22-билет 1.Шілікті патша қорғандары, зерттелуі.
Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданының жерінде алып “патша қорғандары” көптеп кездеседі. Бұл жерде сақ дәуірінің 200-ден аса обалары орналасқан. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті қорымында барлығы 51оба бар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метрге, биіктігі 8-10 метрге жетеді.
Берел обасына жерленген адам астау-саркофагқа салынып, қарағаймен қаланған қабір ішінде жатыр. Қабір жанына 16 аттың қаңқасы, ер-тұман бірге көмілген. Ат әбзелдерінің алтынмен апталғанына қарағанда, обада тайпа көсемі, ру ақсақалы, бай немесе батыр адам жерленген болуы керек.
Археолог-этнолог Әбдеш Төлеубаевтың б.з.б.8 ғасырға жататын 3-Шілікті қорымындағы №1обадан тапқан археологиялық жаңалығы тарих ғылымында үшінші алтын киімді адам ретінде танылып отыр. Обаның биіктігі 8 метр, диаметрі 100 метрге жуық. Алып ғимараттың ішіне патшаны жерлеген. Ол сом алтыннан құйылған 4325 (2011 жылғы баспада 4303 деп берілген) қаптырма және әшекей түймешіктермен безендірілген киіммен жатыр. Патшаның жанынан биліктің белгісі болып саналатын алтын бесжұлдыз табылды.
Бұл жәдігерді ғалымдар “Шілікті алтын адамы”деп атады.
1998 -1999 жылдары З. Самашевтің жүргізген қазба жұмыстары кезінде Берел кезеңіндегі №11оба толық ашылып, ғаламат олжа табылды. Балқарағайдан ойылып жасалған астау табытта 45 жастағы ер адам мен әйел жерленген (б.з.б.294 ж.). Олардың киімдері інжу-моншақтар және алтын жапырақшалармен әшекейленген. Обадан ат-әбзелдері мен ішкі құрылысы бұзылмаған 13 жирен жылқы табылды. Әр жылқы алтынмен апталып, күміспен күптелген салтанатты әбзелдермен безендірілген.
Осы аумақтағы Шілікті қорымындағы 51 обаның бірі “Алтын қорған” деп аталады. 1960 жылы зерттелген “Алтын қорған” обасында ер адам мен әйел жерленген. Балқарағай бөренелерінен салынған қабірден 13 қола жебе, қорамсақ , алтын қаптырма табылды. Ғалымдар бұл қорғанды б.з.б.7 - 6 ғасырларға жатқызады.
2.Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы.
Ыбырай Алтынсарыұлы (1841-1889) – ағартушы, жаңашыл педагог, ғалым-этнограф, қоғам қайраткері. 1844 жылы əкесі қайтыс болып, атасы Балқожа биден тəрбие алған. 1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Мектепте орыс, араб, татар, парсы тілдерін меңгеріп, үздік оқыды. Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының көрнекті өкілі В.В. Григорьевпен жақын танысып, оның бай кітапханасын пайдаланды. Ыбырай мектепті бітіргесін атасы Балқожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды. 1864 жылы Орынбор бекінісінде ашылған қазақ балаларына арналған мектепте оқытушы болды. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз ету барысында Ыбырайдың педагогтік көзқарастары қалыптасты. 1879 жылы Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына қызметке тағайындалды. Бұл қызметінде ол облыстық губернаторға тікелей тәуелді болды, ағартушылық қызметіне шек қойылды. Ыбырайдың жарқын істерінің бірі - қолөнер, ауылшаруашылық мектептерін ұйымдастыруы. Ол өсиетінде өзіне қарасты жерді Торғайдағы ауыл шаруашылық мектептің қарамағына қалдырған.
Ыбырай - қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы.
1887 жылы Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ашты. Ұстаздар дайындайтын арнайы оқу орындарын ұйымдастырды. Алғашында Троицкіде негізі салынған, кейін Орынборға көшірілген мұғалімдер даярлайтын мектеп алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі болды. Ыбырайдың ауылдық, облыстық мектептерді жиілетіп ұйымдастыруы, мұғалімдерді қалауы бойынша сараптап таңдап алуы облыстық шенеуніктердің наразылығын туғызды. Орыс - қазақ мектептеріне арнап оқу құралдарын жазды: “Қырғыз хрестоматиясы”(1879 ж), “Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық”. Орыс алфавитінде құрастырылған бұл оқу құралы мектептерде пайдаланылды. Миссионерлік қозғалыстың рухтандырушысы Н.И.Ильминскиймен тығыз байланыста болуы Алтынсарыұлының педагогикалық көзқарасына əсер етті. Ыбырай Алтынсарыұлы– ғалым-этнограф. Әсіресе оның көңіл аударған саласы– қазақ халқының әдет-ғұрпы. Ағартушы шығармаларында рулық- патриархаттық тұрмыстағы жағымсыз қылықтарды, əдепсіздікті сынады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жариялап отырды. Қазақ халқының тарихы жөнінде де мәліметтер жинаған. Отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды.“Қыпшақ Сейітқұл”әңгімесінде Торғай өзені бойындағы егіншілікпен айналысқан қазақтар өмірін уағыздады. “Талаптың пайдасы”, “Байлық неде” шығармаларында жаңа өмірді, шаруашылықтағы өзгерістерді суреттейді.
3. Ж.Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз.
Отан тарихында Ресей еліне қарсы бағытталған көтерілістердің көп болғаны белгілі. Солардың бірі 1822-1824 жылдары Батыс Қазақстанда орын алған ұлт-азаттық күрестің Отан тарихында алатын орны ерекше екендігін айта кеткен жөн. Бұл қозғалыс патша үкіметіне қарсы бағытталған алғашқы және ірі көтерілістердің бірі болып саналады. Көтерлістің қамтығын жерлері: Ол бастауын БатысҚазақстаннан алып кейін тамырын республика бойынша кең жайып үлгерді. Шағын көтеріліс ауқымынан шығып, жақсы ұйымдастырылған қозғалыс деңгейінде болды. Ол үлкен аумақты қамтыды, негізінен бір ру өкілдері қатысқанына қарамастан өте ауқымды болып табылды. 1822-1825 жж. қозғалыс солтүстікте Батыс Қазақстандағы Елек, Қобда, Шыңғырлау т.б. өңірлерден бастап оңтүстікте – Жем, Сағыз, Ойыл,Темір бойлары және ішінара Солтүстік Үстіртке дейінгі аралықты қамтыса,1837-1840 жж. Ырғыз, Торғай, Қарақұм өңірлеріне де тарады. Осы соңғы кезеңде көтеріліске алдыңғы Табын, Тама, Ақкете руларынан басқа Шөмекей, Төртқара,Шекті және Қыпшақ руларының бөлімдері де қосылды. Сондықтан да Батыс Қазақстанда орын алған бұл көтерілістің қазақ тарихында алатын орны зор болып саналады.
1822-1824 жылдары Ресейдің бекіністеріне жүзден аса шабуыл жасалып қазақтар өз тәуелсіздіктерін сақтап қалуға тырысты. Осындай қарқынмен ұлтымыз елімізді отарлау саясатын біраз уақытқа тежеу мүмкіндігіналды. Сол кезде Ресей үкіметі ежелден қазақ даласында қалыптасып қалған хандық биліктің көзін жоймақ болған еді. Сонымен қатар, өз әкімшілік реформаларыненгізіп толықтай билікті қолдарына алмақ болды. Ал, Жоламан батыр бастағанкөтерілістің арқасында орыс халқының ойға алған мақсаттарының орындалуларыбіраз қиындыққа ұшырап. біршама уақыт кейінге қалдырылған болатын. Сондықтан Батыс Қазақстанда орын алған көтеріліс ұлтымыздың тәуелсіз ел болу жолында өз септігі мен әсерін молынан тигізді. Қазіргі таңда азат ұрпақ ата-бабаларымыздыңсол заманда жасаған ерліктерін еш уақытта ұмытпақ емес. Бұл көтеріліс кейінқазақ тарихында үлкен қозғалыстардың бірі болып саналатын Кенесары Қасымұлы бастаған топқа қосылуымен де ерекше. Осы арқылы Ресей үкіметінің толығымен Азия елдерін басып алуға жол бермеуімен ел тарихында жоғары бағаға ие болды. Жалпы,Жоламан Тіленшіұлы қолбасшылық еткен көтеріліс еліміздің біртұтас ел болып қалыптасуы мен азат ел атануда үлкен рөл атқарғаны анық.
Достарыңызбен бөлісу: |