ІV. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................................................... 11
V. ҚОСЫМША .................................................................................................... 12
І. КІРІСПЕ
Әлемнің бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің қатарына кірудің нақты жолы – “Мәңгілік ел” ұлттық идеясымен тығыз байланысты. “Қазақстан – 2050” стратегиясы мемлекеттің әлеуметтік дамуының жаңа деңгейіне серпіліс беруімен қатар, медицина саласын арттырудың арқасында ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. Денсаулық сақтау саласы республика азаматтарының, ұлт болашағының денсаулығы мен амандығын қамтамасыз етеді. Ана мен бала денсаулығын сақтау, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен өлім-жетім деңгейін төмендету, дәрігерлік-демографиялық жағдайды жақсарту, медициналық білімді жаңарту, азаматтардың саналы түрде өз денсаулығы үшін салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру - отандық денсаулық сақтау саласының басты мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін жаңарту барысында, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы осы салаға түбегейлі жаңа өзара қарым-қатынастарды енгізуге мүмкіндік берді. Елімізде міндетті медициналық сақтандыру, профилактикалық іс-шаралар, скринингтік зерттеулер, әлеуметтік маңызды негізгі аурулар мен жарақаттарды диагностикалау, емдеу қызметтері жетілдірілді. Сонымен қатар, ұлттық денсаулықты сақтау үшін жоғары мамандандырылған,медициналық және фармацевтикалық білім алған дәрігерлердің санын арттыру мақсат етіледі. Әсіресе мамандарды кардиохирургияда, интервенциялық араласулар мен трансплантологияда үздіксіз кәсіби оқыту арқылы инновациялық технологияларды одан әрі дамытуға ынта береді.
Қазіргі таңда интеграцияланған, пациентке бағытталған мемлекеттік және жеке меншіктегі денсаулық сақтау мекемелерінің саны артуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты халқына жолдауында ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі дей келе, медицина бағытында мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту керек деп есептейді. Барлық дамыған әлемде медициналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін жеке сектор көрсететіндіктен жеке медицинаның дамуына жағдай жасау қажет. Біз жеке ауруханалар мен емханаларға тезірек көшуге жағдай туғызуға тиіспіз, - деп тұжырымдайды [1]. Алайда, қоғам үшін қолжетімді, сапалы қызмет көрсететін медициналық ұйым мен дәрігерді таңдау қажет. Бұл өз кезегінде медициналық қызмет көрсетудің бәсекелес ортасын қалыптастырады. Жекеленген медициналық секторлардың үлесінің қарқынды өсуі халық арасында қай медициналық мекемені таңдау жайында талқыға салынса керек. Халық мемлекеттік те, жекешелендірілген де медициналық қызметті қолданады. Мемлекеттік медициналық ауруханалар тегін денсаулық сақтау нысандарымен қамтамасыз етсе, жеке меншік емханалар жоғары сапалы техникасы және білімді мамандарымен ерекшеленеді.
Зерттеу жұмысының басты мақсаты –қоғам үшін денсаулық сақтау мекемелерінің қай түрін таңдау қажеттігін зерттеп, мемлекеттік және жеке меншік медициналық қызметте орын алатын мәселелерге ұсыныстар беру.
Зерттеу жұмысының мақсатына толық жету үшін келесі міндеттер орындалу қажет:
Қазақстандағы жеке меншік пен мемлекеттік медициналық мекемелердің қызмет көрсету салаларын анықтап, даму деңгейлерін салыстыру;
Денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының реформаларын талдап, жүргізіп жатқан жаңғырту іс-шараларын салыстырмалы түрде саралау;
Берілген тақырып бойынша қоғам үшін ұтымды ұсынысты әлеуметтік зерттеу әдістері (сұхбат, сауалнама) арқылы беру.
Курстық жұмыс төңірегінде қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайының дамуы бағаланады, әрі денсаулық сақтау мен медициналық көмектің ұтымды түрлері айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |