24
жабдықталған тактикалық алаң мен ату қалашығы;
спорттық шағын қала.
2.18.9 Алғашқы әскери дайындық қалашығын салған кезде, оқу құрал-
жабдықтарының элементтерін қайта құру арқылы тактикалық және атыс
сабақтарына
қажет
түрлі
комбинацияларды
құру
мүмкіндіктерін
қарастырған дұрыс.
2.18.10 Білім беру ұйымдарындағы ату тирі – бұл кіші калибрлі
винтовкадан нысанды атуға арнайы жабдықталған құрылым. Сабақ кезінде
тирде қауіпсіздік шаралары сақталып, оқушылармен тиісті нұсқаулар жүргізілуі
керек. Білім беру мекемелерінде ату тирінің болуы міндетті емес.
25
3
Оқу
кабинеттерін
оқу-әдістемелік
қамтамасыз
етуге
қойылатын талаптар
3.1 Оқу кабинеттерінде Мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз
ететін негізгі нормативтік құжаттары болуы керек.
3.2 Оқу кабинеттерін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету – білім беру
үдерісін
жүзеге асыру үшін.
қажетті құрал-жабдықтардың оқу кабинеттерінде болуы.
Оқу құрал-жабдықтары – білім, білік, дағдыны қалыптастыру көзі.
3.3 Кабинеттің оқу-материалдық базасы: көрсету, дидактикалық, тарату
материалдары, пән бойынша әдебиеттер (аударма және түсіндірме сөздіктері),
тақырыптар мен деңгейлері бойынша оқыту бағдарламаларынан тұрады.
3.4 Оқу кабинеттерін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуде төмендегі талаптар
ескерілуі қажет:
функционалдық
(оқу-әдістемелік
ортаның
әрбір
элементінің
функционалдық бағыты болуы және білім беру үдерісінде қолдануы керек);
сәйкестілік (оқу кабинетінің оқу-әдістемелік ортасы оқу бағдарламаның
ерекшеліктеріне, бейіндік бағыттың талаптарына, білім алушылардың
антропометриялық параметрлеріне сәйкес болу керек);
коммуникациялық (оқу кабинетінің оқу-әдістемелік ортасының
ақпараты жеткілікті және қолайлы, көру және дыбыстық байланыспен
қамтылған, еркін қимылдауға және қозғалуға мүмкіндік жасалған болу керек);
үйлесімдік (оқу кабинетінің ақпараттық-пәндік ортасын құру білім беру
үдерісінің барлық субъектілерінің қатысуымен жүргізілуі керек;
идеялардың
ерекшелігі,
кабинеттің
оқу-әдістемелік
ортасын
ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдердің маңыздылығы.
3.5 Дидактикалық, тарату материалдары мен пән бойынша әдебиеттер
тізбесі «Жалпы білім беретін мектептерге арналған көрнекі оқу құралдары мен
оқу жабдықтарының үлгілік тізбесіне» сәйкес келуі тиіс.
3.6 Мектеп кабинетін ресімдеу бойынша жалпы әдістемелік ұсынымдар.
3.6.1 Оқу кабинетінің ресімделуі эстетикалық қағидаларды ескере отырып,
бірыңғай стильде жүзеге асырылуы тиіс, яғни тұлғаның үйлесімді жетілуіне
ықпал етуі керек.
3.6.2 Кабинеттің артқы қабырғасына немесе сынып бұрыштарында оқу
жабдықтарын сақтауға арналған секциялық шкафтар орналастырылуы тиіс.
3.6.3 Бүйір қабырға (терезеге қарама-қарсы) тұрақты немесе уақытша
көрнекі-құралдар үшін пайдаланылады.
3.7 Оқытудың түрлі кезеңдері мен пәнаралық байланыстардың сабақтастық
қағидалары оқыту объектілері мен оқу-әдістемелік кешендер (оқулық, жұмыс
дәптері, аудиотаспалар, мұғалімге арналған кітаптар, оқуға арналған кітаптар)
құралдар топтамасының тізімін қосқандағы есебімен жүзеге асырылады, онда
мектепте пәнді оқытудың толық курсы қамтылады. Осы оқу-әдістемелік
кешендердің ішкі құрылымы, олардың мазмұны, материалды берудің тәсілдері
және оқу әрекетін ұйымдастыру қағидалары білім алушыларға оқу сатысында
табысты «түйісуге» мүмкіндік береді.
26
3.8 Аталған құралдар мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілудегі
объектілердің нақты саны сыныптағы толымдылықтың орташа есебімен
жүргізіледі (25-30 білім алушы), оның ішінде сыныпты топтарға бөлу жағдайы
ескеріледі.
Білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша оқу жабдықтарының саны оқу
кабинеттерінің санымен есептеледі. Бұл ретте, аталған техникалық
құралдардың маңызды бөлігін пайдалану пәнішілік қана емес, жалпы оқу
міндеттерін шешумен байланысты.
3.9 Білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша сандық көрсеткіштерді
айқындау
мақсатында,
символикалық
таңбалардың
келесі
жүйесі
пайдаланылады:
Д – демонстрациялық дана (1 дана, арнайы келісілген жағдайдан басқа);
К – толық жинақ (сыныптағы шын мәніндегі толымдылық нәтижесінде);
Ф – фронталдық жұмыстарға арналған жинақ (шамамен толық жинаққа
қарағанда екі есе аз, яғни екі білім алушыға 1 данадан кем емес);
П – бірнеше білім алушылар бойынша есептелетін, практикалық топтық
жұмыстарға қажетті жинақ (6-7 дана).
3.10 Кабинетте мұғалімге арналған әдістемелік әдебиеттің жеткілікті
жиынтығын қарастыру қажет, ол әдістемелік журналдар, арнайы әдістемелік
әдебиет, психология бойынша әдебиеттер, анықтамалық әдебиет болуы тиіс.
3.11 Кабинетте оқу орнының аталған типінің бағдарламасы бойынша
курсқа арналған оқу кітаптары түріндегі оқу құралдарының толық жиынтығы;
оқулықтар (топтағы білім алушылардың саны бойынша), сөздіктер (екі тілді,
топтағы білім алушылардың саны бойынша) болуы тиіс.
3.12 Кабинеттің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне қажетті құрал-
жабдықтар төмендегідей топтастырылады:
1) көру (визуалды) құралдары, олар: кестелер, карталар, сызба нұсқалар,
табиғи объектілер (кеппешөптер, минералдар т.б. жиынтықтары) және т.б.;
2) аудио құралдар: радио, магнитафон, музыка аспаптары т.б.;
3) интерактивті тақта, теледидар, бейнетаспа, дыбысты фильмдер т.б.;
4) сөздік құралдар: оқулықтар, қосымша әдебиеттер, сөздіктер,
анықтамалықтар, әдістемелік құралдар, мәтіндер және т.б.
3.13 Бастауыш сынып кабинеті.
3.13.1 Тіл және әдебиет пәндерін оқыту үшін оқу-әдістемелік
қамтамасыз ету:
1) оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес көркем әдебиет, көлемді және
шағын суретті кітаптар, өлең жинақтары, ертегілер жинақтары, аңыздар, газет-
журналдар, ақындар, жазушылар туралы аудиожазбалар мен бейнефильмдер;
2) мультфильмдер, ертегілер жинақтары, деректі және көркем фильмдер;
3) постерлер (ватмандар);
4) түсіндірме,
орфографиялық сөздіктер; синонимдер, антонимдер,
фразеологизмдер
сөздіктері;
грамматика,
орфография,
пунктуация
анықтамалықтары; энциклопедиялар;
5) әртүрлі мамандықтардың арнайы киімдері, маскалар, ұлттық киімдегі