ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФОРМАЛАР
Қазіргі таңда сапалы медициналық қызметті қамтамасыз ету үшін медициналық мекемелерді таңдау өте маңызды. Медициналық орындардың 80%-ы мемлекет меншігінде белсенді жұмысын атқаратындықтан, медицина саласының мәселелерін шешуде мемлекет ерекше рөл иеленуде. Ал жекешелендірілген медициналық орындардың басым бөлігі өзіндік жеке секторларға бөлінген. Жалпы, Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы толығымен республикалық және муниципалдық мемлекеттік органның бақылауында (Аканов А., 2006).
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдеріндегі жүйемен салыстыратын болсақ, алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) пен стационарды қаржыландыру көлемдерінің арақатынасы 34% - стационар және 61% - МСАК-ті құрайды. Халықаралық тәжірибе денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың кемінде 40%-ы деңгейіндегі қаржыландыру көлемі кезінде халықты қажетті қамтуға және МСАК қызметін тиімді көрсетуге қол жеткізілетін дәлелдейді. Еңбектің жоғары уәждемесі және медициналық қызметкердің кәсібилігіне тоқаталсақ, Қазақстанда дәрігердің айлық орташа номиналды жалақысы шамамен 125 000 теңгені құрайды, ол ЭЫДҰ елдеріндегі көрсеткіштен 16 еседей төмен (шамамен 2 000 000 теңге). Бұл кәсіптің беделінің түсуіне және Қазақстанның медицина қызметкерлерінің еңбек уәждемесінің әлсіз болуына жағдай жасайды. ЭЫДҰ елдері бойынша денсаулық сақтауға жалпы шығыстар, орташа алғанда 8%-ды құрайды. Ал Қазақстан шығыстарының үлесі - небәрі 3,8% (Орынбасарова С.Е., 2010). ЭЫДҰ елдерінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік өте жақсы дамыған. Барлық дамыған әлемде медициналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін жеке сектор көрсетеді. Қазақстанда мемлекеттік және жекешелендірілген медицина түрлері де қарқынды даму кезеңінде. Мемлекеттік медицинадан бөлек, жаңа дамып келе жатқан жеке меншік мекемелерді қарастырайық. 2016 жылы денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік пен жеке сектор ұйымдарының саны - 3 333, 2015 жылы - 3 369, 2014 жылы - 3 394 болды, бұл өз кезегінде тіркелген ұйымдардың жалпы санына қатысты үкіметтік емес ұйымдар үлесінің артуын көрсетеді. Жеке секторлық медицина үлесі 31% -ға жетті, яғни жекешеленген медицинаның тенденциясы салыстырмалы түрде айрықша ерекшеленген (2015 жылы - 29,76%, 2014 жылы - 28,7%). Елімізде халықтың көп бөлігі шоғырланған аудандарда жеке меншік медициналық мекемелері де көп болады. Мысалы, Алматы қаласында – 301, Астанада - 99, Қарағандыда – 96 медициналық орталықтар тіркелген. Сәйкесінше, халық тығыздығы аз көрсеткіштіті облыстарда - Батыс Қазақстан (16), Маңғыстау (13) және Қызылордада (5) аз мекеме жұмысын атқаруда. Жалпы отанымызда денсаулық сақтау жүйесі 59 мың дәрігер және 126 мың орта деңгейлік қызметкерден тұратын медициналық қызметкерлер құрамы жұмыс жасайды. Жедел жәрдем көрсету орталықтарының жалпы саны – 274, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелері – 3462 (Черненко Л., (2013). Денсаулық сақтау саласы тұрақты түрде қаржыландырылып тұратындықтан, оның жекелей салаларына жоғарғы технологиялар мен жаңа диагностикалық әдістер үнемі енгізіліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |