Инструкция по организации образовательного процесса в учебных кабинетах школы



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет1/37
Дата20.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#22540
түріИнструкция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37


 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  



Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан  

Национальная академия образования им. И. Алтынсарина  

 

 



 

 

 



 

 

 



МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ КАБИНЕТТЕРІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН 

ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ  

 

 

 

ИНСТРУКЦИЯ ПО ОРГАНИЗАЦИИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО 

ПРОЦЕССА В УЧЕБНЫХ КАБИНЕТАХ ШКОЛЫ  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Астана  


2015  


 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға 



ұсынылды (2015 жылғы 20 шілдедегі № 6 хаттамасы)  

 

Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 



образования им. И. Алтынсарина (протокол № 6 от 20 июля 2015 года) 

 

Мектептегі оқу кабинеттерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша 



нұсқаулық. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. 

– 49 б.  

 

Инструкция  по  организации  образовательного  процесса  в  учебных 



кабинетах  школы.  –  Астана:  Национальная  академия  образования  им. 

И.Алтынсарина, 2015. – 48 с.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



© Ы. Алтынсарин атындағы  

Ұлттық білім академиясы, 2015  

© Национальная академия  

образования им. И. Алтынсарина, 2015  




 

1 Жалпы ережелер  

 

1.1  Осы  Нұсқаулық  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23 



тамыздағы  №  1080  Қаулысымен  бекітілген  орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру)  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандартына,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрінің  2014 

жылғы  29  желтоқсандағы  №  179  бұйрығымен  бекiтiлген 

«Білім  беру 

объектілеріне 

қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық 

талаптар» 

санитариялық  қағидаларына

  (бұдан  әрі  –  Санитариялық  қағидалар), 

«Қашықтықтан  білім  беру  технологиялары  бойынша  оқу  процесін 

ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 

ғылым  министрінің  2015  жылғы  20  наурыздағы  №  137  Бұйрығы,  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 

бұйрығымен  бекітілген  Мектепке  дейінгі,  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта, 

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен 

жарақтандыру  нормаларына  (09.  07.  2013  ж.  берілген  өзгерістер  мен 

толықтырулармен) сәйкес әзірленді.  

1.2 Осы Нұсқаулық жалпы білім беру ұйымдарындағы оқу кабинеттерінде 

білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруға  және  білім  алушылардың  қауіпсіздігі  мен 

денсаулығын  сақтауды  нормативтік  қамтамасыз  етуге  қойылатын  талаптарды 

белгілейді.  

1.3 Жалпы білім беретін ұйымдардың оқу кабинеттері оқу-тәрбие үдерісін 

ұйымдастыру мен оқыту сапасын арттыруды тиімді қамтамасыз ететін орталық 

болып табылады.  

1.4  Жалпы  білім  беру  ұйымдарындағы  оқу  кабинеттері  Санитариялық 

қағидаларға сәйкес жабдықталуы тиіс:  

 

оқу  кабинеттерін  жобалау,  орналастыру  және  пайдалану  Санитариялық 



қағидалардың 3-тармағына;  

 



оқу кабинеттерін жиһаздармен жабдықтау оқушылардың бойына сәйкес 

Санитариялық қағидалардың 4-тармағына;  

 

оқу  кабинеттерін  жабдықтау  (сумен  қамтамасыз  ету,  жылыту, 



жарықтандыру, 

желдету, 

микроклиматына 

қойылатын 

санитариялық-

эпидемиологиялық талаптар) Санитариялық  қағидалардың 5-тармағына сәйкес 

орындалады.  

1.5 


Оқу 

кабинеттерінде 

оқушылардың 

демалуына 

немесе 

қызығушылығына  қарай  жұмыс  жүргізулері  үшін  арнайы  орындар 



қарастырылады.  

1.6  Жалпы  білім  беретін  ұйымдардың  оқу  кабинеттері  оқушының  білім 

беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуін және алған білімін оқу, практикалық 

қызметте  пайдалана  алуын  қамтамасыз  ететін,  логикалық,  конструктивті,  сын 

тұрғысынан  ойлау  негіздерін  қалыптастыратын  оқытудың  тиімді  құралдармен 

жабдықталуы тиіс.  

1.7  Жалпы  білім  беру  ұйымдарындағы  оқу  кабинеттері  оқушының 

физиологиялық  және  психикалық  дамуына,  оқу-танымдық,  зерттеу  іс-




 

әрекеттерін  ұйымдастыруға,  жобалау  дағдысын,  шығармашылық  қабілетін 



дамытуға, оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға қолайлы жағдай жасауы тиіс.  

1.8 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 

Қаулысына  сәйкес  жалпы  білім  беру  ұйымдарында  даму  мүмкіндігі  шектеулі 

балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптарында (бір сыныпта 

даму  мүмкіндігі  шектеулі  екі  баладан  артық  оқытылмауы  тиіс)  мүмкіндіктері 

шектеулі  білім  алушылар  үшін  ғимарат  ішінде  арнайы  жиһаздар  және 

жабдықтармен жасақталады.  

1.9  Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  кедергісіз  қолжетімді  оқыту  үшін 

пандустарды,  тұтқаларды,  лифт  және  көтергіштерді,  арнайы  жиhаздарды, 

мүгедек  балаларға  арналған  киім  шешетелін  орынды,  бейімделген  санузелді 

және кең кіреберістерді қарастыру қажет.  

1.10 Оқу кабинеттері 4 аймақтан тұруы керек:  

1-аймақ  –  ақпараттық  (кабинеттің  алдыңғы  бөлігінде  тақта,  экран, 

оқушылардың  көз  алдына  үнемі  тұруы  тиіс  плакаттар,  хабарландырулар 

ілінеді);  

2-аймақ  –  жұмыс  аймағы  (бөлменің  негізгі  бөлігі  мұғалімнің  және 

оқушылардың  жұмыс  аймақтарынан  тұрады,  оған  мұғалімнің  үстелі  мен 

орындығы және оқушылардың үстел-орындықтары орналасады);  

3-аймақ  –  көрме  аймағы  (бөлменің  артқы  бөлігі  оқу  үдерісіне  қажетті 

көрнекіліктер  мен  оқу-әдістемелік  құралдарды,  дидактикалық  материалдарды 

сақтауға, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық жұмыстарын орналастыруға 

арналған бірнеше секциялы шкафтардан тұрады);  

4-аймақ  –  демалыс  бұрышы  (үзіліс  кезінде  немесе  сыныптан  тыс 

жұмыстарда  оқушылар  демалатын  немесе  қызығушылығы  бойынша  жұмыс 

істейтін орын, мұнда жұмсақ дивандар мен ойын үстелдері орналасады).  

1.11 Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:  

1) оқу кабинеті – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына

оқу  жоспарларына  және  бағдарламаларына  сәйкес  көрнекі  құралдармен,  оқу 

жабдықтарымен,  жиһаздармен  және  оқытудың  техникалық  құралдарымен 

жабдықталған оқушылармен сабақ, факультатив және сыныптан тыс жұмыстар 

жүргізетін мектептің оқу бөлмесі;  

2)  оқу  кабинетінің  төлқұжаты  –  білім  беру  стандартының  талаптарына 

кабинетінің  сәйкесігін  көрсететін,  оқу  үдерісін  оқу-әдістемелік  қамтамасыз 

етуді ұйымдастырудың негізгі бағыттарын анықтайтын құжат;  

3) кабинет портфолиосы:  

 



электронды портфолио –компьютерде немесе қандай да бір электрондық 

тасымалдағышта сақталған құжаттардың жиынтығы;  

 

«қағаз»  портфолио  –  мұғалім  мен  оқушының  параметрі  мен  негізгі 



кезеңдегі қызметін қамтып көрсететін құжаттар сақталған папка;  

4)  кабинеттің  жұмыс  жоспары  –  кабинетті  білім  беру  үдерісін 

ұйымдастыруды қамтамасыз етуді реттейтін жұмыстар тізімі;  

5)  кабинетті  бағалау  бланкісі  –  оқу  кабинетінде  білім  беру  үдерісін 

ұйымдастырудың мүмкіндік деңгейін анықтайтын құжат;  



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау