Информационное письмо


Биологиялық және клиникалық өлім түсінігі



жүктеу 1,13 Mb.
бет61/106
Дата21.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33979
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   106
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.

Биологиялық және клиникалық өлім түсінігі. Реанимация – өмірлік маңызды органдардың, соның ішінде жүрек пен өкпенің жұмысын қолдан қалпына келтіру және ұстап тұру. Негізінен адамда екі түрлі өлім болады: биологиялық және клиникалық.

Биологиялық өлім бірнеше белгілермен сипатталады:



  • Көз қарашығының кебуі;

  • Көз жанарында үшбұрышты формада сары-қошқыл дақтар пайда болады.мұндай дақтарды Лариес дақтары деп атайды.Олар жүрек тоқтағаннан кейін 15-20 минуттан кейін пайда болады.

  • Мысық көз белгісінің пайдаболуы, жүрек тоқтағаннан соң 30-40 минуттан кейін пайда болады.

  • Жүрек тоқтағаннан кейін 1,5-2 сағаттан соң қан айналымның тоқтауынан дененің төмен орналасқан бөліктерінде қанның жиналып қалу есебінен мәйіттік дақтар (қара-көк түсті) пайда болады.

  • 2-4 сағаттан соң қаңқа бұлшық еттерінің тығыздалуы мен қысқаруы жүреді.

  • Шірігендей иіс пайда болады.

Адам өмірі мен өлімнің шекарасы термикалық күй деп аталады. Оның өзі үш сатыдан тұрады: агония алды, агония және клиникалық өлім. Агония алды күй бозарумен, тыныс алудың жиілігімен сипатталады. Тамыр соғысы әлсіз, жиі, артериялық қысымы түсіпкетеді,кейде мүлдем жоғалады. Агония – есінен танады, пульсіәлсіз, қысым анықталмайды, тыныс алуы жиі. Адам ауаны жұтады, бірақ оны шығара алмайды. Клиникалық өлім жүрек тоқтағаннан соң бірден басталады. Ондай жағдайда қан айналым мен тыныс алуды жасанды түрде тез қалпына келтіру қажет. Клиникалық өлімнің бірнеше белгілері бар:

  • Есінен танады;

  • Ұйқыжәне сан артерияларында пульстің болмауы;

  • Тыныс алудың жоғалуы,

  • Қарашықтың үлкеюі және жарыққа тітіркенуінің жоқтығы;

  • Тері түсібозарады;

  • Қан айналым тоқтайды.

Клиникалық өлімнің ұзақтығы 4-6 минут, төменгі температурада 30-40 минут.

Жүректі жанамалай уқалап, сылаудың әдісі: - Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, оның жағасының түймелерін ағыт, оны тегіс қатты жерге шалқасынан жатқыз. - семсер тәріздес талшықты саусағыңмен сипала; - қолдың екі саусағын мойынға қарай бағыттап қой; - мойынға қарай бағыттап оның қасына алақаныңды бас.

- келесі қолыңның алақанын, қойылған қолдың үстіне қойғанда, екі қолдың саусақтары да жоғары қарап тұруы тиіс; - қолдарды созып денеңнің салмағын қажетті нүктеге тіктеп түсір, күш созылған қолдар арқылы берілетін болсын. Қысу тәртіптері: Үлкендерге - минутына 60 - 70 -тен кем болмауы тиіс; Жас өспірімдердің кеуде клеткасын 4 см-ге дейін (70-80 рет) қысады; Балаларға - үлкендердің бір қолының күші жеткілікті (100 рет); Нәрестелерге - екі саусақтың күші жеткілікті (минутына 100 - 120 рет).

Жасанды тыныс алудыру мен жүректі уқалап, сылау әдістері (жүрек - өкпе реанимациясы)

Есіңде болсын! Тек қана естен тану, тамырлардың соқпауы, тыныс алудың жоқтығы кезінде жүргізіледі!

- Зардап шегушіні шалқасынан жатқыз (мықты, қатты жерге), аяғын көтеріңкіреп қой. - Зардап шегушінің өкпесіне екі рет ауа үрлеу әрекетін жаса, содан кейін жүрегіне жабық уқалау, сипалау жұмыстарын жүргіз: - бір қалыппен: 15 рет - жүректі жанамалай сылаумен және 2 рет - өкпені жасанды желдендіру әдістерін жаса. Осындай 4 циклден кейін тағы тамыр соққанын тексер, егер байқалмаса онда: Жүрек - өкпе реанимациясын жалғастыр. Жүрек - өкпе реанимациясын: -терінің қызаруы; -ұйқы күре тамырының соғысын байқалу; - қайта тыныс ала бастаған кезде табысты өткізілді деп санауға болады.

ТЖ органдары сейсмикалық белсенділіктің басылуы туралы хабарлайды. Адамдар біршама тынышталып, аман қалған үйлеріне қайта бастайды. Аз уақыт ішінде таң атады. Күтпеген апаттан қираған тірлікті қайта қалпына келтіре бастайды.

Жүрек тұсына массаж былай жасалады. Жәрдем етуші адам сырқаттың жүрек тұсындағы төс сүйекті алақанымен күрт басады, сонда тоқтаған жүрек төс сүйек пен омыртқа аралығына қысылып, оның көлемі кішірейеді де, қолқа мен өкпе артериясындағы қан сығылып шығады. Алақанды босатқанда төс сүйек жазылып, жүрек өз көлемін қалпына келтіреді, тамырдан келген қан оған қайтадан құйылады. Жүректің жиырылып-созылуы осылайша қамтамасыз етіледі де, мұның өзі оның кәдімгі насос секілді жұмыс істеуіне және қанның айналуына мүмкіндік береді Жәрдем көрсетілуші адам қатты орынға (еденге, жерге, жауырын, тұсына дейін орындық қойылған кереуетке т. б.) жатқызылады. Төс сүйекті қос қолдан салмақ сала (егер адам еденде жатса тізерлеп отырады; ал биік төсекте жатса — аяғының астына биіктеу нәрсе қояды) нығыздап басады.

Жүрекке массаж жасау (сыртқы тікелей емес) жүрек тоқтағанда қолданылады және төс пен омыртқа арасында жүректі ырғақты қысу жолымен жүргізіледі.

Жүректі қысу тәсілі арқылы қан айналымның үлкен және кіші шеңберінің ірі тамырларына қан айдауға, сөйтіп қан айналым мен өмірлік маңызды органдардың қызметін жасанды түрде қолдауға мүмкіндік туады.

Массаж техникасы - ауру шалқасынан қатты тегістікке (еден, үстел) жатқызылады. Көмек көрсетуші аурумен қатар тұрады (егер ауру еденде жатса, онда тізесін бүгіп) және алақандарын (бірінің үстіне бірін) аурудың төсінің төменге үштен бір бөлігіне қояды; өз салмағын пайдалана отырып, ырғақты және соққы түрінде (минутына 50-60 рет) төсті 3-4 см тереңдікке итереді, әрбір итерістен кейін қолдарын дереу кеуде клеткасынан босатады.

Ескерту: жүрекке массаж жасағанда саусақтарды кеуде клеткасына тигізбеу аса маңызды (қабырғалардың сынуынан сақтану үшін). Тіпті адекватты массаж көмегімен қан жүруді қалыптыдан 0-40%-ға қолдауға болады, сондықтан массажды бірнеше секундта тоқтатуға болады. 10-12 жасқа дейінгі балаларға массаж бір қолмен, емшектегі нәрестелерге екі саусақ ұшымен жасалады. Соққы саны тиісінше минутына 70-80 және 100-120 рет.

Жүрекке сырттай массаж жасауды "ауыздан-мұрынға", "ауыздан-ауызға" әдісімен жасанды тыныс алдыру немесе аппарат көмегімен жасайды, тыныс алдырумен үйлестіруге болады. Қан айналымын қалыпқа келу сәтін анықтау үшін (әрбір 2-3 мин сайын жүрекке массажды бірнеше секундқа тоқтатып) ұйқы артериясының соғысын және көз қарашығы өлшемін бақылап отыру керек. Жүрек жұмысы мен ұйқы артериясында тамыр соғуы қалыпқа келгенде массажды тоқтатады, ал жасанды вентиляцияны өз бетінше тыныс алу пайда болғанша жалғастыра беру керек.

23 дәрістің тақырыбы: Жүрек аурулары, өкпеден қан кету

Терминдер мен анықтамалар:

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

1. Стенокардия, миокард инфаркты және өкпеден қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы көмек

2. Бұл аурулардың пайда болу себептері, белгілері




жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   106




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау