1 музыка пәні мұҒалімі бойындағы сөйлеу мәдениеті туралы мәселелер



жүктеу 48,75 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.05.2018
өлшемі48,75 Kb.
#17036


 



МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ БОЙЫНДАҒЫ СӨЙЛЕУ  



МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР 

 

Ерболатова К.Е. 

Орал қ. 

 

Тәуелсіздікке  ие  болған  еліміздің  ғылым  саласындағы  түрлі  реформаларын  іске  асыру  мен 

қоғамның  рухани  жаңару  жағдайында  болашақ  педагог-музыкант  мамандардың  тұлға  ретінде 

қалыптасуына тіл, сөйлеу мәдениеті секілді мәселелер бүгінгі таңда өзекті болып табылуда. 

Музыка  саласында  бүгінге  дейін  педагог-музыканттың  сөйлеу  мәдениетін  зерттеу  нысаны 

болған  емес.  Сондықтан  оны  арнайы  қарастырып,  бүгінгі  күні  педагог-музыкант  тұлғасын 

қалыптастырудың теориялық негізін тәжірибемен сабақтастыру – басты мәселелердің бірі. 

Мысалы педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Адамның жеке тұлға 

болып  дамуы  мен  алған  білімін  іске  асыруда  сөйлеу  тілін,  әрекетін,  сөйлеу  мәдениетін,  әдебін 

қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады» - дейді. 

Бұл  жерде  кәсіби-сөйлеу  өнерін  қалыптастыру  қажеттілігін  атап  өту  керек.  Музыка  мұғалімі 

шығарманы тек орындап қана қоймай, музыкалық бейненің көңіл-күйін әсем, көркем, қысқа, қисынды 

жеткізе білу қажет.  

Жеке  адамды  жан  жақты  дамытудың  қажетті  шарты  тұрғысынан  сөз  өнері  педагогтар 

зерттеулерінде  қарастырылған  (Я.Каменский,  Ф.Дистерберг,  К.Д.Ушинский,  А.С.Макаренко, 

В.А.Сухомлинский, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов) /1,45/. Жалпы тілді халықтың жан дүниесімен, ой-

санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В. Фон Гумбольдт, И. Гердер,             Г. 

Пауль,  В.  Вундт,  Г.  Штейнталь,  Э.  Сепир,  Б.  Уорф,  А.  Потебня  т.б.  ғалымдардың  есімдерімен 

байланыстырылады.  Қазақ  зиялылары:  А.  Байтұрсынов,  М.  Жұмабаев,  М.Балақаев,  К.Аханов, 

Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Н. Уәлиев, Р. Сыздықова, А. Жапбаров, Ә. Болғанбаев, С. Исаев,             А. 

Ысқақов,  Р.  Әміров,  Қ.  Жұбанов  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  «тіл»  ұғымының  сан  қырлы  жағына 

тоқталады. Тіл табиғатының қыр-сырына терең  жан-жақты  үңілу –  ғалым А.Байтұрсынұлынан бастау 

алып, Қ.Жұбанов зерттеулерімен өз жалғасын тапқан [2, 141-142 б.]. 

Музыка  мұғалімінің  сөйлеу  өнері  орындаушылық  өнермен  тікелей  байланыса  отырып,  музыка 

ағартушыларының  еңбектерінде  аталынып  өтілді  (Б.В.Асафьев,  Б.Д.Яворский,  В.С.Цукерман 

т.б.)/3,52/.  Музыка  мұғалімінің  сөйлеу  әрекетінің  теориясы  мен  практикасына  аса  үлкен  үлес  қосқан 

Д.Б.Кабалевский/4,17/. 

Музыка  мұғалімінің  кәсіби-сөйлеу  өнері  оқытушы  шығарманы  тек  орындап  қана  қоймай, 

музыкалық  бейненің    көңіл-күйін  әсем,  көркем,  қысқа,  қисынды  жеткізгенде  ғана  сабақ  нәтижелі 

болады.  

Жоғарыда  аталған  проблема  бүгінгі  музыка  мамандарының  алдында  да  тұрған  өзекті  мәселе. 

Музыка  мамандары  өз  аспаптарын  қалай  тамаша  меңгеріп  әнді  шырқаса,  сабақты  түсіндіруде  сөз 

саптауы  дұрыс  болса,  пәнді  игеру  сапалы  әрі  ұтымды  болары  хақ.  Сондай  биік  көркемдік  дәрежеде 

болу-қазіргі педагог мамандардың алдына қажетті үлкен мақсат деп білеміз. 

Музыкалық аспапта ойнаудағы орындаушылықтың маңыздылығы туралы белгілі орындаушылар 

мен теоретиктер, педагогтар Г.Г.Нейгауз(7), Г.М.Коган(8), К.Н.Игумнов(3) және т.б. бірқатар қомақты 

ізденімдік жұмыстар қалдырды. 

Музыкалық аспапта үйрену әр уақытта мұғалім мен оқушының «бетпе-бет» кездесу нәтижесінде 

болған.  Қазіргі  таңда,  жалпы  білім  беретін  мектептерде,  домбыра  класы  бойынша  факультативтік 

сабақтары  жеке-дара  түрін  қолданып  келеді.  Музыкалық  аспап  класында  орындаушылық  мәселесі 

әрқашанда  өзінің  өзектілігімен  ерекшеленеді.  Нәтижесінде,  музыкалық  орындаушылықтың 

қалыптасуының келесі міндеттерін көрсетуге болады: 



аспапты шебер меңгеру; 

музыкалық туындыларды биік орындаушылық дәрежеде ойнау; 

жалпы мәдениетінің қалыптасуы;  

музыкалық мәдениетін тәрбиелеу; 

музыкалық эстетикалық талғамды дамыту; 

музыканың эстетикалық және танымдық құндылықтарын түсіне білу; 

аспаптық-орындаушылық шеберлігін тәрбиелеу; 

өз музыкалық аспабы арқылы (ойындағысын) айтайын дегенін жеткізе білу; 

өз бойында арнайы қасиеттерді тәрбиелеу; 

тыңдап отырған тыңдаушының назарын аудару; 

көрермендермен кездесу ұйымдастырып,  пікір бөлісу. 


 

Әрбір пәнді меңгеру үшін міндетті түрде сапалы оқулық, тиісті оқу-әдістемелік құралдары қажет 



екені  белгілі.  Осы  тұрғыда  мұғалім  бойындағы  қазіргі  педагогика  саласында  жиі  қолданылатын 

ұғымдар-іскерлік, дағды деген түсініктерге арнайы тоқталуды жөн көріп отырмыз. 

Іскерлік – қолынан іс келетіндік, шеберлік. /5,768/. 

Дағды – қалыпты әдет, машық /5,141/. Дағдыға айналған қимылдар санадан тыс болмайды. Ол – 

мидың қызметі.  

Музыкалық  орындаушылық  әрекетінде  музыкалық  қабілетін  белсенді  дамытпай,  ішкі 

музыкалық-естуді  белсенді  түрде  іске  асырмай  нағыз  орындаушы  болу  мүмкін  емес.  Сондықтан, 

орындаушылық  сапасын  аспапта  ойнау  тәсілдері  мен  әдістерін  қалыптастыру  –  оқытудың  бұл 

кезеңінде маңызды болып саналады.  

Өйткені,  орындаушылық  өнер  –  көркемдік-творчестволық  іс-әрекет.  Өз  табиғатында  ол 

көркемдік-творчестволық  іс-әрекет  болып,  орындалатын  шығарманың  механикалық  ойнауында  емес, 

өз  орындаушының  дүниетанымы  мен  эстетикалық  көзқарасына  сәйкес  шығарманың  рухани  ішкі 

мазмұнын түсіну, оған интерпретация жасау, көркемдік әдістерді таңдау іс-әрекеттеріне негізделеді.  

Жоғарыда  айтылған  пікірге  сәйкес,  жалпы  кәсіби  музыкалық  білім  беру  саласында  аспапты 

меңгеру  –  көп  сатылы  және  бірнеше  кезеңнен  тұратын  процесс.  Ал  аспапта  ойнау  кезіндегі  музыка 

шығармаларымен жұмыс істеудің аяқтау кезеңі – шығармашылық  сатыға өтуі. Аспапта ойнау кезінде  

музыкалық шығарманың көркем бейнесін жасау үшін, күнделікті дайындық кезінде міндетті түрде алға 

мақсат қойған жөн.  

Сөз  өнері  жаңалықтарды  жеткізудің  негізгі  құралдарының  бірі  болып  есептелуіне  байланысты, 

оқу  процесінде  де  сөздік  әрекет  аумақты  орынға  ие.  С.Л.Рубинштейін  «Сөйлеудің  коммуникативті 

функциясы – пікірін білдіру мен әсер ету функциясын  қамтиды. Сөйлеу –  қарым  –  қатынаста  қажетті 

компонент ретінде коммуникативті қызмет процесіне кіреді/6.340/. 

Атаулы ғалымдардың еңбектерінде (Б.В.Асафьев, О.А.Апраксина, Ю.Б.Алиев, Я.Г.Арчажникова, 

О.П.Соколова  және  т.б.)/4,27/  музыка  мұғалімінің  кәсіби-педагогикалық  дайындығын  дамытудың 

көптеген бөліктері қамтылған. Онда сөз өнерінің теориялық-методологиялық негіздері қарастырылған. 

Мәселен,  профессор  О.А.Апраксина  мұғалімнің  сөзіне  аса  көңіл  бөле  отырып,  әрбір  жағдаяатты 

мақсатты шешуді мұғалімнің бойында ізденушілік қабілеті, шығармашылық сезімталдығы, тез шешім 

қабылдау  қасиеттері  болу  керек  дейді.  Зерттеуші  Ю.Л.Львова  мұғалім  айтатын  сөзін  алдын  –  ала 

ойластырып қана қоймай, сонымен қатар «мұғалімнің білімі, мәдениеттілігі, ондаған мысал, мыңдаған 

көркемділікпен,  оқыған  кітаптарынан  басқа  ғылымдардың  байланыстыруымен  шешілуі  тиіс»  деген 

пікір айтады.  

Расында  да,  музыкант  мұғалімнің  сөзі  музыканы  қабылдауға  балаларды  бағыттау  керек, 

балалардың музыкаға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу керек.  

Мектептегі  музыкалық  шығарманы  талдау  (анализ)  музыкалық  қабылдаудың  теориясы  мен 

әдістемесінде  кеңінен  қолдануда  (Б.В.Асафьев,  М.Л.Гродзенская,  В.Н.Шацкая,  О.А.Апраксина, 

В.К.Безбородова,  Д.Б.Кабалевский  т.б.)  О.А.Апраксина,  көркем  педагогикалық  талдау  ол  ерекше 

талдау,  тыңдағаны жайлы оқушымен талдау-әңгіме деп атап өтіп, оның мақсатын анықтады: 

жас  ерекшеліктеріне  байланысты  оқушыларға  әрбір  музыкалық  шығарманы  эстетикалық  әсер 

ету әдісі және оны дамыту есебінде оқытушыға көмектесу; 



өнердің  білімдік,  тәрбиелік  біртұтастығын  шешуде  оқушылардың  музыкалық  шығарманы 

қабылдауы; 



музыкалық-көркем  әдістерді  ой  елегінен  өткізу  арқылы  эмоциональды  –  эстетикалық 

реакциясын тереңдету; /3,156/. 

Педагог –музыканттың гуманитарлық пәндерді терең меңгеру арқылы  да тілдік тұлғасын 

қалыптастыруға болады. Оның жолдары: 

1.  Кәсіби  тілдік  терминологияны  меңгеру.  Ол  үшін  негізгі  және  қосымша  әдебиеттермен, 

сөздіктермен,  әсіресе, қостілді сөздіктермен, анықтағыштармен жұмыс істеу маңызды; 

2.Педагог –музыкант кәсіби маман болып қалыптасу үшін ғылыми жұмыстармен айналысады. 

Болашақ  педагог-  музыканттың  ойында  оқу  және  педагогикалық  тәжірибе  жүйесі  тиянақты 

түрде жетіліп дамыған дұрыс.  

Бүгінгі  таңда  музыка  мұғалімінің  негізгі  мақсатының  бірі  әртүрлі  дағдылар  мен  іскерліктерді 

пайдалана отырып, орындаушылық шеберлікті игеру болып саналады. 

Жалпы білім беретін мектепке арналған музыка сабағының бағдарламасында айтылған: «Жалпы 

педагогикалық  дайындықтан  басқа  ол(музыкамұғалімі)    міндетті  түрде  фортепианода  (баянда  немесе 

аккордеонда)  ойнай  білу,  анық  және  мәнерлі  дирижер  –  хор  техникасын  игеру,  өлең  білу,  музыка 

тарихы мен теориясы саласында да дайындығы болу керек». 

Музыка  пәні  мұғалімінің  қызметі  негізінен  әлеуметтік  мәнге  ие.  Өйткені  оның  әрекеті  оқушы 

тұлғасын жалпы адамзаттық құндылықтарға музыка өнері арқылы тәрбиелеп, баланың шығармашылық 



 

мүкіншілігін  барынша  ашуға  бағытталған.  Музыка  мәдениетінің  қызметкері  ретіндегі  мұғалімнің 



миссиясы да өте жоғары, оның бұл әрекеті музыкалық-қызметпен нақты көрінеді. 

Музыка  өнерінің  тәсілдері  арқылы  тұлғаның  өнегелі  және  эстетикалық  тәрбиесі  оқушылардың 

өзіндік  творчестволық  ойының  дамуымен,  олардың  белсенділігін  арттыруымен,  музыкалық 

орындаушылық арқылы өзін-өзі мәнерлеуге талабымен, оқушылардың арасындағы қарым-қатынастың 

еркіндігімен тығыз байланысты. 

Музыка  мұғалімі  өзінің  педагогикалық  тәжірибесінде  сан  алуан  міндеттерді    шешу  үшін 

аспаптық орындаушылыққа жүгінеді: 

•  оқушылардың музыкалық қабілеттілігін дамыту үшін; 

•  оларды халықтық  аспаптық дәстүрлерге тарту үшін; 

•  түрлі теориялық білімдерді игеру үшін; 

•  өтіп кеткен музыкалық туындылар туралы білімдерді орнықтыру үшін; 

Қорытындылай  келе,  педагог-музыканттардың  тіл  (сөйлеу)  мәдениетін  тәрбиелеуде  қойылатын 

мақсат  –  әдебиеттің  мәні,  тарихы  мен  бүгіні,  шешендік  өнердің  алуан  түрлі  сипаттары  туралы 

мағлұматтар  бере  отырып,  оқушылардың  сөз  мәдениетін  жетілдіру,  тілді  әлеуметтік  қызметіне  сай 

орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру. 

Осы мақсатқа сай туындайтын негізгі міндеттер: 

- сөйлеу мәдениеті негіздерін меңгерту; 

- сөз қолданудың ұлттық дәстүрлерін жаңғырта отырып, сөз әдебінің нормаларын меңгеру; 

- іс-қағаздары үлгілерін сауатты жазуға дағдыландыру, жазба тіл мәдениетін қалыптастыру; 

- қарым-қатынас түрлерінің сөз мәдениетімен, стильмен арақатынасын таныту; 

- шешендік өнердің мәні мен тарихы туралы мағлұмат беру; 

- шешен сөйлеуге төсемді әлеуметтік-тілдік дағдыларын қалыптастыру; 

- пікірталас түрлері, олардың маңызы туралы білім беру; 

- оқушыны пікірталас мәдениетіне баулу; 

- ұлттық көркем сөз нормаларын меңгерту ауқымында белгіленді. 

Яғни, бүгінгі таңда білім беру саласында кәсіби тілді, терминологияны меңгеріп, дамыту қазіргі 

кезде  музыкалық  педагогикада  қажет  ететін  үрдіс  дегіміз  келеді.  Себебі  жас  орындаушылар  өздері 

ойнап  жүрген  шығармалар  туралы  мазмұнды  баяндай  алса,  туындының  тыңдаушыға  да  әсері  мол 

болады.  Ал,  педагог-музыканттардың  сөйлеу  мәдениеті  неғұрлым  жоғары  болса,  орындаушылықтың 

қыр-сырын үйренушіге жеткізуде көмегі мол болары сөзсіз.   



 

Әдебиеттер 

 

1.  Педагогическая энциклопедия.- М.: Советская энциклопедия, 1965.-311 с. Т.2.  

2.  Абалкова  Б.,  Игібаева  А.К.  Интерактивті  әдіс  арқылы  тіл  мәдениетін  дамыту  /                       

Б.  Абалкова,  А.К.  Игібаева  //  С.  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ  –дың  жас  ғалымдары 

конференциясының баяндамалары.-Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы,2004.-392 б. 

3.  Аубакирова  Л.  Р.  Кунапьянова  А.  Д.  Оқушылардың  тіл  мәдениетін  қалыптастырудағы 

отбасының орны / Л. Р. Аубакирова, А. Д. Кунапьянова // С. Аманжолов атындағы ШҚМУ –дың жас 

ғалымдары  конференциясының  баяндамалары.-Өскемен:  С.  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ 

баспасы,2004.-392 

4.  Балақаев  М.,  Серғалиев  М.    Қазақ  тілінің  мәдениеті:  Оқулық    /М.Балақаев,  М.  Серғалиев.-

Алматы:Зият Пресс,2004.-140 б. 

5.  Қазақ тілінің сөздігі /Т. Жанұзақов. – Алматы: Данк Пресс, 1999. -776 б. 

6.  Дәуітбекова Ж., Арын Е., Махамбетова Г. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы / Ж. 

Дәуітбекова, Е.Арын, Г. Махамбетова.- Алматы: Жеті жарғы, 2003.-72  б. 

7.  Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030 Стратегиялық бағдарлама.Алматы,2005 

8.  Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 

 

жүктеу 48,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау