39
құжаттар» папкасында сақталады);
3) кабинеттегі бар жабдықтар, аспаптар, техникалық құралдар, көрнекі
құралдар, дидактикалық материалдардың қызметтік міндеттері көрсетіліп
ресімделген кабинет төлқұжаты;
4) кабинетте бар жабдықтарға жасалған мүлік ведомосі (кабинет
меңгерушісінің «Кабинет төлқұжаты» папкасында сақталады);
5) кабинетте жұмыс істеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері
(танысу үшін кабинетте ілулі тұрады);
6) оқушылардың кабинеттегі жабдықты пайдалану ережелері (танысу
үшін кабинетте ілулі тұрады);
7) кабинеттің жұмыс істеуге дайындығы туралы оқу кабинетін мектеп
әкімшілігінің қабылдау актісі (кабинет меңгерушісінің «Кабинет төлқұжаты»
папкасында сақталады);
8) нақты оқу жылына арналған білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды
қамтамасыз ету бойынша оқу кабинетінің дайыдығы туралы мектептің
әдістемелік комиссиясы шешімінің хаттамасы (кабинет меңгерушісінің
«Кабинет төлқұжаты» папкасында сақталады);
9) оқу
жылына арналған кабинеттің жұмыс жоспары (кабинет
меңгерушісінің «Кабинет төлқұжаты» папкасында сақталады):
- перспективалық және оқу жылының жұмыс жоспары;
- оқу кабинетінде сабақтар өткізу және оқу іс-шараларын өткізу кезінде
техника қауіпсіздігі ережелерін және санитариялық-гигиеналық нормаларды
сақтау(қауіпсіздік ережелері бойынша жүргізілген нұсқамалардың өткізілуі
жөнінде журнал).
4.7 Мектептің білім беру бағдарламасын орындау бойынша оқу
кабинетінің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
мұғалімдер мен оқушылардың білім беру стандарты талаптарын орындауды;
дамыта оқыту әдісін енгізу; таңдауы бойынша курстар жұмысы бағдарламасын
дамыту қамтиды.
4.8 Оқу кабинетінде білім беру үдерісін ұйымдастырудың мүмкіндік
деңгейін анықтау үшін төмендегідей бағалау критерийлері ұсынылады:
оқу кабинеті төлқұжатының болуы;
оқу кабинеті портфолиосының болуы;
оқу жабдықтарын сақтаудың тиімділігі;
әдістемелік және оқу құралдарының болуы;
қолданыстағы оқу жабдықтарының, құралдардың жүйелілігі;
қабырға тақталардың болуы;
қабырға тақта материалдарының жағдайы, көркемдігі;
оқытудың техникалық құралдарының болуы және оларды сақтаудың
ұйымдастырылуы;
мұғалімнің жұмыс үстелінің жағдайы;
оқу ғимаратында еңбекті қорғау және білім алушылардың өмірінің
қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтың, журналдың болуы;
дәрі-дәрмек қобдишасының болуы;
40
жарықтандыру;
үстелдер мен орындықтар жағдайы;
кабинетте өсімдіктердің, гүлдердің болуы, олардың жағдайы;
кабинет терезелерін безендіру.
41
5
Заманауи
талаптарға
сай
оқу
кабинеттерінде
білім
беру
үдерісін ұйымдастыру
5.1 Оқу кабинеттерінде қазіргі заманға сай білім беру үдерісін
ұйымдастыру келесі мәселелерді шешу арқылы қамтамасыз етіледі:
- кешенді жарақтандыру және жабдықтау;
- оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
- оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- оқу үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету.
5.2 Оқу кабинеттерінде оқу үдерісін кешенді жарақтандыру және оқу
кабинетін жабдықтаудың жағдайларын жасауда келесідей мүмкіндіктер
қамтамасыз етіледі:
білім алушылардың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартына сәйкес білім беру бағдарламасын меңгеруде жоспарланған
нәтижеге қол жеткізу;
оқу үдерісін ұйымдастырудың барлық түрінде білім алушылардың және
тәрбиеленушілердің қабілеттерін анықтау және дамыту;
дарынды балалармен интеллектуалдық және ғылыми-техникалық
шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру;
білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жобалық зерттеушілік
қызметін ұйымдастыру;
мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруі;
білім алушылардың танымдық қызығушылықтары мен өздігінен білім
алу қабілеттерін дамыту.
5.3 Заманауи талаптарға сай оқу кабинеттерінде оқу үдерісін оқу-
әдістемелік сүйемелдеудің жағдайларын жасауда келесідей мүмкіндіктер
қамтамасыз етіледі:
оқу үдерісін жарақтандырудың кешенділігі;
оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз ету;
барлық оқу пәндері бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік әдебиеттер
мен материалдарының болуы;
оқу жоспарындағы барлық оқу пәндері бойынша баспа және білім
берудің
электрондық
ресурстарымен,
қосымша
әдебиет
қорымен
кітапханаларды толықтыру.
5.4 Заманауи талаптарға сай оқу үдерісін материалдық-техникалық және
ақпараттық жарақтандырудың жағдайларын жасауда келесідей мүмкіндіктер
қамтамасыз етіледі:
ақпаратты әзірлеу және қолдану;
ақпаратты түрлі жолдармен алу;
эксперимент өткізу, жобалау және құрастыру.
5.5 Заманауи талаптарға сай оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін
ұйымдастыру ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
арқылы жүзеге асады.
5.6 Заманауи талаптарға сәйкес жалпы білім беретін оқу кабинеттерінде