Ііі экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен шаралары



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет18/21
Дата30.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#18434
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

37 

елді мекендер, шекара маңындағы аумақтар. 

Орта мерзімді перспективада өңірлік сәйкессіздікті төмендету, ұлттық 

және  халықаралық  деңгейдегі  хаб  қалаларды  айқындаумен  елдің 

макроөңірлерін  құру  жолымен  ел  аумақтарын  тиімді  дамыту  мақсатында 

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасады. 

Бағыттар  мен  іс-шараларды  барынша  нақтылау  арқылы  аумақтық 

дамытудың  өңіраралық  схемалары  негізінде  2030  жылға  дейін  орталықтары 

Астана  мен  Алматы  қалаларындағы  агломерацияларды  қалыптастырудың 

ұзақ  мерзімді  жоспарлары  әзірленетін  болады.  Сондай-ақ  Шымкент  және 

Ақтөбе агломерациялары бойынша ұқсас жоспарлар әзірленетін болады. 

Қазақстанның  әлемнің  ең  дамыған  30  мемлекетінің  қатарына  кіруі 

жөніндегі  тұжырымдамансын  іске  асыру  үшін  ел  қалаларын  одан  әрі 

урбанизациялау бойынша жүйелі жұмыс жалғасады. 

Жергілікті  өзін-өзі  басқару  жүйесін  дамыту,  экономикалық  өркендеу, 

әлеуметтік  әл-ауқатты  және  азаматтық  қоғамды  қалыптастыру  үшін  жағдай 

жасау мақсатында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және 

экономикалық  дербестігінің  берік  негізін  құруға  бағытталған  Қазақстан 

Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының 

екінші кезеңі іске асырылады. 

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, 

тұрғындарының саны 2000-нан астам адам бар ауылдық округ

 

деңгейінде, ал 



2020  жылғы  1  қаңтардан  бастап  –  барлық  жерде  жергілікті  өзін-өзі 

басқарудың дербес бюджеттері мен коммуналдық меншігі енгізілетін болады. 

Жалпы алғанда елдің теңгерімді өңірлік дамуына қол жеткізуі бойынша 

мемлекеттік дамыту жоспарлары,  мемлекеттік және салалық бағдарламалар, 

жекелеген аумақтар жоспарларының іс-шаралары,

 

сондай-ақ кешенді дамыту 



бағдарламалар аясында жұмыстар жалғастырылады. 

Өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту мақсатында  жеке капиталды 

тартуға  және  мемлекет  тарапынан  тұрғын  үй  құрылысын  тікелей 

қаржыландыруды азайтуға бағытталған  халыққа арналған жаңа тұрғын үйге 

қол  жетімділігі  арқылы  «Нұрлы  жер»  бағдарламасы  шеңберінде  аймақтарда 

қолайлы  және  жайлы  өмір  сүру  жағдайларын  қалыптастыру  бойынша 

жұмыстар жалғасатын болады. Жыл сайын 10,5 млн. шаршы метрден астам 

тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. 

2020 жылға қарай  «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру 

үшін 1000 км жылумен жабдықтау желілері және 6000 км сумен жабдықтау 

мен су бұру желілері салынып, қайта жанғыртылады. 

Өңірлерді  дамытудың  2020  жылға  дейінгі  бағдарламасы  шеңберінде 

орталықтандырылған  сумен  жабдықтау  желілеріне

 

қол  жеткізу:  қалаларда 



97,0 %;  ауылдарда  62,0 %  және  су  бұру  желілеріне:  қалаларда  97,0 %, 

ауылдарда 13,0 % дейін артады. 4385,0 км сумен жабдықтау, 616,0 км су бұру 

желілері салынды және қайта жанғыртылады. 

Елімізді  газдандыру  бойынша  жұмыстар  жалгастырылуда.  Елдің 

газдандырудың  бас  схемасы  шеңберінде  халықты  газдандыру  деңгейі 

2030 жылға қарай 56,0 %-ға жетеді, бұл 1,6 мыңнан астам елді мекенді газбен 




38 

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал тұтынылатын газ көлемі 2016 жылғы 

13,1 млрд. торлық метрден 2030 жылы 18,0 млрд. торлық метрге дейін өседі.

