16
қойылуы керек.
2.12.3 Физика кабинетіндегі демонстрациялық және оқу-зертханалық
үстелдерге электр энергиясын жүргізу қажет.
2.12.4 Кабинеттегі барлық қосқыштар мен розеткаларға белгі соғылады.
2.12.5 Оқушылар аумағында су және электр қуаты өткізілген екі орындық
оқушылық зертханалық үстелдер (қондырғылары бар және қондырғыларсыз)
орнатылуы тиіс.
2.12.6 Кабинеттегі медициналық қобдиша, өрт сөндіру құралдары; электр
құрал-жабдықтары зақымданудан қорғалған болуы тиіс.
2.13 Химия кабинеті.
2.13.1 Әр оқу жылының басында білім алушыларды химия кабинеттеріне
(зертханаларға) арналған техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру қажет.
2.13.2 Лабораторияда: мұғалімнің жұмыс орнын ұйымдастыруға, білім
алушылардың жұмыс орнын ұйымдастыруға, оқу құралдарын ұтымды
орналастыруға және сақтауға, аппаратураларды қолдануды ұйымдастыруға
арналған жиһаздар болуы тиіс.
2.13.3 Лаборанттық бөлмелерде: лаборант жұмысын ұйымдастыруға
(демонстрациялық және оқу экспериментін дайындау), оқу құралдарын
сақтауға (ең бастысы, химиялық реактивтерді), аппаратураларды сақтауға
арналған жиһаздар болуы тиіс.
2.13.4 Мұғалімнің жұмыс орнын ұйымдастыруға арналған жиһаз:
қоршалған екі секциядан (демонстрациялық және препараторлық) тұратын
демонстрациялық химиялық үстел, препараторлық бөлімінде – жақтаулы;
мұғалімге арналған үстел (L=800 мм), мұғалімге арналған орындық.
2.13.5 Химиялық экспериментке арналған жиһаз лаборант бөлмесінде
орналастырылады: реактивтерге арналған сөресі бар препараторлық үстел;
лабораториялық сорғыш шкаф (қабырғада).
2.13.6 Кабинетте жұмыс қауіпсіздігі туралы нұсқаулықтар, плакаттар
топтастырылған еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бұрышын дайындау қажет.
2.13.7 Химия кабинетінде сабақтан тыс іс-шаралардан тек қана химиялық
үйірме және химия бойынша факультатив сабақтары жүргізіледі. Химия
кабинеттерін басқа пәндердің және ұзартылған күн топтарының сабақтарына
арналған сынып бөлмелері ретінде пайдалануға тыйым салынады.
2.13.8 Лаборанттық бөлме химия кабинетімен (лаборатория) сынып
тақтасы жағына қабаттас орналасады және екі шығу есігі болады: біреуі –
кабинетке,
басқасы
–
дәлізге,
басқышқа,
рекреациялық
немесе
қабаттас бөлмеге.
2.13.9 Химия кабинетінде (лабораториясы) және лаборанттық бөлмеде
суық және ыстық сумен жалғастырылған шұңғылшалар орналастырылуы
қажет.
2.13.10 Химия кабинеті (лабораториясы) және лаборанттық бөлме
жарықпен, желдеткішпен, су құбырымен, кәрізбен, электржабдықтау
жүйесімен, бастапқы өртсөндіргіш құралдарымен және жеке қорғаныс
құралдарымен қамтамасыз етіледі.
17
2.13.11 Химия кабинетіндегі (лабораториясы) оқушыларға арналған
үстелдер мен орындықтар СанЕжН талаптарына сәйкес келуі тиіс.
2.13.12 Зиянды әсер ететін булар мен газдардың бөлінуіне әкеп
соқтыратын жұмыстарды жүргізу үшін лаборанттық бөлме сорғыш шкафпен
жабдықталуы тиіс. Сорғыш шкафтың жоғарғы және төменгі сорғыштары болуы
қажет. Сорғыштарды қосу бөлінетін булар мен газдардың тығыздығына
байланысты реттелуі тиіс.
2.13.13 Химия кабинетін жарықтандыру СанЕжН талаптарына сәйкес
келуі тиіс.
2.13.14 Тиісті табиғи жарықты қамтамасыз ету үшін терезе алдына
гүлдерді қоюға болмайды, терезе шынылары шаңнан және кірден жылына кем
дегенде 2 рет тазартылуы тиіс. Химия кабинетіндегі (лабораториясы) мұндай
жұмысқа білім алушыларды жұмылдыруға тыйым салынады.
2.13.15 Лаборатория и лаборанттық бөлме бөлмедегі температураны 18-21
градус Цельсий шамасында ұстап тұратын, ауа дымқылдығы 40-60 %
шамасында болуы қажет есеп арқылы жылытумен және үйлестірілген сорғыш
желдеткішпен қамтамасыз етілуі тиіс.
2.13.16 Табиғи желдеткіш ауданы 1/50 еден ауданынан кем емес және үш
еселік ауа айналымын қамтамасыз ететін фрамугалар мен желдеткіштердің
көмегімен жүзеге асуы тиіс. Фрамугалар мен желдеткіштерді ашуға және
жабуға ыңғайлы тетіктермен жабдықталуы тиіс.
2.13.17 Химия (лабораториясы) кабинетіндегі электраспаптар қуаты
ажыратқыш трансформаторлары бар қалқаннан электр қосқышқа жалғасқан
қорғаушы-сөндіргіш құрылғы арқылы жүзеге асуы тиіс.
2.13.18 Барлық қолданылатын демонстрациялық және лабораториялық
электраспаптары оқу кабинеттерінде (сыныптарында) сабақтарды жүргізу
кезінде электрқауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша Ережелердің
талаптарына жауап беруі тиіс. Электраспаптарының барлық токөткізуші
бөліктері оларға кездейсоқ жанасудан сенімді қорғалуы тиіс.
2.13.19 Суқұбыры желісін кабинетке қосудың ортақ вентилі, сонымен
қатар оқушылардың лабораториялық үстелдер қатарына, демонстрациялық
үстелге және лаборант бөлмесіне ажыратқыштың алдында вентилі болуы тиіс.
2.13.20 Химия кабинетіндегі (лабораториясы) өрт қауіпсіздігі оқу
кабинетіндегі сабақтарды жүргізу кезіндегі электрқауіпсіздігі және еңбекті
қорғау бойынша Ережелерге сәйкес ұйымдастырылады.
2.13.21 Бастапқы контейнердегі барлық реактивтер лаборант бөлмесінде
сақталуы тиіс.
2.13.22 Химиялық табиғаты бойынша ерекшеленетін реактивтерді бірге
сақтауға жол беруге болмайды. Бейорганикалық және органикалық
реактивтерді қосылыстардың кластары бойынша әр түрлі секцияларда
сақтайды.
2.13.23 Концентрлік қышқылдар және аммиактың (25%) концентрлік
ерітіндісі сорғыш шкафтардың төменгі секцияларында жеке сақталады.
2.13.24 Сейфке улы заттарды (бром, кристалдық йод, калийдің ферро (II)