ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
Фармация ісін басқару және ұйымдастыру кафедрасы
ГЛОССАРИЙ
Тақырыбы: Маманды дайындау және қайта даярлаудан өткізу. Квалификациясын жоғарылату. Кадрлық резервпен жұмыс жасау.
Орындаған: Исабек Ұ.
Тобы: В-ФКА-04-17
Қабылдаған:
Шымкент 2020 ж
Қызметті басқару жүйесі – ұйымның өздерінің қызметкерлеріне, олардың ұйымдық мақсаттарын және потенциалын максимальды пайдалану мақсатында әсер ету тәсілдері, процедуралар.
Персоналды жоспарлау - Кадрлар кәсіпорын құрамына кіретін және мұнда еңбек ететін алуан кәсіби квалификациялық топтардың жиынтығы.
Қызметкерлерді басқарудың негізгі мақсаты–өз кəсіпорныңыздағы адамдардың көмегімен табысқа жетуін қамтамасыз ету.
Кадрлерді қамтамасыз ету: кадр қажеттіліктерін анықтау, мамандарды іздеу, келісім – шарт жасау, жұмысшы орнымен және еңбек жағдайымен таныстыру, кадрлерді ауыстыру.
Кадрларды жоспарлау – қызметкерлермен өмірде болатын өзгерістерді есепке алу(пенсияға шығу, қызметтік ауысу, демалыс т.б.)адам ресурстарында болашақ қажеттіліктер жоспарын жасау…
Кадрларды жинау – барлық лауазым бойынша потенциальды кандидат резервін жасауға керекті мамандарды қызықтыру және іздеу бойынша үздіксіз жұмыс.
Кадрларды іріктеу – бос лауазымға кандидаттардың кәсіби маңызды іскерлік және басқа салаларын бағалау, жинау кезінде жасалған резервтердің жақсысын таңдау
жұмыс оқу жоспары – мамандық бойынша үлгілік оқу жоспары негізінде қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым әзірлейтін және бекітетін құжат;
кадрларды қайта даярлау – тиісінше басқа медицина немесе фармацевтика мамандығын меңгеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;
кадрлардың біліктілігін арттыру – бұрын алынған кәсіби білімін, іскерлігін және дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қосымша білім беру нысаны;
медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – біліктілікті арттыру және қайта даярлау нысанында іске асырылатын, кадрлардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жүзеге асырылатын оқыту процесі;
өзіндік білім алу – кадрлардың барлық кәсіби қызмет ету бойына өз бетінше жаңа теориялық білім алуына және бұрын алынған білімдерін жетілдіруіне бағытталған оқыту процесі;
пәннің бағдарламасы (силлабус) – қосымша білім беруді іске асыратын ұйым бекіткен оқытылатын пәннің сипаттамасы, мақсаты, міндеттері, қысқаша мазмұны, әрбір сабақтың (аудиториялық және аудиториядан тыс) тақырыбы мен ұзақтығы, оқытушының талаптары, бағалау өлшемдері мен қағидалары және әдебиеттер тізімі қамтылған тыңдаушыларға арналған оқу бағдарламасы;
практика арқылы оқыту (жұмыс орнындағы тағылымдама) – денсаулық сақтау ұйымдарында жаңа практикалық дағдыларды үйрену және бұрын үйренген дағдыларды жетілдіру;
тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымда оқуға тіркелген маман;
үздіксіз кәсіби дамыту – пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кадрлар біліктілігінің кәсіби деңгейін қолдауға және дамытуға бағытталған оқыту процесі;
үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының міндетті компонентінің әрбір пәні бойынша меңгерілетін білімнің, іскерліктің және дағдының мазмұны мен көлемін анықтайтын бағдарлама;
үлгілік оқу жоспары – оқытылатын пәндердің тізімі мен көлемін, оларды оқыту тәртібі мен бақылау нысанын регламенттейтін үлгілік оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын құжат;
сертификатты цикл – жоғары және орта (техникалық және кәсіптік) медициналық білімі бар тыңдаушыларға, біліктілік санатын алуға үміттенген мамандарға арналған біліктілікті арттыру циклі;
семинар, тренинг/мастер-класс – кадрлардың біліктілігін арттырудың теориялық және практикалық түрі;
симуляциялық технологиялар – нақты, соның ішінде шұғыл жағдайларға барынша жақындатылған, клиникалық және басқа жағдайларды модельдеуде негізделген, нақты шешімдерді жедел түрде қабылдауды, қайталанатын жағдайларды өңдеуді қамтитын кадрлардың дағдысын бағалау және оқытудың заманауи технологиялары;
маманның үздіксіз кәсіби даму жүйесіндегі сынақ бірлігі – кәсіби қызметінің белгілі кезеңі үшін үздіксіз кәсіби дамуына себепші іс-шараларға маманның қатысу көлемін өлшейтін біріздендірілген шартты бірлік;
сынақ бірлігін жинау жүйесі – соңғы бес жыл ішінде үміткердің үздіксіз кәсіби дамуындағы іс-шараларға қатысуын сомалық есепке алу жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |