|
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнініңОқушылардың ДЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі отыруына қойылатын талаптар
|
бет | 14/88 | Дата | 19.07.2022 | өлшемі | 0,82 Mb. | | #39039 |
| «Èíôîðìàòèêàíû î ûòó ä³ñòåìåñ³» ï í³í³ Оқушылардың ДЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі отыруына қойылатын талаптар.
ДЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде оқушы санитарлық гигиеналық талаптарға сай отыруы тиіс. Стол мен орындық оқушының бойының ұзындығына сай талдауы қажет. Орындық столдан 3-5 см ішке еніп тұруы, оқушының басы 5-7º бұрышқа иіліп тұруы тиіс.
Оқушы тік отырған жағдайдағы оқушының көзі экранның центрінің тұсында болуы қажет. Монитор экранындағы символдарды көру бұрышы 20 бұрыштық минуттан кем болмауы керек. ДЭЕМ – экранындағы символдарды көру қашықтығы – 0,6-0,7 м аралығында болуы тиіс.
Оқушылардың жұмыс орны дербес ЭЕМ-мен жабдықталған 1 үстелден және биіктігі өзгертілетін, айналмалы орындықтан тұрады. Дербес компьютер, оқулық орналасатын және оқулықпен жұмыс істеуге арналған үстел бетінің өлшемі 1300х700мм болуы керек. Оқушы үстелінде ДК барлық құрылғыларымен орнатылады. Пернетақтаның алдында 30см ендікте дәптер қоятын және жауырынның бұлшық еттеріне күш түспес үшін шынтақты тіреп отыратын орын болуы тиіс. Монитор қойылатын үстел беті жазық, ал пернетақта орналасатын үстел беті көлбеу (120-150 бұрышқа) болу керек. Үстел жиегінің және орындықтың биіктігі бейнемонитормен жұмыс істеп отырған оқушы бойына сәйкес қойылуы керек. Үстелдерге ток көзі мен жергілікті желі кабельдері жүргізіледі. Информатика кабинеті үшін ток көзінің жалпы электрлік кескіні есептеуіш техникасының құжаттарына сай қондырылады. Еден беті тегіс, ой-шұңқырсыз, сырғанамайтын және оңай тазаланатын антистатикалық қасиеттері болуы қажет.
Мұғалімнің жұмыс орны үстелмен және басу құрылғысы мен мультипроектор қоятын 2 тумбамен жабдықталады. Мұғалім үстелінің өлшемі 1300х700мм. Тумбаның магниттік тасымалдаушысы, күнделікті сабаққа қажетті транспаранттар салынатын 350х500х100мм өлшемдегі 1-2 жәшігі болуы керек. Компьютерлік үстелдің дәптер, сыныптық журнал және т.б. салынатын қалташасы болады. Сабақ барысында оқушылардың жұмыс орындарына электр желілерін қосу мен оны өшіруді мұғалім өзі жүргізуі қажет.
Информатика кабинетіндегі компьютерлердің орналасуы сабақ барысында мұғалім мен оқушылардың емін-еркін жүріп-тұруына ыңғайлы болуы қажет. Дербес компьютерлердің жұмыс орындарының орналасуы 3 вариантта болуы мүмкін:
Жағалай (периметрлік);
Қатарлық (1-3 қатар);
Орталық.
Оқушылардың және мұғалімнің еңбек қауіпсіздігі, электрмен жұмыс жасау қауіпсіздігі және тұрақты жарықтандыру деңгейі тұрғысынан алғанда ДК-де жұмыс істеу орындарын жағалай орналастыру нұсқасы тиімді болып табылады.
Жұмыс орындарын жағалай орналастыру нұсқасы бойынша келесідей қашықтықтар белгіленген:
Информатика кабинетінің ені бойынша: терезе жақтаулары бар қабырғалардан үстелдер кем дегенде 0,8м қашықтықта орналасуы керек. Терезе жақтауларына қарсы қабырғалар мен оған жағалай орналасқан ДК үстелдері 10см қашықтықта орналасуы керек, ал кейбір жағдайларда бейнемониторларға байланысты үстелдер мен қабырғалардың қашықтықтары өзгеруі мүмкін.
Информатика кабинетінің ұзындығы бойынша: ДК-дің екі орындық үстелдері қатар қойылады. Бір орынды үстелдердің арасы ашылып қойылады, соған сәйкес үстелдердің арақашықтығы кабинет ауданы мен ондағы оқушылардың жұмыс орындарының санына байланысты болады.
ДК-мен жұмыс істеу үстелдері жағалай орналасқанда, сабақтарға, оқушылардың білімін тексеруге, жазба бақылау жұмыстарын орындауға, дәптерде программа құру және есептер шығаруға арналған қажетті орындар оқушылардың санына байланысты оқушы үстелдерімен және орындықтарымен жабдықталуы тиіс. Екі орынды оқушы үстелдері біріктіріліп қойылмайды (олардың ара қашықтығы кем дегенде 0,5м).
Кабинетте оқыту құралдары мен жабдықтары бағдарлама бөлімдері бойынша орналастырылады. Демонстрациялық көрнекіліктер және өздік жұмыстарға арналған құралдар бөлек сақталады. Информатика кабинетіндегі оқыту көрнекілік құралдары мен жабдықтары шкафтарда сақталады, ол лаборант бөлмесінде сақталуы да мүмкін.
Информатика кабинетінде құрал-жабдықтар мен мұғалімнің жұмысын жеңілдететін әдістемелік картотека және сабақ өткізуге дайындық құралдарының тізімі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|