4-ші тарау – Сәулелендіру құралын пайдалану реті
4.12 бөлімі – Сұрақтар және жауаптар
4-29
4.12 бөлімі
Сұрақтар және жауаптар
Сұрақ және жауап: Өзін-өзі тексерулер нәтижесі сәтті болмаса
не болады?
• Егер өзін-өзі тексерулер сәтті болмаса, бейнебетте қосымша
нұсқаулары бар қате туралы хабар пайда болады. Алайда, осы қосымша
нұсқаулардың еш көмегі болмаса, сәулелендіру құралын өшіріп,
бейнебет күңгірттенгенше күтіңіз, содан кейін оны қайта қосыңыз.
Егер мәселенің шешімі осыдан кейін де табылмаса, көмек алу үшін
техникалық қолдау көрсету қызметінің өкіліне хабарласыңыз.
Сұрақ және жауап: Оператор ретінде берілген бейджіңіз сәулелендіру
құралына сканерленбесе не істеу қажет?
• Егер оператор ретінде берілген бейджіңіз сәулелендіру құралына
сканерленбесе, оператордың қолданушы атын сәулелендіру құралына
пернетақта арқылы қолмен енгізіңіз.
Сұрақ және жауап: Суырма камераларының тек біреуі ғана жұмыс
істеп тұрғанын және пайдалануға болатынын қалай
білуге болады?
• Тек бір камера жұмыс жасап тұрған және пайдалануға болатын кезде,
сәулелендіру құралы
‘Number of containers’ («Контейнерлер саны»)
бейнебетіндегі мәзірдің соңғы параметрінде қай камераның бос екенін
көрсетеді. Жұмыс жасамай тұрған және пайдалануға болмайтын
камераның ортасында көк түсті
«X» таңбасы бейнебетте көрсетіледі. Бұл
төмендегі мысалдарда көрсетілген. Сондықтан, егер 1-ші камера жұмыс
жасамай тұрса, сәулелендіру үдерісін орындау үшін 2-ші камераны
пайдалануға болады. Екі контейнерді таңдау мүмкін болмайтынына
байланысты, осы кезеңде көрсеткілер жұмыс жасамайды.
Сұрақ және жауап: Камералардың бірін пайдалану мүмкін болмаса не
істеу қажет?
• Камералардың бірін пайдалану мүмкін болмаған кезде,
‘Run Treatment’
(«Өңдеуді жүргізу») таңдауы ұсынылса, өзге камераны пайдалануға
болады. Бейнебетте пайдалануға болатын камераның нөмірі, ал
пайдалануға болмайтын камера үшін «
X» таңбасы көрсетіледі. Кейбір
ақау түрлері кездескенде өңдеуді жүргізу тіпті мүмкін емес, сондықтан
‘Run Treatment’ («Өңдеуді жүргізу») таңдауы ұсынылмайды. Көмек алу
үшін техникалық қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
Сұрақ және жауап: Белгіленген уақыт ішінде контейнерлер сәулелендіру
құралының ішінен алынбаса не болады?
• Өңдеу жазбасы аяқталмады деп белгіленеді. Препаратты пайдалануға
болатынын немесе болмайтынын анықтау үшін жергілікті орталықтың
нұсқауларын орындаңыз немесе медициналық қызмет директорына
хабарласыңыз.
MAN-KZ 00901, v1.0
4-ші тарау – Сәулелендіру құралын пайдалану реті
4.12 бөлімі – Сұрақтар және жауаптар
4-30
Сұрақ және жауап: Өңдеу туралы жазбаны таба алмаған жағдайда не
істеу қажет?
• Сәулелендіру құралындағы өңдеу туралы жазбаны анықтау үшін өңдеу
есептері мен қосымша жапсырмаларды басып шығарудың қосымша
функциясы атты 4.9 бөлімін қараңыз. Өңдеу туралы жазбаны қалай табуға
болатыны туралы мәліметтерді арнайы жазба тақырыбын қараңыз. Егер
белгілі бір өнімге қатысты жазбаны таба алмай жатсаңыз, жергілікті
орталықтың нұсқауларын орындаңыз немесе медициналық қызмет
директорына хабарласыңыз. Қан препаратының күйін өңдеу туралы жазба
болмаса анықтау мүмкін болмайды және аяқталмаған жазба ретінде
қарастырылуы тиіс.
Сұрақ және жауап: Өңдеу туралы жазба аяқталмаған жазба туралы
белгіленсе не істеу қажет?
• Жергілікті орталықтың нұсқауларын орындаңыз немесе медициналық
қызмет директорына хабарласыңыз, себебі патогенді инактивация
үдерісін аяқталмаған жазбасы бар өнімдер үшін жүргізу мүмкін емес.
Сұрақ және жауап: Өңдеуден кейін сәулелендіру контейнерінің үстіне
жапсырманы неге қою қажет?
• Қан орталығында бірнеше сәулелендіру құралдары немесе плазманы
өңдеуге арналған жалғыз ғана сәулелендіру құралы болса, екі рет
сәулеленген қан препаратының ағуына жол бермейтін шаралар
қолданылуы тиіс.
• Өңдеуден кейін сәулелендіру контейнеріне қойылған жапсырма
препараттың сәулелендіру құралы ішінде жартылай немесе толық
өңдеуден өткені туралы визуалды айғақ береді және қайта сәулеленбеу
керектігі туралы хабарлайды.
MAN-KZ 00901, v1.0
5-ші тарау –
Ақауларды жою
5-1
5-ші тарау. Ақауларды жою
БӨЛІМДЕР
БЕТІ
5.1
Кіріспе
5-3
5.2
Сұрақтар мен жауаптардың қысқаша шолуы
5-4
5.3
Қате туралы хабарлар
5-8
5.4
Жүйелік ақау туралы хабарлар
5-25
5.5
Растау хабарлары
5-26
5.6
Ақпараттық хабарлар
5-27
MAN-KZ 00901, v1.0
5-ші тарау –
Ақауларды жою
5.1 бөлімі – Кіріспе
5-3
5.1 бөлімі
Кіріспе
INTERCEPT іс реті кезінде, «қалқымалы» хабар қателер мен жалпы іс
реті туралы ақпарат сияқты әртүрлі оқиғаларды сипаттауы мүмкін.
Төменде іс реті кезінде орын алуы мүмкін хабар түрлері берілген:
Бейнебеттегі
таңбалар
Таңбаның мағынасы
Қате
Қате туралы хабарлар қызыл жиегі бар
қалқымалы бейнебет арқылы бейнеленеді және
сары түсті ромб пішініндегі леп белгісі болады.
Растау
Растау хабарлары ұяшық ішінде құсбелгі
салынған көк жиегі бар қалқымалы бейнебет
арқылы бейнеленеді. Бұл бейнебеттер енгізілген
деректердің дұрыс екенін растау үшін
қолданылады.
Ақпарат
Ақпараттық хабарлар шеңбер ішінде төмен
регистрлі «i» әрпін қамтитын көк жиегі бар
қалқымалы бейнебет арқылы бейнеленеді.
Бұл бейнебеттер ағымдағы уақытта не
болып жатқанын білдіреді.
Жүйелік ақау
Жүйелік ақау туралы хабар ақ жазуы бар қызыл
бейнебет арқылы бейнеленеді. Бұл бейнебеттер
операторды сәулелендіру құралындағы маңызды
мәселелер турасында хабардар ету үшін
қолданылады.
Әр хабар бейнебеті сәулелендіру құралының жұмысына немесе
оператордың қолға алуы қажет әрекеттеріне қатысты мәліметті қамтитын
болады. Мәселелерді шешу немесе ақпаратты растау үшін бейнебеттегі
нұсқауларды орындаңыз. Егер қате туралы хабарлар шыға берсе, көмек алу
үшін техникалық қолдау көрсету қызметінің өкіліне хабарласыңыз.
Red Screen
MAN-KZ 00901, v1.0