24-билет 1.Сақ және савромат қоғамындағы әскери демократия. Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігі орнықты. Мұны археологиялық қазбалар мен жазба деректер дәлелдейді. Сақ патшалары құдыретті билеушілерге айналды. Олар соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті, келсімдер жасасты, елшілер тағайындап, әскерді басқарды.
Халықтың басым көпшілігін қатардағы қауымдастар- малшылар құрады. Халық жиналысының , яғни тайпаның барлық ересек ер адамдары жиылысының рөлі күшті еді, ол көсемдерге ықпал жасады. Бұл алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, әскери демократияның пайда бола бастаған кезі болатын.
Тайпа мүшелері өз жиналыстарында көсемін сайлады. Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметін де атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы даулы мәселелерді шешті, қақтығыстарды реттеп отырды. Көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалап, тайпа атынан келіссөздер жүргізіп отырды. Жайлым және көші-қон мәселесін реттеді. Жер бөлісімен айналысып, оны пайдалану жолын белгіледі. Сақ қоғамы үш топтан тұрды: жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер. Әр топтың киімдерінің символдық түстері болған. Жауынгерлер қызыл және сары-қызыл түсті киім киген. Ежелгі үнді-ирандық тілінде оларды “ратайштар “ (арбада тұрғандар) деп атаған.
Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп, қастерлеген, сыйлаған. Сақ әйелдері тайпа көсемдері болып та сайланатын.
Сарматтарда да әлеуметтік теңсіздік болған. Әлеуметтік теңсіздіктің болғандығын археологиялық ескерткіштер дәлелдейді. Сарматтар қоғамындағы әскери демократия басқа көшпелілердікінен өзгеше еді. Сақтардың әскери-демократиялық қоғамында демократия тек ерлер үшін, оның ішінде де әскери жасаққа жарамды жастағы ерлер үшін болды. Ал сараматтардың әйелдері жасақ құрамына кірген.Оған әйелдердің қабірлерінен қару-жарақтың көп табылуы дәлел болады. Сарматтар қоғамында әскери демократия ерлерге де, әйелдерге де бірдей қатысты болды.
Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды.
2 Ағартушы, ақын, философ Абай Құнанбаевтың көзқарасының қалыптасуына талдау жасаңыз
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) - қазақ халқының жазба əдебиетінің негізін салушы, ойшыл, ұлы ақын, сазгер. 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау өңірінде дүниеге келді. Абай Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде оқып жүргенде ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тартқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады. Ру тартыстарынан көп нəрсені байқаған Абайдың əкесімен көзқарастары бір болмады. Абайдың маңайына топтасқандар ірі ру басылары, белді ақсүйектер емес, қарапайым топтан шыққан қазақ жастары еді.
Достарыңызбен бөлісу: |