Жинақтық бақылау – курс бойынша емтихан өткізу. Бұл өтілген курс бойынша оқыту қорытындысы, ол оқушының алдағы оқу үдерісіндегі қабілетін танытады.
Қорытынды бақылау – оқушының алған білімінің көлемін, сапасын, тереңдік деңгейін, нақты мазмұнын анықтап, оларды оқу әрекеті үстінде қолдана білуін қалыптастырады. Шындығында, қорытынды бақылау басқа бақылау түрлеріне қарағанда жоғары деңгейдегі бақылау қызметін атқарады. Бірақ та ол білімді жүйелеп жинақтайды және белгілі бір деңгейде оқытушылық, дамытушылық және тәрбиелеушілік қызметтерін де қоса атқара алады. Оған мектептегі бітіру емтихандары, жоғары оқу орындарында түлектік жұмысты қорғау, мемлекеттік емтихандарды тапсыру жатады.
Оқушының іс-әрекетіне бақылау жұмысын кімнің жүргізгеніне қарамастан, бақылаудың үш типі бар:
- сыртқы (мұғалімнің оқушының іс-әрекетін бақылауы);
- өзара (оқушының жолдасының іс-әрекетін бақылауы);
- өздік бақылау (өзінің іс-әрекетін өзі бақылауы).
Педагогика үшін жалпы «Қалай бақылау керек?» деген мәселе тұр. Педагогикалық коммуникация құралдары бойынша бақылауды, әр түрлі көзқараста қарастыруға болады:
тәсілдер (дәстүрлі немесе дәстүрден тыс);
сипаты (субъективті, объективті);
оқытудың техникалық жабдықтарын пайдалану (техникалық, техникасыз);
түрі (ауызша, жазбаша);
уақытына қарай (алдын ала, бастапқы, негізгі, ағымдағы, аралық, жалпылау, қорытынды);
қамтылуы (дара, топпен, жаппай);
бақылаушы тұлға (мұғалім, оқушы-серіктес, өзіндік бақылау);
дидактикалық материалдар;
дидактикалық материалсыз бақылау (шығарма, ауызша сұрақ, пікірталас);
дидактикалық материалмен (таратпа материалдар, тестілер, билеттер, бақылаушы программалар);
таныс, талданған және меңгерілген материалдар негізінде;
бұрын меңгерілген материалдың түріне және мазмұнына сәйкес жаңа материалды меңгеру негізінде.
Педагогикалық бақылау жүйелерінің тиімді қызметі үшін бірнеше шектеулі шарттарды сақтау қажет:
объективтілік (барлық мұғалімдерге бірдей білім бағалау критерийлері болу керек және бұл критерийлер оқушыларға алдын ала белгілі болуы тиіс);
жариялылық, кез келген қызығушы тұлға нәтижелерді талдап және сәйкесінше қорытынды жасай алуы қажет;
талдау, педагогтың қойған бағасы күдік туғызбауы қажет.
Мектептің іс тәжірибесінде оқушының білімі мен біліктілігін бақылауға арналған дәстүрлі бақылаудың мынадай түрлері қалыптасқан:
|