Жалпы білім беретiн орта мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі. Оның негізгі бөліктерінің жалпы сипаттамасы.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқyшыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негiзгi орын aлған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтiн бағыт.
Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, ол қандай дережеде оның организмінің табиғи дамуына тәуелдiлiгiмен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенеңиалды мүмкiндiгiнiң шекарасын тағайындауға, сондай-ақ, нақты дидактикалық өзгерicтiң мақсаты мен мiндетiн aнықтау шығады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдiснамалық мәселесі болып табылады.
Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың негiзгi мақсаты оқушыларда компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру болып табылды. Алайда шетелдiк және oтaндық тәжiрибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткiлiксiз eкeнiн көpceтті. Өйткенi, компьютерлiк сауаттылық, арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару басқа пәндердi оқу барысында қалыптасатын жалпы сауаттылықтың құрамды бөлiктерiнiң бiрi болып табылады.
Орта бiлiм беруің басты мақсаты-жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет қабiлеттерiн қалыптастырып, дамыту және өз бетiмен бiлiм алу, өзiн-өзі дaмытyғa жағдай жасау.
Сонымен мектептің алдына төмендегiдей үш негiзгi мaқcaт қойылады:
бiлiм беру; 2. тәрбиелiлiк; 3.практикалық;
Бақылау сұрақтары
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты қандай?
Информатика курсын оқытудағы негізгі мақсаттар қандай?
Мектепте информатиканы оқытуда білім берудің мақсаты?
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты?
3-ДӘРІС.
Тақырыбы: Информатиканы оқытуды реттейтін нормативті-кұқықтық кұжаттар
Мемлекеттік білім стандарты -бұл пәндер бойынша мазмұнның міндетті минимумы және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайтын нормативтік құжат.
-1998 жылы жасақталған стандарттың негізгі мазмұны 7-11 сыныптарда дүниетанымдық көзқарас, алгоритмдеу және программалау, техникалық және қолданушылар аспектілеріне бөлініп қарастырылған. Аталған аспектілер базалық, негізгі және мамандыққа баулу курстары бойынша жеке жеке концентрлі түрдегі мазмұндарға бөліп, анықталған. Мұнда қарастырылған мазмұндар ақпараттық технологияның жеделдетіп дамуына байланысты оларды өзгерістерге ұшырату қажеттігі туындады.
Сондықтан бұл стандарт жылы мына түрде өзгертіліп, қайтадан жасақталды.
«Информатика» пәні бойынша дайындалған стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспармен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
Стандарттың қолданылу саласы;
Қолданылу саласы. Стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім ұйымдарын аттестациялау, жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендерді жасақтау және оқу бағдарламаларын жүзеге асырылуын бақылау кезіндде қолданылады.
Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы Заңының талаптарына сәйкес информатиканы оқыту стандартына төмендегі мәселелер енгiзiлген:
- кластар бойынша бiлім беру мазмұнының мiндeттi минимумы;
- әрбiр кластардағы оқушының дайындық деңгейiне қойылатын талаптар;
- стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;
- бiлiмдi бағалау үлгiлерi.
Қазақстан Респyбликасының конституциясында: "Білiм беру - бұл қоғам мүшелерiнiң адамгершiлiқ интеллектуалдық, мәдени дамyынының жоғарғы деңгейін және кәсіби бiлiмдiлiгiн қамтамасыз eтyгe бағыттaлған тәрбие беру мен оқытудың үздiксiз үрдісi", - деп көрсетілген.
Білім беру жүйесiнiң басты мiндетi-ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негiзiнде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажеттi жағдайлар жасау, әрине, мемлекет зиялы болу үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет. Бұл білім беру үрдісiнiң үздіксіз талап етедi. Білім беру үздiксiз үрдісс болса, информатиканы оқыту да үздіксіз болуы қажет.
Жалпы бiлiм беретін орта мектепке арналған информатикадан мемлекеттік білім беру стандарты осы мәселені көздейді.
Ал, стандарт осы орта мектепте үздiксiз бiлiм беру тұжырымдамасына негізделіп жасалынған. Тұжырымдама білім беру жүйесiн демократияландыру принциптерін жүзеге асыруға бағытталып құрылған.
Мұнда оқушы өз бетiмен танымдық қызмет жасап, дами алатын субьект болса, мұғалiм осы қызметтің тиiмдi ұйымастырылуына нәтижелi болуына жауап беретiн шығармашылықпен жұмыс icтейтін жеке тулға.
«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны (БМ) - оқу пәнінің мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.
«Информатика» оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы (БНБ) - оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертуді және оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
«Информатика» оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ) -«Информатика» оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететін, оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
«Информатика» оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы (ҚББ) - мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәні бойынша білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтік немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы ережелер:
Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары төмендегідей:
-оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;
-оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
-оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;
-оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау;
Міндеттері:
-информатика ғылымының негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі болып есептелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
-қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;
-қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролін анықтау, қоғамның постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңінде адам еңбегінің мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;
-оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
-тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлау деп аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;
-ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;
-оқушыларды ақпараттық бірліктермен қамтамасыз ететін білімдермен қаруландыру;
-оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру.
«Информатика» пәнінің зерттеу обьектілері:
-ақпарат;
-ақпараттық ресурстар;
-ақпараттық үрдістер;
-ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.
«Информатика» пәнінің даму болашағы мына көріністерге байланысты:
1.пәннің жалпы білімділік, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап айтқанда:
-оқушыларға формальдау, моделбдеу және компьютерлік тәжірибе әдістерін меңгерту;
-тиімді шешімдерді таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау қабілетін дамыту.
2.информатиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуы, атап айтқанда, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және т.б.
«Информатика» пәнінің даму бағыттары:
-Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдістерінің өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлі ақпараттық орталарда ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың негізгі заңдылықтарын зерттеу мәселелері қарастырылады.
-Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердің, микроүрдіссорлардың есептеу қызметінің мүмкіндіктері және аймақтық желілер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтері туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және
қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерін қарастырумен жалғасады.
-Әлеуметтік информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазіргі қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және программалық өнімдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегіндегі мәселелер қарастырылады.
Информатика пәнінің базистік оқу жоспарында алатын орны мектепте оны оқытудың мақсатын игерту, информатика негіздерін үйрету мен ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуді талап етеді.
Бірінші кезең (7-9 сыныптар)- базалық курс. Ол информатика пәні бойынша оқушылардың міндетті (минимум) жалпыбілімділік дайындық деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл кезең нақты мәселені шешуде оқушылардың ақпараттық технология құралдары мен әдістерін меңгертуге, сонымен қатар компьютерді үйренуде, одан әрі кәсіптік білім қызметінде оын еркін, әрі тиімді қолдана білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған (3 жыл).
Екінші кезең (10-11 сыныптар) –информатика пәні бойынша жоғарғы сыныптарда көлемі мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы курс. Мұнда оқушылар кәсіптік даярлыққа бағытталған оқу материалдарын меңгеруді жалғастырады (2 жыл).
«Информатика» пәнінің базалық мазмұны төмендегі материалдар көлемінде шоғырланған: ақпараттық бейнелеу, ақпараттық үрдістер, компьютермен танысу, ақпараттық технологиялар, формальдау және модельдеу, алгоритмдеу және программалау, телекоммуникация және әлеуметтік информатика.
10-11 сыныптарда «Информатика» пәнін оқытудың мазмұндық желісі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық бағыттар бойынша қарастырылған.
Қоғамдық –гуманитарлық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негізінде қарастырылған: ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, телекоммуникациялық желі, әлеуметтік информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың гуманитарлық қызмет саласында қолданылу мүмкіндіктерімен байланыстырылып қарастырылады.
Жаратылыстыну - математикалық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негізінде қарастырылған: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтік информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың жаратылыстану - математикалық бағыттарда қолданылу мүмкіндіктерімен байланыстырылып қарастырылады. Сонымен қатар, программалау тілдері тереңдетіліп, оқытылады.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мектептің әр түрлі сатысында берілетін оқу мазмұнына сәйкес берілген. Сатылар негізгі, жоғарғы (қоғамдық - гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық) деп қарастырылған. Аталған сатыларға сәйкес берілген мазмұндық желістер бойынша оқушының міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар анықталған.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту үрдісін мамндармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісін оқу- әдістемелік жағынан қамтамасыз ету; материалдық -техникамен базамен қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |