Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
30
Білім алушыға практикадан ӛту талаптары қамтылған силлабус ұсынылады.
Бағдарламаныы мамандық кәсібін, ұйымның, кәсіпорынның сипатын есепке ала
отырып бітірушілергі жауапты кафедра жасайды.
Практика ӛту барысында білім алушы:
кафедраның жеке сабақтар кестесін, практика бағдарламасын толық орындап,
университет бекіткен форма бойынша практика күнделігін жүргізуі тиіс;
практика базасында белгіленген ішкі тәртіп ережелеріне бағынуы тиіс;
еңбек қоғау, қауіпсіздік техникасы және ӛндірістік санитария ережелерін оқып
қатаң сақтауы тиіс;
ӛз кафедрасының тапсырмасы бойынша жедел жұмыстарына қатысуы қажет;
практика жетекшісіне бекітілген форма бойынша жазбаша есепті, практика
базасының жетекшісі қол қойған барлық тапсырмалары орындалғаны туралы күнделік
тапсыруы тиіс.
Практика жетекшісі практика басталғанға дейін білім алушылардың практикаға
дайындығын ұйымдастырады, практика бағдарламасына сәйкес кеңес береді, практика
ӛту барысын бақылауды жүзеге асырады, практика бойынша білім алушылардың
есебін тексереді, практиканың ӛтуі туралы кафедраға жазбаша есеп береді, практика
бойынша есептерді қоғауды қабылдайды.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы кәсіби практиканың әр түрлерін
қамтиды: оқу-танысу, психология-педагогикалық, үздіксіз педагогикалық, ӛндірістік
және т.б.
Оқу, оқу-танысу практикаларының мақсаты білім алушының университет
қызметінің бағыттарымен, іске асырылатын білім беру бағдарламасымен, оқытылатын
мамандықтарымен, болашақ кәсіби қызметінің түрлері, педагогикалық іскерлік пен
дағдыны, құзіреттілікті нығайту болып табылады.
Педагогикалық практика жалпы ғылыми, дидактикалық, әдістемелік, пәндік
және психология-педагогикалық дайындықтарды біріктіруге бағытталған.
Педагогикалық практиканың бағдарламасы тиісті мамандық кафедраларымен
немесе арнайы кафедралармен құрастырылады.
Өндірістік практиканы бітіруші курста жалпы теориялық оқуды аяқтағаннан
кейін ұйымдастырылады.
Педагогикалық практиканың мақсаты білімалушыларға мамандық бойынша
кәсіби дағдыларды үйрету мен біліктілікті қалыптастыру болып табылады.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша
мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру және ӛткізу
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсы
Алматы университетінің бакалавриатының барлық
академиялық бағдарламаларының міндетті талабы
болып табылады.
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
31
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан оқу
аяқталғаннан кейін сол семестрде академиялық күнтізбеге сәйкес аралық
аттестаттау кезінде өткізіледі.
Мемлекеттік емтихан ӛткізуді "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" оқу пәнін
оқытатын кафедра (бұдан әрі - кафедра) мектеп деканымен және Офис
регистратормен бірлесе отырып жүзеге асырады.
"Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды
ӛткізу үшін кафедра аталған пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқудың
барлық нысаны мен мамандықтары үшін бірыңғай оқу жұмыс бағдарламасын
әзірлейді.
"Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды
ӛткізу нысанын ЖОО ғылыми кеңес шешімі негізінде дербес анықтайды.
"Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды
қабылдау үшін мектеп деканының (институт директоры) ұсынысы бойынша
күнтізбелік жылға мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан әрі – МЕК) құрылады.
"Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша МЕК тӛрағасы мен құрамы
ғылыми кеңес шешімі негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.
МЕК отырыстарының кестесін офис регистратор академиялық күнтізбеге сәйкес
құрады және оны ЖОО басшысы мемлекеттік емтиханның басталуына дейін екі
аптадан кешіктірмей бекітеді.
МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 (алты) академиялық сағаттан аспайды.
"Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды
ұйымдастыру және ӛткізу тәртібін, сондай-ақ МЕК отырысын ұйымдастыру рәсімін
ЖОО дербес анықтайды.
Мемлекеттік емтихан қорытындысы білім алушылардың білімін бағалаудың
балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады. Бұл ретте, қорытынды баға
жіберілу рейтингісінің бағасы мен мемлекеттік емтихан бағасы ескеріле отырып
қойылады. Жіберілу рейтингісінің бағасы мемлекеттік емтихан бағасы пән бойынша
қорытынды бағаның кемінде 30%-ын құрайды.
Білім алушы "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік
емтиханнан "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, ол ақылы түрде келесі
академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пәнге қайта жазылып оның барлық
оқу сабақтарына қайта қатысып, ағымдық бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік
емтиханға жолдама алады және оны тапсырады.
"Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан
алған оң бағаны кӛтеру мақсатында қайта тапсыру осы Қағидалардың 52-тармағына
сәйкес ұқсас рәсім бойынша жүзеге асырылады.
Білім алушы мемлекеттік емтихан қорытындысымен келіспесе, емтихан ӛткізілген
күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей МЕК-ке апелляция беруіне болады.
Апелляция ӛткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен аталған пән бойынша
тәжірибелі оқытушылар қатарынан "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні
бойынша апелляциялық комиссия құрылады.
"Қазақстанның қазіргі заман тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханның
қорытындысы осы емтиханды тапсыру кӛзделген емтихандық сессияның
қорытындысын шығару барысында есепке алынады. Мемлекеттік емтихан аяқталған
соң МЕК тӛрағасы МЕК-тың жұмысы туралы есеп жазады, ол ЖОО ғылыми кеңесінің
мәжілісінде талқыланады және бекітіледі.