Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету үшін не істеу қажет деп есептейсіз?
4. Пациенттер елдің кез келген жерінде қызмет ала алуы бірінші басымдық болып табылады. Қазіргі уақытта пациенттер белгілі бір емханаға тіркеліп, басқа емханаға қарала алмайды.Ал міндетті медициналық сақтандыруда кез келген емханадан қызмет алады, себебі олардың қозғалысының есебі жүргізіліп отырады. Бірақ бұл жүйе жан – жақты қарастырылған жағдайда ғана, сапалы қызмет көрсетеді. Медицина сапалы мен қатар қол жетімді болуы қажет, осы жағы әлі де қарастырылуы тиіс. Батыс елдерінің клиникалары мен госпитальдары кезектер мен үйінділерсіз жұмыстануда. Біздер де кезектерсіз жұмыс жасауға тырысамыз. Батыста алдын – ала жазылу жүйесі нақты жұмыс істейді – күндіз сағат бірге жазылдым ба, күндіз сағат бірде дәрігердің кабинетінде болуым тиіс. Біріншіден, барлығымыз осы жүйенің ережелерін ұстансақ,сапалы және жоғары деңгейде болады деген сөз. Енкіншіден, адамдардың және дәрігерлердің уақытын үнемдеу. Сондықтан, дамыған елдерде қызмет көрсету ауыртпаушылықсыз, уақытылы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |