|
Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова Қ.Қ. Педагогикалық практикумТАҚЫРЫП. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІС - ПЕДАГОГИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ
|
бет | 17/62 | Дата | 16.05.2023 | өлшемі | 0,97 Mb. | | #42615 | түрі | Практикум |
| Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова . . Педагогикалы ТАҚЫРЫП. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІС - ПЕДАГОГИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ.
Мақсаты – Біртұтас педагогикалық процестің мәні мен мақсатын, оның заңдылықтары мен принциптерінің мәнін ашып көрсету.
Педагогика пәні және мұғалім іс-әрекетінің обьектісі, бұл ұғымдардың дамуы. Мұғалім іс-әрекетінің нысанасы жөніндегі ұғымның қалыптасу тарихы.
Педагогикалық үрдістің мәні, оның компоненттерінің құрылымы. Оқушы педагогикалық үрдістің субьектісі ретінде. ТПҮ-білімдік, тәрбиелік және дамытушылық қызметінің өзара бірлігі мен өзара байланысы. ТПҮ оқу және оқудан тыс қызметтің бірлігі.
Негізгі ұғымдар: «Педагогикалық үрдіс», «педагогтар – оқушылар», «субьект-обьектік қатынастар», «субьект-субьектік қатынастар» жүйесі.
Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері. Педагогикалық үрдістің тәрбиелік мәні. Оқу-тәрбие үрдісінің құралы. Іс-әрекет- педагогикалық үрдісті жүзеге асырудағы құралы ретінде. Іс-әрекеттің жетекші түрі (еңбек, қатынас, таным, ойын), олардың мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктері.Педагогикалық үрдістің негізгі заңдылықтары және оның сипаттамасы.Оқу-тәрбие үрдісі принциптері, оның заңдылықтары.
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ:
1. Педагогикалық процесс дегеніміз не?
2. Педагогикалық процестің біртұтастығының мәні неде?
3. Біртұтас педагогикалық процестің белгілері қандай?
4. Біртұтас педагогикалық процестің құрылымдық компоненттерін атаңыз.
5. Біртұтас педагогикалық процестің жүйе құраушы факторы не болып табылады?
6. Қазақстан Республикасында біртұтас педагогикалық процесс теориясын зерттеуші ғалым кім?
7. Біртұтас педагогикалық процестің қозғаушы күші не болып табылады?
8. Педагогикалық өзара әрекеттесудің мәні неде?
Әдебиеттер: 2, 5, 6.19, 30, 33, 35, 42.
ТАҚЫРЫП. ТӘРБИЕ МАҚСАТЫ, ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ. ТӘРБИЕ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ.
Мақсаты – Тәрбие процесінің мәні мен ерекшелігін, мақсаты мен міндеттерін, принциптерін көрсету.
Жапы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты- әрбір тұлғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Тәрбие мақсатының диалектикалық сипаты. Мақсаттылық және әлеуметтік қамтамасыз етілуі – педагогикалық үрдістің негізгі заңдылықтары. Тәрбие мақсаты –педагогикалық үрдістің өзегі жетекші компонент. Тәрбие мақсаты – педагог пен оқушылардың іс-әрекет нәтижесінің үлгісі. Қазіргі жағдайларда және педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсатының мәселелері. Әлеметтендіру және жеке тұлғаны дараландыру мәселелері. Жеке тұлғаның жан-жақты және үйлесімді даму мәселелері.
Жан-жақты үйлесімді тәрбиенің мазмұны, мақсаты, міндеттерінің диалектикалық өзара байланысы және оның полимәдениетінің қалыптасуы. Тәрбие міндеті және мақсатның өзара байланысы. Жеке тұлға тәрбиелеудің жан-жақтылығы адамзат мәдениетін игерумен байланыстылығы. Жеке тұлғаның сапалық дәрежесінің дамуы әлемдік мәдениетке де әсер ететіні туралы: ақыл-ой мәдениеті, еңбекке бейімділік, жеке тұлғаның политехникалық мәдениеті, адамгершілік мәдениеті, экологиялық, эстетикалық, дене тәрбиесі мәдениеті.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Өту формасы: дөңгелек үстел
Тәрбие мақсаты туралы түсінік.
Тәрбие мақсаты мәселесі педагогикалық ойлар тарихында.
Тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы мәселесі.
Семинар сабағына әдістемелік нұсқау:
Дөңгелек үстел – студенттердің өзекті проблемалар бойынша пікір таластыру формасы. Барлық студенттер проблема бойынша өз пікірлерін айтады.
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ:
Тапсырма: Кестені толтырыңыз.
Мақсаты: Тәрбие мақсаты туралы білімдерін тереңдету
№
|
Термин
|
Анықтама
|
Авторлар
|
1.
|
Тәрбие
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
Тәрбие мақсаты
|
|
|
|
|
|
|
2. «Қазіргі заман тәрбиесі немесе бүгінгі тәрбиедегі мақсат не?» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.
3. Нақты мысалдар келтіре отырып, бастауыш сынып оқушыларының, жасөспірімдердің және жоғарғы сынып оқушыларының тәрбие мақсатын көрсетіңіз.
4. 12-жылдық білім беру жүйесінде тәрбие мақсаты қандай болмақ, оның қазіргі 11 жылдық білім беруден ерекшелігі қандай ?
Әдебиет: 1-2, 4, 6, 14
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|