Intercept ™ СƏулелендіру қҰралы оператор нұсқаулығы



жүктеу 2,29 Mb.
Pdf просмотр
бет21/39
Дата01.01.2020
өлшемі2,29 Mb.
#25619
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39

 
4-ші тарау – Сәулелендіру құралын пайдалану реті 
 
4.8 бөлімі – Қанды өңдеуге арналған жинақт(ард)ы алу 
4-15 
4.8 бөлімі 
Қанды өңдеуге арналған жинақт(ард)ы алу 
Қан препаратының сәулеленуі аяқталған кезде, қызғылт-сары түсті артқы 
фоны бар ‘Complete’ («аяқтау») бейнебеті пайда болады. 
 
•  Сәулелендіру құралы жұптасқан үш дыбыс сигналын (яғни, үш сигнал, 
кідіріс, үш сигнал) шығарады. 
Егер сәулемен өңдеу әрекеті дұрыс аяқталған болса, бейнебеттегі камера 
белгішесінің жанында «√» таңбасы пайда болады. Егер ақаулық болған 
жағдайда, камера белгішесінің жанында «X» таңбасы пайда болады. 
Таңба 
Күйі 
 
Аяқталды 
 
Аяқталмады 
 
ЕСКЕРТУ  Патогенді инактивация үшін жартылай сәулелендіру 
әдісін қолдануға рұқсат берілмейді. Жартылай өңделген 
препараттың бір данасын қайта өңдеуге тырыспаңыз. 
Қан препаратын бірнеше рет өңдеуге тиым салынады. 
Жартылай сәулеленген препарат даналарының патогенді 
инактивациясы бойынша шағымдар қабылданбайды 
және олар жойылуы тиіс. 
ЕСКЕРТПЕ:  Тромбоциттер препараттарын сәулелендіру құралынан 
өңдеу аяқталғаннан кейінгі 30 минут ішінде алу қажет. 
Содан кейін, тромбоциттер препараттарын өңдеуге қатысты 
есептер аяқталмады деп белгіленеді.  
ЕСКЕРТПЕ:  Плазма препараттары сәулелендіру құралынан сәулелендіру 
аяқталған соң плазманы қатыруға қатысты мекемеңіздегі іс 
ретіне сай алынуы қажет. 8 сағаттан кейін, плазма 
препараттарын өңдеуге қатысты есептер аяқталмады деп 
белгіленеді. 
“”Өңдеу аяқталғанын 
білдіреді 
MAN-KZ 00901, v1.0


4-ші тарау – Сәулелендіру құралын пайдалану реті 
4.8 бөлімі – Қанды өңдеуге арналған жинақт(ард)ы алу 
4-16 
•  Сәулелендіру циклы аяқталған соң, бейнебетте барлық жұмсалған 
уақыттың минутқа шаққандағы есебі басталады. 
•  Араластырғыш тромбоциттер препараттарына арналған контейнерлерді 
шайқауды жалғастыра береді, бірақ плазма препараттарына келгенде 
тоқтайды. 
•  Шамамен әр 2 минут сайын, сәулелендіру құралы, контейнерлерді 
сәулелендіру құралынан алу қажеттігі туралы ескерте отырып, дыбыс 
сигналын шығарады. 
  1.  ‘Unlock Door’ («Есікті құлыптан босату») түймешігін басыңыз, осыдан 
кейін, бейнебетте жапсырмаларды басып шығару жүріп жатқанын 
растайтын хабар шығады. 
  2.  Жапсырмалар басылып шыққаннан кейін, есікті құлпы босайды. 
‘Unload containers’ («Контейнерлерді босату») бейнебеті пайда 
болады. 
 
  3.  Сәулелендіру құралының алдыңғы есігін ашыңыз.  
  4.  Суырманы тартып шығарыңыз және қақпақты ашыңыз. 
  5.  Бейнебетте өңдеу күйінің таңбасының бар-жоғын тексеріңіз. 
Аяқталмаған деп таңбаланған препаратпен жұмыс істеуге 
қатысты мекемеңізде бекітілген іс реттерін орындаңыз. 
  6.  Жапсырма басылып шыққан соң, тиісті жапсырманы әрбір 
сәулелендіру контейнерінің үстіне қойыңыз және науадағы 
контейнер(лер)ді алып тастаңыз. 
ЕСКЕРТПЕ:  Сәулелендіру контейнерінің үстіне жапсырманы орнату 
кезінде, жапсырманы тиісті препаратпен жапсырманың 
төменгі сол жақ бұрышында орналасқан донорлық нөмірі 
және камера нөмірі бойынша салыстыруға болады. 
Сәулелендіру үдерісі осы іс реті арқылы аяқталады.  
 
ЕСКЕРТПЕ:  Егер өңдеу күйі белгісіз болса, күйін тексеру үшін өңдеу 
есептерін қарап шығыңыз. Өңдеу есептерін басып шығаруға 
қатысты мәліметті 4.9 бөлімінен қараңыз. 
Үдерістің келесі кезеңдері туралы мәліметті қан препараттарын өңдеуге 
арналған INTERCEPT жинағымен бірге келетін «Пайдалану 
нұсқауларынан» қараңыз. 
MAN-KZ 00901, v1.0


 
4-ші тарау – Сәулелендіру құралын пайдалану реті 
 
4.8 бөлімі – Қанды өңдеуге арналған жинақт(ард)ы алу 
4-17 
  1.  ‘Treatment’ (Өңдеу) түймесін басыңыз. ‘Enter username’ (Қолданушы 
атын енгізу) бейнебеті пайда болады. 
  2.  Қолданушы аты мен құпия сөзді (қосымша) енгізу үшін жоғарыда 
айтылған қадамдарды 4.2 бөлімінен бастап қайталаңыз.  
 
ЕСКЕРТПЕ:  ‘Unload containers’ бейнебетінен ‘Select a function’ 
(Функция таңдау) бейнебетіне тікелей өту үшін, ‘Function’ 
(Функция) түймесін басыңыз. 
Қосымша 
қан 
препараттарын 
өңдеу 
MAN-KZ 00901, v1.0


4-ші тарау – Сәулелендіру құралын пайдалану реті 
4.9 бөлімі – Өңдеу есептерін және қосымша жапсырмаларды басып шығару 
4-18 
4.9 бөлімі 
Өңдеу есептерін және қосымша жапсырмаларды 
басып шығару 
Сәулелендіру құралын есептерді басып шығаруға конфигурацияланған 
болса (мәлімет алу үшін «Сәулелендіру құралының параметрлері» деп 
аталатын 3.7 бөлімін қараңыз), төмендегі опцияларды қолдану мүмкін 
болады: 
• Соңғы өңдеуді қолмен басып шығару 
• Арнайы өңдеуді басып шығару 
• Ауысым есебін басып шығару 
• Күндер ауқымындағы өңдеулерді басып шығару 
• Жапсырмаларды басып шығару   
Принтер қосылып, сәулелендіру құралы конфигурацияланғаннан кейін осы 
есептерді жасау жолдары төмендегі параграфтарда түсіндірілген. 
(Сәулелендіру құралын конфигурациялау бойынша 3.7 тарауын және 
сыртқы құрылғыларды қосу бойынша 7.5 тарауын қараңыз.) 
Автоматты түрде басып шығару опциясы таңдалған кезде, процедура 
аяқталып, контейнер босатылып жатқан кезде соңғы өңдеу есебі (-тері) 
автоматты түрде басып шығарылады. Оператор ешқандай қосымша әрекет 
жасауы қажет емес. 
ЕСКЕРТПЕ:  Өңдеудің күйі белгісіз болса, өңдеу есебін қарап шығып, 
күйін тексеру керек. 
 
MAN-KZ 00901, v1.0


жүктеу 2,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау