ТАҚЫРЫБЫ: ДҮНИЕТАНЫМ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТІРЕГІ.
Мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымы ұғымының мәні мен оны дамыту ерекшеліктерімен таныстыру
Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі, сонымен қатар осы көзқарастарға тәуелді адамдардың өмірлік позициясын, олардың сенімдері, мұраттары, таным және іс-әрекет принциптері, құндылық бағдарлары.
Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының негізі болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші. Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Оның филисофиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастары үлкен рол атқарады.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Өту формасы – дөңгелек үстел
1.Дүниеге көзқарас, дүниетану, әлемді қабылдау ұғымдарының мәні.
2.Әлеметтендіру, дербестендіру ұғымдарының мәні.
3.Дүниеге көзқарас құрылымы және оның компоненттері.
4.Дүниеге көзқарасты қалыптастыру құралдары.
Семинар сабағына әдістемелік нұсқау:
Дөңгелек үстел – студенттердің өзекті проблемалар бойынша пікір таластыру формасы. Барлық студенттер проблема бойынша өз пікірлерін айтады.
Әдебиет: 1-2, 4, 6, 14
ТАҚЫРЫП. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕГІ ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ, ТҮРІ, ҚҰРАЛДАР ЖҮЙЕСІ.
Мақсаты – тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі механизмдері ретіндегі тәрбие формалары мен әдістерінің мәнін ашып көрсету.
Педагогикалық жүйе туралы түсінік. Әдіс, түр, құрал туралы жалпы түсінік, олардың тұтас педагогикалық үрдістегі өзара байланысы. Оқу және оқудан тыс уақытта оларды қолдану ерекшеліктері. Педагогикалық әдістерге сипаттама. Олардың жіктелуіне әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарау. Оқыту және тәрбие әдістерінің өзара байланысы. Тәрбие әдістерін топтастыру, оларға сипаттама.
Тұлға санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, түсіндіру, сендіру, сенім, үлгі.
Мінез-құлық мәдениеті және іс-әрекетті жақсарту, тәжірибені қалыптастыру әдістері: үйрету, жаттығу, тәрбиеленушілік жағдайаттар.
Мінез-құлық пен іс-әркетті ынталандыру әдістері: мадақтау, жазалау, жарыс, олардың түрлері. Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану.
Бақылау және өзін -өзі бақылау әдістері.
Әдістер, түрлер, құралдардың өзара байланысы тәрбие іс-әрекетін тиімді ұйымдастырудың шарты ретінде.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
«Тәрбие әдісі» ұғымының мәні, жіктелуі
Тәрбие әдістеріне сипаттама:
А) жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері
Б) мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мен іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері
В) мінез-құлық пен әрекетті ынталандыру әдістері
3.Тәрбие әдістерін таңдау критерийлері
4.Тәрбие процесін ұйымдастыру технологиялары
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ:
Тапсырма: Тәрбие әдістері, формалары бойынша сызба жасау
Мақсаты – тәрбие әдістерін, формаларын практикада қолдану ерекшелік-терін терең меңгерту.
Мазмұны - әрбір тәрбие әдісі, формасының мәнін, қолдану ерекшеліктерін көрсету.
№
|
Әдіс түрі
|
Анықтамасы
|
Мақсаты
|
Тиімділігі
|
1.
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау:
Тәрбие әдістері мен формалары бойынша сызба жасау кезінде әрбір тәрбие формаларының жіктелуін қамту керек және тәрбие формаларына қысқаша сипаттама беру керек. Бұл сипаттамада аталған форманың мақсат-міндеттері көрініс табу керек. Тәрбие әдістеріне сипаттама беру кезінде олардың міндеттерін көрсету маңызды.
Әдебиеттер: 1, 2, 3. 2, 6, 14, 16.
Достарыңызбен бөлісу: |