82
Эксперимент жұмысын жүргізу үшін мұғалімдерге арналған әдістемелік
нұсқаулар, сабақ жоспарлары, сауалнамалар, ӛзіндік жұмыстар түрлері, тест
тапсырмалары дайындалды. Сонымен қатар, анықтау экспериментінің
нәтижелерін қортындылауға, ӛңдеуге арналған нұсқау әзірленді. Эксперимент
жұмысының алғашқы бӛлімі анықтау жұмысына арналды. Мұндағы мақсат
оқушылардың бейорганикалық химияны
оқуда орындайтын ӛзіндік
жұмыстардың кӛлемін, сонымен қатар, олардың сабақтағы дербестігі мен
коммуникативтік деңгейін байқау болды. Анықтау эксперименті кезінде екі
сынып бойынша да, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, пікірлесу, оқушылармен
қарым-қатысқа түсу сияқты жұмыстар жүргізілді. Осы анықтау эксперименті
барысында оқушыларға ӛзіндік жұмыстар беріп орындату да қарастырылды.
Өзіндік жұмыстарды мына формаларда ұйымдастырып байқадық:
1. Фронтальды (ұжымдық),
2. Топтық,
3. Жекеше түрде.
Анықтау экспериментінің барысында болашақта жеке тұлға дайындау
үшін оқушылардың ӛзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың жағдайын байқау
кӛзделді. Біз ӛзіндік жұмысты оқулық мазмұны мен оқу құралын байланыстыра
отырып ұйымдастыру мәселесін де назарда ұстауға тырыстық. Осыған дейінгі
зерттеулерде оқулық пен әдістемелік кешендердің байланысын қарастырған
еңбектердің бар екені белгілі. Біздің кӛздегеніміз оқулықпен оқу құралын
байланыстыра отырып білім беру арқылы бейорганикалық химиядан
оқушылардың теориялық білімін тереңдетіп, практикалық дайындығын
күшейту мәселесі. Себебі, бейорганикалық химия оқушылардың орта мектепте
химиядан алатын білімдерінің бастамасы және негізі деуге болады. Кейінгі
органикалық химиядан алатын білімдерінің базасы, болашақтағы меңгерілетін
химиялық білімдер осы негізгі базаға байланысты ӛз дәрежесіне жететіні анық.
Оқулық пен оқу құралын байланыстыра пайдалануда оқушыларға жан-жақты
тәрбие беру мәселесі де жүзеге асады. Оқу құралында берілген материалдар
негізінен Қазақстанның жетістіктеріне негізделе жазылғандықтан, бұл
оқушыларға ӛлкетанулық, отан сүйгіштік, экологиялық т.б. тәрбиелерді беруге
қолайлы келеді.
Анықтау эксперименті барысында тек оқушылар ғана емес, мұғалімдермен
сӛйлесу, пікір алмасу, химия кабинеттерінің жабдықталу жағдайын байқау,
сабақта жаңа технологияларды қолдану деңгейін байқау істері де жүргізілді.
Сондай-ақ, химия пәнінің мемлекеттік құжаттарға (мемлекеттік міндетті білім
стандарты, пән бағдарламасы және оқулық) сай жүргізілуі де қарастырылды.
Мұғалімдермен әңгімелесу, сабақтарға кіріп бақылау барысында олардың
ӛзіндік жұмыстарды жеткіліксіз деңгейде ұйымдастыратыны байқалды.
Сонымен қатар, олар сыныпта оқушылардың мәтін мазмұнын ауызша оқу
арқылы қабылдау жағына кӛп кӛңіл бӛлетіндігі белгілі болды. Кӛбіне мұғалім
сабақта сӛздік-кӛрнекілік әдістері арқылы оқушыларға материал мазмұнын
жеткізеді. Бірақ, тапсырмалар орындау барысында оқушылардың материалды
жете түсінбегендігі байқалып қалады. Мұның себебін, біз оқушылардың ӛзіндік
83
ізденушілігінің сабақ барысында орын алмағандығынан деп түсіндік. Мұндай
жағдайда оқушылар оқулықтағы мәтінді мазмұндап айтып бергенмен, тақырып
соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды, жаттығуларды орындауда
қиналады.Бұл мұғалімнің білім берудің белсенді әдістерін қолданбауынан
туындайтын жағдайлар деп түсінеміз. Білім беруде оқулықтағы материалдарды
оқумен ғана шектеліп, жаңа технологиялардың нашар қолданылуынан
оқушылардың белсенділігі тӛмендейтіні белгілі. Мәтіннің мазмұнын
мазмұндап берудің мәнін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, білімді бұлайша
қабылдаудан оқушының ойында ұзақ сақталуын күтуге болмайды. Оқушының
ойында ӛзі іздеп, ӛзі тұжырым шығарып, ӛзі еңбегімен шешкен мәселелер
жақсы сақталатынын психологтардың бәрі дерлік дәлеледеп отырғаны белгілі.
Оқулықтағы материал дардың оқу құралындағы материалдармен мүлде
байланыспайтыны да анықталды. Мұндай жағдайда оқушылардың оқу
белсенділігі тӛмендейтіні сӛзсіз. Неғұрлым бала ізденсе, солғұрлым оның
белсенділігі күшейеді. Ізденген мәселесін шешкісі келіп оқушы алға
талпынады.
Анықтау эксперименті кезінде оқушылардың бейорганикалық химиядан
алған білімдерінің есте сақталуын байқау мақсатымен бірнеше сұрақтар
берілді:
- бейорганикалық химия нені оқытады?
- қандай тәжірибелер жасадыңдар?
- затпен дененің айырмашалығы неде?
- эксперимент деген не?
- күнделікті тұрмыста химияның қандай пайдасы бар?
- қоспалар деген не?
- қоспаларды қандай әдістер арқылы айыруға болады?
- таза зат деп қандай затты айтамыз?
- гомогенді қоспадан гетерогенді қоспаның қандай айырмашылығы бар?
- ауаның құрамына не кіреді?
- суды буландыру арқылы не білеміз?
- тотығу деген не?
- тәжірибе жасау не үшін керек?
- ас тұзын ертіндіден бӛлу үшін қандай тәжірибе жасауға болады? т.б.
сұрақтар берілді.
Анықтау
эксперименті
кезінде
эксперименттік
және
бақылау
сыныптарының білім деңгейлері мен біліктіліктері және ӛздігінен жұмыс
орындау деңгейлері бір-бірімен шамалас болды. Берген жауаптары мен
орындаған жұмыс түрлеріне қарап оқушылардың білімі мен біліктілік және
ӛзіндік іс-әрекетке дайындығын 3 деңгейге жіктедік.
1-жоғары деңгей. Ӛз ойын тұжырымдап айта алатын оқушылар. Химиялық
тілді қолдануға тырысады. Пікірлеріне дәлелдер келтіре алады. Теориялық
білімдерін іс-әрекетте пайдаланады. Пікірлерін дәлелдеу барысында тұрмыстан,
қоршаған орта заттарынан мысалдар келтіреді. Ӛкінішке орай, мұндай
оқушылардың саны екі сыныпта да ӛте аз болды.
Достарыңызбен бөлісу: |