4-ші тарау – Сәулелендіру құралын пайдалану реті
4.4 бөлімі – Штрихкодтарды сканерлеу
4-11
2. Егер штрихкодты сканерлеу мүмкін болмаса, келесі әрекеттерді
орындау арқылы мәліметті қолмен енгізуге болады:
• Адам оқи алатын штрихкодты енгізу
үшін пернетақтаны пайдаланыңыз.
Арнайы таңбаларды «l» түймешігін басу
арқылы енгізуге болады. Арнайы
таңбаларға қатысты мәліметті 3.4
бөлімінен қараңыз.
•
‘Enter’ («Енгізу») түймешігін басыңыз.
‘Confirm Barcode’ («Штрихкодты
растау») бейнебеті пайда болады.
• Егер
штрихкод дұрыс енгізілмесе,
‘Edit’ («Өңдеу») түймешігін басыңыз.
‘Enter treatment data for container 1’
(«1-ші контейнерге арналған өңдеу
деректерін енгізу») бейнебеті пайда
болады.
• Қате штрихкодты өшіру үшін
пернетақтадағы «кері өту» (
)
түймешігін басыңыз. Содан кейін,
пернетақтаның көмегімен дұрыс
штрихкодты қайта енгізіңіз.
•
‘Enter’ («Енгізу») түймешігін басыңыз.
‘Confirm Barcode’ («Штрихкодты
растау») бейнебеті пайда болады.
• Егер штрихкод дұрыс болса,
штрихкодты растау үшін
‘OK’
түймешігін басыңыз.
‘Enter treatment
data for container 1’
(«1-ші контейнерге арналған өңдеу
деректерін енгізу») бейнебеті пайда
болады.
• Жоғарыдағы әрекеттерді барлық
штрихкодтар
енгізілгенге дейін
қайталай беріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Әр штрихкодтың таңбалану ретінің деректерді енгізуге
келгенде өзіндік пішімі болады. Белгілі бір штрихкод
пішімдерін қолмен енгізуге қатысты нұсқауларды оқу
үшін 7.4 бөлімін қараңыз.
1-ші контейнерге арналған барлық штрихкодтар сканерленгеннен кейін,
бейнебеттің төменгі жағында
‘Done’ («Орындалды») түймешігі көрінеді.
ЕСКЕРТУ Сәулелендіру құралына штрихкодтар мен әр контейнерге
арналған камера күйінің дұрыс енгізілгеніне көз
жеткізіңіз.
3.
‘Done’ («Орындалды») түймешігін басыңыз.
MAN-KZ 00901, v1.0
4-ші тарау – Сәулелендіру құралын пайдалану реті
4.7 – Сәулелендіру циклын тоқтату
4-14
4.7 бөлімі
Сәулелендіру циклын тоқтату
САҚ БОЛЫҢЫЗ Аса қажет болмаған жағдайда, сәулелендіру циклін
тоқтатпау қажет. Тоқтату әрекеті қан препарат(тар)ының
тиісті түрде өңделмеуіне әкеледі – оларды жойып жіберу
қажет болады.
1. Сәулелендіру циклін кез-келген уақытта тоқтату үшін
‘Stop’
(«Тоқтату») түймешігін басыңыз.
‘Are you sure you want to stop
treatment?’ («Өңдеуді тоқтатқыңыз келетіні рас па») бейнебеті пайда
болады.
2. Өңдеуді жалғастыру үшін
‘No’ («Жоқ») түймешігін немесе өңдеуді
аяқтау үшін
‘Yes’ («Иә») түймешігін басыңыз. Сәулелендіру циклы
‘Yes’ («Иә») түймешігі басылмайынша жалғаса береді. Егер
‘Yes’
(«Иә») түймешігін бассаңыз, сәулелендіру циклын жалғастыру немесе
қайтадан бастау мүмкін болмайды.
‘Yes’ (Иә) түймесі басылса,
қалқымалы терезе көрініп, оператор емдеуді тоқтатқаны туралы
ескертеді.
‘OK’ түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер өңдеу тоқтатылған болса, сәулелендіру құралындағы
барлық препараттарға арналған жазба аяқталмады деп
белгіленеді.
ЕСКЕРТУ Патогенді инактивация үшін жартылай сәулелендіру
әдісін қолдануға рұқсат берілмейді. Жартылай өңделген
препараттың бір данасын қайта өңдеуге тырыспаңыз.
Қан препаратын бірнеше рет өңдеуге тиым салынады.
Жартылай сәулеленген препарат даналарының патогенді
инактивациясы бойынша шағымдар қабылданбайды
және олар жойылуы тиіс.
Сәулелендірудің
Сәулелендіру циклы келесі себептерге байланысты тоқтауы мүмкін:
тоқтауының
өзге себептері
• Электр қуатының берілмеуі
• Бүйірлік панелінің ашылуы
• Датчиктің жарамсыздығымен байланысты қате туралы хабарлар
Егер бір рет болған тоқтатудың немесе бірнеше тоқтатудың жалпы
ұзақтығы 10 минуттан асып кетсе, сәулелендіру құралындағы барлық
препараттарға арналған жазба аяқталмады деп белгіленеді. Сәулелендіру
құралын қайта іске қосу қажет болуы мүмкін.
MAN-KZ 00901, v1.0