Қымбатты студенттер!


Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет8/21
Дата15.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#26646
түріАнықтамалық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы

 

 



16 

 

 



ЖОО басшысының бұйрығымен емтихан сессиясы кезеңіне (аралық аттестаттау) 

апелляцияланатын  пәндер  бейініне  біліктілігі  сәйкес  келетін  оқытушылардан 

апелляциялық комиссия құрылады. 

 

Апелляциялық  комиссия  шешімі  хаттамамен  ресімделеді  және  оның  негізінде 



емтихан ведомосы құрылады. 

 

Офис  регистратор  емтихан  сессияларының  (қысқы,  кӛктемгі  және  күзгі  сессия 



нәтижелері)  қорытындысы  бойынша  білім  алушының  оқу  жетістіктері  деңгейінің 

ортасалмақ бағасы болатын ӛту балын есептейді. 

 

Курстан  курсқа  кӛшіру  үшін  ӛту  балының  тӛменгі  деңгейінің  кӛлемін  ЖОО 



оқыту курсының бӛлінісінде дербес белгілейді. 

 

Ӛту балының ең тӛменгі кӛлемін жинаған білім алушылар факультет деканының 



(институт,  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  бӛлімі  директорының,)  ұсынысы 

негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен келесі курсқа кӛшіріледі. 

 

Ең  тӛменгі  ӛту  балын  ала  алмаған  білім  алушы  оқу  курсын  қайта  оқуға 



қалдырылады. 

 

Курс  бағдарламасын  толығымен  ӛтіп,  белгіленген  ӛту  балының  ең  тӛменгі 



деңгейіне  жете  алмаған  білім  алушыға  ӛзінің  орташа  үлгерім  балын  (GPA) 

жоғарылатуы  мақсатында  жазғы  семестрде  белгілі  бір  пәндерді  ақылы  түрде  қайта 

оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі. 

 

Қайта  тапсырылған  емтиханнан  оң  нәтиже  алған  жағдайда  емтихан  ведомосы 



мен транскриптке жазылатын қорытынды баға қайта есептеледі. 

 

Орташа  үлгерім  балын  есептеу  барысында  оқу  пәні  бойынша  соңғы  бағалар 



есепке алынады. 

 

Транскриптке  білім  алушының  қайта  тапсырған  емтихандарының  оң 



нәтижелерімен қоса барлық қорытынды бағалары жазылады. 

 

Оқу  курсына  қайта  қалдырылған  білім  алушы  бұрын  қабылданған  жеке  оқу 



жоспары немесе қайта құрастырылған жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады. 

 

Ӛту  балының  ең  тӛменгі  деңгейін  жинап,  келесі  курсқа  ауыстырылған 



академиялық  берешегі  бар  білім  алушы  тиісті  пәндерді  ақылы  негізде  қайта  оқып, 

академиялық қарыздарын жоюы тиіс. 

 

Осы  Қағидалар  әскери,  арнайы  оқу  орындарында  оқитын  білім  алушыларға 



таратылмайды. 

 

Емтихандар  қорытындысы  және  оқу  үрдісін  жақсарту  бойынша  ұсыныстар 



емтихандық  сессия  аяқталғаннан  кейін  ЖОО-ның  ғылыми  кеңесінің  отырысында 

талқыланады. 

 

ЖОО  емтихандық  сессиялардың  қорытындысын  білім  беру  саласындағы 



уәкілетті  органға  осы  Қағидалардың 

3-қосымшасына

сәйкес  нысан  бойынша 

электронды және қағаз тасығыштарда береді. 

 

ЖОО-дан  шығарылған  тұлғаға  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 



министрінің  2009  жылғы  12  маусымдағы  №  289 

бұйрығымен

 бекітілген  нысан 

бойынша  (Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік 

тіркеу  тізілімінде  №  5717  болып  тіркелген)  (бұдан  әрі  -  №  289  бұйрық)  білімі 

аяқталмаған тұлғаларға берілетін анықтама беріледі. 

 

 

ЖОҒАРЫ 

ОҚУ 

ОРЫНДАРЫНДА 

БАКАЛАВРИАТТА 

БІЛІМ 

АЛУШЫЛАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУДАН ӚТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ 



Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы

 

 



17 

 

 

ЖОО-да  бакалавриатта  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау  МЖМББС 

белгіленген  нысандарда  ӛткізіледі,  оның  ұзақтығы  мен  мерзімі  академиялық 

күнтізбеде және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларында қарастырылған. 

 

Бакалавриатта қорытынды аттестаттау мамандық бойынша мемлекеттік емтихан 



тапсыру және дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау немесе мамандық бойынша 

және  екі  бейінді  пән  бойынша  мемлекеттік  емтихандарды  тапсыру  нысанында 

жүргізіледі. 

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау дипломдық жұмысты (жобаны) жазу мен 



қорғау  рәсімдерін  қамтиды.  Бұл  ретте  дипломдық  жұмыс  (жоба)  бітірушінің  талдау 

және зерттеу қабілеттерін анықтау мен бағалауға бағытталған. 

 

Дипломдық жұмыстар (жобалар) ЖОО-лар дербес ұйымдастыратын плагиаттық 



мәніне қатысты тексеруден ӛтуі тиіс. 

 

ЖОО студентердің теориялық дайындығының деңгейіне, оқу жетістігіне, талдау 



және  зерттеу  қабілеттеріне  сәйкес  оларды  қорытынды  аттестаттау  нысанын  дербес 

анықтайды. 

 

Мемлекеттік  емтихан  тапсырылатын  бейінді  пәндердің  тізбесі  бітіртуші 



кафедраның ұсынысы негізінде факультет (институт) кеңесінің шешімімен бекітіледі. 

 

Қорытынды аттестаттауға білім беру бағдарламаларының, жұмыс және жеке оқу 



жоспарлары  мен  оқу  жұмыс  бағдарламаларының  талаптарына  сәйкес  оқу  үдерісін 

толық аяқтаған студенттер ғана жіберіледі. 

 

Бітіруші курстың студенті білім беру бағдарламаларының, жұмыс және жеке оқу 



жоспарлары  мен  оқу  жұмыс  бағдарламаларының  талаптарын  орындамаса  жазғы 

семестрден ӛткізілместен оқу курсына қайта оқуға қалдырылады. 

 

ЖОО  басшысы  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органға  мемлекеттік  үлгідегі 



білім туралы құжаттарға (диплом және қосымша) ағымдағы оқу жылының 10-қазанына 

дейін күтілетін бітірушілер саны бойынша ӛтінім ұсынады. 

 

Білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау  үшін  жоғары  білім  мамандықтары 



немесе мамандықтар тобы бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі  – 

МАК)  құрылады.  Оқытудың  барлық  нысандары  үшін  бірыңғай  МАК  қалыптастыруға 

рұқсат етіледі. 

 

МАК-тың құзырына тӛмендегілер кіреді:



 

      1)  білім  беру  бағдарламалары  белгілеген  талаптарға  сай  бітіруші  мамандардың 

теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру; 

      2) бітірушіге тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін тағайындау; 

      3) бітірушіге мамандығы бойынша тиісті біліктілік беру; 

      4) бакалавр, маман, дипломын беру туралы шешім қабылдау; 

      5) мамандар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.  

 

МАК тӛрағасы мен құрамы ЖОО ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ағымдағы 



жылдың 10 қаңтарынан кешіктірілмей ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі және 

ол бір күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады. 

 

МАК  құрамы  бітіруші  мамандардың  тиісті  бейініне  сәйкес  келетін 



профессорлардан, доценттерден, жоғары білікті мамандардан құрылады 

 

МАК-тың сандық құрамын ЖОО ӛз бетінше белгілейді. 



 

Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан ӛткізу мен ұйымдастыру тәртібін, 

мемлекеттік  емтихан  нысанын  және  МАК  мәжілісінің  рәсімдерін  ЖОО  академиялық 

саясатына сәйкес дербес айқындайды. 




жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау