Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензия алу үшін:
нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі;
3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін:
нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
лицензияның телнұсқасын алу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
порталға:
1) лицензия алу үшін:
1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мәліметтер нысаны;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмесі;
3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымды төлегені туралы ақпаратты "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып тіркеу болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі
|