|
Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова Қ.Қ. Педагогикалық практикум
|
бет | 10/62 | Дата | 16.05.2023 | өлшемі | 0,97 Mb. | | #42615 | түрі | Практикум |
| Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова . . Педагогикалы Тақырыбы: педагогикалық шеберлік
Мақсаты: педагогикалық шеберлік ұғымының мәні мен мазмұнын анықтау.
Педагогикалық шеберлік: мәні мен мазмұны. Педагогикалық шеберлік туралы педагогтардың зерттеушілердің көзқарастары. Педагогикалық шеберліктің қалыптасуына әсер ететін факторлар. Педагогикалық шеберліктің құрылымы: гуманистік бағыттылық, педагогикалық білім, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника. Педагогикалық қабілет түрлері: конструктивті, ұйымдастырушылық, перцепциялық, аналитикалық, коммуникативті, дидактикалық, қолданбалы қабілеттер. Креативтілік қабілет – мұғалім шеберлігін қалыптастыру негізі ретінде. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдары. Мұғалім беделі және педагогикалық шеберлік.
Семинар сабағының жоспары
Педагогикалық шеберліктің мәні мен маңызы.
Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктері.
Мұғалімінің креативті қабілеттерін дамыту - кәсіби педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі.
Педагогикалық шеберлік және мұғалім беделі
Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Педагогикалық шеберлік ұғымын қалай түсінесіз?
2. Шебер мұғалім қанадай сапалар мен қасиеттерге ие болуы керек?
3. Педагогикалық шеберлік туа біткен талант па, әлде жүре пайда болатын тәжірибе ме? Пікіріңізді дәлелдеңіз
4. Педагогикалық шеберліктің қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді деп ойлайсыз?
5. «Педагог-новаторлар» туралы шағын баяндама әзірлеңіз (Ш. Амоношвили, В. Шаталов, Қ.Бітібаева, Волков және т.б. ) (біреуіне ғана, таңдау өз еркіңізде)
Тақырыбы: сынып жетекшісі және оның атқаратын қызметі
Мақсаты: сынып жетекшісі қызметінің мазмұнын анықтау.
Сынып жетекшісі қызметінің пайда болу тарихы. Сынып жетекшісінің қызметі туралы құжаттар. Сынып жетекшісі қызметінің мәні. Қазіргі заманғы сынып жетекшісі типтері, оған қойылатын талаптар. Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері.
Сынып жетекшісінің атқаратын қызмет түрлері: педагогикалық-әлеуметтік гуманитарлық, ұйымдастырушылық, басқарушылық, аналитикалық, коммуникативті қызметтері. Сынып жетекшісінің құқықтары мен міндеттері. Сынып жетекшісі циклограммасы. Сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыстары. Сынып жетекшісі қызметіндегі жоспарлау қызметі. Тәрбие жұмысын жоспарлау. Балалар ұжымы. Балалар ұжымының қалыптасу кезеңдері. Сынып жетекшісінің балалар ұжымын қалыптастыру іс-әрекеті.
Семинар сабағының жоспары
Сынып жетекшісі іс-әрекетінің мәні.
Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері
Сынып жетекшісінің құқықтары мен міндеттері.
Сынып жетекшісі іс-әрекетінің жұмыс мазмұны.
5. Сынып жетекшісінің балалар ұжымын қалыптастырудағы іс-әрекеті
Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Сынып жетекші ұғымына анықтама берініңіз (әр түрлі әдебиетті пайдаланыңыз, әдебиеттің мәліметі толық болсын, яғни авторы, атауы шыққан жылы)
2. Сынып жетекшісінің атқаратын функцияларына сипаттама беріңіз
3. Сынып жетекшісінің балалар ұжымын қалыптастырудағы іс-әрекетіне сипаттама беріңіз
4. Сынып жеткшісінің ата-аналармен жұмыс мазмұнын сипаттаңыз
5. Сынып жетекшісі және балалар құқығына қатысты құжаттарға талдау жасаңыз
6. «Сынып жетекшісі қызметінің бағыттары» сызбасын әзірлеңіз. Мақсаты: сынып жетекшісі туралы білімдерін бекіту. Мазмұны – сынып жетекшісі қызметінің бағыттарының мәнін ашу. Бұл тапсырманы орындау үшін педагогика және тәрбие жұмысының теорияы және әдістемесі пәні оқулықтарын алып, материалды оқып сызба дайындаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|