Бақылаудың бағдарлаушылық қызметі – жеке оқушының және сыныптың оқу материалын қаншалықты терең меңгергендігін, білім берудің мақсатына сай жеткен дәрежесі туралы ақпарат алу болып табылады. Бақылау оқушылардың қиындығы мен жеткен жетістігін бағдарлайды.
Оқушылардың қателіктері мен олқылықтарын аша отырып, оны жөндеу үшін білім мен біліктілігін жетілдіріп, оны жұмсаудың бағытын көрсетеді. Бақылау оқушының өзін өзі тануына, өзінің мүмкіндігі мен білімін бағалауға көмектеседі.
Бақылаудың тәрбиелеуші қызметі оқушыларды білім алуға, жауапкершілікке, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адалдыққа тәрбиелейді. Бақылау оқушыларды тапсырма орындау үстінде үнемі өзін қадағалап бақылауға, жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Ол берік ерік-жігерлі болуға, тұрақты оқу дағдысын қалыптастыруға баулиды.
Жоғарыда аталған бақылау қызметтерінің мәні мен рөлі оқу үдерісінде көрінеді. Оқу үдерісінде бақылаудың қызметтері әр түрлі деңгейде және әр түрлі қарым қатынаста көрінеді. Бақылаудың қызметін іс жүзіне асыруда бұл көрсетілген қызметтер оны неғұрлым тиімді етеді және оқу үдерісі де тиімдірек болады.
Бақылау мақсатына сай арнайы қызмет (дигностикалық, айқындаушы, болжамдық) атқарады.
Бақылаудың бес негізгі ұстанымы бар:
әділеттілік;
жүйелілік;
жариялылығы;
жан-жақтылық;
тәрбиелік сипат.
Әділеттілік диагностикалық тестердің (тапсырмалар, сұрақтар), мазмұнын ғылыми негіздеумен, диагностикалық шаралар педагогтың барлық оқушылармен теңдік, достық қарым-қатынасы, оқушының білім, біліктілігін белгіленген бағалау көрсеткіштеріне сай, нақты бағалау. Диагностикалаудың практикалық әділеттілігі диагностика жасаушының қойған бағалары оның қолданған бақылау әдістері мен құралдарынан тәуелсіздігінде болып табылады.
Жүйелілік ұстанымына қойылатын талап білімді алғашқы қабылдаудан бастап, оны іс жүзінде қолдануға дейінгі дидактикалық үдерістің барлық кезеңдерінде диагностикалық бақылауды жүргізудің қажеттілігінде. Жүйеліліктің мәні - оқу мекемесіндегі барлық бірінші және соңғы оқушыға дейін үнемі қамтылып отырылады. Жүйелілік ұстанымы диагностика жүргізудің кешенді шарасын талап етеді, бір мақсатқа бағындырылған бақылау түрлері мен әдістері, бақылау жабдықтары мен бағалау қолданылады.
Жариялылық ұстанымы барлық оқушыларды ашық түрде, тең бағалау. Диагностикалау үдерісінде әрбір оқушының белгіленген рейтингі ашық, салыстырмалы сипатта болады.
Жариялылық ұстанымы бағалау әдісі мен оны ашық жариялауды талап етеді. Бағаны оқушы өзіне қойылатын талаптардың эталоны ретінде қабылдайды, сонымен қатар бағасы арқылы педагогтың әділеттілігін таниды, пікіріне сүйенеді. Бұл ұстанымды өмір жүзіне асырудың маңызды шарты диагностикалық бақылау арқылы оған қатысуға ынталы тұлғалар өз жұмыстарына сараптама жасап, кемшіліктерді жоюдың болашақтағы жоспарын да жасайды.
Заманауи педагогикада бақылаудың келесі түрлері кездеседі: алдын ала;ағымдық;тақырыптық; аралық (кезеңдік); жинақтық; қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |