Информационное письмо


Кома, коллапс, талма кезіндегі алғашқы көмек



жүктеу 1,13 Mb.
бет59/106
Дата21.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33979
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   106
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.

1.Кома, коллапс, талма кезіндегі алғашқы көмек. Талып қалу (талықсу) – адам миының қансыздануынан естен кенеттен уақытша айырылуы. Бұны көбінесе психикалық жарақат деп аталады. Бұл қанның аздығынан, ыстық жерде көп отырудан, ашығудан болады. Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатты басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миына қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет. Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа мүсәтір спиртін иіскетеді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін пайдаланылады. Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофейн кордиамин енгізеді.

Коллапс – құлаған бұл талықсуға қарағанда ауыр болып келеді. Ол өмір үшін қауіпті, қан қысымының өмірлік маңызды органдарындағы қан айналымының нашарлауынан болады. Бұл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті бозарады, аяқ-қолы суынады. Алайда коллапс уланған және ауырған (сүзек, өкпе ауруы, қауіпті панкриотит және тағамнан шыққан аурулар) кезде пайда болады. Дене қызуы 34-35 градус шамасында болғанда артериалдывқ қысымы сынап бағансымен 50-80 мм байқалады. Егер де тез арада шара қолданбаса адам қаза болады. Коллапс кезіндегі алғашқы көмек. Талықсыған кезде қан айналымын жақсартатын, әсіресе қанның басқа келуі үшін шаралар қолданылады. Сондықтан сырқатты басын сәл түсіріп, етпетінен жатқызады. Белбеуін босатып, көйлектің жағасының түймесі ағытылып, таза ауа ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір спиртін қолданады. Тамыр соғысын арттыру үшін теріге 1% - 1мл мезатон, 25% – 2 мл кордиамин, 5% – 1 мл эфидрин, 0,1-1 мл адреналин, 10% – 1 мл кофеин енгізеді. Тамырлары қатты тарылған сырқаттардан шұғыл көмек көрсеткеннен кейін кешіктірмей ауруханаға апарады.

Естен тану (шок) ұғымы. Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек. Естен тану - орталық жүйке жүйесінің қызметінің күрт нашарлауының нәтижесінде дамып, қан айналым, зат алмасу және басқа тіршілік үшін маңызды қызметінің бұзылуына әкелетін ауыр жағдай. Әсіресе сүйек зақымданғандағы жұмсақ ұлпалардың көптеп жаншылуынан, күюден, қан көп кеткендегі дененің суынуынан, қорыққаннан болады. Жарақатты естен танудың екі кезеңнен болады. 1. Бастапқы кезең. Өте қысқа мерзімде өтеді, мазасыздық жағдайы тән, сырқат бір орында тұрмайды, айқайлайды. Бұл жағдайда сырқаттың бет әлпеті өзгереді, ерін көгереді, тамыр соғысы жиілейді. Бұл кезең жедел екінші кезеңге өтеді. 2. Екінші кезең. Орталық нерв жүйесі қызметінің әлсіреуі басталады, көмек сұрайды, есі толық болса да ол төңірегіндегілерге селқос, оның денесі суық, беті ағарған, тамыр соғысы әлсіз, дем алысы зорға білінеді, сұрақтарға жауап бермейді. Есінен айырылған адамдар алғашқы дәрігерлік көмекті қажет етеді. Зардап шегушініауыратын жерлері бөгде затқа тимейтіндей етіп жатқызады. Оларға мүмкіндік болса,ауыртпайтын дәрі-дәрмектер: промедол, морфин, аналгин 5%– 2 мл ерітінді, олар болмаған жағдайда 0,5 г аналгин, 0,1 г кофеин, кордиамин егеді, үстіне жылы киім жабады. Егер зардап шегушінің ішінде жарақат жоқ болса, оған ыстық шай ішкізеді. Апаратын жерге аса сақтықпен, басқа жерлерін ауыртып алмай, ыңғайлы көлікпен жеткізеді.

Есінен айырылған адамдар алғашқы медициналық көмекті қажетсінеді. Зардап шегушіні ауыратын жерлері бөгде затқа тимейтіндей етіп жатқызады. Оларға мүмкіндік болса, ауыртпайтын дәрі – дәрмек: промедол.морфин, аналгин 5%-2мм ертінді, олар болмаса 0,5 г аналгин, 0,1г кофеин, кордиамин егеді, есінен тануға әсер еткен себепті жояды, үстінен жылы киім жабады. Егер зардап шегушінің ішінен жарақат жоқ болса, оған ыстық шәй ішкізеді, арақ немесе басқа да спирт ішімдігін береді.

Зардап шегушіні өте мұқият және кешіктірмей медицина мекемесіне жеткізеді. Оны апаратын жерге аса сақтықпен, басқа жерлерден ауыртып алмай, ыңғайлы көлікпен жеткізеді.

Дененің сыдырылуы, тілінуі, буынның таюы, сіңірдің созылуы. Терінің айтарлықтай беріктік қасиеті бар және жарақат кезінде оның тұтастығы бұзылмайды, ал осы уақытта жұмсақ ұлпалар мен сүйектер зақымдалуы мүмкін.

Егер дене тілінген немесе сыдырылған жерлер ластанбаса, оны адамның өзінің емдеуіне болады. Егер жара үлкен болса, ең жақсысы дәрігерге барып, ауруға қарсы ектіру керек.

Жұмсақ ұлпалар зақымдануының аса көп тараған түрі дененің сыдырылуы болып табылады, ол қатты заттың соққы салдарынан пайда болады,соққы тиген жер бірден үлбірейді, көбінесе көгереді олардың пайда болуы зақымдалған тамырлардан қанның ағуымен түсіндіріледі.

Тарамыстың созылуы секірген, құлаған,ауыр затты көтерген кездегі ебдейсіз әрекеттерден туындайды. Созылу белгілері-буынның сырқырауы, терінің үлбіреуі,қозғалауы қиындығы.

Талықсыған кезде қан айналымын жақсартатын, әсіресе қанның басқа келуі үшін шаралар қолданылады. Сондықтан сырқатты басын сәл түсіріп, етпетінен жатқызады. Белбеуді босатып, көйлектің жағасының түймесін ағытады; таза ауа ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір спиртін қолданады. Ауру сабасына түскен кезде ыстық сусын, бірнеше тамшы арақ ішкізген дұрыс.

Тамырлардың соғысын арттыру үшін теріге 1% -1мл мезатон, 25%-2мл кордиамин, 5% -1 мл эфедрин, 0,1%-1мл адреналин, 10%-1мл кофеин енгізеді. Осы шаралардың бәрін кез-келген жағдайда жүргізуге болады. Тамырлары қатты таралған сырқаттарды шұғыл көмек көрсеткеннен кейін кешіктірмей ауруханаға апарады.

Коллапс салдарынан туындаған ауыр жағдайда жүректің сыртынан ысқылайды (жүрек тұсындағы кеуде клеткаларын ырғақпен қысады) және «ауызға-ауыз» тәсілімен жасанды тыныс алдырады.





    1. жүктеу 1,13 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   106




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау