен тіндерде ақуыз түзілуін күшейтеді
|
2
|
Қалқанша бездерінің қызметін реттейді
|
3
|
РНҚ биосинтезі мен аминқышқылдарының қаннан жасушаларға өтуін күшейтеді
|
4
|
Жас организмдердің өсуіну ықпал етеді
|
5
|
Қалқанша бездерінде йод жинақталуына ықпалын тигізеді
|
6
|
Т3 и Т4 гормодарының қанға шығуын реттейді
|
7
|
«+» азот балансын жоғарлатады
|
8
|
Нефрон түтікшелерінде реабсорбцияны күшейтеді
|
9
|
Бүйрек үсті бездерінің қызметін реттейді
|
10
|
Жыныс бездерінің қызметін реттейді
|
11
|
Жатыр еттерінің жиырылуын күшейтеді, әсіресе жүктілік кезеңінің соңында сүт бөлінуіне ықпал етеді
|
12
|
Терінің пигменттерін реттейді
|
№9 тапсырма. Ситуациялық есепті шешіңіз: сұрақтарға жауап жазып, қорытынды жазамыз.
№ 1 есеп
Бойы, салмағы қалыпты ата-анасынан, сырқат М. қалыпты салмақпен туылған, оның салмағы 6 айында 13,5 кг, ал 9 жасында салмағы – 80 кг, бойы 186 см болды. Баланың бойы 18 жасында 243 см тең болды. Дене пропорциясы қалыпты, бет әлпетінің қартаюы байқалмайды, физикалық тұрғыдан өте күшті.
Қорытынды: Бұл балада алыптылық ауруы яғни гипофиздің өсу гормонының шектен тыс бөліну нәтежесінде бала осындай патологиялық ауруға ұшыраған.
Сұрақтар:
Қызметі бұзылған бездің гормондарын атап өтіңіз: Гипофиз соматропиннің шектен тыс бөлінуінен
Осы гормонның негізгі физиологиялық әсерлерін атаңыз:
Гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді, нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді, жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді, сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді, бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді.
Науқастың симптомдарының пайда болу механизмін түсіндіріңіз.
Алыптылық—Гипофиздің, өсу гормоны көп бөлінгендіктен қаңқа, шикі ағзалардың дамуында үйлесімсіздік байқалады. Соның салдарынан жақ сүйектері айтарлықтай үлкейгенімен, тістердің көлемі өзгермейді, бірақ арасы алшақтайды. Тіс түбірінің ұш жағы жуандап, тіл үлкейеді.
№10 тапсырма. Ситуациялық есепті шешіңіз: сұрақтарға жауап және қорытынды жазыңыз.
№ 1 есеп
С. - 30 жастағы сырқат адам, бойы - 120 см. Дене пропорциясы 3-4 жасар баланың денесіне ұқсас. Терісі бозғылт. Басы мен бет әлпеті кішкентай, бетінің жеке бөліктерінің пропорциясы жас баланың пропорциясындай (жоғарғы жақ пен иектің мөлшері салыстырмалы түрде кішкентай).
Кеудесі мен ішінде май артық мөлшерде жиналған. Даусы жіңішке. Беті мен денесінде түктері жоқ. Психофизикалық дамуы қалыпты. Мінез-құлқында кейбір нәрестеге тән қасиеттер және есте сақтау қабілетінің төмендеуі байқалады. Негізгі алмасуы қалыпты. Репродуктивті салада ауытқулары бар (жыныстық құштарлық, сперматогенездің төмендігі).
Қорытынды: Бұл ергежейлілік ауруы бірнеше гормондардың дұрыс өңдірілмеуі мен дұрыс жүмыс жасамауынан адам осындай сияқты ауруларға шалдығады
Сұрақтар:
Қызметі бұзылған бездің гормондарын атап өтіңіз: гипофиз, қалқанша, бүйрек үсті, ұйқы, жыныс бездерінің қызметінің бұзылуынан
Осы гормонның негізгі физиологиялық әсерлерін атап өтіңіз: бой өсіру гормоны — соматотропин, қалқанша без гормоны — тироксин, жыныстық гормон — хориониалық гонодотропин, т.б
Науқастың симптомдарының пайда болу механизмін түсіндіріңіз.
Ергежейлілік гипофиз, қалқанша, бүйрек үсті, ұйқы, жыныс бездерінің қызметінің бұзылуынан; мешел ауруының салдарынан; аяқ-қол, мойын, кеуде сүйектерінің өспеуінен (іштен туа біткен); сапасыз тамақтанудың әсерінен өсу гормонының (соматотропин) аз бөлінуінен болады. Сондай-ақ, Ергежейліліктің тұқым қуалайтын да түрі бар. Адамның шашы түсіп, бет-әлпеті кішкентай баланікіндей болады. Кейде науқас адамның сан етіне, ішіне, әсіресе, кеудесіне (алдамшы сүт бездерінің пайда болуы) май жиналады. Ергежей адамның жыныс бездері жетілмеуі салдарынан ұрпақ қалдыра алмайды. Ергежейлілік жалпы ой-өрістің дамуына онша әсер ете қоймайды. Дегенмен, орталық жүйке жүйесі зақымданса немесе организмнің эндокриндік және хромосомдық жүйелерінде ауытқулар байқалса, онда науқас адамның мінез-құлқында айтарлықтай өзгерістер пайда болады.
№11 тапсырма. «Баланың өсіп-дамуына ықпал ететін гипоталамус-гипофиз жүйесінің гормондары» кестені толтырыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |