29
– «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамымен
(бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»
АҚ) Трансформация бағдарламасын
іске асыру;
– Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген
«Yellow Pages» қағидаттарын жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етілетін
болады.
Жекешелендіру бағдарламасы жүйелі және тұрақты сипатқа ие.
«Yellow Pages Rule» қағидасын жүзеге асыру үшін жыл сайын тауар
нарықтарына талдау жүргізу негізінде, бәсекелестік ортада қызмет ететін
мемлекеттік ұйымдар жекешелендіруге ұсынылатын болады.
Ведомстволық бағынысты ұйымдарды түгендеудің қорытындысы
бойынша 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары
105 ұйыммен, сондай-ақ 50%-дан астам акциялары (жарғы капиталындағы
қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі және олармен үлестес тұлғалар жүзеге
асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейтін
32 ұйыммен
толықтырылды.
Мемлекет 903 кәсіпорынды, соның ішінде:
– 68 ірі компания, оның ішінде республикалық меншіктегі – 14,
коммуналдық меншіктегі – 1, ұлттық басқарушы холдингтердегі – 53 ұйым;
– «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ-ның 168 ұйымы;
– республикалық меншіктегі 50 және коммуналдық меншіктегі
440 ұйым;
– ұлттық холдингтер мен компаниялардың, оның ішінде әлеуметтік-
кәсіпкерлік корпорациясын 52 ұйымын өткізеді.
Ұсынылып отырған шаралар 2020 жылға қарай мемлекеттің
экономикадағы үлесін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін – ЖІӨ-нің 15,0 %-ға
қысқартуға (2015 жылдың қорытындысы бойынша – 18,6 %) және экономика
өсуінің бас генераторы ретінде жеке секторды қалыптастыру үшін елдегі
жеке бастаманы жандандыруға мүмкіндік береді.
3.1 Инвестициялық ахуалды жақсарту
Қазақстанның инвестициялық саясаты қолайлы инвестициялық
ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған және экономикалық прагматизм
қағидаттарына негізделген: табыстылық, инвестицияларды қайтару және
бәсекеге қабілеттілік, сондай-ақ экономикалық өсудің жаңа нүктелерін
дамыту және жаңа нарық тауашаларын айқындау жолымен экономиканың
әлеуетін ұлғайтуды қамтамасыз етуге негізделген.
Инвестицияларды тарту инвестициялық қызмет және бизнесті жүргізу
үшін неғұрлым бәсекелі жағдайларды қамтамасыз етуді талап ететін
технологияларды трансферттеу мен жоғары технологиялық өндірістерді құру
жағдайында жүзеге асырылатын болады.
ЭЫДҰ-мен бірлескен инвестициялық саясаттың 2-шолуының
нәтижелері бойынша Қазақстан «ассоциацияланған мүшесі» ретінде ЭЫДҰ
Инвестициялар комитетінің қатысушысы болады және Халықаралық
инвестициялар
және
көпұлтты
корпорациялар
туралы
ЭЫДҰ
30
декларациясына қосылады.
Технологиялық инвестициялық ынтымақтастық шеңберінде «елдік
қағида» бойынша басым елдерден инвесторлар тарту бойынша жұмыс
жалғасады,
сондай-ақ
трансұлттық
компанияларды
тарту
бойынша
жұмыс
жандандырылатын болады.
2017 жылы Дүниежүзілік банктің қатысуымен Инвестициялар тарту
бойынша ұлттық стратегия әзірленетін болады, онда инвесторлар тарту үшін
басым салалар және перспективалы тауашалар анықталып, инвестициялық
ахуалды жақсарту бойынша жүйелі шаралар мен инвестициялар тарту
тетіктері жетілдірілетін болады.
«Kaznex Invest» АҚ-ның базасында «Kazakh Invest» инвестициялар
бойынша ұлттық компания құрылды, ол Үкімет атынан нысаналы ТҰК-пен
және ірі инвесторлармен «бірыңғай келіссөздер жүргізуші» қызмет
көрсететін болады.
Қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту мақсатында
ҚХР-мен екіжақты қатынастарды ұлғайту жоспарлануда, бірлескен
қазақстандық-қытайлық индустриялық-инновациялық бағдарламасының
51 жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Халықаралық стандарттарға сәйкес инвестициялық жобалар (ТЭН,
ҚЭН, тизер нысанында бизнес-модельдер) әзірленетін болады және
инвесторларды тарту үшін жобалар салалар мен өңірлер бөлінісінде
Инвестициялық жобалар картасына енгізілетін болады.
Инвестициялық жобалардың, іске асыру басталғанға дейін сапалы және
толыққанды пысықтаусыз қандай да бір жобалардың «түсіп қалуын»
болдырмайтын ақпараттық-мониторингтік жүйесі енгізіледі. Сондай-ақ,
инвесторлармен жұмыс жасауға жауапты орындаушылардың виртуалды
кеңсесі онлайн-режимде әрбір жобаның іске асыру барысы туралы өзекті
ақпараты бар арнайы виртуалды кабинеттері құрылатын болады.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» (бұдан әрі – МЖӘ)
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
инвестицияларды тартудың жаңа
құралының базалық тетіктерін
МЖӘ субъектілеріне түсіндіру жұмысы
жалғасатын болады. МЖӘ-ні одан әрі дамыту және жеке инвестициялар мен
МЖӘ-ні қолдану тетіктерін кеңейту үшін салалар мен өңірлер бойынша
МЖӘ жобаларын іске асыру іс-шаралар жоспарлары мен жол карталарын
іске асыру жалғасатын болады.
Жеке қаржылық бастаманы іске асырудың шетелдік тәжірибесін,
сондай-ақ тікелей келіссөздерді қолдану практикасын ескере отырып, МЖӘ
туралы заңнаманың практикалық қолданысы бойынша іске асырылып
жатқан шаралары мен үлгілік құжаттаманың ережелерін түсіндіру
мақсатында өңірлердегі ЖАО мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің
қатысуымен кең ауқымды әдістемелік жұмыс жалғасатын болады.
Инвесторлардың неғұрлым кең ауқымын тарту үшін МЖӘ жобалары
бойынша шоғырландырылған ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету
арқылы МЖӘ жобалары бойынша Бірыңғай ақпараттық база іске қосылады.