 

Елді  мекендерді  газдандыру  бойынша  жобалар  МЖӘ  арқылы  іске 



асырылатын болады. 

 

7. Халықаралық интеграция және өзара іс-қимыл 

2018–2022 

жылдары  Қазақстан  Республикасының  Еуразиялық 

экономикалық  одақ  жағдайларындағы  халықаралық  интеграциялық  процесі 

Қазақстан  Республикасының  сыртқы  саясатының  тұжырымдамасына  және 

актілерді,  халықаралық  шарттарды  әзірлеудің  жұмыс  жоспары  (бұдан  әрі  – 

Жұмыс  жоспары)  мен  2014  жыл  29 мамырдағы  Еуразиялық  экономикалық 

одақ туралы шартқа сәйкес жалғасатын болады. 

Еуразиялық  экономикалық  одақтың  шектеулерсіз  және  алып 

қоюларсыз  тиімді  жұмыс  істеуі  мақсатында  ЕуразЭО-ға  мүше  мемлекеттері 

мен  еуразиялық  экономикалық  интеграцияны  кезең-кезеңмен  дамыту 

бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. 

2019  жылға  қарай  Еуразиялық  экономикалық  одақтың  ортақ  электр 

энергетика нарығы (бұдан әрі – ЕуразЭО ОЭЭ) құрылатын болады. ЕуразЭО 

ОЭЭ Қазақстанның электр энергетикасы саласының экспорттық әлеуетін іске 

асыруға мүмкіндік береді, ол 2030 жылға қарай Электр энергетикасы саласын 

дамыту  жоспарына  сәйкес  6  млрд.  киловатт-сағатқа  артады,  сондай-ақ 

энергия жүйесінің тұрақтылығын (жыл сайынғы  қосымша экспорттық түсім 

шамамен 300 млн. АҚШ доллары) арттырады; 

2025  жылға  қарай  өзара  саудада  экспорттық  кедендік  баждарды 

(баламалы  маңызы  бар  басқа  да  баждарды,  салықтар  мен  алымдарды)  және 

шектеулерді қолданбауды көздейтін газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ 

нарығы  қалыптастырылатын  болады.  Бұдан  басқа,  ЕуразЭО-ға  мүше 

мемлекеттердің газ, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне тең 

қолжетімділік  берілетін  болады.  Болашақта  Қашаған  мен  Қарашығанақ  кен 

орындары  игерілгенде    республиканың  экспорттық  әлеуеті  айтарлықтай 

артады.  Осыған  байланысты,  газ,  мұнай  және  мұнай  өнімдерін  тасымалдау 

жүйелеріне  қол  жеткізу  бойынша  уағдаластық  Қазақстанның  болашақта 

дамуы үшін стратегиялық маңызы зор. 

Автомобиль  көлігі  саласында  автокөлікпен  көрсетілетін  қызметтердің 

ортақ 


нарығын 

және 


ЕуразЭО-ға 

мүше 


мемлекеттердің 

тасымалдаушыларының  ЕуразЭО  барлық  аумағында  қолжетілімділікті 

жеңілдетуді  қалыптастыру  2016  –  2025  жылдары  аралығында  жүзеге 

асырылады.  2025  жылдан  бастап  отандық  тасымалдаушылардың  өз  паркін 

жаңғыртқаннан кейін Қазақстан ырықтандыруды жүргізетін болады. 

ЕуразЭО-ға 

мүше 

мемлекеттер 



көрсетілетін 

қызметтердің, 

мекемелердің және қызмет көрсету саудасының бостандығын қамтамасыз ету 

инвестицияларды  жүзеге  асыру  мақсатында  көрсетілетін  қызметтердің 

бірыңғай 

нарығын 


кезең-кезеңмен 

қалыптастырады. 

Көрсетілетін 

қызметтердің  бірыңғай  нарығының  жұмыс  істеуі  ұсынылатын  қызметтердің 

ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді, жаңа технологияларды жаңартуға 



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау