Жұмыс орнын автоматтандыру барысындағы мәліметтер қоры басқару жүйесінің алатын орны тухеева Г. Н., Байбақтина А. Т



жүктеу 277,88 Kb.
Pdf просмотр
Дата12.01.2020
өлшемі277,88 Kb.
#26415


Елдің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу жағдайындағы студенттік ғылымның рөлі

________________________________________________________________________________________________________________

ЖҰМЫС ОРНЫН АВТОМАТТАНДЫРУ БАРЫСЫНДАҒЫ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ 

БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Тухеева Г.Н.,  Байбақтина А.Т.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Әлемдегі  миллиондаған  программистер  әртүрлі  тілдерде  жұмыс  жасайды  және 

олардың  көбісі  мәліметтерді  өңдеуге  және  сақтауға  арналған  программалар  құрады. 

Күнбе-күн  коммерциялық  және  жеке  мәліметтерді  санамағанда  (адам  аттары,  мекен-

жайлар,  есепшоттар)  визуальды  интерфейс  көмегімен  жұмыс  істеу  керек  болатын 

көптеген  ақпараттар  бар:  дыбыс  файлдары,  видео  көріністер,  WEB  –  парақшалары  және 

т.б.  Осындай  көп  ақпарат  арасында  өзімізге  керекті  мәліметтерді  алу  үшін,  оларды 

өңдейтін программалар қажет.

         Сондай  күрделі  программалар  жиынтығы  автоматтандырылған  жұмыс  орнын 

құрайды. 

          Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа технологиялардың даму барысында 

жұмыс орынын автоматтандыру – негізгі мәселелердің бірі.

          Жұмыс орынын автоматтандырудағы басты талаптар:

- автоматтандыру  -  уақытты  ұту  қажеттілігінен  туындайтындықтан 

қолданушының сұранысына аз уақыт ішінде жауап беру;

- автоматтандырылған 

жұмыс 

орынының 



функцияларын 

үйренудің 

қарапайымдылығы мен анықталады.

      Дербес  компьютерлерді  ең  тиімді  қолдану  дегеніміз  белгілі  бір  мамандарға 

(басшыларға,  бухгалтерлерге,  экономисттерге  және  т.б.)  арналған  автоматтандырылған 

жұмыс  орнын  құру  болып  табылады.  Себебі  бұл  үлгі  адам  мен  машина  арасындағы 

психологиялық баръерді алып тастайды. Сурет-1-де автоматтандырылған жұмыс орнының 

жалпы схемасы көрсетілген.

АЖО

Техникалық



құрылғы

Бағдарламалық 

құрылғы

Ақпаратпен жабдықтау және 



методикалық құжаттар

Жалпы БЖ


Функциональдық БЖ

Есептеу жүйесінің ресурстарын 

басқару, желімен жұмысты қамтамасыз 

ету


Жаңа бағдарламалық құрылғыларды 

құру үшін қажетті құрылғылар



Сурет-1 .Автоматандырылған жұмыс орнының схемасы


Автоматтандырылған жұмыс орнының  мамандандырылған  бағыты бағдарламалық 

жасақтың  функциональдық  бөлігімен  анықталады.  Мұнда  бағыт  белгілі  маманға  ғана 

арналады, анықталған пәндік аймақта есептің шешілуін қамтамасыз етеді.

Функциональдық бағдарламалық жасақты құрған кезде «адам-машина» байланысын 

ұйымдастыратын  сұраққа  көп  көңіл  бөлінеді.  Егер  қолданушы    пайдалы,  керек  іспен 

айналысып жатса, онда оған ЭЕМ –де жұмыс істеу қызықты болады. Кері жағдайда оны 

келеңсіз жағдайларға ұшыратуы мүмкін, барлық бағдарламалық жасақтарға немесе ЭЕМ-

де жұмыс істеушілерге жаман әсерде қалуы мүмкін. 

Қазіргі  кезде  соңғы  екі  қасиеттен  тұратын  пайдаланушы  интерфейсі  кеңінен 

қолданылады.  Онда  экранның  жұмыс  аумағы  үш  бөлікке  бөлінеді.  Біріншісі  (негізінен 

жоғарғы  жағында  орналасады)  мәзір  жолы  деп  аталады.  Оның  көмегімен  пайдаланушы 

бағдарлама  «қаңқасын»  құрайтын,  әртүрлі  мәзірлерді  әрекеттестіруі  мүмкін,  оның 

көмегімен  басқа  объектілерге  (оның  ішінде  басқаратын)  ену  жүргізіледі.  Екінші  бөлігі 

(негізіне  төменгі  жағында  орналасады  немесе  кішігірім  бағдарламаларда  болмауы  да 

мүмкін) қалып-күй жолы деп аталады. Оның көмегімен жиі қолданылатын объектілер тез 

шақырылуы немесе қандай да бір екпінді ақпараттар бейнеленуі мүмкін. Үшінші бөлігі ең 

үлкен-жұмыс аумағы деп аталады. Онда мәзір немесе қалып-күй жолынан шақырылатын 

барлық  объектілер  бейнеленеді.  Мұндай  адам  мен  машина  арасындағы  сұқбатты 

ұйымдастыру  үлгісі  анағұрлым  қолайлырақ  (осы  күнге  шейін  бұдан  артық  ештеңе 

ойланып  табылған  жоқ)  және  оны  барлық  қазіргі  бағдарламалар  қолданады.  Кез  келген 

жағдайда  ол  IBM  фирмасының  CUA(Common  User  Access) стандартына  сәйкес  болуы 

қажет.


       Автоматтандырылған  жұмыс  орнын  өңдеу  жолдары,  принциптері  және  оған 

қойылатын талаптар бар.

     Әр  түрлі  басқару  объектісінде,  олардың  атқаратын  қызметіне  сәйкестендірілген, 

автоматтандырылған  жұмыс  орны  болуы  керек.  Бірақ  та  автоматтандырылған  жұмыс 

орнын құру принципі ортақ болуы қажет. 

Жұмыс орынын автоматтандыру жалпы мынадай принциптерге сүйенуі қажет:

жүйелік;


икемділік ;

орнықтылық;



тиімділік.

Жұмыс 

орынын 


автоматтандыру 

барысында 

төмендегідей 

талаптарды 

қанағаттандыру талап етіледі:

мамандардың ақпараттық және есептеу талабын уақытында қанағаттандыру; 



автоматтандыру 

уақытты 

ұту 


қажеттілігінен 

туындайтындықтан 

қолданушының сұранысына аз уақыт ішінде жауап беру;

пайдаланушының  дайындалу  деңгейіне  және  оның  профессионалдық 



сұранысына байланысты келтіру(адаптация);

автоматтандырылған 



жұмыс 

орынының 

функцияларын 

үйренудің 

қарапайымдылығы, сенімділігі;

пайдаланушыға байланыс бойынша шыдамдылықты қамтамасыз ету;



пайдаланушының тез үйренуінің маңыздылығы;

есептеуіш желі құрамында жұмыс істеуінің маңыздылығы.



      Ақпараттық процесстер – адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық 

құрылғыларда  және  қоғамдық  өмірде  информацияны  тасымалдау,  жинақтау  мен 

түрлендіру  процесі.  Мәліметтер  қоры  – қоғамның  қандай  да  бір  саласындағы  немесе 

оның бөліміндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. 

Комплекстік мәліметтер қорын бірнеше әдістермен құруға болады:

1.

Программалаудың алгоритмдік тілдері – Бейсик, Паскаль




2.

Программалау ортасы көмегімен Visual Basic,Delphi.

3.

Мәліметтер  қорын басқару жүйесі деп аталатын арнайы программалық жабдық 



көмегімен-Access,FoxPro.   

      Жалпы,  компьютер  мәліметтерді  өңдейді,  ол  жұмыс  орнын  автоматтандыру 

барысындағы мәліметтер қоры және МҚБЖ алатын орыны зор.      

МҚ-ның  орналасуы  мәліметтерді  өңдейтін  қосымшаны  құруға  әсер 

етеді.  Орналасуына  қарай  МҚ    локальді  және қашықтағы      болып  екіге 

бөлінетіні мәлім.

Локальді  МҚ  қосымша  орналасқан  компьютерде  МҚ-мен  жұмыс  бір 

қолданушы режимінде жүзеге асырылады.

МҚ  көпқолданушы  режимінде  де  жұмыс  жасауы  мүмкін.  Ол  үшін  МҚ -ң 

файлы  мен  қосымша  желі  серверінде  орналасады.  Әрбір  қолданушы 

сервердегі қосымшаны  жүктей  алады,  бұл  кезде  қолданушы  компьютерінде 

қосымша көшірмесі ғана жүктеледі. Локальді МҚ-н осылайша қолдану файл 

– сервер архитектурасына сәйкес келеді:

Қашықтықтағы  МҚ  желінің  компьютер  –  серверінде  орналасады,  ол 

осы  МҚ  –  мен   жұмыс  жасайтын  қосымша  қолданушы  компьютерінде 

орналасады.  Бұл  жағдайда  клиент  –  сервер  

архитектурасы   туралы

айтылады.

Ақпараттық  жүйе  –  МҚ  сервері  мен  клиенттен  тұрады.   Компьютер 

сервер – қашықтағы сервер деп  те аталады.

Клиент – бұл қосымша-клиент деп аталады.

Мәліметтер  алу  үшін  МҚ  орналасқан  қашықтықтағы  серверге  сұраным 

жіберіледі:  Сұраным    SQL  тілінде қалыптастырылады.  Сұранымды  алған 

соң қашықтықтағы  сервер   оны  SQL  –  серверге  жібереді:  SQL  –  сервер –

бұл  қашықтықтағы  МҚ  басқаратын  және  сұранымды  орындап  клиентке 

оның  нәтижесін  қайтаратын  программа.  Сұранымды  өңдеу  қашықтағы 

серверде орындалады.

    Қорытындылайтын болсақ, мәліметтер қоры теориясы – бұл жас білім саласы. 

Ол 30-40 жыл шамасында тез дамып келе жатыр.  Сол себептен біз оған ілесіп үлгеруіміз 

керек.

      Шынымен  де,  қазіргі  заманда  ақпараттық технологиялары  мәліметтер  қорынсыз 



елестету қиын. Көптеген жүйелер қайсысы бір буыны ақпаратты ұзақ уақыт сақтау және 

өңдеу  функциясымен  байланысты.  Ақпараттық  ағын  кеңейіп,    мәліметті  өңдеу 

жылдамдығын  арттыру  қажеттілігі  туындады.  Енді  көптеген  операциялар  қолмен 

орындала  алмайды.  Олар  аса  перспективті  компьютерлік  технологияларды  қолдануды 

талап  етті.  Кез  келген  административті  есептеуді  орындау  ағымдағы    жағдайды    өзгеру 

мүмкіндігі  перспективасын    нақты  және  орнықты  бағалау.  Егер  бұрында  жағдайды 

бағалау кезінде қолмен есептеле алынатын бірнеше оншақты фактор қатысса, енді мұндай 

фактор жүздеген және жүз мыңдаған. Сол себепті жағдай жыл ішінде емес, бірнеше минут 




ішінде  өзгереді.  Әрине,  мәліметтер  қорында  сақталған  өндіріс  ақпараттық  моделінсіз 

елестету қиын.



Әдебиеттер:

1.

Мәліметтер қорын жобалау» - Шекербекова Ш.Т.



2.

«Система управления база данных и знаний»: Спарвочное издание Подред. 

А.Н.Наумова, 1991

3.

«Delphi5: Самоучитель программиста»/ И.Ю.Баженова, Москва 2000



жүктеу 277,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау