39
және түрлi салаларға мамандарды тартуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы интеграциялық бірлестіктермен және
жекелеген елдермен өзара тиімді ынтымақтастық құру бойынша жұмыстарын
жалғастырады. ЕуразЭО шеңберінде өңірлік интеграциялық бірлестіктермен
ЕуразЭО халықаралық қатынастарын дамытудың базалық векторлары
салынған.
Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаты әлемдік сауда жүйесінекірігу
арқылы елдің экономикалық мүдделерін қорлау мен ілгерлетудің тиімді және
жедел жүйесін құру болимақ, олар мыналарға бағытталады:
– ДСҰ-ға мүшелік шеңберінде Қазақстан Республикасы қабылдаған
мүдделерді ұсыну және міндеттемелерді орындау;
– ЕуразЭО және ДСҰ-ға Қазақстан Республикасының мүшелігі
шеңберінде интеграциялық процестерді ескере отырып, экономиканың
өзгермелі жағдайлар шеңберінде шаралар қабылдау;
– ДСҰ шенберінде сауданы жеңілдету;
– үшінші елдермен (Иран, Израиль, Сербия, Сингапур, Үндістан және
Мысыр) еркін сауда туралы келісімдер жасасу туралы келіссөздер бойынша
жұмыстарды жалғастыру;
– Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде еркін сауда режимін
жетілдіруге және тереңдету;
– ЕуразЭО үшінші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығының
басым бағыттарын айқындайтын құжаттарды әзірлеуге қатысу;
– Дүниежүзілік
Банктің
«Doing
business»
рейтингісіндегі
«Халықаралық сауда» индикаторын жақсарту бойынша жұмысты
жалғастыру;
– кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу шараларын қолдану, сондай-
ақ отандық өндірушілер мен тауар тұтынушыларды қолдау мақсатында
демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы қорғау шараларын қолдану
бойынша жұмыстар жүргізу;
– ЕуразЭО
шеңберінде
отандық
шаруашылық
жүргізуші
субъектілерінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемелерін өзгерту жөніндегі
ұсыныстарын келісу бойынша жұмыстарды жалғастыру;
– сыртқы сауданы реттеу шараларын қабылдау және қарау жеделдігін
арттыруға бағытталған ұлттық заңнаманы жетілдіру.
40
IV 2018 – 2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму
көрсеткіштерінің болжамы
1. Экономикалық өсу факторлары
Әлемдік тауар нарықтарында мұнайға төмен бағалардың сақталуы мен
ресей-американдық қарым-қатынастардағы соңғы оқиғалар, атап айтқанда
РФ-ға қарсы АҚШ-тың жаңадан қабылданған ықпалшаралар пакеті, бірыңғай
экономикалық кеңістік болғандықтан Қазақстандағы жағдайға теріс әсер етуі
мүмкін. Осыған байланысты, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қалыпты
өсу қарқынымен сипатталады.
Экономикалық саясаттың орта мерзімді кезеңге негізгі құралы «Нұрлы
жол», «Нұрлы жер» мембағдарламаларын, АӨК-ті дамыту бағдарламасын,
ИДМБ индустриалық жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ ел экономикасын
тұрақты және теңдестірілген дамуды қамтамасыз ете отырып, экономикалық
үдерістерге оң әсер ететін елдің экономикасын жаңғырту аясында Жобалық
басқару бастамаларын іске асыру болып табылады.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде инвестициялық ахуал,
бәсекелес орта жақсартылып, инновациялық белсенділік ынталандырылатын
болады, бұл экономиканың өсуіне қолайлы әсер ететін болады.
Бұдан басқа, жеке сектор экономикалық өсудің негізгі көздерінің біріне
айналуы тиіс. Бұл үшін бизнес шығындарының барлық түрлерін жаппай
төмендету бойынша шаралар қабылдануда, мемлекеттік қызмет көрсету
процестері толықтай электронды форматқа аударылып, барынша
оңтайландырылатын болады.
2018 – 2022 жылдары экономиканың өсу қарқыны 3,1-4,2 %-ды
құрайды.
Қазақстан экономикасы әлемдік экономика өсуінің қалыпты
қарқындары, сұраныстың біртіндеп қалпына келтірілуі, сондай-ақ шикізат
тауарларының төмен бағасының сақталуы аясында дамитын болады.
Сонымен қатар экспорттың, халықтың тұтынуы мен жалпы жинақтардың
одан әрі аса ұлғаюы есебінен тұрақты және үдемелі экономикалық серпін
күтілуде.
1-кесте
2018-2022 жылдарға арналған ЖІӨ құрамдауыштарының болжамды
көрсеткіштері, өткен жылға қатысты %-бен
Атауы
2017
2018
2019
2020
2021
2022
Бағалау
Болжам
Түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыстар
103,0
102,4
102,3
102,3
102,1
102,1
үй шаруашылықтары
103,2
102,5
102,4
102,4
102,0
102,0
мемлекеттік басқару органдары
102,2
102,2
102,0
102,1
102,4
102,4
үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін
коммерциялық емес ұйымдар
102,2
101,7
101,5
101,4
101,7
101,9
Жалпы жинақ
104,7
105,0
106,5
107,6
108,4
108,4
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің таза
экспорты
102,3
102,2
102,3
102,4
102,5
102,6
тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспорты
101,9
101,7
101,6
101,7
101,6
101,8
тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импорты
101,8
101,6
101,5
101,6
101,5
101,7
Жалпы ішкі өнім
103,4
103,1
103,5
103,9
104,0
104,2