Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
42
4.11. Студенттердің (магистранттардың) және оқытушылардың келісіміз олардың
жеке ӛмірі туралы ақпаратты жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға болмайды;
4.12. Университет студенті (магистранты) жан-жағындағы адамдармен әділеттілік
негізінде, адамгершілік қағидаларын сақтай отырып қарым-қатынас жасайды. Студент
(магистрант) дӛрекілікке, кемсітуге, араздасуға, жан-жағындағы адамдар туралы жалған
ақпаратты таратуға, дау-жанжалда күш кӛрсетуге, психологиялық қысым кӛрсетуге жол
бермеуі керек.
V тарау. Студенттің Университетке деген қатынасының этикалық негіздері.
5.1. Студент (магистрант) Университет тарихын білуі тиіс, оның жетістіктерін
мақтан тұтып, намысын қорғауы керек, Университет дәстүрлерін сақтап оны дамытуға,
ӛзі оқитын оқу орнының беделі мен мәртебесін арттыруға ат салысу керек. Әрбір
студент (магистрант) ӛз университетінің ӛкілі болып табылатынын есте сақтап,
Алматы университетінің студенті (магистранты) деген жоғары лауазымға сәйкес болуы
тиіс;
5.2. Университеттің әрбір ғимаратына кірерде студент (магистрант) ӛзінің құжатын
– студенттік билетін немесе сынақ кітапшасын кӛрсетуге міндетті. Күзет ӛкілдерімен
ерегісіп, оларға дӛрекілік кӛрсетпеуі тиіс;
5.3. Студент (магистрант) жоғары оқу орындарының арасында ӛз университетін
лайықты кӛрсетіп, оның мүддесін қорғауы керек, оқу, ғылым, студенттердің
шығармашылығы мен ӛмірі туралы мәселелер бойынша басқа да жоғары оқу
орындарының қоғамдық бірлестіктерімен байланыс орнатып ынтымақтастықпен
жұмыс жүргізуге жағдай жасауы тиіс;
5.4. Студенттерге (магистранттарға) университеттің оқу ғимараттары ішіндегі
адамдардың денсаулығы мен ӛміріне қауіпті бұйымдар мен заттарды әкелуге қатаң
түрде тыйым салынады. Студент (магистрант) қауіпсіздік техникасы және ӛрт
қауіпсіздігі талаптарын сақтап, Унивеерситеттің ішінде темекі шегуге болмайтынын
есте сақтауы тиіс;
5.5. Студенттер (магистранттар) сабаққа таза әрі ұқыпты киініп, қатты бояу мен
спорттық киім киюден ( дене шынықтыру сабағынан басқа кезде) аулақ болуы керек.
Университет ішінде сырт киіммен және бас киіммен жүруге болмайды.
5.6. Университет кітапханасындағы барлық баспа ӛнімдеріне: кітаптарға, оқу
құралдарына, әдеби, анықтамалық әдебиеттерге, газет-журналдарға ұқыптылықпен
қарауы керек;
5.7. Ректораттың рұсатынсыз университет ғимаратына бӛтен адамдарды кіргізуге
және әкімшіліктің рұқсатынсыз оқу және басқа ғимараттардан әр түрлі заттар мен
мүліктерді алып шығуға болмайды;
5.8. Арнайы орындардан басқа, университеттің ішінде, аудиторияларда, дәліздерде
тамақ ішуге болмайды. Студент (магистрант) университет асханасында да ӛзін әдепті
ұстауы керек, сонымен қатар ӛзіне қызмет кӛрсетудің ережелерін сақтауы тиіс.
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
43
VI тарау. Кодекс ережелерін орындамағаны ҥшін жауапкершілік.
6.1.Этикалық кодексте қамтылған ережелерді бұзған жағдайда, Студентке
(магистрантқа) Университет Жарғысында және университеттің ішкі нормативтік
актілерінде кӛрсетілген тәртіптік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылады.
VII тарау. Қорытынды ережелер
7.1. Алматы университетінің Этикалық кодексі студенттің адамгершілік-этикалық
сапаларының дамуының негізгі бағытын айқындауы керек, сонымен қатар болашақ
жоғары білікті мамандардың іс-әрекетінің табысты болуының негізіне айналуы тиіс.
7.2. Студенттік шақта адамгершілік дағдыларды тәрбиелеу мен Кодекс талаптарын
ұстану болашақ мамандардың іс-әрекетінде этикалық негіздердің қалыптасуына
мүмкіндік береді.
7.3 Этикалық кодекстің талаптарын орындау Студентке (магистрантқа) ӛзінің жеке
тұлғалық қасиетін кӛтеруге, қарым-қатынас жасау іскелігін дамытуға, ӛзінің
басқалармен үйлесіді дамуына мүмкіндік береді.
7.4. Этикалық кодексті сақтау Университеттің әрбір студентініңадамгершілік
міндеті болып табылады.
Кітапхананың ақпараттық ресурстарын пайдалану ережелері
Пайдаланудың жалпы ережелері
Ғылыми кітапхана-әдістемелік орталығын пайдалану құқығына оқытушылар,
студенттер, магистранттар, қызметкерлер ие.
Ғылыми кітапхана- әдістемелік орталық оқырмандарға ғылыми кітапханада бар
әдебиеттерді, газет, журналдарды және басқа да құжаттарды уақытша беруді
ұйымдастырады. Кітапханалық қызмет кӛрсетудің барлық түрлері тегін ұсынылады.
Әдебиеттерді үйге беру абономенттерде жүзеге асырылады. Соңғы немесе дара
даналы әдебиеттер үйге берілмейді. Оқу залдарындағы әдебиеттер тек зал ішінде
пайдалануға ғана беріледі.
Оқырмандардың ғылыми кітархана-әдістемелік орталығына жазылу үшін
оқырманның университетке тиістілігін растайтын құжат және екі фотосурет қажет.
Оларға оқырман билеті беріледі және оқырман формуляры толтырылады.
Оқырман билеті ғылыми кітапханның оқу залдары мен абонементтерін
пайдалануға құқық беретін бірегей құжат болып есептеледі. Оқырман билетін
пайдалану мерзімі-университет бітіргенше.Оқырмандарды ғылыми кітапханаға тіркеу
кезінде оны пайдалану ережелерімен таныстырады және олар осы ережелерді орындау
міндеттерін оқырман формулярына қол қою арқылы растайды.