46
5.21.8 Өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға ықпал
ететін, нәтижені шынайы көрсететін, уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін
түрлі электронды тестілер қолданылады.
5.22 Тарих пәні кабинеті.
5.22.1 Білім беру үдерістерін ұйымдастыру оқытудың заманауи
техникалық құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады: интерактивті
тақта, мультимедиялық құрылғы, мультимедиялық проектор, аудиожүйе
(маркерлік тақтамен біріктірілген), графпроектор, кодоскоп, теледидар.
5.22.2 Білім беру үдерістерін ұйымдастыруда сонымен қатар оқу-
әдістемелік материалдар кешенінің қолданады (әдістемелік нұсқа, оқу құралы
және глоссарий, жұмыс дәптері, оқу-, дыбыс-, бейне- материалдары, бақылау
және емтихандық материалдар т.б.).
5.22.3 Оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін оқулықтар,
сөздіктер, энциклопедиялар, анықтамалық, плакаттар, пән бойынша
статистикалық деректер, карталар, карточкалар, кестелер пайдалынады.
5.22.4
Оқушылардың on-line олимпиада, форумдарға қатысуын
ұйымдастыруда
зерттеу-жобалық
іс-әрекеттерде
тарихи
деректер,
монографиялық мәтіндер іздеуде, әртүрлі әдістемелік материалдар және
рефераттар даярлау үшін Интернеттің білім қорларымен қамтамасыз етіледі.
5.23 Математика пәні кабинеті.
5.23.1 Заманауи талаптарға сай «Математика» кабинетінде білім беру
үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияны (АКТ)
қолдану төмендегідей мәселелерді шешуге бағытталған:
математиканың түрлі бөлімдерін оқып-үйрену кезінде презентациялар
жасау үшін тиісті компьютерлік бағдарламаны қолдану;
Интернет-олимпиадаларға қатысу арқылы оқушылардың математикалық
қабілеттері мен шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
математикалық тапсырманы орындау үдерісі туралы бейнекөрініс жасау;
арнайы бағдарламалардың көмегімен түрлі математикалық іс-
әрекеттерді орындау (есептеу, графиктерді құру және т.б.).
5.24 Физика пәні кабинеті.
5.24.1 Заманауи талаптарға сай физика кабинетінде білім беру үдерісін
ұйымдастыру ақпараттық коммуникативтік технологияны (АКТ) қолдану
арқылы жүзеге асуы тиіс.
5.24.2 Кабинет демонстрациялау, зертханалык жұмыстар жүргізуге
лайықталып оқу құрал – жабдықтарымен, жиһазбен, жаңа техникалық оқу
құралдармен, көрнекіліктері, экспозициялық және проекциялық оқулықтармен,
CD және DVD дисклердегі электрондық құралдармен, әдістемелік оқу –
әдістемелік және анықтамалық әдебиеттермен, оқу әдістемелік жинақтармен
жабдықталады.
5.24.3 Сабақта құрылғылар жетіспеген жағдайда, демонстрациялық
тәжірибелерді виртуалды түрде көрсету жүзеге асырылады.
5.24.4 Физика пәнінің сапасын арттыру мақсатында автоматтандырылған
оқу-лабораториялық стенділері, сандық зертхана, мультимедиялық кабинет
47
қолданылады.
5.24.5 Жаңа оқу материалын өздігінен меңгеруде, есептер шығаруда,
білімдерін тексерудің тестік формасында және т.б. қажетіне қарай ақпараттық
коммуникативтік технологияның мүмкіндіктері қолданылады.
5.24.6 Заманауи талаптарға сай физика кабинеттерінде білім беру үдерісін
ұйымдастыруда компьютерлік технологияны қолдануда төмендегі іс-әрекеттер
жүзеге асырылады:
редакторлардың көмегімен дыбыстық, сандық, мәтіндік, графикалық
ақпараттарды өңдеу;
MS Power Point редакторының көмегімен берілген оқу материалы
бойынша слайдтар әзірлеу;
өз пәні бойынша дайын бағдарламалық өнімдерді қолдану;
сабақта электрондық оқулықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру;
оқу-бағдарламалық құралдарды қолдану;
дайын қабықша-бағдарламалардың көмегімен тест тапсырмаларын
құрастыру.
5.25 Химия пәні кабинеті.
5.25.1 Химия кабинетін қазіргі заманның талаптарына сай ұйымдастыруда
оны оқу құралдарының толық жиынтығымен жабдықтауда қарастырылады:
- оқу құралдарының түрлі жиынтығын баспа және электрондық
түрде қолдану;
-
түрлі химиялық заттардың құрылысын құрастыруға қажетті
кристалдық торлар;
- оқытудың экрандық-дыбыстық құралдарын қолдану (диафильмдер,
диапозитивтер, графикалық проекторлардың транспаранттарын, кинофильмдер
мен кинофрагменттер, оқу видеофильмдерін);
- жаңа ақпараттық технологиялар негізінде өлшеуіш құралдарды
пайлалану;
- реттелгіш параметр немесе үдеріс туралы компьютердегі ақпараттарды
алу үшін датчиктердің жиынтығы мен құрылғыларын пайдалану.
5.26 Биология пәні кабинеті.
5.26.1 Биология кабинеті білім беру үдерісін ұйымдастыруда заманауи
талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік жабдықтармен
және ЭОӘК-мен (компьютермен жабдықтау, интернетке шығу, интерактивті
тақта, лицензиялық бағдарламамен қамту, электронды ресурстар, сандық
лаборатория) жабдықталуы қажет:
- интерактивті тақтаны пайдалану;
- интернет жүйесін және заманауи ақпараттық технологияларды
пайдалану;
- MS Power Point, Prezy редакторы арқылы презентациялар дайындау;
- дайын оқу-бағдарламалық құралдарды, бейнетаспаларды, ақпараттарды
тікелей интернеттік сайттардан пайдалану;
- оқушылардың on-line олимпиадаларға, форумдарға, зерттеу-жобалау
жұмыстарына қатысуларын ұйымдастыру;