Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
38
емтихандарды тапсыруға жеке уақыт белгілейді, содан кейін оларға мемлекеттік
стипендия белгіленген тәртіппен тағайындалады.
Кәсіптік практика, жазғы демалыс кезінде, сондай-ақ жалақы төленетін
жұмыс орындарында жеке қызметтерде жұмыс істеген кезеңде мемлекеттік
стипендия белгіленген тәртіппен тӛленеді.
Академиялық демалыстағы студенттерге мемлекеттік стипендия тӛленбейді,
академиялық демалыс медициналық қорытынды негізінде рәсімделген жағдайдан
басқа.
Сырқатына байланысты екінші оқу жылына қалдырылған студенттерге
мемлекеттік стипендия тағайындау және тӛлеу кезекті емтихан сессиясы немесе білім
алушыларды аралық аттестаттау нәтижелеріне дейін оқу жоспары орындалған
семестрдің қорытындысы бойынша тағайындалады және тӛленеді.
Туберкулезбен
ауыратын
студенттерге
тиісті
медициналық
қорытындысыболған кезде мемлекеттік стипендия еңбекке жарамсыздық кезеңі үшін
белгіленеді және тӛленеді, бірақ еңбекке жарамсыздық басталған күнінен бастап он
айдан аспайды.
Жүктілігіне және босануына байланысты демалысы кезеңіне студенттерге,
мемлекеттік стипендия ҚР қолданыстағы заңнамасында белгіленген барлық
мерзім ішінде жүкілігіне және босануына байланысты демалысқа шығарғанға
дейін белгіленген мөлшерде төленеді.
Академиялық демалыс кезінде жүктілігіне және босануына байланысты
уақытша еңбекк жарамсыздығы туралы анықтама ұсынған жағдайда,
академиялық демалыс үзіліп, жүктілігі және босануына байланысты демалыс
рәсімделед.
Студенттер бала күтіміне байланысты ол үш жасқа толғанға дейін академиялық
демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия тағайындалмайды.
Стипендияны
тағайындау
мектеп
деканының
ұсынысы
негізінде
университет ректорының бұйрығымен жүзеге асады.
Стипендияны төлеу соманы ағымдық банк есепшотына аудару арқылы
жүзеге асырылады.
Оқу ақысын төлеу
Алматы университетінде оқу ақысын төлеу инфляцияны және де нарықтағы
білім бағасына әрет ететін басқа да факторларды есепке ала отырып, әрбір оқу
жылына ғылыми және білім беру үдерісін қамтамасыз етуге жұмсалатын
шынайы шығындарды есепке ала отырып анықталады және университет
ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Оқу ақысының түсуі және төленуін Қаржы департаменті іске асырады.
Оқу ақысын тӛлеу сомасы ӛзгерген жағдайда ақылы түрде білім беру қызметін
кӛрсету туралы келісімшартқа қосымша келісім жасалады.
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
39
Оқу ақысын тӛлеу түрі Алматы университетінің есептік шотына оқудың ақысына
тӛлемді аудару болып табылады.
Басқа оқу орнынан ауысып келкен білім алушылар сабаққа жіберілуі туралы
бұйрық шыққаннан кейін, ақылы түрде білім беру қызметін кӛрсету туралы
келісімшартқа сәйкес оқу ақысын тӛлеуді жүзеге асырады.
Оқу ақысын тӛлеу бойынша келісімшарттық міндеттер білім алушының оқудан
шығуы туралы бұйрығы шыққанға дейін сақталады.
Оқу ақысына қаржылай қарыз пайда болған жағдайда білім алушы кезекті
сессияға, қосымша семестрдегі пәнег тіркелуге жіберілмейді және университеттен
оқудан шығарылады. Оқу ақысы бойынша пайда болған қаржылай қарыз ҚР
заңнамасында бекітілген тәртіпке сай алынады.
Ақылы түрдегі оқу формасынан мемлекеттік грантқа ауысу демалыс кезеңінде
Республикалық конкурстық комиссия шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Босаған мемлекеттік білім беру грантына конкурс жарияланғанда, басымды
бағытты үлгерімнің орта балды кӛрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек «жақсы»
және «ӛте жақсы» бағасы бар білім алушы иелене алады.
Алматы университетінің студенттері мен магистранттарының Этикалық кодексі
Біз, Алматы университетінің студенттері мен магистранттары, ҚР азаматы деген
атқа лайық болу үшін, таңдаған болашақ мамандығымыздың қоғамдық мәнінің жоғары
екенін түсіне отырып, педагогтардың, заңгерлердің, экономистердің, кәсіпкерлердің
жаңа буын қалыптастырудағы ӛз үлесімізді жете сезіне отырып, мамандық бойынша
қызмет атқару үшін қажетті кәсіби дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеруге,
университетімізге деген сүйіспеншілік пен құрметті, оның беделін арттыру жӛніндегі
қамқорлықты жеткізген алдыңғы буын студенттердің дәстүрін қолдай келе,
университет мәртебесін кӛтеру біздің басты парызымыз екенін мойындай отырып,
Алматы университетінің студенті мен магистрантының Этикалық кодексін қабылдап,
оның ережелерін сақтауды міндетімізге аламыз.
Аталмыш кодекстің талаптары жалпыға аян адамгершілік құндылықтар, сондай-
ақ Университеттің ұзақ жылдар бойғы жұмысы барысында қалыптасқан тәртіп
дәстүрлері мен ӛлшемдері негізінде құрастырылған.
І тарау. Жалпы ережелер
Осы Этикалық кодекс Алматы университетінің студенттерінің этикалық
қағидалар мен тәртіп ережелерін анықтайтын ұсыныстар жүйесін анықтайды.
1.1 Этикалық кодекс:
- Университет
студенттерінің ӛзара қатынасы мен оқытушылары және
қызметкерлерінің қарым-қатынасын орнатуға;
- оқу үрдісі, ғылыми және шығармашылық жұмыс жасау үшін жағымды жағдай
жасауға, адалдық пен ӛзара сенімділік ахуалын арттыруға бағытталған;