Қымбатты студенттер!


Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет2/21
Дата15.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#26646
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы

 

 



 

 



Алматы  университетінің  студенттерін  ӛндірістік  және  педагогикалық  іс-

тәжірибелерден  ӛткізу  үшін  Алматы  қаласы  және  Алматы  облысындағы  құқық  қорғау 

органдарымен,  салық  комитеттерімен,  банктермен,  жалпы  орта  білім  беретін 

мекемелермен,  мектепке  дейінгі  білім  беретін  ұйымдармен  келісімшарттар  жасалған. 

Келісімшарттар  екіжақты  келісім  бойынша  дайындалып,  ӛзара  ынтымақтастық 

шеңберінде жүргізіледі. 

         Университетте  2  оқу  ғимараты  бар.  Дәрісханалар  мен  зертханалардың, 

кабинеттердің ауданы бір студентке шаққанда 10,5 шаршыметрден келеді. 

      

«Алматы» университеті  кәсіптік  жоғары  білім  беру  бағдарламасын  іске  асыруда 



Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарын, 

университет  жарғысын  және  министрліктің  ережелер  топтамасын  басшылыққа  алып 

жүргізеді.  Университеттің  барлық  құрылымдары  үшін  істер  номенклатурасы 

дайындалып  бекітілген.  Университеттің  ең  жоғары  басқару  органы  –  Ғылыми  Кеңес. 

Ғылыми  Кеңес  уақтылы  жоспарға,  мерзіміне  сай  ӛткізіліп,  университеттің  оқу-тәрбие 

процесіне қатысты мәселелер талқыланып отырады. 



 

Университет миссиясы: түлектерге білім беру және  кәсіптік даярлауды жоғары 

сапалы  қамтамасыз  ететін,  білім,  ғылым  және  ӛндірістің  тығыз  ықпалдасуына 

бағытталған кӛп бейінді үлгідегі университет. 

 

Кӛп  бейінді  университет ретінде,  университет студенттері  мен қызметкерлерінің 



академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету және белсенді халықаралық ынтымақтастық, 

әлемдік беталыс пен принциптерге сәйкес үздіксіз білім беру сапасын қамтамасыз ету, 

білім беру, зияткерлік және инновациялық кеңістікті қалыптастыруды қарастырады.  

 

Болжау: Қазақстанның  дамуы  мен  ӛркендеуі  үшін  қажетті,  енгізілген  үздіксіз 

білім беру моделі негізінде зияткерлік дамыған мамандар даярлауды қамтамасыз ету.  

 

Алматы 


Университетінің миссиясы 

мен 

болжауын анықтау 

– 

 даму 



басымдықтары шартты, келесі интегралды белгілер болып табылады: 

 

-  білім  беру;  ӛнер;  гуманитарлық  ғылымдар;  құқық;  әлеуметтік  ғылымдар  және 



бизнес; жаратылыстану ғылымдары; техникалық ғылымдар;  қызмет кӛрсету бағыттары 

бойынша кәсіптік даярлауды іске асыру; 

 

-  ғылым,  білім  және  экономиканың  заманауи  салаларында  іргелі  және  қолданбалы 



зерттеулер жүргізу; 

 

-  халықаралық  ғылыми-білім  беру  кеңістігіндегі  ықпалдастық,  оқытушылар  мен 



білім алушылардың академиялық алмасуы; 

 

- жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы; 



 

- тиісті материалдық-техникалық базасының болуы; 

 

- әлеуметтік кеңістіктің дамыған жүйесі. 



 

Басты  мақсаты:  білім  іргелілігін  сақтау  есебінен,  білім  беру  бағдарламаларын 

жетілдіру  жолымен  университеттің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру,  оқу  және  ғылыми-

зерттеу  қызметін  біріктіру,  ең  жаңа  технологиялар  мен  заманауи  оқу  материалдарын 

пайдалану, әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістерге бағытталу. 

 

Университет мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет: 



 

университеттің  жаңа  ұйымдық  құрылымын  қалыптастыру  және  корпоративтік 



басқару принциптерін дамыту арқылы, оның тиімділігін арттыру; 

 



оқу  және  тәрбие  үдерістерін  ықпалдастыру  үшін  нормативтік-ұйымдастыру, 

кадрлық,  программалық-әдістемелік  және  басқа  да  жағдайлар  жасау  арқылы 

университет қызметін жетілдіру; 



Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы

 

 



 



 

қазақстандық  және  әлемдік  деңгейдегі  мамандарды  тартып,  инновациялық  білім 

беру  бағдарламаларын  әзірлеу  негізінде  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру  және 

маңызын жетілдіру; 

 

білімді информатизациялау және жаңа оқу технологияларын енгізу; 



 

іргелі  және  қолданбалы  зерттеулерге  студенттерді  тарту  негізінде  ғылыми-зерттеу 



үдерісін  жетілдіру,  ғылыми-зерттеу  кластерлерін  құру  жолымен,  профессорлық-

оқытушылар құрамының инновациялық қызметін ынталандыру; 

 

кадрлық  әлеуетті  дамыту  және  жақсы  шетелдік  және  қазақстандық  білім  беру 



тәжірибелерін тарату; 

 



университет кампусында заманауи материалдық-техникалық инфрақұрылым құру. 

 

Университет  құрылымына  мыналар  кіреді:  деканат,  4  кафедра,  сапаны  басқару 



бӛлімі,  ғылым  және  халықаралық  байланыстар  бӛлімі,  қызметкерлерді  басқару  бӛлімі, 

оқу  удерісін  ұйымдастыру  бӛлімі,  тіркеу  кеңсесі  бӛлімі,  мансап  орталығы,  студенттер 

бӛлімі,  жоғары  оқу  орнына  дейінгі  даярлық  және  талапкерлерді  қабылдау  бӛлімі. 

Университеттің  ұйымдық-басқару  құрылымы  стратегиялық  мақсаттар  мен  тиімді 

басқаруды  іске  асыру  идеяларына  бағынады,  шешімдер  қабылдау  мен  нақты 

орындаудың оңтайлы үдерісін қамтамасыз етеді. 

 

Университетте  бірыңғай  Тіркеу  кеңсесі,  оқу-әдістемелік  және   инновациялық 



қызмет,  сапа  менеджменті  қызметі,  академиялық  ұтқырлық  және  халықаралық 

байланыстар  орталығы  жұмыс  істейді.  Үнемі  сабақ  ӛткізу  сапасы  мониторингі, 

студенттерге,  ПОҚ,  жұмыс  берушілерге  білім  беру  қызметін  кӛрсету  сапасын 

жақсартуға бағытталған сауалнама жүргізіледі. 

 

Болашақ  мамандардың  кәсіби  біліктіліктерін  қалыптастыру  мақсатында  білім 



деңгейінің  біліктілік  шеңберіне  және  еңбек  нарығының  қажеттіліктеріне,  Дублин 

дескрипторларына  сәйкес  университетте  модульді  білім  беру  бағдарламалары  іске 

асырылады,  оның  ерекше  ӛзгешеліктері          жеке  білім  беру  траекторияларын  құру, 

білім  алушылардың  жеке  қажеттіліктері  мен  мүмкіндіктерін  есепке  алу  мүмкіндігі 

болып табылады. 

 

Заманауи  ӛндіріс  жағдайында  кәсіби  дағдыны  қалыптастыру  үшін  студенттердің 



барлық  практика  түрлері  қала  кәсіпорындарымен,  ұйымдарымен  және  мекемелерімен 

келісім-шарттар  негізінде  ұйымдастырылады.  Корпоративтік  серіктестерді  таңдау  – 

практиканттарды мамандандыруға сәйкес жүзеге асырылады.  

 

Кітапхана кешенінің қоры 500 000 данадан астамға жетті. Құрылым оқу, ғылыми, 



кӛркем  әдебиеттер,  аудиокӛрсеткіш  және  электронды  құжаттардың  отандық  және 

шетелдік  басылымдар  жинағын  ұсынады.  Кітапхана  қорының  жалпы  санынан  258921 

дана  әдебиет  қазақ  тілінде  ұсынылды.  Кітапхана  жыл  сайын  негізгі  жедел  ақпарат 

кӛздері  болып  табылатын, шетелдік және  отандық кезеңдік басылымдар  атауының  кӛп 

мӛлшеріне жазылуды жүзеге асырады. Кітапхана кешеніне 2 абонемент пен  2 оқу залы, 

каталогтар залы, сирек әдебиеттер бӛлімі кіреді. 

 

Университет  міндеттерін  іске  асыру  мен  миссиясын  қамтамасыз  ету  үшін 



профессорлық-оқытушылар құрамы басты ресурс болып табылады. Осыған байланысты, 

жоғары оқу орны кадрларды іріктеу, даярлау мен қайта даярлауға қатты кӛңіл бӛледі. 4 

кафедрада  146  оқытушы  қызмет  істейді,  оның  ішінде:  76-сы  ғылыми  дәрежелі  және 

ғылыми атақты, сондай-ақ 52%-ды құрайды.  ПОҚ-тың орта жасы 40-тан 62 жасқа дейін 

-  70  адам  (48%)  болады,  оның  ішінде:  32  адам  ғылыми  дәрежелі  және  ғылыми  атақты, 

сондай-ақ 22%-ды құрайды.  




жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау